Идиопатиялық мегаколон (ИМ ) – аноректалды аймақтың және орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) даму анатомиялары, тік ішек аймағындағы механикалық кедергілердің және дефекация бұзылыстарының нәтижесінде дамитын,тоқ ішек қабырғасының гипертрофиялауымен, тоқ ішектің түгел немесе сегментарлы кеңеюі.
Идиопатиялық мегаколонның негізгі екі нұсқасын ажыратады: тоқ ішек кеңеюі мен ұзаруы. Тоқ ішектің ұзаруы сигма тәрізді ішек қуысының кеңеюі және ұзаруымен жүрсе, тоқ ішек кеңеюі ішектің дисталды бөлігінің кеңеюімен (мегаректум) көрінеді.
Клиникалық көрінісі. Идиопатиалық мегаколонның негізгі симптомы – бірнеше жылға созылған созылмалы іш қату. Науқас ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезіміне, метеоризм, ішек перистальтикасының жоғарылауына шағымданады. ИМ ағыны біртіндеп басталып, еңбекке қабілетіктілігінің, дене салмағының төмендеуімен үнемі үдемелі ағымда жүреді. ¼ жағдайда ИМ долихосигманың бұралуымен және жедел ішек өткізгіштігінің бұзылуымен жүреді.
Диагностика – ректороманоскопия, колонофиброскопия нәти-жесінде кеңейген сигма тәрізді ішекке жалғасатын дилатацияланған тік ішек анықталады.
Дифференциалды диагностика. Гиршпрунг ауруымен, долихо-сигмамен, тоқ ішек ісігімен жүргізіленеді.
Емі. Егер жүргізілген консервативті ем нәтижесіз болса, жедел асқынулар дамыса,тоқ ішектің асқынып, үлкейген жері және тік ішектің кеңейген бөлігін резекциялау операциясынан соң анастомоз салынады.