Тоқ ішек пен жіңішке ішек айырмашылығы
Тоқ ішек, intestinum crassum, асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі. Мұнда, асқорыту процесі аяқталып, нәжіске айналдырылып, тік ішектің анальді тесігіне қарай бағытталады. Тоқ ішек іш қуысы мен жамбас астау қуысының аралығында ор¬наласкан, ұзындығы 1 м-ден 1,65 м-дей. Тоқ ішектің өту жолының көлденең ені 5-8 см, тік ішекте 4 см-дей.
Тоқ ішектің ерекшеліктері:
- Тоқ ішектің көлемі, жіңішке ішектін көлеміне қарағанда жуандау.
- Тоқ ішектің сыртқы бетінде, бұлшықеттік қабығының жинақталып орналасу нәтижесінде түзілген үш таспасы, teniae coli, орналасқан.
а) шажырқайлық таспа, tenia mesocolica, ол тоқ ішектің көлденең жиек ішегі мен сигма тәрізді жиек ішектің шажырқайларының, mesocolon, бекитін жерлеріне сәйкес орналасқан.
ә) шарбалық таспа, tenia omentalis, таспа үлкен шарбының, omentum majus, бекитін жері болып саналғандықтан, шарбалық тас¬па деп аталады. Ол тоқ ішектің жоғарылаған, төмендеген және көлденең жиек ішектерінің алдыңғы бетінде орналасқан.
б) бос таспа, tenia libera, ол тоқ ішектің соққыр ішек пен жоғарылаған жиек ішектің алдыңғы бетінен өтеді және тоқ ішектің көлденең жиек ішектің өз білігі айналасында бұрылуына байланысты артқы бетке өтеді.
- Қампаймаларының, haustrae coli, болуы, олардың болуы біріншіден тоқ ішектің бойлык қабатының біркелкі орналаспай жинақталынып, топталып орналасуына байланысты болса, екіншіден таспалардың ұзындығына тоқ ішек бөліктерінің сәйкес келмеуіне байланысты.
- Шарбылық өсінділер, appendices ерір Іоісае, тоқ ішектің шарбылык таспасы, tenia omentalis, мен бос таспаның, tenia libera, apaлығында кездеседі.
Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай тоқ ішек: соқыр ішекке және оның құрттәрізді өсіндісіне, жоғарылаған, көлденең, төмендеген, сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке бөлінеді.
-Соқыр ішек, caecum, ток ішектің баста-пқы кеңейген бөлігі. Ол оң мы¬қын шұңқыры, fossa iliaca dextra, мен оң мы¬кын сүйегі қырының, crista iliaca dextra, аралығында орналасқан. Алдыңғы беті іштің алдыңғы қабырғасымен; артқы кабырғасы оң мықын шұңқырымен және үлкен бел бұлшықетімен, m. psoas major, шектеседі. Ішастармен интраперитонеалді жағдайда жауып ор¬наласкан, шажырқайы жоқ.
Ересек адамдарда соқыр ішектің орнала¬су орны өте өзгермелі келеді. Оның мықын сүйегі қырының тұсында немесе кіші жам¬бас қуысына жақын орналасуы жиі байқалады. Соқыр ішектің ұзындығы калыпты жағдайда 6-8 см, көлденең ені 7-7,5 см. Соқыр ішектің артқы медиалді бетінде тоқ ішек таспаларының түйіскен жерінде соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісі, appendix vermiformis, ор¬наласкан. Ұзындығы 2-20 см шамасындай, орташа ұзындығы 8,6 см, көлденең ені 0,5-1,0 см. Ішастармен интраперитонеалді жағдайда орналасқан, шажырқайы бар.
Құрттәрізді өсіндінің, appendix vermiformis, орналасу орны: біріншіден өсіндінің ұзындығына байланысты, екіншіден топографиялык орналасуына тәуелді. Ол, оң мықын шұңқырынан төмен немесе жоғары орналасуы мүмкін. Құрттәрізді өсінді 40-45 % жағдайда төмен қарай бағытталып орналасса, 17-20 % латеральді бағытта, 13 % жоғары бағытта ор¬наласуы байқалады.
Жіңішке ішектің мықын бөлігі соқыр ішектің ішінде орналасқан мықын -соқыр ішек немесе (баугиниев атты) қаклақ, valva iliocaecalis, арқылы өзара ұштаскан. Бұл қақпақ, горизонталді бағытта соқыр ішектің ішіне қарай өтіп, бір — бірімен өзара беттесіп, «құйғыш» тәрізденіп орналасқан жоғарғы және төмен қатпарлардан тұрады. Қатпарлардың соқыр ішекке қараған жиектері өзара бірігіп, тарлау келген тесігін, ostium iliocaecalis, қақпақтың терең қабатында дөңгелек қабаты мықын — соқыр ішек қыскыш бұлшықетін, т.sphincter iliocaecalis, құрап, нәжістің кері бағытта өтуіне кедергі жасайды.
Тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішегі, colon ascendens, соқыр ішектің тікелей жалғасы. Ұзындығы 15-20 см. Топографиясы: оң мықын сүйегі қырының, crista iliaca dextra, тұсында және соқыр ішектен баста¬лып, бауырдың оң үлесінің тұсында жиекішектің оң иілімін, flexura coli dextra, құрап, ток ішектің көлденең жиек ішегіне, colon transversum, жалғасады. Артқы беті: белдің шаршы бұлшықетімен, т. quadratus lumborит, және іштің көлденең бұлшықетімен, т. transversus abdominis, шектескен; алдыңғы беті, іш куысының алдыңғы қабырғасымен шектеседі.
Тоқ ішектің көлденең жиек ішегі, colon transversum, тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішектің тікелей жалғасы. Тоқ ішектің көлденең жиек ішегі, тоқ ішектің оң иілімі мен сол иілімінің аралығында көлденең бағытта, дөңес жағы томен қарай иіліп орналаскан.
Ұзындығы 30-83 см, орташа ұзындығы 50 см. Тоқ ішектің орналасуы адамның дене бітіміне, жасына, бойына байланысты өзгермелі келеді. Балаларда кыскалау, брахиморфты адам-арда тоқ ішектің бұл бөлігі көлденең бағытта орналаскан. Ал долихоморфты адамдарда томен бағытталып, кіндікке дейін ауытқып орналасуы мүмкін.
Ішастармен интраперитонеалді жағдайда жауып орналаскан. Тоқ ішектің көлденең жиек ішегінің жоғарғы беті: асқазанмен, бауырдың оң үлесімен және көкбауырмен шектеседі; төменгі беті: аш ішекпен; артқы беті ұйқыбезбен және он екі елі ішекпен шектеседі.
Ток ішектің төмендеген жиек ішегі, colon descendens, жиек ішектің сол иілімінен, flexura coli sinistra, басталып, сол мықын сүйегі шұнкырының тұсында тоқ ішектің «сигматәрізді» бөлігіне жалғасады. Ұзындығы 12-15 см.
Алдыңғы беті іш куысының алдыңғы бетімен; он жақ беті аш және мықын ішекпен; сол жак беті іш қуысының бүйір бетімен шектеседі. Ішастармен мезоперитонеалді жағдайда жауып орналасқан.
Тоқ ішектің сигматәрізді жиек ішегі, colon sigmoideum, тоқ ішектің төмендеген жиек ішегінің тікелей жалғасы. Ұзындығы ересек адамдарда 15-67 см; сыртқы пішіні, ұзындығы өзгермелі келген. Ішастармен интраперитонеалді жағдайда жауып орналасқан. Сигматәрізді ішек шажырқайының арқасында өте қозғалмалы.
Тоқ ішек қабырғаларының құрылысы: Сыртқы сірлі қабық, оның астында бірыңғай-салалы бұлшыкеттік және ішкі шы¬рышты қабық орналасады. Бұлшықеттік кабыктың бойлық қабаты, жинақталынып тоқ ішектің бойлық үш таспасын құрап, дөңгелек қабаты біркелкі орналасып, едәуір жақсы дамып, жартыайтәрізді қатпарлар¬дың, plica semilunaris coli, негізін құрауға қатысады.
-Ток ішектің шырышты қабығы мен шырышасты негізі жақсы дамыған, бүрлері жоқ. Сонымен қатар, бұл қабық тоқ ішектің қампаймаларының, haustrae coli, аралығында орналаскан жарты айтәрізді қатпарларды, plica semilunars coli, құрауға қатысады. Шырышты қабық пен шырышасты негіздін аралығында түтіктәрізді, шырышты «бокал тәрізді» бездер және дараланған лимфа түйіншелері орналасқан. Шоғырланған лимфа түйіншелері, noduli lymphatici aggregati, соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің терең қабатында көптеп орналаскан.
Тоқ ішектің рентген анатомиясы. Тоқ ішектің ішкі құрылысы тірі адамдарда рентгенологиялық зерттеу тәсілдері арқылы сарапталынады. Рентгенологиялық зерттеу кезінде тоқ ішек бөліктерінің топографиялык орналасуы, сыртқы пішіні және бойлық бұлшықеттік талшықтырының бірде босап, бірде жиырылуына байланысты тоқ ішек қампаймалары анық байқалады. Тоқ ішектің дөңгелек кабатының жиырылуы кезінде байқалатын физиологиялық қысқыштарын көруге болады. Соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің орналасу орны, сыртқы пішіні айқын байқалады.
Тік ішек
Тік ішек, rectum, ас корыту жүйесінің соңғы бөлігі. Сырткы пішіні жағынан тоқ ішектен бұрын, аш ішек-ке ұқсас болып келуі, қабырғаларының бойында бойлық қабатының біркелкі орналасуына байланысты, таспалары, tenia coli, және кампаймалары, haustrae coli, жоқ. Жамбас куысының мүйісі, promontorium, мен тік ішектің артқы өтісінің, anus, аралығында орнналаскан.
Тік ішек жамбас қуысы мүйісінің тұсында кіші жамбас қуысына өткеннен кейін, алдынан артқа карай бағытталған тік ішектік екі иілімді: жоғарғы сегізкөз сүйегіне қарай иіліп орналасқан сегізкөздік иілімді, flexura sacralis; және төменгі алдына карай иіліп ор-наласкан, шат иілімін, flexura perinealis, қүрайды.
Тік ішек орналасуына қарай: жоғарғы кіші жамбас қуысы бөлігіне, pars pelvina, және төменгі шат бөлігіне, pars perinealis, бөлінеді. Шат бөлігінің өту жолы 8-16 см-дей кеңейіп, тік ішек кеңжерін (ампуласын), ampulla recti, қүрайды. Тік ішек “қатқанда” немесе атония болған жағдайда кеңжерінің өту жолы 30-40 см-ге дейін кеңеюі мүмкін. Тік ішек томен бағытталынып, жіңішкелеу келіп, тік ішектің артқы өтіс тесігімен, vnus, аяқталады. Тік ішектің жалпы ұзындығы 13-16 см, жамбас қуысындағы ұзындығы 2,5-3 см; шат маңын-дағы үзындығы 10-13 см.
Практикалық хирургияда, тік ішекті 5 бөлікке: ампула үстілік немесе сигматік ішектік, жоғарғы ампулалық, ортаңғы ампулалық, төменгі ампулалық және шатаралық бөліктерге бөледі.
Тік ішек қабырғаларының құрылысы:
- Тік ішекқабырғалары: шырышты, шыры¬шасты, бұлшықеттік және сірлі қабыктардан тұрады.
- -Тік ішектің шырышты кабығы, tunica mucosa, жылтыр, бүрлеріжоқ, шырышты бездер мен дараланған лимфа түйіншелеріне өте бай.
- -Шырышасты негіздін, tela submucosa, құрамы аралығында қантамырлар мен лимфа тамырлары, нервтер орналасқан іркілденген дәнекер тіндерден құралған. Шырышасты негіздің жаксы дамуына байланысты шы¬рышты қабықтың бетінде бойлық және көлденең қатпарларды құрайды:
а) тік ішектің бойлык қатпарлары, plicae longttudinales, шырышасты негізінің қалыңдығына, созылмалық қасиетіне байланысты, тұрақты және тұрақсыз қатпарлардан тұрады. Тік ішектің артқы өтіс өзегі, canalis anales, тұрақты 8-10 қатпарлардан немесе артқы өтіс бағаналарынан, columnae anales, тұрады. Бұл бойлық қатпарлар нәжістің еркін өтуін камтамасыз етеді.
ә) тік ішектің көлденең қатпарлары, plicae transversales recti, ол тік ішектің өту жолы шеңберінің 1/3 бөлігін құрайды. Көлденен қатпарлар, тік ішектің артқы өтіс өзегінің жо-ғарғы бөлігінде спираль бағытта орналасып, нәжістің өтуін жеңілдету қызметін атқарады. Артқы өтіс қойнауларының, sinus anales, төменгі бөлігінде, шырышты қабығы мен шырышасты негізі дөңгелек арткы өтіс жапқыштарын, valvulae anales, құрайды. Ол жоғарыда бойлық артқы өтіс бағаналармен, columnae anales, жалғасқан. Артқы өтіс жапқыштарының терең қабаты тік ішектік гемморойдалық веналық өрімдерден, plexus haemmorhoidalis, тұрады. Бұл аймақты гемморойдалык аймақ деп, қабынуын гемморой деп атайды.
Тік ішектің бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, бірыңғай салалы ішкі көлденең, сыртқы бойлық еттік қабаттан тұрады:
а) сыртқы бойлык кабаты, stratum longitudinale, біркелкі орналасып, төменде артқы өтісті көтеруші бұлшыкетке, m.levator ani, жалғасады.
ә) ішкі көлденең қабаты, stratum transversalis seu circulare, тік ішектің артқы өтіс тесігінің еріксіз ішкі қысқыш бұлшыкетін, т. sphincter ani internus, құрайды. Артқы өтіс тесігінің сырткы қыскыш бұлшықеті, т. sphincter ani externus, артқы өтіс тесігінің ішкі қысқыш бұлшықеті мен терінің аралығында орналасқан. Топографиялық орналасуына карай бұл бұлшықет шат аралық бұлшықеттерге жатады. Қызметі: нәжістің сыртка шығуын реттеу.
Тік ішектің сыртқы беті сірлі қабықпен біркелкі жауып орналаспаған. Тік ішектің проксималді бөлігі интраперитонеалді, ортаңғы бөлігі мезоперитонеалді, ал төменгі бөлігі экстраперитонеалді жағдайда жауып орналасқан.
Тік ішектің топографиясы. Тік ішек, rectum, кіші жамбас қуысының ішінде, сегізкөз мүйісі мен, promontorium, құйымшақтың аралығында орналасқан. Артқы беті сегізкөздің алдыңғы бетімен; алдыңғы беті ер адамдарда несепқуықпен, vesica urinaria, қуықасты безбен, glandula prostata, шәует қуыкшасымен, vesicula seminalis; әйел адамдарда жатырмен, uterus, және қынаппен vagina шектеседі.