Нейротоксикоз

Нейротоксикоз

Нейротоксикоз жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді. Нейротоксикоздың негізгі белгілеріне – неврологиялық бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады.

Клиникасы – гипертермия, орталық нерв жүйесі, жүрек- қантамыр жүйесі, тыныс жүйесі жэне бүйрек қызметінің нашарлауымен байкалады.

Нейротоксикоз ауырлыгы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді:

  1. дәрежесінде – науқас есінен танбайды, қимылдары баяу, үйқысы бұзылған, тырысулар болуы мүмкін, терісі бозарған, акроцианоз жэне менингит белгілері болуы мүмкін.
  2. дәрежесінде – жағдайы өте ауыр, дене қызуы үдей түскен, менингит белгілері анық, патологиялық рефлекстер мен тонико-клоникалық тырысулар болады.
  3. дәрежесінде – кома. Жагдайы өте ауыр, есінен танган, жарыкқа және ауыру тітіргендіргіштерге жауап қайтаруы жоқ. Қылилык, көздің шектен тыс қимылдауы (нистагм), менингит белгілері бар.

Вегетативті бұзылыстар: цианоз, терісі мәрмәр тәрізді, тыныс ырғағы бұзылған (Чейн-Стокс, Биота) және жүрек- қантамыр қызметі нашарлаған.

нейротоксикоз қазақша
Нейротоксикоз балаларда

Нейротоксикоз кезінде жедел жәрдем көрсету

Жалпы кез келген жаста болса да нейротоксикоз науқасқа дереу медициналық көмек көрсетуді талап етеді. Көмек көрсету алгоритімі саты бойынша келесідей болуы керек:

  1. Дене кызуьш басу: 50% 2 мл анальгин ерітінд.сш ересекгерге (балалардың әр жасына 0,1 мл) бұлшықетке енгізу;
  2. Тырысу кезінде- 0,5% 2 мл седуксен ерітіндісн (балалардың әр жасына 0,1-0,2 мл); 20% 5 мл натрий оксибутиратын (балалардын салмағына қарай 100-150 мг) бұлшыкетке енгізу;
  3. Гемодинамиканы қалпына келтіру: токсикоздың 1-ші дәрежесінде балалардың әр жасына 2,4% эуфиллин ерітіндісін 0,1 мл/кг көктамырға енгізу кажет, 0,25% дроперидолды балалардың әр кг салмағына 0,1 мл немесе аминазин, пипольфен көктамырға енгізіледі.
  4. Преднизолон 60-80 мг ересектерге, балалардың әрбір кг салмағына 2-3 мг.
  5. Токсикоздың 3-ші дәрежесінде балаларға 10 мг/кг/мин немесе симпатомиметиктер (норадреналин, мезатон) енгізіледі. Оттегі терапиясы, оның әсері болмаса Өкпені жасанды желдету. Преднизолонды баланың әрбір кг салмағына 3-5 мг, ересектерге 90-120 мг енгізіледі.
  6. Қышқыл- негіз құрамын және электролиттерді қалпына келтіру- калий препараттары, сода, аскорбин қышқылы, кальций.
  7. ДВС синдромының алдын алу- дезагреганттар енгізіледі.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!