Аутосомды-рецессивті Альпорт синдромы

Альпорт синдромы Еуропаның науқас отбастарының 15%-да аутосомдырецессивті жолмен тұқым қуалайды. Тұқым қуалаушылықтың бұл түрі көбінесе қандас-туыстас некелер көп кездесетін елдерде басым. Бұл кезде де Х-байланысқан АС-на сай келетін клиникалық симптомдар мен ультрақұрылымдық өзгерістерді көреміз. Алайда кейбір белгілер рецессивті тұқым қуалауға да сай келеді: туыстас некелер, әйел адамдарда аурудың ауыр ағымда өтуі, ата-анасында ауыр аурудың …