Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек

Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек

Жүрек аритмиясы – жүрек соғысы жиілігінің, ырғақтылығының және (немесе) реттілігінің бұзылысы: ырғақтың жиілеуі (тахикардия) не сиреуі (брадикардия) ритма, уақытынан ерте жиырылуы (экстрасистолия), ырғақтық қызметінің дезорганизациясы (жыпылық аритмиясы) және т.б.

Жедел жәрдемді қажет ететін ырғақ пен өткізгіштіктің түрлері:

  • пароксизмдік суправентрикулярлы тахикардия;
  • жүрекшелердің 1:1, 2:1 қатынастарындағы пароксизмдік жыпылықтауы не тыпырлауы;
  • қарыншалық тахикардия;
  • миокард инфарктының жіті кезеңіндегі политопты не жұптасқан қарыншалық экстрасистолия;
  • Моргань – Адамс – Стокс ұстамасының дамуымен жүретін брадиаритмия;
  • толық АВ-блокада

Негізгі клиникалық белгілеріне жүрек қағуы не жүректің қатты қағуы сезімдері жатады. Сонымен қатар, аритмиялар бас айналуы не есінен тану белгілерімен де байқалуы мүмкін. Аримиялардағы есінен тану белгісін Моргань–Адамс–Стокс ұстамасы деп атайды.

Тахиаритмиялар ЖИА науқас адамдарда стенокардияның ұстамасын тудыруы мүмкін, ал жүректің сүлелі жетіспеушілігі бар адамдарда пароксизмдік тахикардия кезінде ентігуі күшейе түседі, демігу ұстамасы болуы мүмкін, тіпті өкпе шемені де дамуы ықтимал.

Аритмия кезінде гемодинамиканың айқын бұзылыс-тарында «аритмогенді» шоктың, қарыншалардың фибрилляциясының дамулары мен кенеттен қаза болуы да мүмкін.

Пароксизмдік суправентрикулярлық тахикардия:

Диагностикасы

  • жүректің жиі қағу ұстамасы ( минутына 140 – 240);
  • ұстаманың кенеттен басталуы мен тоқтауы;
  • QRS комплексінің алдында Р тісшесінің болуы;
  • QRS комплексі бұзылмайды;
  • Р – Q аралығының ұзаруы мүмкін.

Жедел жәрдем

  1. верапамил 0,25% – 2-4 мл венаға баяу егу, қажеті болса 10-15 минуттан соң АҚ қадағалау арқылы қайталау;
  2. АТФ 1% 0,6 мл (6 мг) венаға 3-5 сек жылдамдықта егу, көмек болмаса 2–5 минуттан соң 12 мг қайталау;
  3. новокаинамид 10% 5–10 мл (1000 мг) венаға минутына 50-100 мг жылдамдықта егу;
  4. коргликон 0,06% – 1 мл венаға баяу егу 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу. Миокардтың жіті инфарктында қолдануға болмайды!!!
  5. обзидан 0,1% 5 мл венаға 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу;
  6. магния сульфат 25% 5 –10 мл венаға 10–20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде егу;
  7. осы емдер тиімсіз болса (реципрокты жүрекшелік не АВ-тахикардияны тойтару үшін) – өңештік электрокардиостимуляция жасау керек.

Жыпылық аритмиясының пароксизмдік түрі

Диагностикасы

  • QRS комплексінің қалыпты не кеңейген екенін ескермей дамитын қарыншалар ырғағының толықтай ретсіздігі;
  • Р тісшесінің жоғалуы;
  • Жыпылықтау толқындарының тіркелуі.
  • Жүрекшелердің тыпырлауы кезінде қарыншалардың ырғағы ретті болуы немесе кейбір қарыншалық комплекстің түсіп қалуы да мүмкін. QRS комплексі түсіп қалғанда Р тісшесі немесе жүрекшелердің тыпырлау толқындары айқын көрінетін болады.

Жедел жәрдемі

Мына дәрілердің біреуін қолдану керектігі нұсқалады:

  1. амиодарон — 5—7 мг/кг 30—60 мин арасында венаға егу, одан соң 1,2—1,8 гр/тәул венаға баяу егу немесе 1,2—1,8 гг (тек стационарда) не 0,6—0,8 гр (амбулаторлық жағдайда) күніне бірнеше рет 10 гр дейінгі дозаға дейін ішу, одан соң емді тұрақтандыратын дозаға көшеді 200—400 мг/тәулігіне (қалқанша без ауруларына шалдыққан адамдарға қолдануға болмайды);
  2. пропафенон (ЖИА мен сол қарынша функциясы бұзылған адамдарда байқап қолданған жөн) — 1,5—2,0 мг/кг венаға 10—20 мин бұрын не 450-600 мг per os;
  3. прокаинамид (новокаинамид) 10% 5—10 мл (500—1000 мг) 20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде венаға АҚ қадағалап отырып баяу егу;
  4. жүрек гликозидтері (ұзақтығы 7 күннен асқан жүрекшелер фибрилляциясында) коргликон 0,06% 1 мл (0,6 мг) не строфантин 0,025% 1 м (0,25 мг) 20 мл 5% глюкоза не 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде венаға баяу егу. Тұрақсыз стенокардия мен миокардтың жіті инфарктында гликозидтеді қолдануға болмайды!!!
  5. соталол (ұзақтығы 7 күннен асқан жүрекшелер фибрилляциясында) — 240—320 мг/тәулігіне;
  6. электрлік кардиоверсия (не ЭИТ) жүрекшелер фибрилляциясының пароксизмді түрінде не тахикардиясында, қанайналымының айқын бұзылыстары бар миокардтың жіті инфаркты не стенокардияның ЭКГ-белгілері анықталғанда қолма-қол жасалуы тиіс.

Қарыншалық тахикардия

Диагностикасы

  • аритмиялық шокқа дейін тудыра алатын АҚ үдемелі төмендеуімен жүретін жүректің жиі қағу ұстамасы (минутына 140–220 дейін);
  • R – R аралығының тұрақты қысқаруы;
  • QRS комплекс деформацияға ұшырап 0,12 с артық кеңіген;
  • QRS комплексімен салыстырғанда SТ сегменті мен Т тісшесінің дискордантты орналасуы;
  • Р тісшесінің болмауы;
  • қосарланған қарыншалық жиырылулардың болуы;
  • кейде қазаға дейін әкелетін қарыншалардың жыпылықтауы мен тыпырлауына ауысады.

Жедел жәрдем

  1. лидокаин 2% 4-6 мл (80-120 мг) венаға егу; одан кейін 2-3 мл (40-60 мг) венаға тамшылатып NaCl 0,9% ерітіндісінде (немесе әрбір 8-10 минуттан соң венаға баяу) егу немесе жалпы дозасы 4 мг/кг дейін венаға 1—3 мг/мин жылдамдықта тамшылатып егу;
  2. кордарон 5% 6-10 мл (300-500 мг не 5 мг/кг) венаға баяу егу 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде егу, жалпы дозасы тәулігіне 900-1200 мг болуы тиіс;
  3. этмозин 2,5% 2-4 мл (50-100 мг) не этацизин 2,5% 2 мл (50 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде баяу егу;
  4. новокаинамид 10% 10 мл (1000 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде АҚ қадағалап отырып баяу егу;
  5. ритмилен 1% 10 мл (100 мг) венаға 10-20 мл NaCl 0,9% ерітіндісінде баяу егу;
  6. егер дәрілік ем тиімсіз болса, онда арнайы премедикациядан соң ЭИТ жасау қажет.
Аритмиялар кезіндегі жәдел жәрдем
Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы (аритмиялар) кезіндегі көмек

Қарыншалық экстрасистолия

Экстрасистолия — миокардтың импульс өткізу жүйесінің әртүрлі жерлерінде пайда болған импульстен миокардтың уақытынан бұрын жиырылуы. Жүректің қалыпты жиырылуы мен экстрасистолалардың дұрыс алмасып отыруы аллоритмия деп аталады: бигеминия — экстрасистола әрбір қалыпты жиырылудан соң болады, тригеминия — экстрасистола әрбір екі қалыпты жиырылудан соң болады, квадригеминия — экстрасистола әрбір үш қалыпты жиырылудан соң болады, тағы сол сияқты.

Қарыншалық экстрасистолияның класстары (Lown В., Wolf N 1971, 1983).

  • Класс I. Сирек болатын монотопты (мономорфные) жалғыз (дербес) экстрасистола — сағатына 30 реттен сирек болады.
  • IA — минутына 1 экстрасистоладан сирек.
  • IB — минутына 1 экстрасистоладан жиі.
  • Класс II. Жиі болатын монотонды жалғыз (дербес) экстрасистолалар — сағатына 30 жиі болады.
  • Класс III. Политопты қарыншалық экстрасистолалар.
  • Класс IV. Қарыншалық аритмиялардың топтасқан («қайталанған») түрлері.
  • IVA — жұптасқандар (бірден 2 экстрасистола).
  • IVB — топтасқандар («залпты», бірден 3—5 экстрасистолалардың болуы) және қарыншалық тахикардияның қысқа эпизодтары (бірден 6 және көп экстрасистолалардың болуы).
  • Класс V. «R-дің T-ға» типіндегі ерте дамыған қарыншалық экстрасистолалар.

Диагностикасы

  • жүректің тоқтап қалуы мен қатты соғу сезімдері;
  • алдында Р тісшесі жоқ уақытынан бұрын пайда болған қарыншалық комплекс;
  • QRS комплексі деформациялы, кеңіген, жарықшақтанған;
  • толық компенсациялық үзіліс (пауза – экстрасистоланың алдындағы мен артындағы R тісшелерінің арасы екі қалыпты RR аралыққа тең болуы тиіс).

Жедел жәрдем

болжамы адам өміріне қауіпті экстрасистолалар ғана емделуге тиіс:

  1. ерте дамыған («R-дің Т-ға»), миокард инфарктының жіті кезеңіндегі жиілеген және кез-келген экстрасистолалар, жұптасқан, өте жиілеген, политопты, топтасқан, полиморфты экстрасистолалар (яғни В.Lown бойынша II—V түрлері);
  2. таңдаулы дәрісі — лидокаин 2% 4—6 мл (80— 120 мг) венаға баяу егу, содан кейін 2—3 мл (40—60 мг) венаға NaCl 0,9% ерітіндісінде тамшылатып егу (аритмогенен), немесе:
  3. кордарон 5% 3-6 мл (150—300 мг) венаға баяу егу;
  4. этмозин (этацизин) 2,5% 2-4 мл (50-100 мг) венаға баяу егу;
  5. ритмилен 1% 5-10 мл (50-100 мг) венаға егу;
  6. новокаинамид 10% 5-10 мл (500-1000 мг) венаға баяу егу;
  7. аймалин 2,5% 4 мл (100 мг) венаға баяу егу;
  8. мекситил 250 мг венаға егу.

Моргань – Адамс – Стокс ұстамасы дамыған брадиаритмиялар

Диагностикасы

  •  есінен тану;
  • клоникалық, соңынан тоникалық тартылулар;
  • еріксіз зәр шығару не дефекация;
  • пульсі, АҚ және жүрек тондары анықталмайды;
  • шулы, ырғақсыз тыныс;
  • өңінің бозаруы, соңынан көгеруі;
  • көз қарашықтарының кеңеюлері;
  • минутына 60-90 рет жүрекшелік қалыпты комплекстер
  • жүрекшелік пен қарыншалық комплекстер арасындағы байланыстың болмауы;
  • баяулаған ретті қарыншалық ырғақ;
  • Р – Р арасы R – R аралығынан қысқа;
  • Р тісшесі QRS комплексімен қабаттасуы мүмкін және оны деформацияға ұшыратады.

Жедел жәрдем

  1. тыныс жолдарын тазалау, венаға түсу (катетер қою);
  2. оксигенотерапия;
  3. жүрек соғысы жиілігі мен АҚ үнемі қадағалау;
  4. жасанды тыныстандыру мен реанимациялық шараларға дайын болу;
  5. атропин венаға егу 0,5 – 1 мг (0,1% 0,5 – 1,0 мл), қажеті болса 5 минуттан кейін қайталауға болады;
  6. электрокардиостимуляция;
  7. ЭИТ мүмкіндік болмаған кезде эпинефрин (0,1 мг/кг), допамин (минутына 2 – 20 мг/кг) венаға тамшылатып егу;

Реанимациялық бөлімге экстренді түрде жатқызу.

Атриовентрикулярлы блокадалар

I дәрежелі АВ-блокаданың критерийіне PQ аралығының 0,21 с артық кеңейгені жатады. Самойлов-Венкебах кезеңдігі (Мобитц I) бар II дәрежелі АВ-блокадада QRS комплексінің түсіп қалуы болатын PQ аралығының үдемелі ұзаруы болады. II дәрежелі АВ-блокадада (Мобитц II) PQ аралығы тұрақты болса да QRS комплексінің кенеттен түсіп қалуы байқалады. III дәрежелі АВ-блокадада (толық АВ-блокада) – ЭКГ-да жүрекшелер мен қарыншалардың бір-біріне қатыссыз жиырылулары анықталады.

Толық АВ-блокадасының диагностикасы

III дәрежелі АВ-блокаданың (толық көлденең блокада) белгілері – синус түйінінен қарыншаларға импульстердің мүлдем өтпеуі. Клиникалық көрісінің айқындылығы қарыншалар импульсінің қоздырғыш ошағының орналасу деңгейіне сәйкес болады. Проксималды типтегі блокадада жүректің қалыпты ырғағы кезіндегі брадикардия, әлсіздік, бас айналуы, көз қарауытуы, жүрегінің ауыруы байқалады; дисталды типінде – Моргань–Адамс –Стокс ұстамасы мен асистолияның дамуына дейін байқалады.

ЭКГ-да:

  • жүрекшелік қалыпты комплекстер (60 – 90 в мин);
  • жүрекшелік пен қарыншалық комплекстер арасындағы байланыстың жоғалуы;
  • баяулаған ретті қарыншалық ырғақ (минутына 40 сирек);
  • Р – Р аралығы R – R аралығынан қысқа;
  • Р тісшесі QRS комплексімен қабаттасады да оны деформацияға ұшыратады.

Жедел жәрдем

Самойлов-Венкебах кезеңдігі мен қанайналымы бұзылысының айқын белгілері бар АВ-блокаданың I және II дәрежелерінде –атропин 0,5 мг (0,1% 0,5 мл). Қажеті болса – жалпы дозасы тәулігіне 1,5–2 мг (1,5–2 мл/тәул) қайталауға болады. Тиімсіз болғанда – уақытша ЭКС имплантация жасау.

Самойлов-Венкебах кезеңдігі жоқ II дәрежелі немесе III дәрежелі АВ-блокадаларында – уақытша ЭКС имплантация жасау

Сонымен ұқсас материалдарды оқи кетіңіз:

  1. Аритмиялар
  2. Аритмияға қарсы препараттар

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!