Атриовентрикулярлы блокада
Атриовентрикулярлы кедергі дегеніміз бұл электр импульстерінің жүрекшелерден қарыншаларға өткізгіштігінің бұзылуы.
- Кедергі өткізгіш жүйенің кез-келген бөлігінде болуы мүмкін:
- Жүрекшелер деңгейінде, АВ-түйін немесе Гис шоғырының негізгі тармағы деңгейіндегі кедергілерді проксимальды атриовентрикулярлы кедергі дейміз;
- Гис щоғырының барлық үш тармағы деңгейіндегі кедергілерді дистальды атриовентрикулярлы кедергі дейміз.
Атриовентрикулярлық кедергілер кездеседі:
- Жүрек ишемиялық ауруында;
- Ревмокардитте;
- Жіті миокард инфарктында және жүректің басқа ауруларында;
- Ересектерде Лев және Ленегра аурулары;
- Қатерлі өсінділер (әсіресе мезотелиома);
- Сонымен қоса жүрек гликозидтерімен, β-адреноблокаторлармен, хинидинмен, верапамилмен, кальций антогонистерімен уланған кезде;
- Кезеген нервтің жоғары сезімталдығы;
- Қан аурулары т.б;
- Туа пайда болған жүрек ақаулары
Жіктелуі:
Атриовентрикулярлы кедергілердің үш дәрежесін ажыратады:
- I дәрежелі атриовентрикулярлы кедергі;
- II дәрежелі атриовентрикулярлы кедергі.
- I тип (Мобитц I)
- II тип (Мобитц II)
- III тип
I дәрежелі АВ кедергі.
Бұл АВ-өткізгіштің бәсеңдеуі, яғни барлық импульстер бұл кезде жүрекшелерден қарыншаларға өтеді, бірақ қалыптыдан кідіруі.
- P-Q интервалы 0,20 с. ұзақ.
- Жүрекшелік түрінде P-Q интервалы ұзарады, Р тісшесі ұлғаяды (0,11 с. ұзақ), бөлшектенген болады, QRS өзгермейді;
- Түйінді түрінде P-Q сегменті ұзарады, QRS өзгермейді;
- Дистальды түрінде P-Q ұзарады, QRS кешені деформацияға ұшырайды.
II дәрежелі АВ кедергі.
Жеке электр импульстерінің жүрекшелерден қарыншаларға өтуі кезінде қайталанып отыратын өткізгіштіктің тоқтауы.
ЭКГ-да:
- QRST түсіп қалады;
- Р тісшесі болады.
Жүрекшелік және қарыншалық ырғақтардың сәйкестілігі:
- 2:1 – екі Р тісшесіне бір QRST кешені сәйкес келеді;
- 3:2 – үш Р тісшесіне екі QRST кешені сәйкес келеді;
- 4:3 – төрт Р тісшесіне үш QRST кешені сәйкес келеді және т.б.
II дәрежелі АВ кедергінің 3 түрі бар:
I түрі (Мобитц I): АВ түйінінің өткізгіштігінің баяулауы, сонымен қоса бір немесе бірнеше электр импульстерінің толық тоқтауы.
ЭКГ-да:
- P – Q интервалының ақырындап ұзаруы;
- QRST кешенінің түсіп қалуы;
- Үзілістен кейін ЭКГ қалпына келеді.
- P – Q интервалының ақырындап ұзарып барып QRST кешенінің түсіп қалуын Самойлов-Венкебах кезеңі деп атайды.
II түрі (Мобитц II):
- P-Q қалыпты;
- Жекелеген QRST түсіп қалған, ретсіз түсе береді;
- QRS кеңейген, деформацияланған.
III түрі: жоғары дәрежелі атриовентрикулярлы кедергі немесе асқынған II дәрежелі атриовентрикулярлы кедергі деп аталады.
ЭКГ-да: Әрбір екінші (2:1) QRST кешені, немесе екі және одан да көп кешен (3:1, 4:1 т.б.) түсіп қалады.
Клиникада:
- брадикардия;
- есінен тану;
- басының айналуы;
III дәрежелі АВ кедергі (толық атриовентрикулярлы кедергі)
Жүрекшелерден қарыншаларға импульстердің өтпей толық тоқтауы, нәтижесінде жүрекшелер мен қарыншалар тәуелсіз жиырылады.
Гис шоғырының аяқшаларының біреуінде болады.
- Жүрекшелік және қарыншалық ырғақтың толық бөлшектелуі;
- Р — Р және R — R аралығы бірыңғай, бірақ R — R Р — Р қарағанда көбірек;
- Жүрекшелік жиырылу санының төмендеуі 40 — 60 рет мин немесе одан төмен;
- Қарыншалық QRS кешені кеңейген немесе деформацияланған.
Емі
АВ-кедергінің 1-ші дәрежесі және 2-ші дәрежесінде Мобитц I кезінде ем қажет емес. АВ – кедергінің 2-ші дәрежесі Мобитц IIтүрі және толық АВ-кедергі кезінде үнемі ЭКС қажет. Медикаментозды ем ЭКС алдында ғана жасалады, жеке ем ретінде қолданылмайды. ЭКС алдында қолданылатын басты препарат – атропин. Антидигоксин гемодинамикалық маңызды дигоксинмен шақырылған АВ-кедергі кезінде қолданылады. Дозаны есептеу:
Флакон саны = салмағы (кг) × дигоксиннің қан сары сулық мөлшері (нг/мл) ⁄ 100
Бір флаконда 38 мг антидигоксин бар. Бір флакан құрамы 0,6 мг дигоксинмен байланысады.
ЭКС
Төменгі инфаркт миокардысы бар, толық АВ – кедергі кезінде уақытша ЭКС қолданылады. Алдыңғы миокард инфарктісімен толық АВ – кедергі кезінде үнемі ЭКС қажет. Жүре пайда болған АВ – кедергі кезінде де үнемі ЭКС қажет. Туа пайда болған толық АВ -кедергі кезінде ритм жиі болады, АВ – кедергі симптомсыз өтеді және ЭКС қажет етпейді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Аритмиялар
- Аритмияға қарсы препараттар
- Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек
- Кардиологиядағы жүктемелік және функциялық сынамалар