Конъюнктивит ауруы
Конъюнктивит — көздің шырышты қабығының қабынуы. Барлық көз аурулардың шамамен 1/3 жағдайын конъюнктивиттер кұрайды.
Жіктеме
Ағымы бойынша конъюктивиттер жедел және созылмалы болып бөлінеді. Этиологиясы бойынша конъюктивиттер келесідей түрге бөлінеді:
- бактериялық (бейспецификалы, дифтериялық, гонококкты және т.б.);
- хламидиялық (трахома және паратрахома);
- вирустық (герпетикалық, аденовирусты және т.б.);
- саңырауқұлақтық;
- аллергиялық және аутоиммунды (көктемгі қарығу, поллиноз, дәрілік конъюнктивит, конъюнктиваның күлдіреуігі (пемфигус) және т.б.).
Клиникалық көрінісі. Науқастар көздегі қышымаға және күйдіруте, жас ағуға, көз қарығуға, бөгде заттың болу сезіміне және конъюнктивалды қуыстан бөліндіге шағымданады. Қараған кезде шырыштың ісінуі және мөлдірлігінің бұзылысын, көз алмасы конъюнктивасының инъекциясын, сонымен қатар конъюнктивалды қуыстан бөліндінің болуы анықталады.
Емдеу қағидаттары. Әдетте емді амбулаторлы жағдайда жүргізеді. Инфекция таралуын болдыртпау үшін жеке гигиенаны сақтау керек. Таңғышты таңуға болмайды, себебі таңғыштың астында кератиттің даму мүмкіндігі жоғарылайды. Конъюнктивалды қуыстағы бөліндіні механикалық алу үшін тәулігіне 2—3 рет антисептик ерітіндісімен жуады (мысалы 0,02% нитрофурал ерітіндісі). Емдеу негізінде этиологиялык қағидаты жатыр: бактериялық конъюнктивиттер кезінде конъюнктивалды қуысқа антибактериалді көз тамшыларын тәулігіне 3—6 рет тамызады, ал аллергиялықга — глюкокортикоид және т.б. ерітінділерді тамызады. Майлы түрлерді түнгі уақытқа қолданған жөн.
Нәтижесі және асқынуы. Тиімді ем кезінде толық сауығу болады. Қабақтың, көз жасы мүшелердің және қасаң қабықтың зақымдалуы, сонымен қатар шырыштың тыртықтары түзілуі және «құрғақ көз» синдромы дамуы мүмкін.
БАКТЕРИЯЛЫҚ КОНЪЮНКТИВИТТЕР
Жедел бейспецификалық конъюнктивит
Жиі ауруды стафилококк немесе стрептококктардың әр түрлі түрлері қоздырады. Екі көздің закымдалуымен жедел басталады: айқын конъюнктивалды инъекция, күмбездің ісінуі және конъюнктивалды қуыстан көп сілемелі-іріңді бөлінді пайда болады. Барлық бактериялық конъюнктивит кезінде үдеріс беткейлі шеткері кератит дамуымен қасаң қабыкқа өтуі мүмкін. Жергілікті емі: антибактериалді тамшы (20% сульфацетамид ерітіндісі) және май (1% эритромицин немесе тетрациклин) колданады.
Созылмалы бейспецификалық конъюнктивит
Ауру көз жасы мүшесінің және қабақтың патологиясы кезінде, жедел конъюнктивитті дұрыс емдемеген кезде конъюнктивалды қуыста сапрофиттердің белсенуімен байланысты. Науқастар қышымаға, күйдіруге және бөгде заттың болу сезіміне, кешке қарай күшейетін көру шаршағыштығына, сонымен қатар таңертеңгілік шамалы мөлшерде сілемейлі бөліндіге шағымданады.
Қараған кезде жеңіл конъюнктивалды инъекцияны және шырышты күмбезі аймағының шамалы ісінуін анықтайды. Емі жергілікті және жалпы этиологиялық факторларды жоюға негізделген.
Пневмококктық конъюнктивит
Қоздырғыш — пневмококк, тұрмыстық-жанасу жолдарымен жұғады. Инкубациялык мерзімі 2—3 тәулікті құрайды. Екі көздің зақымдалуымен ауру жедел басталады: күмбездің инъекциясы мен ісінуі дамиды, күмбез бен қабақ дәнекерінде ақшыл-сұр түсті қабыршақтар пайда болады. Қабыршақтар жеңіл алынады, орнында шырыштың борпылдақ тіні жалаңаштанады. Емі жедел бейспецификалық конъюнктивиттердің еміне ұқсас. Аурумен жанасқан адамдарға 2—3 күн бойы 20% сульфацетамид ерітіндісін тамызады.
Дифтериялық конъюнктивит
Қоздырғышы — Клебс-Леффлер күл таякшасы. Дифтериялық конъ- юнктивиттерге қабақтың айқын ісінуі, қызаруы және тығыздалуы тән. Қабақты бұрып шығару мүмкін емес, тек сәл ғана көз саңылауын аша алады, одан үлпектермен лай сұйықтық ағады. Қабақ, күмбездік және көз алмасының дәнекері, астындағы тіндермен тығыз жабысқан күңгірт- сұр қабыршақтармен жабылған (8.2-сурет). Оларды алу кезінде дәнекер қансырайды. 7—10 күннен кейін қабыршақтар түсе бастайды, орнында дәнекердің шіріген (некроздалған) аймақтары ашылады. Бұдан кейін үдеріс біртіндеп бәсеңдейді де, дәнекерде тыртықтар түзіледі. Жүйелі терапияға дифтерияға қарсы сарысу және пенициллиндерді (ішке немесе парентеральді) қолдануға негізделген. Айқын уыттану симптомдарында дезинтоксикациялық терапияны қолданады. Жергілікті терапияға конъюнктивалды куысты антисептик ерітінділерімен жуу және 1 мл-де 10 000—20 000 ЕД пенициллин ерітіндісін әрбір 2—3 сағат сайын тамызады.
Гонококкты конъюнктивит (гонобленнорея)
Қоздырғыш — гонококк. Нәрестенің (анасының туу жолдарынан өткен кезде жұғады, кабыну үдерісі туылғаннан кейін 2—3 тәулікте дамиды), балалардың (ересек ауру адамнан тұрмыстық-жанаспалы жолы арқылы жұғады) және ересектердің (жыныс мүшесінен жұқтырады) гонобленнореясын ажыратады. Нәрестелерде үдеріске екі көз де қатысады. Аурудың дамуында 3 кезеңді ажыратады.
- Инфильтрация кезеңі2—4 күн жалғасады. Қабақтын айқын ісінуі, қызаруы және тығыздалуы дамиды. Дәнекер ісінген, борпылдак, женіл қансырайды ісінуі, ет жуындысы түсті канды сұйыктық бөлінеді.
- Пиорея (ірің ағу) кезеңі: қабақтың ісінуі азаяды, қабақтар сипағанда жұмсақтау, қамыр консистенциялы. Конъюнктивалды қуыстан көп мөлшерде кілегей тәрізді көбіктенген іріңді бөлініс бөлінеді (8.3-сурет). Қабыну көріністері біртіндеп жойылады.
- Гиперпапиллярлы инфилътраңия кезеңідәнекердің кызаруы мен емізікшелердің гипертрофиясымен сипатталады.
Жедел эпидемиялық конъюнктивитКонъюнктивалды қуыстан бөліндіні механикалық алу үшін оны антисептик ерітіндісімен жуады. Конъюнктивалды қуысқа пенициллин ерітіндісін немесе фторхинолон ерітіндісін (0,3% ципрофлоксацин ерітіндісі) тамызамыз. Ересек адамдарда жүйелі антибактериалді ем (пенициллиндер, цефалоспориндер немесе фторхинолондар) қолданады. Барлық нәрестелерге гонобленареяға алдын алу шараларын міндетті түрде жүргізеді: конъюнктивалды қуысқа әр көзге 1 тамшыдан бір рет 1 % күміс нитратьгн немесе 10 минут аралығымен үш рет 20% сульфацетамид ерітіндісін тамызады.
Қоздырғышы — Кох-Уикс гемофилді таякшасы. Жұғу жолы жанаспалы, таратушы — шыбындар. Инкубацияльгк кезеңі 1—2 күн. Ауру көз алмасынан және төменгі күмбезінін дәнекерінін айқын ісінуі мен қызарынан басталады, онда нүктелі қанталаулар түзіледі. Бірінші күні науқас кабактарын аша алмайтын, кірпікті жабыстыратын мардымсыз сілемейлі бөлініс байқалады. Кейін бөлініс көп мөлшерде ірінді болады, жалпы уыттану симптомы қосылады. Жергілікті емі: әр түрлі антибактериалді тамшыларды (20% сульфацетамид ерітіндісі) және майлар (1% эритромицин немесе тетрациклин) қолданады.
ХЛАМИДИЯЛЫҚ КОНЪЮНКТИВИТТЕР
Трахома
Қоздырғышы —Chlamydia trachomatis-тің А, В және С серотипі. Бастапқы үш кезеңінің бірі бар адамнан тұрмыстық-жанаспалы жолмен жұғады. Инфекцияға сезгіштігі 100% жақындайды. Инкубациялық кезеңі — 7—14 күн. Ауруға ремиссия мен рецидив кезеңдері мен созылмалы ағымы тән. Трахоманың төрт кезеңін ажыратады.
- Үдемелі қабыпу кезеңі (бастапқы).Дәнекердін қою қызыл-қошқыл түсті қызаруымен, оның инфильтрациясы, емізікшелердің гипертрофиясы және фолликулдардың түзілуімен сипатталады.Үдеріс жоғарғы күмбезден басталып, жоғарғы кабақтың дәнекеріне таралады. Алғашқы кезеңнің өзінде жоғарғы лимб аймағында фолликулдардың дамуы мүмкін және қабыну үдерісі қасаң қабыққа өтуі мүмкін.
- Дамыған удеріс кезеңі (белсенді трахома).Ірі сілікпе тәрізді фолликулдар пайда болады, инфильтрация және жоғарғы қабақ дәнекерінің папиллярлы гиперплазиясы өршиді. Дара фолликулалар жұқа тыртық түзетін некрозға ұшырайды. Бұл кезеңге трахоматозды паннустың — қасаң қабыққа тамырдың өсуімен беткейлі кератиттің пайда болуы тән.
- Тыртықтанған трахома.Қабыну көрінісі бәсеңдейді, дара фолликулдар сақталуы мүмкін. Тыртықтану үдерісі басымырақ, бұл тән асқынулардың дамуына алып келеді.
- Клиникалық жазылған трахома (тыртықты трахома).Дәнекер ақшылтым түсті, көптеген тыртықтармен жабылған; қабыну белгілері жоқ.
Жергілікті емге тәулігіне 4—5 рет әр түрлі антибактериалді майларды қолданады: 1% эритромицин немесе тетрациклин майы. Фолликулалардың экспрессиясы, ал аурудың II—III кезеңінде конъюнктивалды қуысты антисептик ерітіндісімен жуады және симблефарон дамуының профилактикасы үшін дәнекер күмбезінің шыны таяқшасымен укалау жасайды. Жүйелі емде тетрациклин немесе фторхинолон, сонымен бірге интерферондарды немесе олардың түзілу индукторларын қолданады.
Тыртыкты үдерістердін нәтижесінде трахоманын аскынулары дамиды: трихиаз, мадароз, кабактың ішке түйілуі, симблефарон (кабақ пен көз ал- масы дәнекерінің бітесуі), паренхиматозды ксероз (қасаң кабықтың кеуіп қалу салдарынан онын бұлдырлануына және соқырлықка алып келеді). Барлык бұл өзгерістер косымша емді кажет етеді, жиі хирургиялық ем.
ВИРУСТЫҚ КОНЪЮНКТИВИТТЕР
Герпетикалық конъюнктивит
Қоздырғышы — қарапайым герпес вирусы. Ауру жиі балаларда туындайды, ұзақ және солғын ағымымен және бір жақты орналасуымен сипатталады. Герпетикалық конъюнктивиттердің барлық түрлерінде қабақ терісінде және мұрын қанаттарында тән бөртулер пайда болуы мүмкін.
- Катаралды түрі дәнекердің қызаруы мен ісінуімен, конъюнктивалды қуыстан аз мөлшерде сілемейлі немесе сілемейлі-ірінді бөліндімен көрінеді.
- Фолликулярлы түрі жоғарыда айтылғандарға қоса фолликулдардың пайда болуы.
- Көпіршікті-жаралы түрі дәнекерде және қабақтың қырында жұқа қабыршақпен жабылған қайталамалы жаралардың немесе эрозиялардың түзілуімен өтеді.
Емі жергілікті: конъюнктивалды қуысқа тәулігіне 6—8 рет 0,1% идоксуридин ерітіндісін тамызады. Тамызуды төменгі қабақ артына күніне 2—3 рет 3% ацикловир майын жағумен қосарлайды. Бір мезетте әр 2 сағат сайын офтальмоферон немесе интерфероногенды тамызады.
Аденовирусты конъюнктивит
Қоздырғышы — аденовирустың 3, 5 және 7 серотүрі, ауа-тамшы немесе жанаспалы жолмен жұғады. Инкубациялық кезеңі 7—8 күн. Ауру айқын назофарингиттен және дене қызуының жоғарылауымен басталады. Дене қызуы көтерілуінің екінші толкынында конъюнктивит симптомдары қосылады, бастапқыда бір көзде, ал 2—3 күннен кейін екінші көзде дамиды (ертеде ауруды фарингоконъюнктивалды кызба деп атаған), сонымен қатар жергілікті лимфа түйіндер ұлғаяды. Аурудың ұзақтығы орташа 5—7 күн. Аурдуың келесі түрлерін ажыратады.
- Катаралды түріне қабақ және күмбездік дәнекердің қызаруы мен ісінуі, конъюнктивалды қуыстан аз мөлшерде сілемейлі бөліндінің бөлінуі сипатталады.
- Фолликулярлы түрі әсіресе күмбез аймағында фолликулдардың пайда болуымен жүреді.
- Қабыршақты түрі дәнекерде ылғалды мақталы тампонмен оңай алынатын, жұқа ақшыл-сұр қабыршактың түзілуімен жүреді.
Жергілікті емі: конъюнктивалды куысқа офтальмоферон немесе интерфероноген препараттарын тамызады. Екіншілікті инфекция түсуінің алдын-алу шараларын антисептик ерітінділерімен жүргізеді (мысалы, 0,05% пиклоксидин ерітіндісі).
Эпидемиялық кератоконъюнктивит
Қоздырғышы — аденовирустың 8 серотипі, жұғу жолы — жанаспалы. Инкубационды кезеңі 4—8 күнді құрайды. Ауру жедел басталады, конъюнктивит симптомы бастапқыда бір көзде, кейін екінші көзде пайда болады. Жергілікті лимфа бездерінін ұлғаюы және ауырсынуы байқалады. Қараған кезде қабақ және күмбез дәнекерінің қызаруы мен ісінуін, конъюнктивалды қуыстан аз мөлшерде сілемейлі бөліндінің, сонымен бірге, төменгі күмбездік дәнекерде майда мөлдір фолликулалардың болуын анықтайды. Қасаң қабықтың сезімталдығы төмендеген, ал бір аптадан кейін қасан қабықта көптеген нүктелі субэпителиалді инфильтраттар пайда болады. Кератоконъюнктивит 2 аптадан 2 айға дейін созылады. Емі аденовирусты конъюнктивиттің еміне ұқсас.
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫ КОНЪЮНКТИВИТТЕР
Көктемгі қарығу (конъюнктивит)
Аурудың этиологиясы соңына дейін анықталмаған. Патогенез негізінде аллергиялық реакцияның баяу түрі жатыр. Ауру ультракүлгін сәулелерге сезімталдығының жоғары болуымен байланысты деп тұжырымдайды. Ауру жиі ер балаларда, ерте балалық шақта (4—5 жаста) көрінеді және көктемгі-жаз мезгілдерінде өршумен, бірнеше жылға созылады. Жыныстық жетілу кезінде ауру симптомдары бәсеңдейді.
- Конъюнктивалды түрі. Жоғарғы қабақтың сүт түсті, қалындаған дәнекерінде емізікшелі өспелер пайда болады, соның салдарынан «көпірлі жұмыр тас төселген» түрін иеленеді.
- Лимбалді түрі лимб айналасында сарғыш-сұр немесе қызғылт-сұр түсті тегіс емес беткейлі белдікше түзетін, лимб алды тіндердің өсуімен көрінеді.
- Аралас түрі тарзалді дәнекермен лимб аймағынын бір мезетте зақымдалуымен сипатгалады.
Ультракүлгін сәулелер әсерін төмендету үшін күнде болу уакытын азайту және күннен қорғайтын көзілдірік колдану орынды. Конъ- юнктивалды қапшықка тәулігіне 3-4 рет тамшылар тамызады, ал түнге глюкокортикоидтармен май жағады.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Көздің көру қызметі
- Көзден жас ағумен жүретін аурулар
- Нашар көру және соқырлық себептері
- Құрғақ көз синдромы
- Қабақтың абсцессі және флегмонасы
- Қабақтың аллергиялық аурулары