Хирургиялық операцияға дайындау

Хирургиялық науқастарды операцияға дайындау ерекшелігі

Хирургиялық науқастарды операцияға кешенді дайындауда ішек жолдарын тазарту маңызды орын алады. Аталмыш шараның дұрыс орындалуы жалпы емнің нәтижелігіне айтарлықтай әсер етеді.

Ішекке жасалатын операцияға дайындықтардың маңыздылары:

  • -Арнайы диета;
  • -Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар;
  • -Клизмалар;

Арнайы диета: диетаны 3-5 күн бойы ұстап, операцияға 12 сағат қалғанда тамақтануды толығымен тоқтатады.

Диета рационы:

  • Майсыз ет және балық;
  • Суға піскен көкеністер;
  • Кашалар;
  • Крекерлі печеньялар

Ішуге болмайтын тамақтар:

  • Астық тұқымды және сүт тағамдары;
  • Жаңа піскен жемістер және көкеністер;
  • Алкоголь, газдалған сусындар, кофе, шәй;
  • Әр түрлі өткір қоспалар;
  • Өсімдік және жануар майы

Берілген нұсқауларды орындау асқыну қаупін азайтады. Егер науқас арнайы рационды бұзса немесе мүлдем ұстамаса, асқынуларға алып келуі мүмкін. Бірінші кезектегі асқыну ол – наркоз кезіндегі құсу массаларының өкпеге түсуі дәрігерлердің жұмысына қиындық тудырады. Медициналық статистикада бұл себепке байланысты бірнеше өлім жағдайлары тіркелген. Құсу ұстамалары наркоз кезінде анестетиктердің әсерін төмендетіп, науқастың наркоз үстінде оянуына себеп болады.

Хирургиялық операцияға дайындық

Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар. Ішекте жиналған әр түрлі токсикалық қалдықтар, нәжіс массаларын тазартудың медикаментозды түрі.

Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар механизміне байланысты бірнеше типке бөлінеді:

  • Нәжіс массаларын жұмсартатын (сұйық парафин, миндаль майы). Айдағыш зат жіңішке ішекке әсер етіп, нәжіс массаларын жұмсартып, организмнен шығуына көмектеседі. Әсері 5 сағаттан кейін байқалады, бұл препаратты көбінесе құрсақ бұлышық етін үнемі қатайтып ұстауға болмайтын науқастарға тағайындалады. Бір кемшілігі – препараттың активті компоненттері майда еритін витаминдердің сіңірілуін бұзады.
  • Ішек көлемін ұлғайтушы препараттар. Үнемі іш қатуы жиі болатын науқастарға тағайындалады. Әсер етуі 8-10 сағат байқалады. Бұл топқа: агар-агар, клечатка, теңіз капустасы, метамуцил.
  • Осмотикалық, тұз препараттары (дюфалак, форттранс, лавакол, магний сульфат және т.б.). Бұл заттардың активті компоненттері сұйықтықтарды ішке тарту арқылы нәдіс массаларын ерітеді. Тұзды медикаменттер ішектің барлық бөлімдеріне әсер етеді. Әсері 3-5 сағаттан кейін. Кемшілігі – су алмасу бұзылысы болу мүмкіндігі жоғары.
  • Ішек перистальтикасын стимуляциялайтын препараттар (гуталлакс, бисакодил). Препараттар клизманың орнына қолданылады. Жағымсыз әсерлері: асқазан спазмын, ауруын тудыру мүмкін. Бұл топқа сонымен қоса кастор майын жатқызады, бірақ ол тек жіңішке ішекке әсер етеді және басқаларға қарағанда жұмсақ әсер етеді.

Мовипреп. Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар тобына жатады. Тоқ ішектегі сұйықтықты ұстап тұру әсерінен ондағы қатты нәжіс массаларын жұмсартып, ішектің жеңіл босаңсуына алып келеді. Мовипреп ұнтақ түрінде 4 Саше (А және Б) пакетик формасында шығарылады.

Саше А құрамы:

  • Макрогол ішектегі нәжіс массаларында сұйықтықты ұстап, ішек перистальтикасын күшейтетін зат. Бұл компонеттердің артықшылығы нәжіс массаларын шығаруынан бөлек, ол организмдегі минералды тұздар мен электролиттерді ұстап, су-электролит баланс бұзылуының алдын алады.
  • Натрий сульфаты;
  • Натрий хлориді

Саше Б құрамы:

  • Аскорбин қышқылы;
  • Натрий аскорбаты

Мовипрептің басқа анологты препараттардан айырмашылығы – тоқ ішекті тазалау үшін препарат көп сұйықтықты қажет етпейді. 3-4 литрдің орнына 2 литр суға препаратты ерітеді.

Мовипрептің қабылдау тәртібі:

  • 1. Саше А және Саше Б бір-бір пакетиктерін алып 1 литр суға екеуін де етітіп, операция немесе колоноскопияға дайындық ретінде кешкісін 1-2 сағат ішінде қабылдануы тиіс.
  • 2. Таңертең операция немесе колоноскопия күні қалған екі Саше А және Саше Б пакетиктерін 1 литрге араластырып 1-2 сағат ішінде операцияға 1 сағат қалғанға дейін қабылданып болуы тиіс.
  • Қабылдау тәртібінің басқа тәсілі 2 литр суға барлық пакетиктерді кешкісін ерітіп, 1 литрін кешкісін, 1 литрін таңертең қабылдайды.
  • Мовипреп препараттарының артықшылығы – ол жергілікті әсер етіп, қан айналымға сіңірілмей, өзгермеген күйде шығарылады.

Жағымсыз әсерлері:

  • Ас қорыту жүйесі бойынша: диарея, жүрек айну, лоқсу, тік ішектегі жағымсыз сезімдер, іш кебуі.
  • Жүйке жүйесі бойынша: бас ауруы, айналуы, сирек жағдайда қалтырау.
  • Жүрек-қан тамыр жүйесі: пульс жиілейді, аритмия
  • Иммундық жүйе бойынша: преапарат компонеттеріне аллергия болуы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштер:

  • Препаратқа жоғары сезімталдық;
  • Гастропарез;
  • Ас қорыту ағзаларының бүтіндігінің бұзылуы;
  • Ішек өтімсіздігі;
  • 18 жасқа дейінгі;
  • Крон ауруы, Бейспецификалық жаралы колит (НЯК);
  • Жүрек және бүйрек жетіспеушілігі.

Фортранс

Преапараттың әсер етуі жоғары молекулярлы полимермен электролиттердің изотоникалық ертіндісімен қосылуына негізделген.

Макрогол 4000 (Фортранс препаратының негізгі компоненті) – асқазан мен ішек ішектегі судың сіңірілуіне кедергі жасап жиі дефекация арқылы ішек құрамының эвакуациясын жылдамдатады. Препарат құрамына кіретін электролиттер организмдегі су-электролиттік баланстың бұзылуына кедергі келтіреді.

Қабылдау тәртібі: 

  • Фортранс ұнтақ түрінде 4 пакеттен тұрады.
  • 1 пакетті 1 литр суға ерітеді. Препарат дозасын есептегенде 1 литр ерітілген затты дене салмағының 15-20 кг сәйкес келеді, яғни уақытша есеппен 3-4 литрдей болады.
  • Препаратты кешкісін қажет дозаны әрбір 20 минут сайын 200 мл-ден ішіп отыралы. Таңертеңгі қабылдауын операцияға дейін 3-4 сағат бұрын аяқтауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері:

  • жүрек айну, құсу;
  • метеоризм;
  • іштегі ауырлық жіне дискомфорт сезімі;
  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, ісіну)

Қарсы көрсеткіштер:

  • дегидратация;
  • жүрек жетіспеушілігі;
  • тоқ ішекте қатерлі ісіктің болуы;
  • ішек өтімсіздігі;
  • 15 жасқа дейін;
  • препаратқа жоғары сезімталдық

Дульдолакс пико (Гутталакс)

Триарилметан тобындағы ішек айдағыщ зат. Электролит пен судың сіңірілуін төмендетіп, ішек перистальтикасын жоғарылатады.

Препараттың активті компонеті ішек микроорганизмдерінің гидролиздік әсерінен туындап, ішек қабырғасының нервтік құрылымын тітіркендіріп, нәтижесінде ішек құрамының жылжуын жылдамдатады.

Қолдану тәртібі:

  • Ішке қабылдауға арналған тамшылар 15 немесе 30 мл флаконда шығарылады.
  • күніне 1 стақан суға 20 тамшыдан араластырып 2 күн бойы операцияға дейін ішеді.

Жағымсыз әсерлері:

  • жүрек айну, құсу;
  • диарея;
  • дегидратация.

Қарсы көрсеткіштер:

  • қысылған жарық;
  • АІЖ қан кету;
  • цистит;
  • ішек өтімсіздігі;
  • метрорагия;
  • жүктілік (І триместр);
  • препаратқа жоғары сезімталдық.

Клизмалар

  • Клизма деп диагностикалау және емдеу мақсатында әр түрлі сұйықтықтарды тік ішек арқылы енгізуді айтады.
  • Диагностикалық клизманы ішек өтімсіздігін анықтау үшін қолданады. Тоқ ішекті рентген арқылы зерттеу үшін (ирригоскопия) рентгеноконтрасты препараттың қоспасынан тұратын контрасты клизма жүргізеді. Емдеу мақсатында тазалау, сифонды және дәрілік клизмалар жасайды.

Тазалау клизмасын жүргізуге көрсеткіш

  • Тоқ ішектің төменгі бөліміндегі кідіріп қалған нәжісті жібіту және шығару үшін қолданатын тазалау клизмасын іш қату кезінде, улану кезінде токсикалық заттарды шығару үшін, операция және босанар алдында, ас қорыту жолдарын рентгендік және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу алдында, дәрілік клизманы жүргізер алдында қолданады.

Тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш

  • Тоқ ішектің шырышты қабатының жедел қабыну аурулары және эрозиялы-жаралары, іш қуысының кейбір жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, жедел перитонит, асқазан-ішектен қан кету, іш қуысындағы мүшелерге операция жасағаннан кейінгі бірінші күні, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі) тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылады.

Тазалау клизмасын қою

  • Тазалау клизмасы жүргізу үшін резеңкелі Эсмарх кружкасын (ұшында тесігі бар сыйымдылығы 1-2 л) қолданады, оған ұштығы бар ұзындығы 1,5 метр резеңкелі түтікшені жалғайды. Түтікшенің ұшында кружкадан судың ағуын реттейтін шүмегі болады.
  • Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы
  • Ересек адамға тазалау клизмасын қою үшін 1-1,5 л жылы су қажет (25-35 °С). Егер тоқ ішектің жиырылуын күшейту қажет болса (атониялық іш қату кезінде), онда неғұрлым төменгі темпертуардағы суды қолдануға болады. (12-20 °С). Керісінше, егер ішектің бұлшықет қабатын босаңсыту қажет болса (спастикалық іш қату кезінде), онда 37-42 °С суды қолданады. Тазалау клизмасының әсерін күшейту үшін кейде 2-3 ас қасық глицирин немесе өсімдік майын немесе балаларға арналған сабынның бір ас қасықтай мөлшерін суда ерітеді.

Сифонды клизманы қоюға көрсеткіш

  • Сифонды клизманы емдеу мақсатында улану, зат алмасу өнімдерімен улану кезінде
  • (мысалы,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), динамикалық және механикалық ішек өтімсіздігі кезінде (кей жағдайда операция алдындағы дайындық ретінде), сонымен қатар тазалау клизмасы нәтижесіз болған жағдайларда қолданылады. Сифонды клизманы ішек өтімісіздігін диагностикалау мақсатында (жуынды суда ауа көпіршіктерінің және нәжіс қалдықтарының болмауы оның симптомдарының бірі) жүргізіледі. Ішек өтімісіздігі кезінде шажырқай тамырларының тромбозы немесе эмболиясына күдік туса сифонды клизманы жүргізуге болмайды.

Сифонды клизманы қоюдың ерекшеліктері

  • Сифонды клизманы қою үшін сыйымдылығы 0,5-2 л воронка, резеңкелі иілгіш ұштық немесе ұзындығы 20-30 см резеңкелі ішек түтігі жалғанған, диаметрі 1 см-ден кем емес, ұзындығы 1-1,5 м резеңкелі ұзын түтікті қолданады. Ұзын ішек түтік және резеңкелі ұштықтың орнына жуан асқазан зондын қолдануға болады.

Сонымен хирургиялық науқастарды операцияалды кезеңде жоғарыда айтылған емдік іс – шараларды кешенді түрде қолдана дайындау хирургиялық емнің жалпы нәтижелігіне, операциядан кейінгі ерте кезеңнің жағымды өтуіне тікелей әсер етеді. Осы шараларды әрбір хирург – емгер міндетті түрде орындағандары абзал.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Абдоминалды операция кезіндегі анестезия
  2. Өңеш, асқазанға лапароскопиялық операциялар
  3. Хирургиялық операция
  4. Хирургиялық науқастарға реабилитация

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 3 часа

Жасұлан

113

Қазақ елінің ұлымын!

Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 11-10-2014
1 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 5 (1 оценок, среднее: 5,00 тен 5)
Загрузка...