Мақала
Гастроэнтерология

Басқа амилоидоздар

ATTR-амилоидоз ATTR-амилоидоз аутосомды-доминантты жолмен тұқым қуалайтын отбасылық ауру болып табылады. Преальбумин молекуласының компоненті — транстерритин ізашар-нәруыз болып табылады.

Клиникасы үдемелі нейропатиямен, жүректің, бүйректің және басқа мүшелердің зақымдалуымен сипатталады. Сондай-ақ, ATTR-амилоидозға қарттық жүйелі амилоидоз жатады, ол жас ұлғаюына байланысты транстерритиннің өзгеріске ұшырауының салдарынан 70 жастан кейін дамиды.

     Емі — бауыр трансплантациясы. β2 М-амилоидоз Жүйелі амилоидоздарға гемодиализдегі науқастарда дамитын β2 М-амилоидозы жатады. Қалыптыда бүйрек шумақтарында сүзілетін β2 М, БСЖ-мен науқастарда жинақтала бастап, диализде ол өте жоғары деңгейге жетеді. Диализдік процедура жүргізгенде β2 микроглобулин шықпай қалады, бұл диализ бастағаннан кейін 7 жыл немесе одан ұзақ уақыт өткеннен кейін амилидоздың дамуына әкеледі. β2 М-амилоидоздың клиникасында сүйектің (амилоидтан тұратын сүйектік кисталар) және периартикулярлық тіндердің, сирек қан тамырларының зақымдалуының белгілері басым түседі. Карпалды туннель синдромы жиі кездеседі.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.