Фредерик синдромы

Фредерик синдромы

Фредерик синдромы дегеніміз толық атриовентрикулярлы кедергінің жүрекшелер жыпылықтары мен жыбырларының үйлесуі. Бұл жағдайда жүрекшелер хаосты жиырылады, олардың фибрилляциясы тіркеледі. Кей жағдайларда фибрилляция  жүрекше жыбырымен ауысады.  Бұл кезде жүрекше жиырылу ритмы үнемі болады, бірақ жиілейді және жүрекше ішілік гемодинамика бұзылысымен қатар жүреді. (жүрекшеден қарыншаға қан ағысы). Жүрекше фибрилляциясы кезінде (жыпылық аритмия) импульс жүрекшеден қарыншаға өткізгіш жүйе атриовентрикулярлы түйін арқылы өтеді. Фредерик синдромы кезінде электрлік сигналдар толықтай жүрекшеден қарыншаға өтпейді. Бұл жағдай толық  атриовентрикулярлы  (3 дәреже) бөгет деп аталады. Жүректің қарыншалары қозғыш импульстер алмайтындықтан, олардың төменгі бөлігінде немесе атриовентрикулярлы түйінде электрлік сигнал алатын ошақтар белсендіріледі. Бұл механизм жүректің тоқтап қалудан сақтайтын қорғанышы болып табылады. Қарыншалық ритм қалыпты жиырылудың орнын басады.  Бірақ, импульс түзетін эктопиялық ошақ жиілігі қалыпты синусты ритмге қарағанда төмен болады.  Ол минутына  40 тан 60 импульске дейін, ал көп жағдайда одан да аз болады.  Жүрек қарыншалары баяу жиырылады,  айналымдағы қан көлемі азаяды, ағза оттегіге қажеттілігі артады.  Клиникалық Фредерик синдромының көріністері байқалады.

Себептері:

  • Жүректің ауыр органикалық аурулары
  • Созылмалы жүректің ишемиялық ауруы (тұрақты және тұрақсыз стенокардия)
  • Жіті миокард инфарктісі
  • Кардиомиопатиялар
  • Миокардиттер
  • Постинфарктты кардиосклероз
  • Ауыр жүрек ақаулары .

Осы аурулар кезінде миокардта склеротикалық процесс дамиды, жүрек бұлшықетінде дәнекер тіні өседі.  Одан басқа, жүрек бұлшықетінің қабынуы мен дистрофиясы да әсер етеді. Пайда болған дәнекер тіні қалыпты жасушалар орнын басады, нәтижесінде электрлік импульс өткізгіштігі бұзылады да, көлденең бөгет пайда болады.

Фредерик синдромы

Клиникасы:

Фредерик синдромының симптомдары жүректің насосты қызметінің төмендеуімен байланысты. Сирек пульс бас миының оттегілік ашығуымен көрініс береді. Мидың гипоксиясы әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүктемені көтере алмаушылықпен көрініс береді.  Ауыр жағдайларда  Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы дамиды.

Диагностикасы:

ЭКГ-да:

Р тісшесінің орнына жүрекшелер (f) жыпылықтары (f) немесе жыбырлары (Ғ), деформацияланған және кеңейген QRSТ кешені тіркеледі; R-R аралығы қалыпты; Қарыншалық жиырылу саны 40-60 рет минутына.  Фредерик синдромы тәуліктік Холтер бойынша электрокардиограмма мониторингісіне көрсеткіш болады.  Қосымша эхокардиография (жүректің ультрадыбысты зерттеуі) жүргізіледі.

Емі:

Фредерик синдромы жасанды ритм өткізгіштігін имплантациялауға көрсеткіш болып табылады. Жиі бір камералы қарыншалық  стимуляция (VVI немесе VVIR) қолданылады.  Ол үшін қарыншаларға импульс өткізетін электрод орнатылады, ол миокардты қоздырып, оның жиырылуына әсер етеді. Жиырылу жиілігін алдын ала бағдарлайды, ол  минутына 70 разрядтан тұрады. VVIR стимуляторын орнатқан кезде импульс жиілігі автоматты түрде науқастың физикалық жағдайына байланысты өзгереді.  Бұл стимуляцияның ең физиологиялық түрі болып табылады. Холинолитикалық заттар, мысалы, атропин, қолданылмайды («атропинды психоз» шақырады).

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Аритмиялар
  2. Аритмияға қарсы препараттар
  3. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек
  4. Морганьи Адамс-Стокс синдромы
  5. Синоаурикулярлы блокада
  6. Имплантацияланатын кардиовертер дефибриллятор (ИКД)

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!