Тамырлы қабат даму ақауы және ісіктері

Тамырлы қабат даму ақаулары

Нұрлы қабықтың даму ақауларына аниридия (нұрлы қабықтың болмауы), нұрлы қабықтың колобомасы, түсінің өзгеруі (екі түсті нұрлы қабық, гетерохромия, альбинизм), қарашықтың патологиясы (поликория, қарашықтын эктопиясы және т.б.) жатады. Нұрлы қабықтың диафрагмалық функциясының бұзылуы (аниридия, колобома, альбинизм, поликория) кезінде көру өткірлігі өте төмен болады. Нұрлы қабықтын даму ақаулары өте жиі туа пайда болған глаукомаға әкеледі.

Цилиарлық дене мен хориоидеяның даму ақауларының ішінде жиі олардың колобомасы кездеседі. Хориоидея колобомасы бар аймағында тор қабық толық қалыптаспаған немесе мүддем болмайды. Хориоидеяның үлкен колобомасында көру өткірлігі төмен болады.

Тамырлы қабат ісіктері

Тамырлы қабаттың ісіктері барлық көз ішілік ісіктердің 2/3 бөлігінен асады. Көп жағдайда нейроэктодермалык ісіктер кездеседі, мезодермалык (тамырлық) ісіктер сирек болады. Ең жиі хориоидеянын ісіктері кездеседі.

тамырлы қабық даму ақауы

Қатерсіз ісіктер нейрофибромалар, невриномалар, лейомиомалар және невустар болып бөлінеді. Нұрлы қабықтың қатерсіз ісіктері жергілікті шектеліп алынады. Стационарлық невус емді қажет етпейді. Цилиарлық дененің ісіктері кезінде ісіктің айналасындағы тінімен бірге алынады.

Қатерлі ісіктер арасында жиі меланома кездеседі. Нұрлы қабықтың немесе цилиарлық дененің кіші, орташа көлемді меланомасы шектелген түрде алынып тасталады, үлкен көлемді ісіктер кезінде көз алманың энуклеациясы жүргізіледі.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Көздің көру қызметі
  2. Көру бұзылысын түзету жолдары
  3. Конъюнктивит
  4. Торлы қабық сылынуы
  5. Увеит
  6. Нашар көру және соқырлық себептері

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!