Өкпе туберкулезі тақырыбына кейбір сұрақтарға қысқаша жауап
- Туберкулез ауруына күдіктенетін белгілер, интоксикацияның жалпы симптомдары мен локальды симптомдар. Туберкулезі бар науқастардың өмір анамнезін жинау ерекшеліктері.
Өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар көбінесе ешқандай шағым айтпайды және олар өзін саумыз деп есептейді. Кейде өкпе тканінің деструкциясы, өкпенің жайылған зақымдалуының өзі флюрографиялық немесе рентгенографиялыө зерттеу арқылы кездейсоқ анықт. Туб.дің мұндай ағымын инапперцепті, яғни жасырын д.а. кейде бұл жағдайларда ауруды тыңғылықты сұрау кезіндекейбір шағымдарды анықтауға болады: әлсіздік, қалжырау, ұйқы бұзылуы, тәбет төмендеуі, арықтау, дене ыстығы көтерілуі, тершеңдік, ентгігу, жөтел, қан түкіру, кеуде қуысындағы ауырсыну. Ешқандай белгісіз, біртіндеп немесе жедел басталуы мүмкін. Тұмау, пневмония сияқты басталады. Және кең спектрлі антибиотикпен емдегенде аурудың жағдайы жақсаруы мүмкін. Ауру ағымы толқын тәрізді болып өтеді. Туберкулезді менингит-бас ауруы, кеңірдек туб.-тамақ ауырсынуы мен дауыс қарлығуы, сүйек буын туб.-аяқтардың тез шаршауы, әсіздік, жүріс өзгерісі, жыныс органдарының туб.-іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, етеккір функциясының бұз. Зәр шығару түтігі мен қуық туб.-дизуриялық бұз.
Күдіктенетін белгілер: жөтелдің болуы, 4және одан да көп жұма бойы қақырық бөлінуі байқалатын адамдар; туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынасатын семья мүшелері; иммунологиялық реактивтіліктің төмендеуі әсерінен кәрі адамдар; диабет, асқорыту жүйесінің аурулары мен, өкпеде соз.іріңді процестері бар, алкоголизммен, наркоманиямен айналысатындар, әлеуметтік эконом.жағдайы нашар және туберкулезбен ауруға бейім адамдар тобына ерекше көңіл бөлінеді.
Мантудан соң: 1) алғаш рет оң нәтиже анықталса (папула көлемі 5 мм және одан астам) (туберкулин сынамасының виражы), БЦЖ вакцинасымен иммунизация жүргізумен байланысы жоқ жағдайда;
2) көлемі 12 мм және одан астам инфильтраты бар реакция ұзақ уақыт бойы сақталған (4-5 жыл бойы) жағдайда;
3) 1 жылдың ішінде туберкулинге сезімталдығы күрт өзгерген (6 мм және одан астам) жағдайда (туберкулин сынамасы оң болған балаларда).
- Міндетті диагностикалық минимум, тексерудің қосымша әдістері. Өкпе патология кезінде антибактериальды (арнайы емес) терапия.
Міндетті диагностикалық минимум: науқас шағымдарын тексеру, анамнез жинау,тамақтануды бағалау, обьективті зерттеу жүргізу, жалпы қарау, перифериялық лимфа түйіндерінің пальпациясы, перкуссия, аускультация.
Тексерудің қосымша әдістері: флюро, рентген, томография, КТ, рентгеноскопия, ангиопульмонография, бронхиалды артериография, бронхография, плеврография, фистулография, бронхоскопия, торкаоскопия, биопсиялық әдістер.
- Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер, олардың түсіндірмесі және есептемесі.
Туб.жұқтырғандар саны (инфицированность) – туберкулинге оң нәтиже көрсеткендердің жалпы саны. Зерттелген адамдарға проценттік қатынаспен есептеледі.
Аурушаңдық -100мың адамға шаққанда белгілі бір аймақта бір жыл ішінде туберкулезге алғаш рет шалдыққандар саны.
Сырқаттылық -100мың адамға шаққанда белгілі бір аймақта жыл аяғында есепте болған, активті туберкулезбен ауырған адамдар саны.
Өлімділік – 100мың адамға шаққанда бір жыл ішінде активті туб.ден қайтыс болған адамдар саны.
- ТМБ-ге Циль-Нельсен әдісі бойынша патологиялық материалдың препараттар микроскопиясы.
Фиксацияланған мазок үстіне фильтрленген қағаз бөлшегін қояды. Оның мөлшері жабын әйнектен аспау керек. Қағазға фуксин құяды да бу пайда болғанша қыздырады. Суытып қояды. Сосын фуксинмен қағазды алып тастайды. Препаратты сумен шаяды. 5%-тік күкірт қышқылы ерітіндісіне немесе спирттің 10бөлігіне аралас тырылған тұз қышқылының 1бөлігіне түсіреді. Түссізденгенше шаяды. Сумен мұқият шаяды. 3-5мин метилен көгінің кез келген ерітіндісімен бояйды. Қышқыл мен спиртке төзімді таяқшалар қызыл түске, ал қалғандары көк түске боялады.
- Туберкулин түрлері және оның ерекшеліктері.
Туберкулин -4% глицерин ерітіндісі қосылып, залалсызданған, бактериалды денелерден сүзу арқылы тазартылған, 90ºС температурада буланып, ет-пептонды сорпада 6-8 жұма бойы өсірілген, адамда және малда кезігетін ТМБ-ның өскен ортасының сулы глицеринді сығындысы.
Кох туберкулині( 1мл-де 100000 ТБ бірлік)
Ленникованың құрғақ туберкулині (1939жылы алынған. ППДЛ.1бірлігінде 0,0000006 мг құрғақ туберкулин заты бар. Оны ерітуге 0,85%-тік NaCl ерітіндісі қолд.
Ленникованың сұйық туберкулині (қолдануға дайын стандартты ерітіліп тазартылған туберкулин бұл туберкулиннің твин-80 (стабилизатор) және фенол (консервант) +0,85%-тік NaCl ерітіндісі
Ленникованың құрғақ туберкулинінен дайындалған ерітінді
Эритроциттік масса
- Туберкулинді Пирке, Манту, Кох сынамасын өткізу үшін көрсеткіштер. 1907ж. Пирке тері үстіне еккен. Туберкулиннің әр түрлі ерітінділерін қолд. (1%, 5%,25%,100%). Туберкулинге сезімталдықты анықтау үшін.
Кох реакциясы: Ленникованың құрғақ туберкулинінің 7-8ерітіндісі қолд. Туб.ауруын басқа аурудан ажырату үшін қолд. Ауру активтілігін анықт. Жауырын астына. (0,1мл).
Манту сынамасы – арнайы диагностикалық тест, екі халықаралық туберкулин бірлікті (бұдан әрі – ТБ) тері ішілік туберкулинді Манту сынамасы;
- Теріс, оң және гиперергиялық туберкулинді реакция және оның диагностикалық маңызы.
- Манту сынамасының нәтижелері:
- теріс – инфильтрат (папула) не гиперемия тіпті болмаған жағдайда немесе егу реакциясы ғана болса (0-1 мм);
- оң (нормергия) – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса;
- гиперергия – балаларда диаметрі 15 мм және одан астам, жасөспірімдерде – 17 мм және одан астам, ересектерде – 21 мм және одан астам инфильтрат анықталса;
- Туберкулинді вираж, оның диагностикалық маңызы. алғаш рет оң нәтиже анықталса (папула көлемі 5 мм және одан астам) (туберкулин сынамасының виражы).
- БЦЖ вакцинасының сипаттамасы. БЦЖ штамы. БЦЖ вакцинасы БЦЖ вакциндық штаммының тірі микобактериялары (вируленттігі әлсіз, иммуногендік қасиеттері жоғары), лиофилді кептірілген, тері ішіне егуге арналған. Препарат арнайы туберкулездің алдын алуға қолданылады. Вакцинаның қасында түссіз, мөлдір, қоспалары жоқ стандартты еріткіші болады.
- БЦЖ вакцинасымен ревакцинациясы мен вакцинациясының қарсы көрсеткіштері. БЦЖ вакцинациясына қарсы айғақтар:
бірінші дәрежелі туыстарда анықталған жайылған БЦЖ инфекциясының анықталуы (тұқым қуалайтын иммундық тапшылықтың болуы мүмкін);
2) АИТВ/ЖИТС;
3) шала туу – салмағы 2000 граммнан төмен немесе жүктілік мерзімі 33 аптадан кем;
4) ОНЖ зақымдануы – босану кезіндегі неврологиялық белгілері бар жарақаттар (орташа ауырлықтағы және ауыр дәрежелі);
5) құрсақішілік инфекция, жаңа туған нәрестелердің сепсисі;
6) жаңа туған сәбилердің гемолитикалық ауруы (орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері);
7) субфебрилді температура және сәбидің жалпы жағдайының бұзылыстары байқалған орташа ауырлықтағы және ауыр түрдегі аурулар.
БЦЖ ревакцинациясының қарсы көрсеткіштері:
- туберкулез микобактерияларының жұққандығы немесе бұрын туберкулезбен ауруы;
- оң не күмәнді Манту сынамасы;
- БЦЖ вакцинациясына асқыну әсерлердің болуы;
- бірінші дәрежелі туыстардың арасында жайылған БЦЖ инфекциясының анықталуы
- АИВ-жұққандығы;
- иммундық тапшылық жағдайлары, қатерлі ісіктер;
- жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі, аллергиялық ауруларды қоса. Ревакцинация аурудан жазылғаннан немесе ремиссиядан соң екі айдан кейін жасалады;
- алдын ала егуден уақытша босатылған балалар бақылау мен есепке алынып, толық жазылғаннан соң не қарсы көрсеткіштер жойылғаннан соң бірден егілуі тиіс
- БЦЖ егпесін өткізу туралы мәліметтері қай есеп формасында бекітіледі. Реакциялардың сипаты туралы мәліметтер 063/е, 026/е, 112/е есепке алу үлгілерінде тіркеледі. Реакция байқалған барлық балаларға карта толтырылады.
- Егу реакциясы. Иммунитеттің ұзақтығы. БЦЖ вакцинасын еккеннен кейінгі реакциялар:
- БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін ағза тарапынан жалпы жауап байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері 15-20 мм-ге дейін ұлғайса, ағзаның қалыпты жалпы жауабы деп бағаланады; ал 20 мм-ден астам ұлғайса – арнайы ем тағайындалады. Лимфадениттер 6-9 ай ішінде тарқайды;
- нәресте перзентханада болған кезде дәрігер (медбике) сәбидің анасына тері ішілік вакцинациядан кейінгі 4-6 апта ішінде жергілікті егу реакциясының болатынын және реакция байқалғанда сәбиді учаскелік дәрігер-педиатрға көрсету қажеттігін хабарлайды ;
- вакцинация (ревакцинация) жасалған балаларды жалпы емдеу жүйесінің дәрігер-педиатрлары бақылайды және де 1, 3, 6, 12 айдан кейін жергілікті егу реакциясы тексеріліп, оның сипаттамасы мен көлемі 063е, 026е, 112е есепке алу үлгілерінде тіркеледі. Сонымен қатар, ағзаның вакцинацияға жалпы рекциясын анықтау және аймақтық лимфаденитті уақытылы анықтау мақсатында шеткі лимфа түйіндерін де тексеру қажет;
- БЦЖ вакцинасын енгізген бетте папула пайда болып, ол 15–20 минөт ішінде тарқап кетеді;
- вакцинациядан кейінгі жергілікті егу реакциясы вакцинация жасалған балаларды 4-6 аптадан кейін, ал ревакцинация жасалған балаларда бір аптадан кейін байқалуы мүмкін. Яғни вакцина егілген жерде гиперемия мен диаметрі 5-9 мм инфильтрат (папула) пайда болады. Содан кейін инфильтрат везикулаға, пустулаға алмасып, кейіннен қабыршық пайда болып, ол өз бетімен түскеннен кейін тыртықша түзіле бастайды. Аталған реакциялар қалыпты болып есептеледі және ешқандай дәрілермен өңдеуді талап етпейді;
- БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының нақты нәтижесі егуден кейінгі 1 жылдан соң тыртықшаның мөлшерімен бағаланады. Егу техникасы дұрыс жасалған және вакцина дұрыс сақталған жағдайда егу орнында 95-97% тыртық пайда болады. Тыртықшаның ең тиімді мөлшері 5-8 мм. Кейде БЦЖ вакцинасын еккен жерде апигментті дақ пайда болады (2-3%);
- жергілікті егу реакциясы байқалмаған (тыртықшаның болмауы) балалар міндетті түрде есепке алынып, 6 айдан кейін алдын ала Манту сынамасы жасалмай–ақ, ал 1 жылдан кейін – Манту сынамасының теріс нәтижесінде қайтадан егіледі (қосымша вакцинация) (тек қана бір рет).
14. Поствакцинальды асқынулар және олардың емі.
- жергірлік лимфаденит;
- тері астылық суық абсцесс;
- беткей жара;
- келоидты тыртық;
- сүйек жүйесінің зақымдануы (оститтер).
- Туберкулездің сәулелі диагностикасының негізі мен қосымша әдісін атаңыз. Негізгісі: рентгенография, рентгеноскопия, флюрография. Қосымшасы: томография, КТ, ангиопульмонография, бронхиалды артериография, бронхография, плеврография, фистулография, бронхоскопия, торкаоскопия, биопсиялық әдістер.
- Тыныс алу мүшелер ауруларының рентгенологиялық синдромы және олардың туберкулездің әртүрлі клиникалық формасымен сәйкестігі.
- Тотальды, Субтотальды қараю (лобит,казеозды пн)
- Сақина тәрізді қараю (каверналық қуыс п.б. кавернозно-фиброзный, кавернозный туб.)
- Өкпе түбірі патологиясы (КІЛТ, бірінішілік туберкулездік қосынды)
- Шектелген қараю (ошақты туб)
- Диссеминация синдромы(диссеминациялық өкпе туб)
- Фокустық қараю (егер фокус 1см.ден үлкен болса)ошақты туб.дің асқынуы
- Дөңгелек қараю (өкпе туберкуломасы)
- Гидропневмоторакс (туб.ді плеврит)
- Ағару синдромы (спонтанный пневмоторакс)
- Туберкулезбен ауыратын науқастардың типтері (жаңа жағдай, рецидив, сәтсіз ем, үзілістен соң емдеу, ауыстырылғандар, басқалар)
- аурудың жаңа жағдайы – бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе оларды 1 айдан кем уақыт қабылдаған науқас;
- қайталап ауру – бұрын бірінші қатардағы ТҚД емнің толық курсын қабылдап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі болған науқаста кейіннен бактерия бөлу байқалса;
- сәтсіз ем – алғашқы ем курсы сәтсіз болуына байланысты туберкулезге қарсы ем курсы қайта тағайындалған науқас;
- үзілістен кейінгі ем – емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған, қақырық микроскопиясының нәтижесі оң науқас;
- ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде туберкулезге шалдыққан науқас деп тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы мекемеге ауысып келген науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін осы науқастың ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;
- басқалар – жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез жағдайлары. Бұндай жағдайлар бірен-саран болуы тиіс және әрбір жағдайда диагноз патоморфологиялық не бактериологиялық әдістермен дәлелденуі керек.
- Көптеген (КДК ТБ) және кең ауқымды дәріге көнбейтін (ДККТ ТБ) туберкулезі бар науқастарды бақылау мақсатында IV санат түрi бөлiніп көрсетiлген. Науқасты IV санатқа ауыстыру және ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды.
18. ДОТС тәсілімен емдеу үшін қолданылатын емдеудің сатыларымен тәртібі Емнің стандартты кестелері
Санат | Қарқынды кезең | Жалғастыру кезеңі |
I | 2-4 HRZE(S) Стрептомицин 2 ай мерзімде қолданылады | 4(7) Н3R3 немесе 4(7) НR немесе 4(7) НRЕ* |
II | 3(5) НRZЕS Стрептомицин 2 ай мерзімде қолданылады | 5 Н3R3Е3 немесе 5 НRЕ |
III | 2 HRZE | 4 Н3R3 немесе 4 HR немесе 4 НRЕ* |
- D – Directli – Непосредственное;
- O – Observet – Контролируемое (наблюдаемое);
- T – Treatment – Лечение;
- S – Short course chemotherapie – Короткими курсами химиотерапии.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Туберкулез науқастарын диспансерлік бақылау
- Туберкулез ауруын емдеу жолдары
- Туберкулезді химиялық алдын алу
- Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар
- Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
- Туберкулиндік диагностика
- Туберкулезді анықтау
- Сүйек буын туберкулезі