Қабақтың аллергиялық аурулары

Қабақтың аллергиялық аурулары

Қабактың аллергиялық аурулары: дереу дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) (есекжем және Квинке ісінуі, қабақтың аллергиялық дерматиті) және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) (экзема және қабақ терісінің токсидермиясы) күйінде өтеді.

Қабақтың аллергиялық аурулары айқын қышынумен, жас ағумен және қабақтың ісінуімен қосақталады. Ауру сезімі болады. Көз жасы сұйықтығында және дәнекер қабықтың жағындысында эозинофилдер табылуы мүмкін. Ауру бір немесе екі жақты.

Дереу дамитын жоғары сезімталдық аллергенмен жанасқаннан кейін дереу немесе алғашқы 6 сағат ішінде дамиды.

Дереу дамитын жоғары сезімталдық аллергенмен жанасқаннан кейін дереу немесе алғашқы 6 сағат ішінде дамиды.

Есекжем аллергенмен жанасқаннан кейін лезде қабақтың ісінген терісінде күлдіреумен және қышымамен сипатталады және әдетте, бір жағында болады. Квинке ісінуі кезінде бет аймағы, аузының бұрышын қамтитын ісіну кейіннен төменірек аймақтарға таралады.

қабақ ісінуі
Қабақтың ангионевро- тикалық ісінуі

Қабақтын жанаспалы дерматиті тез дамитын гиперемия және ісінумен көрініс береді, аллергенмен жанасқаннан кейін 6 сағат ішінде қышымалы сулы бөртпе мен түйіншек (папула) пайда болады. Әдетте, екі жақты зақымдалу байқалады.

қабақ дерматиті
Қабақтың жанаспалы дерматиті

Баяу дамитын жоғары сезімталдық аллергенмен жанасқаннан кейін 6—12 сағаттан кейін дамиды, ал 24—48 сағаттан кейін симптомдары аса айқын көрініс береді. Бұл көріністер бірнеше күнге, ал кейде апталап та сақталады.

  • Қабақ терісінің экземасы қабақтың дерматитімен ауырғаннан кейін, аллергенмен жанасу салдарынан дамиды. Тері түйіншектермен, сулы бөртпемен және ірінді бөртпемен (пустула) қапталады, олар жарылғаннан кейін сірнелі экссудат және қабықшалар пайда болады.
  • Токсикодермия — аллергендер жүйелі түрде әсер еткенде пайда болатын реакция. Уртикарлы, эритематозды-сквамозды және петехиальді себулер тек қана қабақ терісінде ғана емес, дененің басқа аймақтарында пайда болумен сипатталады.

Емі этнологиялық (антигенді алып тастау, гипоаллергенді емдәм), патогенетикалық (глюкокортикоидтарды тамшы немесе май күйінде жергілікті қолдану) және симптоматикалық (антигистаминді дәрі арқылы қышыманы азайту) қағидаларына негізделген.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қабақ аурулары (блефарит, теріскен, абсцес)
  2. Көру бұзылысын түзету жолдары
  3. Көздің көру қызметі
  4. Аккомодация
  5. Клиникалық рефракция түрін анықтау
  6. Физикалық және клиникалық рефракция

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Материал авторы

желіде жоқ 13 часов

KazMedic

974

Медик+ админ! Сайт бойынша жауапты адам.

Пікірлер: 7Материалдары: 975Блог ашу: 01-10-2014
нашар: 1онша емес: 2орташа: 3жақсы: 4тамаша: 5 (3 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Добавить комментарий

Әл.желі арқылы кірген дұрыс: