Велоэргометрия

Велоэргометрия сынамасы. Қолданылуы, қарсы көрсеткіштері.

Қазіргі  таңда  клиникалық  практикада  велоэргометр немесе тредмилде мөлшерленген физикалық жүктемемен сынама кең таралған. Ең қол жетімдісі велоэргометрия болып табылады.

Бұл мақсатта  велоэргометрия физикалық жүктемені қатаң мөлшерлеп орындалған жұмыстың ватпен (вт) немесе килграмметр (КГМ) көлемін бағалауға мүмкіндік береді

Велоэргометрияға көрсеткіштер:

  1. Кардиальды бөлімде А типті ауырсыну, ЭКГ да өзгеріс жоқ
  2. ЭКГ-ғы спецификалық емес өзгерістер, теріс Т тісшесі.
  3. Липид алмасуының бұзылуы, ЖИА клиникасы анықталмайды.
  4. Көбінесе ұшқыштар, жүргізушілерде жиі кездеседі.
  5. Миокардтың ауырсынусыз түрін анықтау.
  6. Жасырын коронарлық жетіспеушілік.

Велоэргометрияға қарсы көрсеткіштер:

  1. Миокард инфарктының өткір кезеңі.
  2. Компенсирленбеген жүрек жетіспеушілігі
  3. Тұрақсыз стенокардия
  4. Гипертензия 200/100 мм.с.б.
  5. Өткір миокардит, перикардит
  6. Гипотония
  7. Өткір инфекциялық аурулар
  8. Өткізгіштік жане ырғақ бұзылыстары
  9. Ауыр цереброваскулярлы аурулар(инсульт)
  10. Тромбофлебит
  11. Қан айналымның жетіспеушілігі
  12. Тыныс жеткіліксіздігі
  13. Өкпе күре тамырының тромбоэмболиясы
  14. Қан аурулары
  15. Ірі тамырлардың аневриздері ІІ-ІІІ дәрежелі АВ блокадалар
  16. Кардиомегалия

Сынаманы жүргізу үшін электрокардиограф (мүмкіндігінше көп каналды), қан қысымын өлшейтін сфигмоманометр және фонендоскоп қажет. Зерттеу жүргізілетін функцилды диагностика кабинеті дефибриллятор және жедел жәрдем көмегін ұймдастыратын құралдармен жабдықталуы қажет.

велоэргометрия қазақша

ВЭМ сынаманы бірінші күні аш қарынға немесе тамақтан кейін 2-3 сағаттан кейін жасау керек . Зерттеу жүргізу үшін науқас физикалық жүктемеге әсер ететін дәрілік препаратты бір тәулік ішінде қабылдамау керек: Сустака, нитронга, в-адреноблокаторлар, жүрек гликозидтері, зәр айдайтын, аритмияға қарсы препараттар қолданбауы керек.

Велоэргометрия сынаманы өткізудің әр түрлі схемасы жүргізіледі,көп жағдайда жүктемені сатылы түрде жоғарлатып отырады немесе 3-5 минуттан бастап 150 кГм/мин, осындай сатылы жүктеме көлемін жоғарлату 15-20 минут ішінде үздіксіз орындауға болады (физикалық жүктемеге жоғары толераттылығы бар, салыстырмылы түрде жақсы жаттықтырылған тұлғалар үшін ) және әрбір сатылы жүктеме 3-5 минуттық үзіліспен болу керек (шамалы жаттықтырылған тұлғалар немесе жүрек ауруымен ауыратындар үшін).

ВЭМ сынама осциллоскоп экраннда тұрақты ЭКГ бақылауымен, артериялды қысым және науқастын жағдайын қатаң бақылаумен жүргізілуі керек.

Мөлшерлі физикалық жүктемені дәрігер екі мақсатпен жүргізеді:

  • Физикалық жүктемеге науқастын толеранттылығын анықтау
  • Коронарлық жетіспеушілікпен болатын ишемиялық миокард белгілерін ,жүретің ишемиялық ауруын диагностикалау мақсатында клиникалық және ЭКГ белгілерін анықтау.

Жүктемеге толеранттылықты жұмыстың максимальды қуатының науқаспен орындалған көрсеткішімен бағалайды. Индивидуальды физикалық жүктемеге толеранттылық көптеген факторларға байлансты :коронарлы резерф көлеміне ,миокардтың жиырылу қасиетіне,зерттелушінің физикалық жаттығуына, қан тамырлар жүйесінің қысымының жүктемеге көтеріліп немесе түсуіне индивидуальды реакциясына байлансты.

Физикалық жүктемеге толеранттылық жүктеменің максималды күші бойнша бағаланады:

  1. Жоғары толеранттылық  жүктемені тоқтатқандағы максимальды күш 150 вт (900 кг/мин) және жоғары
  2. Орташа толеранттылық жүктемені тоқтатқандағы максимальды күш 100-125 вт(600-750 кг/мин)
  3. Төменгі толеранттылық жүктемені тоқтатқандағы максимальды күш 25-70 вт(150-450 кг/мин)

Физикалық жүктемеге толеранттылықтың төмендеуі жүректің ишемиялық ауруымен қатар басқада органикалық және функциялық қан тамырлар жүйесінің ауруларымен және аз жаттықтырылған сау адамдарда да болуы мүмкін.

Ишемияның диагностикалық критерилері:

  1. ВЭМ сынамы кезіндегі осы ауруға тән стенокардиялық ұстаманың болуы
  2. Жүрек астымыас талмасының немесе айқын ентігудің болуы.
  3. Артериялық қысымның 25-30%-ке төмендеуі
  4. RST сигментінің бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 1,0 мм ге жоғарлауы.

Велоэргометрия сынаманы тоқтатудың клиникалық критерилері:

  1. Стенокардия ұстамасының пайда болуы
  2. Қан қысымының 25-30% ға төмендеуі.
  3. Артериялық қан қысымының 230/130 мм.с.б және одан жоғары көтерілуі.
  4. Тұншығу немесе ентігу ұстамаларының болуы.
  5. Жалпы әлсіздіктің пайда болуы.
  6. Бас айналу, бас ауру, жүрек айнудың пайда болуы.
  7. Науқастың әрі қарай сынаманы жүргізуден бас тартуы.
  8. Жүрек жиырылуының максимальды немесе субмаксимальды жастық жиілігіне жетуі.

Велоэргометрия сынаманы ЭКГ-лық тоқтатудың критерилері:

  1. RS-T сегментінің төмендеуі 1,0 мм ге.
  2. RS –T сегментінің 0,1мм не одан жоғары көтерілуі.
  3. 1:10 дай жиі экстросистоланың, пароксизмді тахикардия, жыпылық аритмияның пайда болуы.
  4. Атриовентрикулиярлы қарынша ішілік өткізгіштік бұзылысының пайда болуы.
  5. QRS комплексінің өзгеруі: бұрын болған Q тісшесінің өткізгіштігінің тереңдеуі мен үлкеюі, патологиялық Q тісшесінің QS комплексіне ауысуы.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!