Амбробене дәрілік препараты
Саудалық атауы: Амбробене®
Халықаралық патенттелмеген атауы: Амброксол
Дәрілік түрі: 15 мг/5мл 100 мл шәрбат
Құрамы: 5 мл шәрбаттың құрамында: белсенд/зат: 15,0 мг амброксол гидрохлориді, қосымша заттар: 70% сорбитол, пропиленгликоль, таңқурай хош иістендіргіші, сахарин, тазартылған су
Сипаттамасы: мөлдір, туссізден сәл сарғыш туске дейінгі таңқурай хош ерітіндісімен.
Фармакотерапиялык тобы: қакырык түсіретін препараттар. Муколитиктер.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы. Ішке қабылдағаннан кейін Амброксол асқазан – ішек жолынан іс жүзінде толығымен сіңіріледі. Препараттың жоғары плазмадағы концентрациясы 1-3 сағаттан кейін байқалады. Ақуыздармен байланысуы тиісінше 85%-ға жуықты кұрайды. Жартылай ыдырау кезеңі 22 сағатты құрайды. 90% метоболиттер түрінде және 10% өзгермеген амброксол турінде бүйректер арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы. Амбробене® өзгерген бронх өкпе секрециясын қалыпқа түсіреді, қақырықтың тұтқырлығын азайта отырып, оның реологиялық көрсеткіштерін жақсартады және қақырықтардың бронхтардан шығарылуын жеңілдетеді. Амбробене альвеолалардағы және Клара-жасушадағы 2 түрдегі пневмоциттерге тікелей әсер етуі арқылы беткейлік белсенді заттар жүйесін белсендіруге ықпал етеді, ұрықтың және ересектер өкпесіндегі альвеолярлы және бронхтық аймағында беткейлік белсенді материалдың (сурфактант) түзілуін және шығарылуын көтермелейді. Бұдан басқа, амброксолдың антиоксидантты әсерлері анықталған. Амбробенені қолданғаннан кейін қақырықта жэне бронхиалдық сөлінде антибиотиктердің концентрациясы артады.
Колданылуы. Амбробене® қақырықтың бөлінуі мен тусуі бұзылатын жедел және созылмалы бронхпульмональдық ауруларда секретолитикалық терапия мақсатында қолданылады: жедел және созылмалы бронхиттер, пневмонияда қақырықтың тусуі қиындайтын бронх демікпесінде бронхоэктатикалық ауруда.
Колдану тәсілі және дозалары
Амбробене® шәрбатын тамақтанғаннан кейін жеткілікті мөлшердегі жылы сұйықтықпен (мысалы сумен) қоса берілген өлшегіш стаканның көмегімен қабылдайды.
- Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күн 10 мл-ден тәулігіне 3 рет, одан кейін 10 мл-ден 2 рет немесе тәулігіне 5 мл-ден 3 рет.
- 6-12 жастағы балалар: тәулігіне 5мл-ден 2-3 рет.
- 2-5 жастағы балалар: тәулігіне 2,5 мл-ден 3 рет.
- 2 жасда дейінгі балалар: тәулігіне 2,5 мл-ден 2 рет.
Емдеу ұзақтығы аурудың өту ерекшеліктеріне байланысты. Амбробене® шәрбатын дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен асырып қолдану ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері:
Сирек
- гастралгиялар, жүрек айнуы, құсу
- айқын сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, беттің ісінуі, диспноэ, қышыма)
- дене қызуы
Өте сирек
- анафилактикалық шокты қоса аллергиялық реакциялар
Колдануға болмайтын жағдайлар
амброксолға және/немесе препараттың басқа құрамдастарына жоғары сезімталдықта, фруктозаны көтере алмаушылықта, жүктіліктің I триместрінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Амбробене® және жөтелге қарсы препараттарды бір мезгілде қолдағанда, жөтел рефлексі азаю аясында бронхтардан қақырықтардың бөлінуі қиындауы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Кант диабетімен ауыратын науқастар Амбробене® шәрбатын өлшегіш стаканында 2,1 г сорбит (0,18ХБ баламалы) бар екенін ескеру керек.
Бүйректің функционалдық қызметінің шектелуінде және/немесе бауырдың ауыр ауруларында қабылданатын дозаны азайтып, препаратты қабылдау аралығындағы уақытты көбейте отырып, Амбробенені айрықша сақтықпен қабылдау керек.
Жүктілік және лактация кезеңі. Амбробененің ұрыққа және нәрестелерге жағымсыз әсерлерінің дәлелденген деректері жоқ, болса да Амбробенені® жүктіліктің II және III триместрінде, сондай-ақ емізу кезеңінде дәрігердің пайда/қауіп арасына мұқият талдау жасағанынан кейін ғана пайдалануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: әсер етпейді.
Артық дозалануы
- Белгілері: қозу, диарея, саливацияның жоғарылауы, құсу және гипотензия
- Емі: белгісіне қарай ем.
Шығарылу турі және қаптамасы:
Қызыл-сары тусті шыны құтыларда 100 мл препараттан, тамшылатқышпен және өлшегіш қалпағымен жиынтықта медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон жәшікшеге салынған.
Сақтау шарттары: 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
- Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
- Сақтау мерзімі: 1,5 жыл
- Жарамды мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
- Дәріханалардан босатылу шарттары: рецептісіз
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз: