Антенаталдық және классикалық Барттер синдромын емдеу

Организм жоғалтқан сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру үшін бала туыла салысымен шұғыл түрде қарқынды орын басушы ем жүргізу негізгі міндет болып табылады. Ол үшін салмақты жоғалтудың, дегидратацияның алдын алу және Na+, К мен Cl–-ң плазмалық деңгейлерін физиологиялық мәндерде ұстап тұру мақсатында тұзды ерітінділердің көп мөлшердегі инфузиясы қажет. Инфузиялық емнен кейін энтералды орын басушы ем (NaCl және KCl-дың 15% ерітінділерімен күніне 3–4 рет) жүргізеді.

Емдеу нәтижелеріне сәйкес препараттардың мөлшері әрбір жағдайда жеке таңдалады. Калий жоғалуын калий сақтаушы диуретиктердің көмегімен қалпына келтіруге әрекет жасауға болады, бірақ олардың айқын гипотензияға әкелуінен қауіптену керек. Медикаментоздық ем жүргізгенде, сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСЕП) тағайындаудың маңызы зор, олар циклооксигеназаның (ЦОГ) белсенділігін басып, простагландиндердің түзілуін азайтады. Индометацинді 0,5–1 мг/кг мөлшерінде күніне 4 рет тағайындайды, оның мөлшерін күніне 2–3 мг/кг дейін біртіндеп жоғарылатады, оны тағаммен бірге қабылдайды немесе сүтпен ішеді. Жанама әсерлерін ескерген жөн (гастроинтестиналдық бұзылыстар ульцерацияға дейін және қатерсіз бас ми ішілік гипертензия). Простагландиндердің өндірілуін тежейтін басқа да перепараттарды (ибупрофен, ЦОГ тежеушілері) қолдануға болады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!