Қабақ аурулары (блефарит, теріскен, абсцес)

Блефарит қабақ шетінің қабынуы (мейбомиев, май безшелерінің) және оның үш формасын ажыратады: жәй, қабыршақты және жаралы. Басқа тұрлері-мейбомиевті, демодекозды дегендері де бар.

Этиологиясы-токсико-аллергиялық жағдайлар, созылмалы инфекциялар, глистті инвазия, саңырауқұлақты, жас ағзаларының аурулары, асқазан аурулары, анемия, авитаминоздар, диабет, түзетілмеген рефракцияның аномалиялары ( жиі гиперметропия мен астигматизм), қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайлар, демодекозды блефаритте демодекстің зат алмасу заттарының әсері.

Анықтау принциптері- шағымдарына, анамнезге, клиникалық белгілеріне негізденген; конъюктивадан жағынды алып оның антибиотикке  сезімталдығын анықтайды; цитологиялық вирусологиялық зерттеулер, алынған кірпіктерге микроскопиялық зерттеулер жасау;

Клиникалық белгілері: жәй блефариттерде қышу, жас ағу, қабақтың қызаруы және қырының қалыңдауы; қабыршақты блефаритте -қосымша жоғарыда айтылғанға сұр, ақ түсті, мақтамен жеңіл алынатын қабыршақтар қосылады;

Қарапайым блефарит
Қарапайым блефарит

Жаралы блефаритте  айтылғандарға қосымша кірпіктердің шетінде жаралану, қатқан қабыршақтар пайда болады және қабыршақтарды алғанда орнында қанаған жара қалады, кірпіктер де бірге алынады.

Асқынулары-трихиаз, мадароз, қабақтың кірпікті қырының  сыртқа қарай  айналуы.

Мейбомиев бездеріне байланысты блефариттерде қарапайым формасындағыдай белгілерге қосымша кірпіктерде ақ түсті муфталар пайда болады.

жаралы блефарит
Жаралы блефарит

Емі: этиотропты жалпы және жергілікті-қабақтарды антисептиктермен тазарту   (қабыршақтардан тазарту), спирт, эфир, брилл. көгімен сұрту, көзге СА ( альбуцид 30%,), АБ (левомицетин 0,25%), түнге қарай АБ, СА майлар жағу, қабақтың массажы.

Жаралы блефариттің емін барлық қабықшаларды алып тастаудан бастайды. Оларды жұмсарту үшін қабақ шеттеріне стерилденген вазелин майын жағады. Қабақ шеттеріне іріңді қабықшалардың түзілмегеніне дейін тәулігіне 2—3 рет антибактериальді маймен (тетрациклинді немесе эритромицинді) жағады. Әрі қарай емді басқа түрлерін емдегендей жалғастырады. Себебін жойғаннан кейін ғана сауығуы мүмкін. Жаралы блефаритте кірпік өсуінің бүзылуы (трихиаз, мадароз), қабақ шеттерінің тыртықты деформациясының нәтижесінде — қабақ түйілуі болады.

Демодекозды блефаритте қабақтарлың шетін спирт- эфир қоспасымен сүртеді,арнайы паразиттерге қарсы ем (ихтиол мен ланолин,күкіртті май,трихополмен,цинкпен,ланолинмен,неостомозан және т.б. )

Емдеу мерзімі  1,5­2 ай. Гиперметропия мен астигматизмде үнемі киетін көз әйнегін тағайындау.

Теріскен-май безінің немесе кірпік түбіндегі қалташықтың (сыртқы) немесе мейбомиев безшелерінің (ішкі теріскен) жедел іріңді  қабынуы. Жиі стафилоктармен шақырылады. Клиникалық белгілері ­қабақтың шектелген жерінде ісік, қызару,  пальпаторлы шектелген жерде, қабақтың бойымен, кірпікті қырына жақын ауырсыну анықталады. 2-4 күннен кейін іріңді қуыс қалыптасып, теріскен өздігінен жарылады. Ішкі теріскен конъюктива жағынан, сыртқы теріскен тері жағынан. Конъюктива жағынан тегіс жапырақты грануляция дамиды. Теріскенді қолмен қысу өте ауыр асқынуларға әкеледі- көз ұясының тамырларының тромбозы, каверозды синустың тромбозы (наукатың өміріне қауіп төнеді), менингитке, энцефалитке, және олардың асқынуларына.

Емі :инфильтрация сатысында- УВЧ, құрғақ жылу, сульфаниламидтер, салицалаттар, дезинфекциялық тамшылар, қабақтың терісін спирт, брилл. көгінің спирттік ерітіндісімен сүрту; флюктутуация сатысында (некроз сатысында )теріні тіліп, жараны жуып, іріңді жараға дренаж  енгізу арқылы сыртқа шығару. Құрғақ жылу көрсетілмеген.

 

Халазион (chalasion) — мейбомиев безі маңындағы шеміршектің созылмалы пролиферативті қабынуы. Халазион мейбомиев бездерінің өзекшелері бітеліп қалу салдарынан дамиды. Мейбомиев бездері созылғаннан кейін оның сөлі қоршаған шеміршек тініне ашылып, гранулема түзеді.

Қабақтың қалыңдығында көлемі бұршақтай тығыз-эластикалык, ауырсынбайтын түйіншек қалыптасады. Түйіншектің үстіндегі тері жылжымалы, өзгермеген. Түйін аймағындағы дәнекер қызарған.

Халазион қазақша
Халазион: а — қабақ терісі жағынан өзгерістер; б — қабақ дәнекерінің өзгерістері

Халазионнын кішкентай өлшемдерінде, оның қалыңдығына 7—10 күн аралығымен 2 рет ұзақ әсерлі глюкокортикоидтар ерітіндісін енгізеді. Қабақ терісін тәулігіне 2—3 рет екі апта бойы глюкокортикоидты майларды (0,1% дексаметазон немесе бетаметазон майын) жағады. Халазионның ірі өлшемдері кезінде, сонымен катар медикаментозды ем нәтижесіз болған кезде хирургиялық ем қолданады. Халазионды дәнекер (конъюнктива) жағынан қабақ шетіне перпендикулярлы тілік жасап, алып тастайды.

Қабақтың даму аномалиялары

Қабақтардың бұлшық еттерінің аурулары (лагофтальм, птоз, энтропион, эктропион, трихиаз, анкилоблефарон) және қабақтың формасының өзгеру (колобома, эпикантус) аурулары жатады.

 Қабақтың  сыртқа айналуы (эктропион) – кірпікті шеті сыртқа қарай айналуы. Ол жас нүктесінің теріс айналуымен өтеді. Жиі көзден жас ағумен, терінің сулануымен, дәнекер қабықтың созылмалы конъюктивиті мен гипертрофиясы мен, құрғауымен, кератитпен, қасаң қабықтың жарасымен сипатталады.Этиологиясы: қабақта күйіктен кейін тыртық бар, қабақтардың жарақаттық ақауы, экзема, жарақаттан соң көз ұясының  қабырғаларының бұзылуы.

Емі: пластикалық операция 

Энтропион – қабақтың кірпікті қыры (жиі төменгі қабақтың) көз алмасына қарай қайрылуы. Ол қасаң қабықты тітіркендіріп, қабындырады. Қасаң қабықта эрозия пайда болады, конъюктива зақымдалады. Пайда болу себептері: конъюктиваның тыртықтануы, шеміршектің  формасының өзгеруі, балаларда көз айналасындағы бұлшык еттердің қарттарда семуі, бет нервісінің салдылығы, туберкулезді және мерезді  остеомиетитті.

Емі: пластикалық операция

Колобома-қабақтың шетінің барлық қабаттары арқылы өтетін ақауы, жиі жоғарғы қабақта оның орта бөлігінде орналасады. Жиі беттердің басқа ақауларымен жұптасып кездеседі. Емі: пластикалық  операция.

Эпикантус-қабақтың ішкі бұрышында орналасатын жоғарғы қабақтан төменгі қабатқа өтетін айшық тәрізді қатпары. Көздерге монголоидты түр береді, көздері танауға қарай қылиланып тұрғандай сезім береді. Жиі хромосомдық аурудың (Даун ауруының) белгісі .

Трихиаз – кірпіктердің дұрыс өспеуі (қабақтар дұрыс орналасса да), олар көзге қарай өседі. Себептері: басырда кірпіктердің түбінің тыртықтануы, жаралы блефариттер, рецедивті теріскендер, дифтерия, күйіктер.

Емі :пластикалық операция; энтропион болмаса эпиляция немесе инелі электродпен кірпіктердің түптерінің диатермокоагуляциясы.

Анкилофлефарон-іштен туа пайда болған немесе жүре пайда болған қабақтардың тұтасып бітісуі. Ол толық немесе жартылай , тіпті жеке жіңішке жіпшелер тәрізді болады. Көбінесе бас сүйегінің формасының өзгерімен, өздік тамыр қабатының колобомасымен, симблефаронмен, эпикантуспен, анофтальммен қатарласып келеді.

Емі: хирургиялық (пластика)

Птоз– жоғарғы қабақтың төмен түсуі. Себептері: леватордың қызыметінің бұзылуы, көз қимылдатқыш бұлшық еттің салдылығы, мойын симпатикалық нервісінің салдылығы.

Емі: птоз айқын болса (қабақ қарашықтың ортасын жауып түрса және көруге кедергі болса ), қабақ тері асты жіптермен күшті маңдай  бұлшық етіне тігіледі немесе леватор қысқарады немесе леваторға жоғарғы тура бұлшық еттің қызыметін ауыстыру.

Лагофтальм– («қоян көз») қабақтың толық немесе жартылай жабылмауы. Себептері: бет нервісінің салдылығы, қабақтардық тыртықты қысқаруы, қабақтарыдың теріс айналуы, экзофтальм, леватордың түйілуі. Этиологиялық бұл  өзгерістер іштен туа пайда болуы мүмкін немесе орталық нерв жүйесінің ауруларының салдары, грипп, V11 жұп нервтің зақымдалуы, мойын омыртқасының түрлі аурулары, қалқанша безінің аурулары. Көз саңылауы жабылмағандықтан жас нүктелері көзден сыртқа қарай айналғандықтан, кірпік қағу бұзылғандықтан қасаң қабық құрғайды. Қасаң қабық қарауытып, бетінің тегістігі бұзылады, кератит, қасаң қабықтың жарасы дамиды, көруі төмендейді, жас әкету қабілеті бұзылады, көзден жас ағады, конъюктивит дамиды.

Емі: негізгі  себепті- неврологиялық себептерін жою және жергілікті  симптоматикалық ем (қасаң қабықтың кебуінің және қабынуының алдын алу мақсатында)-  30% альбуцид, таза вазелин майы, балық майы, антибактериалды майлар. Лагофтальм тұрақты болса, оперативті ем- блефарорафия немесе тарзорафия- қабақтарды өзара тігу.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қабақтың аллергиялық аурулары
  2. Бинокулярлы көру.
  3. Көру бұзылысын түзету жолдары
  4. Перифериялық (шеткері) көру
  5. Көздің көру қызметі
  6. Нашар көру және соқырлық себептері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!