Бауыр трансплантациясы

Медицинаның күшті дамуына қарамастан бауырдың мынандай ауруларына: жедел бауыр жетіспеушілігінің, туа пайда болған бауырішілік өт жолдарының атрезиясының, гепатиттен кейінгі немесе алкоголды цирроздың, жедел атрофия, әсіресе бауыр қақпасындағы үлкен біріншілік ісіктердің емі жоқ. Найзағайлы бауыр жетіспеушілігі кезінде немесе дәрілердің артық дозасының емі ретінде бауырды алмастыру қолданады. Барлық осы жағдайларды тұрақты немесе уақытша зақымдалған паренхиманы тінге дені сау бауырға алмастыру қажет. Мұның барлығы өткізілген тексерулер мен эксперименттер клиникада қызығушылық тудырады. 1983 жылы АҚШ-тағы денсаулықтың ұлттық институты бауырды алмастыру бауыр ауруларын соңғы сатысындағы таптырмас ем деп жарлық шығарды. 1996 жылы дүние жүзінде бауыр трансплантациясының 35 000 тәжірибе жасалды, ал 2001 жылы 50 000 адамға тәжірибе жасалды.

Бауыр ишемияға өте сезімтал келеді, қан айналым тоқтаған кезде 15 – 20 минуттан кейін бауыр тіндері өледі. Сол үшін бауырды адамнан өмірге бейімді етіп алу өте қиын. Бауырды алған кезде ишемия мерзімін азайту қажет. Ол үшін бауырды эритроциттерден тазарту және сәйкес келмеушіліктің алдын алу қажет. Бауырды алған кезде тез және нақты нұсқаулар қажет, ол ағзаның наркозынан басталып, қан айналымды қалпына келтірумен аяқталу керек. Операция бойы ерітінділердің тұрақты перфузиясы мен гипотермиясы жүргізіледі. Екінші талап операция кезіндегі іс-– әрекеттерде қолданады. Перфузия реакциясының аз уақыты кезінде сәйкес келмеушілік дамып үлгермейді. Қазіргі кезде HLA және цитотоксикалық қайшы сынамалары қолданылмайды. Антропометриялық сәйкестік керек болады. Висконсин университетінің ерітіндісін қолданған кезде бауыр консервациясы 20сағатқа созылады. Бауырдың сегменттік құрылымына байланысты бауырдың редукция әдістері ойлап табылған. Ересек адамдардың бауыр бөлігін кішкентай балаларға отырғызады. Бауыр трансплантациясын науқастардың жақын туысқандарынан алуға болады, көбінесе сол жақтық латералды сегментті отырғызады.

Операция. Бұл ортотопиялық операция. Рецепиенттің бауырын алып тастайды. Донордың қуысты венасы мен реципиенттің қуысты венасын бауырдан жоғары және төмен жалғастырып анастомоз жасайды. Қақпа веналарын ұшын ұшына анастомоз жасайды. Донордың бауыр артериясын жалпы бауыр артериясымен анастомоздайды. Өт жолдарының өткізгіштігін ұшын ұшына тігіп Т – тәрізді дренажды қою көмегімен қалпына келтіреді.

 

Сәйкессіздіктің диагностикасы. Т – тәрізді дренаждан өттің сапасы нашар және аз мөлшерде бөлінеді. Бауыр сынамаларының функционалдық бұзылыстары. Биопсия. Асқынуы. Ерте асқынулары: жедел трасплантаттың ажырап қалуы (қабылдамауы), қан тамырларының тромбозы, қан кету, өт кету және сепсис. Кеш асқынулары: өт жолдарының инфекциясы, созылмалы сәйкессіздік (өт өзегінің жоғалу синдромы) және аурудыңрецидиві.

Нәтижесі. Трансплантаттың өмір сүруі бауырдың негізгі ауруына байланысты. Бауырдың созылмалы патологиясы кезінде бір жыл ішінде трансплантаттың өмір сүруі 80%, ал бауырдың жедел«найзағайлық» жетіспеушілігі кезінде 50% құрайды. Трансплантаттың 5 жылдық өмір сүруі бауырдың созылмалы патологиясыың 70%-ын құрайды және жедел «найзағайлық» бауыр жетіспеушілігі кезінде 45–-50%.

Кейбір науқастар бауыр трансплантациясынан 25 жылдан астам өмір сүреді. Трансплантаттың кеш сәйкессіздігі басқа паренхиматозды ағзалардың трансплантациясына қарағанда сирек кездеседі.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!