Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар

Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар

Ошақтағы шаралар үшке бөлiнедi алғашқы, кезектi және қорытынды.

Алғашқы шараға науқасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады.

Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алғашқы үш күн iшiнде ошақта алғашқа эпидемиологиялық дезинфекция жүргiзiп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2005 8 шiлдесiндегi №332 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларын бекiту» бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерудiң картасы (330-у) толтырылады.

Ошақты алғаш аралағанда науқасты және оның жанұя мүшелерiнiң жеке күәлiктерiнiң мәлiметтерiн анықтау өте маңызды. Науқас әр түрлi жерлерде тұратын болса немесе тiркелген болса, кезектi жүргiзiлетiн шаралардың мәселелерi толығымен мекен – жайларды аралағаннан кейiн ғана шешiледi.

АМСК жүйесiнiң қызметкерлерi ошақты тексергеннен кейiн, науқастың жанұя мүшелерiнiң тазалық, әлеуметтiк және басқада өмiр жағдайларын ескере отырып, сауықтыру жобасы құрады.

Ошақты тексергеннен кейiн оны сауықтырудың жобасы құрылады. Ошақты сауықтыру жобасына кiретiндер:

  • науқасты оқшаулап емдеу;
  • балалар мен жасөспiрiмдерге нұсқау бойынша алдына алулар жүргiзу;
  • науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына үйрету;
  • қатынаста болған жандарды тексеру;
  • ересеек қатынаста болғандар мен науқасарға эпидемиологияға қарсы ережелердi үйрету және алдынғы кезекте кезектi дезинфекция шараларын үйрету.

Науқасқа «Туберкулезге қарсы мекеменiң диспансерлiк аймағының картасы» – ТБ 16 формасы атты медициналық карта толтырылады. Туберкулез  жұқпалы ауруының ошағы жөнiндегi мәлiметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргiзiлетiн шаралардың мәлiметтерiн дәрiгер аймақтық медбикенiң картасына (№93 формасы) тiркеуi қажет.

Туберкулезге қарсы ұйымдар немесе бөлмелер жоқ ауылдық жерлерде, туберкулез ошақтарындағы жұмыстарды АМСК жүйесiнiң дәрiгерлерi жүргiзедi.

АМСК жүйелерiндегi кеңес беру жұмыстарын облыстық және аудандық ТҚМ фтизиатрлары жүргiзедi.

Ошақтағы кезектi дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлушi науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргiзiледi. Бұл шаралар санитарлы эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк негiзде жүргiзiледi.

Ошақта жүргiзiлетiн шаралар:

  • кезектi дезинфекция; балаларды оқшаулау, оның iшiнде жаңа туылған нәрестелердi;
  • қатынаста болғандарды тексеру;
  • науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына үйрету;
  • тұрмыстағы санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту;
  • емханалық негiздегi науқастың емiн және қатынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдына алуды бақылау.

Ошақты сауықтыру жұмысы аймақтық фтизиатр дәрiгердiң бақылауымен медициналық медбике жүргiзуi керек.

Қатынаста болғандар әрдайым ТҚМ тексерулерi қажет. Медбике жанұялық және өзгеде қатынаста болғандарды тексеру керек, бiрiншi кезекте балалар мен жасөспiрiмдердi және жүктi әйелдердi, сонымен қатар мал шаруашылығндаға туберкулезбен ауырған жануарлармен қатынаста болған жандарды тексередi.

Жаңа туылған нәресетенi БЦЖ вакцинациясынан кейiн босануға көмектесетiн қйымдарда бактерия бөлетiн науқастардан иммундық қорғанысы қалыптасқанға дейiн 2 ай бойы оқшаулайды. Бұл жағдай науқастың ауруханаға жатуымен немесе нәрестенiң уақытша ошақта болмауымен (нәрестелер бөлiмшесi мен балаларүйiнде) жүзеге асады.

Туберкулез ошағындағы қорытынды шараға науқастың эпидемиологиялық есептен шығарылу жатады.

Медициналық қызметкерлер ошақтарды аралағанда, эпидемиологияға қарсы ережелердi (бет перде тағу, медициналық халат киiу және жеке бастың тазалығын сақтау) сақтаулары қажет.

Қызмет бойынша (оқу орны) ошақты санитарлы-эпидемиологиялық ұйымдардың алғашқы рет тексеруi

Науқастар туралы хабарлама алғаннан кейiнгi 7 күн iшiнде фтизиатр мен эпидемиолог науқастың санитарлы – гигиеналық бөлiмдердiң мамндарымен бiрiге отырып, науқастың жұмыс орнында (оқу орнында) тексерулер жүргiзедi.Ошақтың шегi мен қатынаста болғандарды эпидемиолог дәрiгер анықтайды.

Науқастың жұмыс орны бойынша қатынаста болғандарға белсендi бактерия бөлушi науқаспен қарым – қатынаста қызметкерлер мен жұмыскерлер жатады.Барлық қатынасты болғандар жұмыс орны (оқу орны) юойынша туберкулезге қарсы мекемелерде тексерулерi қажет.

Гигиенист дәрiгермен бiрiгiп, науқастың жұмыс орнындағы жұмымыс жағдайы, зияндылығы, кезекшiлiгi, тамақтану тәртiбi, флюорографиялық тексерулерi сияқты жайттардың тексерiлуi қажет. Науқастың жұмыс орны ошағының тексерiлуi жөнiндегi тексерудiң актiсi толтырылып, науқастың емханалық картасына жабыстырылады.

Қатынасты болған жандардың тексеруден кейiн 6 ай өткен болса оларды қайталама флюрографиялық тексерумен балалар мен жасөспiрiмдерге туберкулендi сынаманы мiндеттелген уақытта жүргiзедi.

Балаларға арналған мекемелерге және теңестiрiлген мекемелерге жүргiзiлетiн эпидемиологиялық шаралар

Эпидемиологиялық зерттеу әр тiркелген белсендi туберкулез жағдайында жүргiзiледi. Эпидемиолог және фтизиатр және қызмет көрсетушi мекеменiң медициналық қызметкерiнiң және жетекшiлерiнiң қатысуымен жүзеге асады.Керек жағдайда Республикалық санитарлы – эпидемиологиялық бақылау комитетiн шақырады.

Сонымен қатар жалақыға жұмыс iстеушiлердiң табелдiк тiзiмiн салыстырады, балалар мен жасөспiрiмдердiң тiзiмдiк құрамын тексерiп, өткен және кезектi жылға флюорографиялық зерттеулердiң қорытындысы мен күндерiн тексередi. Зерттеу нәтижесiнде, ошақ шектерiн анықтап, шаралардың жобасын құрады.

Барлық қатынаста болғандар жайлы мәлiметтер тұрғылықты жерiне сәйкес тексеру жүргiзу мақсатында АМСК жүйесi мен ТҚМ берiледi. Бұл жұмысты босану үйлерiнiң шала туылған және әлсiз нәрестелер бөлiмшесiнде және балалар үйлерiнде жүргiзедi.

Жұқпалы аурлар және психоневрологиялық ауруханаларда жатқан науқастарда белсендi туберкулез анықталған жағдайда, алғашқы эпидемиологияға қарсы шараны осы ұйымдардың қызметкерлерi жүргiзуi қажет.

Туберкулезге қарсы шаралар

Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында кезектi дезинфекциялық шараны жүргiзу

Туберкулез ошақтарында кезектi дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлушi науқасы үйде болған жағдайда жүргiзiледi.Науқасқа «Туберкулездiң бактерия бөлетiн түрiмен ауыратын науқас» деген тұжырым қойылып, есепке тiркелген уақыттан бастап, санитарлы- гигиеналық, эпидемиологияға қарсы және дезинфекциялық тәртiптердi сақтай отырып, кезектi шара жүргiзiледi. Ошақтағы ең тиiмдi кезектi дезтнфекциялық шара болып, бөлменi жиi желдету болып табылады (күнiне 2-3 рет, 30-40 минуттан).

Кезектi дезинфекцияны және оның дұрыс жүргiзiлуiн ТҚМ анықтайды, олар науқастарға Қазақстан Республикасының аймағында қолданатын қақыруға арналған түкiргiш зат (2-ден кем емес) пен дезинфекциялық заттар берiледi.Науқастың емханалық картасына аймақтық дәрiгер кезектi дезинфекцияның жүргiзiлген күнi мен айақталған күндерiн белгiлеп, шараның толық және сапалы өтуiне жауапкершiлiк мiндетiн аалады.Кезектi дезинфекцияны науқас немесе оның жанұя мүшелерiнiң бiреуi жүргiзедi (балалар мен жасөспiрiмдерден басқа).

Аймақтық фтизиатр дәрiгер науқасқа жеке бастың санитарлы тазалығын үйретедi: бет перденi қолдану, түкiретiн затқа қақыру және кезектi дезинфекцияны жүргiзу. Науқасқа қақырығын жинауға толық, жақсы жабылатын қақпақпен 2 түкiргiш ыдыс берiледi.

Санитарлы – эпидемиологиялық қызметтiң дезинфекциялық бөлiмдерi (бөлiмшелер), дезинфекциялық станция мен туберкулезге қарсы мекемелер кезектi дезинфекциялық шараны ұйымдастырып, әдiстемелiк жетекшiлiк етедi.

Дезинфекция жүргiзуге арналған заттарды туберкулезге қарсы мекемелер бередi, аталған мекемелер болмаған жағдайда, АМСК жүйесi бередi,аталған мекемелердiң бюджетiнде осы шараға арналған арнайы қаржы болады.

Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция

Уақытылы және сапалы күнделікті дезинфекцияның өткiзiлгенiн ТҚМ жетекшiсi қамтамасыз етедi.ТҚҰ жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция Қазақстан Республикасында жүргiзуге рұқсат етiлген препараттармен жүргiзiледi.

Туберкулезге қарсы ауруханаларада дезинфекцияны арнайы штаттық нормативтегi дезинфекторлар жүргiзедi.

ТҚҰ – да күнделiктi дымқыл тазаланып, желдетiлуi (күнiне 2-3 рет, 30-40 минуттан) керек. Ал қызметкерлер болса, жоғары сапалы қорғаныстағы (99%) бет перделердi киюлерi қажет. Бөлмелерде бактерицидттi сәулелендiргiш қондырғылар орнатылуы керек.

Науқас ауруханаға жатқан жағдайда оның киiмдерiн арнайы шеттетiлген бөлмелерге қойып, науқас оларды тек күндiзгi қыдыруға ғана пайдаланады.

Науқас ауруханадан кеткеннен кейiн ол қолданған төсек жабдықтары (аурухананың жастығы, көрпесi, төсенiшi) дезинфекциялық камерада залалсыздандырылады.

Туберкулезге қарсы мекемелердiң iшкi заттары күнделiктi дымқыл сұртiлiп, тазалануы керек.

Қақырықты жинау, тасымалдау, залалсыздандыру және қақырық ткiргiш заттарды беретiн жұмыстарды арнайы киiнген және дайындалған қызметкерлер жүргiзедi.Қақырықты жинау мен залалсыздандыру арнайы бөлiнген бөлмелерде жүргiзiледi.

Қолданылған асханалық ыдыстарды биялаймен (перчатка) арнайы белгiленген буфеттегi үстелге жинап, тамақ қалдықтарынан тазалап, жеке ыдыстарда залаласыздандырғаннан кейiн жуып, сүртпей, арнайы кептiретiн сөрелерге салу керек.

Қолданылған ыдыстарды ауамен залалсыздандыратын құрылғыда залалсыздандыралы. Қолданылғын ыдыстырды жинағаннан кейiн үстелдi арнайы дезинфекциялық ертiндiге салынған сүлгiмен сүрту керек.

Тамақ қалдықтарын арнайы ыдысқа (шелек, бөшке) жинап, бетiне құрғақ дезинфекциялық затты 1:5. сәйкес. Қалдық тамақтарды тармиялық жолмен (булап қайнататын ошақтарда) залалсыздандырылса малға беруге болады.

Кiрлердi арнайы киiммен, биялаймен, резiңке аяқ киiм кигкен жұмыскер, керегелерi кафелденген, биiктiгi 1,5 м, механикалық желдеткiш орнатылған арнайы бөлмелерде сорттайды.

Кiрдi желiм қаптарға жинап, кiр жуатын бөлiмге жiбередi, аталған жерда кiрлердi залалсыздандырады.Жеке кiр жуатын бөлiм болма,ан жағдайда, кiрдi жiберместен бұрын белгiленген күндерi залалсыздандырып, жеке кiр жуатын машиналармен жуады.

Туберкулезге қарсы мекемелерде стерилизациялық-дезинфекциялық іс-шаралар мен нозокомиалды жұқпалардың берілуін алдын алу ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.

Ауыр жағдай болмаса, ауруханада жатқан науқастарға келуге болмайды. Оның үстiне келушiлер арнайы қорғаныш заттарын (халат, бет перде) қолдаанулары қажет.

Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн қорытынды дезинфекция

ТҚҰ – да қорытынды дезинфекция мекеме көшкен жағдайда, жөндеуден өтсе, салынса, ауыстырылса жылына 2 рет жүргiзiледi.

Қорытынды дезинфекцияны осы нұсқаудың екiншi қосымшасына сәйкестелген дезинфекциялық заттармен жүргiзедi.

Ошақтардағы қорытынды дезинфекцияны туберкулезге қарсы диспансерлерден сұраныс келгеннен кейiн 6 немесе 12 сағат iшiнде дезинфекциялық станцияның, дезинфекциялық бөлiмнiң (бөлiмше) және Мемлекеттiк санитарлы – эпидемиологиялық бақылау Департаментiнiң қызметкерлерi жүргiзедi.

ТҚҰ – да қорытынды дезинфекцияны Қазақстан Республикасының аймағында қолдануға рұқсат еткен дезинфекциялық препаратармен ТҚҰ – ның қызметкерлерi жүргiзедi.

Қорытынды дезинфекцияны жүргiзетiн жағдайлар:

  • науқас кеткеннен кейiнгi барлық жағдайда;
  • тұрғылықты жерi өзгертiлсе, көшсе (пәтердi немесе бөлменi заттарымен қосып, залалсыздандыру).

Науқас ошақтан кетпеген жағдайда, қорытынды дезинфекция жүргiзу аралығы ошақтағы қауiпсiздiк жағдайына байланысты осы Ереженiң 1 қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.

Туберкулезді санитарлық алдын алу

Туберкулезді санитарлық алдын алу – туберкулез инфекциясының ошағындағы туберкулезге қарсы эпидемиялық алдын алу шаралары.

Туберкулез инфекциясының ошағы деп – бактерия бөлушінің тұратын жері (жекеменшік үйі, пәтері, жатақханадағы бөлмесі), оқу, жұмыс істеу, демалу орындарын санау керек. Туберкулез инфекциясының ошақтарын үш эпидемиологиялық топқа бөледі. Ауру ошағын қайсы бір топқа жатқызудың негізгі болып төмендеген критерийлер саналады: бактерия бөлудің қарқындылығы, ауру ошағында балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдің, маскүнемнің және нашақордың болуы, тұрмыстық – үй жағдайы және санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жүргізетін ережелердің сақталмауы, сол сияқты ауру мен оның отбасы мүшелерінің әлуметтік тұрмыс деңгейінің жағдайы.

Бактерия бөлу қарқындылығы былайша бағаланады:

  • орташа бактерия бөлу ҚТБ+1 нақты сандық көрсетiлiмi;
  • көп бактерия бөлу (+2 ден +3 ке дейiн).
  1. Ошақтық бiрiншi эпидемиологиялық тобына жататындар:
  • көп бактерия бөлетiн науқастардың ошағы;
  • орташа бактерия бөлушi балалар мен жасөспiрiмдерi бар науқастар, жүктi әйелдер, маскүнемдер мен нашақорлар;
  • санитарлы – гигиеналық жағдайлары жоқ және төменгi деңгейде өмiр сүретiн ошақтар.
  1. Екiншi топқа анда-санда бактерия бөлетiн науқастар тұратын жерлер жатады, бiрақ аталған ошаққа осы ереженiң 5 тармағындағы 2), 3) бөлiктерiндегi факторлар болмаған жағдайда.
  2. Үшiншi топқа жататында:
  • бактерия бөлу тоқтағаннан жерлер, бактерия бөлушiнiң тұрғылықты жерiн өзгертуi немесе қайтыс болуы (оның iшiнде диспансерге белгiсiз науқастар);
  • туберкулезбен ауыратын малшаруашылығының жануарлары анықталған туберкулез ошақтары.

Үшiншi топтағы қатынаста болған туберкулез ошақтарының жандары бiр жыл бойы бақыланады.

Эпидемиологиялық ошақтың бiрiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына тоқсан сайын барып қаралуы керек.

Эпидемиологиялық ошақтың екiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына жарты жылда бiр рет барып қаралуы керек.

Эпидемиологиялық ошақтың үшiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына жылына бiр рет барып қаралуы керек.

Ошақта жағдай өзгерiп, қауiп төнген болса туберкулез жұқпалы ауруының ошағы эпидемиологиялық бiр топтан бiр топқа эпидемиолог дәрiгердiң және аймақтық фтизиатр дәрiгердiң шешiмi мен ауыстырылады.

СЭС -да есепте тұратын туберкулездiң бактерия бөлушi науқастардың есебi туберкулезге қарсы мекемелердiң санитарлы – эпидемиологиялық қызметiнiң мамандарымен ай сайын тексерiледi.

Ұқсас материалдарды да қарай кетіңіз:

  1. Туберкулезді анықтау
  2. Туберкулиндік диагностика
  3. Флюорографиялық тексеру
  4. Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
  5. БЦЖ егуден соң болатын асқынулар
  6. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!