Лимфаденопатиямен жүретін аурулардың дифференциалды диагностикасы

Лимфаденопатиямен жүретін жұқпалы аурулардың дифференциалды диагностикасы

Лимфаденопатия – белгілі бір себептерге және паталогиялық процестерге (қабыну және пролиферация) байланыссыз дәнекер тінді тері астында орналасқан беткей лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Лимфаденопатия келесі ауруларда байқалады:

  • инфекционды;
  • лимфопролиферативті;
  • онкогематологиялық;
  • аутоиммунды;
  • жергілікті қабыну процестерінде.
Лимфааденопатия қазақша
Лимфааденопатия кезіндегі пальпация

Лимфаденопатия синдромымен жүретін инфекциялық аурулардың тізімі

Бубондардың түзілуі

Оба

Туляремия

Қатерсіз лимфоретикулез

Содоку

 

 Мезадениттің болуы

Иерсиниоз

Псевдотуберкулез

Іш сүзегі

А және В паратифтері

Туляремия (абдоминалды форма)

Туберкулез

Токсоплазмоз

 

 

Аймақтық лимфоаденопатия қлсылуымен біріншілік аффект

Риккетсиоздар

Кене энцефалиті

Иксодты кенелік боррелиоздар

Сифилис

Сібір жарасы

Герпетикалық инфекциялар

 

Жайылған лимфаденопатия

Жедел бруцеллез

Инфекционды мононуклеоз

Аденовирусты инфекция

Қызылша

Қызамық

Листериоз

Сепсис

Іш сүзегі

Токсоплазмоз

ВИЧ-инфекция

Хламидиоз

Цитомегаловирусты инфекция (ЦМВИ)

 

 

Лимфоаденопатия синдромымен жүретін инфекционды аурулардың диагностикалық критерилері

Обаның бубонды түрінің диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез тән, инкубациялық ұзақтығы 3-6 күн
  • Аурудың басталуы жедел, жалпы токсикалық синдром тез өрістейді
  • Терілік түрінде жергілікті өзгерістер кіру қақпасында кезеңділікпен сипатталады: дақ, папула, везикула, пустула және некротикалық түзілістегі жаралар.
  • Бубондар жиі жекелеген, сирек- көп, шап аймағында, мойында орналасады, ауырсынғыш.
  • Периаденит дамуы тән; бубо­ндар тез ұлғаяды, тері асты клетчаткасымен жабысқан, қабынған, шеміршекке дейін жетуі мүмкін, тегіс емес контурлы, тері беткейі тырысқан, сұр түсте болады.
  • Лимфангит белгілері болиайды
  • Гемограмма мәліметтері: (лейкоцитоз және нейтрофилез формуласы ЭТЖ жоғарылауына байланысты солға ығысқан.)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (бубон жағындысының бактериологиялық анализі және басқа биосубстраттар, серологиялық тесттер)

Туляремияның бубонды түрінің диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнезі,берілу жолы контактілі және трансмиссивті инкубациялық ұзақтығы 3-7 күн
  • Аурудың басталуы жедел, биік қызба және қалтыраумен, жалпы токсикалық өзгерістер әр түрлі көріністермен аурудың ауырлығын сипаттайды.
  • Жаралы-бубонды түрінде инфекцияның кірі қақпасында 1ден 7 күнге дейін кезектілікпен дақ, папула, везикула, пустула және и жара дамиды; жара тығыздаған шеттері бар, аз ауырсынатын, қою қабықпен жабылған, аймақтық лимфа түйіндермен байланысқан, кейде- лимфангит.
  • Бубонды түрінде инфекцияның кіру қақпаснда тері-қабынулық өзгерістері болмайды; бубондар жекелеген немесе көп, аурудың 2-3күнінде пайда болады, орман немесе грек жаңғағы көлеміндей, аздап ауырсынады; қолтық астында, шап, сан аймақтарында орналасады.
  • Периадениттің дамуы тән емес; бубондар қоршаған тері асты клетчаткаларымен байланыспайды, шеттері тегіс, бубон астындағы тері аз өзгереді.
  • Абдоминалды формасында – мезаденит дамиды (тұрақты, кейде іште толғақ тәрізді ауырсыну, айқын метеоризм, мезентериалды лимфа түйіндері аймағында ауырсыну)
  • гепато- спленомегалия
  • гемограмма мәліметтері (аурудың алғашқы күнінде – нормоцитоз немесе азадған лейкоцитоз ЭТЖ жоғарылау себебінен, өршу сатысында – лейкопения, лимфоцитоз және моноцитоз ЭТЖ жоғарылау себебінен)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (бубон жағындысынан және басқа биосубстраттардан бактериологиялық анализ, серологиялық тесттер, туляринмен тері-аллергиялық проба, ПЦР)

Қатерсіз лимфоретикулездің диагностикалық белгілері 

  • эпидемиологиялық анамнез (мысықтармен контакт, тырнау, тістеу)
  • Инкубация ұзақтығы – 3 аптаға дейін
  • Басталуы жедел, дене қызуының жоғарылауы, айқын интоксикацияның пайда болуы.
  • Біріншілік аффектің болуы, сызат түрінде, кейде папула болады.
  • аймақтық лимфадениттің дамуы (лимфа түйіндері азжап ауырсынады, тері асты клетчаткасымен байланыспаған)
  • Гемограмма мәліметтері (лейкоцитоз; ЭТЖ жоғарылауынан)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (қанның бактериологиялық анализі, серологиялық тесттер, папула және лимфа түйіндері тінін гистологиялық тексеру , ПЦР)

Сібір жарасының диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез (контакт с шерстью, шкурами, кожами и щетиной животных)
  • Басталуы жедел, айқын жалпы токсикалық көріністермен (жоғары қызба, интоксикация)
  • Терідегі ошақты өзгерісетр: дақ, папула, көпіршік және жара.
  • Субъективті зақымдалған аймақтың қышуы және күйдіру сезімі, ошақ ауырсынусыз
  • вокруг язвы образуется кайма из “дочер­них” везикул, определяющая эксцентрический рост очага до 10-15 мм в диаметре
  • сібір жарасының ортасында тығыз қара струп түзіледі-бұрыш, (anthrax), шетінде – кең перифокалды ісіну (симптом Стефанского)
  • Карбункулдер жиі жекелеген, кейде бірнеше, терінің ашық аймақтарында, көздің, ауыздың шырышты қабаттарында орналасады, әр карбункулға аймақтық лимфаденит сәйкес келеді.
  • Орналасуы баста, мойында, ауыз шырышты қабатында және мұрында, болжамы қолайсыз тыныс жолдарында ісіну дамып, асфиксия дамытады.
  • Аймақтық лимфаденит дамуы (лимфа түйіндері тығыз, қозғалмалы, аздап ұлғайған, пальпацияда жеңіл сезіледі )
  • Гемограмма мәліметтері (лейкоцитоз ЭТЖ жоғарылауынан)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (көпіршік және карбункул, жара бөліністерін, қанды бактериологиялық зерттеу, серологиялық тесттер, антраксинмен тері-аллергиялық проба , ПЦР)

Іш сүзегінің диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез (бактериатасымалдаушы науқаспен контакт)
  • классикалық вариантта біртіндеп басталу
  • Толқын тәрізді, тұрақты қызба
  • Ауру ағымында тершеңдік (классикалық ағымында ыстық және құрғақ тері)
  • Науқастың сыртқы келбеті бозарған
  • Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған , кей науқастарда қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған болады.
  • Іштің кебуі, мезаденит дамуы, симптом Падалка
  • Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
  • Интоксикацияның пайда болуы ( бас ауруы, ұйқысының бұзылуы, әлсіздік )
  • брадикардия
  • Тілі жабынмен жабылған
  • Гемограмма мәліметтері (лейко­пения солға жылжуы, анэозинофилия, лимфоцитоз, ЭТЖ-ның әлсіз жоғарылауы)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (қанның, өттің, нәжістіңе зәрдің, розеол және басқа да биосубстраттардың бактериологиялық зерттеуі, серологиялық тесттер, ПЦР)

 Иерсиноздың диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнезінде – үй жануарларымен контакт, (мысық, ит, шошқа), тағамдық анамнез, сирек- науқас адаммен контакт.
  • Басталуы жедел, инфекционды процесс белгілерінің жайылуы, гастроинтестиналды симптомдар, кейде абдоминалды синдром
  • ремиттирлеуші лихорадка
  • микрополилимфаденопатия дамуы; пальпацияда ауырсынусыз.
  • Іште ауырсыну, эпигастралды және кіндік аймағында, метеоризм, шұрылдау
  • Нәжіс-сұйық, аз мөлшерлі, (тәулігіне 5-10рет ), кейде –шырыш, қан араласқан.
  • Жүрек айну және құсу ( күніне 1-2 рет )
  • Абдоминалды формасында мезентериалды лимфадениттің дамуы, жедел басталуы (жоғары дене температурасы және қалтырау), іштегі ауырсынудың күшеюі, жүрек айну, құсу, паталогиялық қоспаларсыз сұйық нәжіс, әлсізжік, цефалгия, бұлшық ет және буындардың ауырсынуы, жалған аппендикулярля синдром тән, лапаротомияда лимфа түйіндерінің 3смге дейін ұлғаюы, мықын ішегінің гиперемиясы, фиброзды жабын.
  • Гемограмма мәліметтері (нейтрофилды лейкоцитоз таяқша ядролы, эозинофилия, лимфопения, ЭТЖ жоғарылауы), жайылған формасында– қанның билхимиялық жылжуы (АЛТ и АСТ жоғарылауы, сирек –гипербилирубинемия)
  • Спецификалық зерттеулер нәтижесі (биосубстраттардың бактериологиялық анализі, серологиялық тесттер, ПЦР)

Туберкулезді мезадениттің диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез (туберкулезбен ауыратын науқастармен контакт )
  • Жеке асқыну түрінде өтеді, дене қызуы 38-39С-қа дейін жоғарылайды.
  • Ішек туберкулезімен және экссудативті перитонитпен жүреді
  • Тұрақсыз іште ауырсыну, әр түрлі сипатта, толғақ тәрізді.
  • Кейде “острый живот”
  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы, жұмсақ консистенциялы, іріңді мезаденитте лимфа түйінінде іріңді ыдыраумен некрозды инфильтрат түзіледі.
  • Интоксикация симптомы біртіндеп дамиды, тәбеті төмендеген, кейде құсу дамиды.
  • Іш қату мен өту кезектесіп жүреді.
  • Гемограмма мәліметтері (ЭТЖ айқын жоғарылуы, токсигенді нейтрофилдің болмауы, гипохромды анемия темір жетіспеушілігі симптомдарынсыз.)
  • Іш қуысы ағзаларымен кеуде клеткасының рентгенологиялық зерттеуі.
  • Спецификалық зерттеулер (нәжіспен басқа биосубстраттарды бактериологиялық зерттеу, туберкулинді пробаның оң нәтижесі, серологиялық тесттер, ПЦР)

 Инфекционды мононуклездың диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез
  • Жас адамдар арасында
  • Ұзақ жоғары қызба
  • Басталуы жиі-жедел, сирек- біртіндеп.
  • Жоғары қызба себебінен тонзиллярлы синдромның және айқын интоксикацияның дамуы.
  • лакунарлы-фолликулярлы тонзиллиткөп ірімшік тәрізді жабынмен жабылған, шыныда шпательмен жеңіл алынады.
  • Тонзилиттің назофарингитпен қатар жүруі
  • Мойын лимфа түйіндері ұлғайады, көзге көрініп тұрады, көлемі тауық жұмыртқасындай, тері өзгермеген, пальпацияда сезіліп тұрады, тығыз эластикалы консистенциялы, бір-бірімен және қоршаған орта тінімен жабыспаған, басқа да лимфа түйіндері ұлғайған.
  • гепато- спленомегалия
  • факультативті белгілер — аз дақты-папулезді бөртпе (әсіресе ампициллинмен емнен кейін )
  • гемограмма мәліметтері (лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз, атипті мононуклеарлар ( 10% жоғары) ЭТЖ жоғарылауынан)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (ИФА , ПЦР)

Жедел бурцуллездің диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез (ауру жануардың ет және шикі сүт тағамдарын қолдану (ірі және ұсақ мүйізділер), ауру малды күту)
  • Толқын тәрізді, қайталамалы қызба, қалтыраумен және көп тершеңдік, интоксикация белгілері аз
  • Артралгия және миалгия
  • Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
  • Барлық лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы, пальпацияда сезімтал, қоршаған орта тіндерімен байланыспаған.
  • Қайталамалы қызба
  • Гемограмма мәліметтері (лейкопения, лимфоцитоз, қалыпты немесе жоғарылаған ЭТЖ)
  • Спецификалық зерттеу нәтижелері (қан, сүйек миы жағындысымен басқа биосубстраттардың бактериологиялық анализі, серологиялық тесттер, ПЦР, Бюрне аллергиялық пробасы)

ВИЧ-инфекциясының диагностикалық белгілері

  • эпидемиологиялық анамнез
  • персистирлеуші жайылған лимфаденопатия синдромы (жиі мойын, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғаяды, мөлшері 1-3см, жұмсақ-эластикалы, бір-бірімен жапыспаған, ауырсынусыз, тері өзгермеген.
  • Дене салмағын жоғалту (>10% от исход­ной)
  • түсініксіз диарея >1 ай
  • ұзақ лихорадка >1 ай (тұрақты)
  • жайылған бактериалды, вирусты, саңырауқұлақты, протозойлы, паразитарлы аурулар.
  • СПИД-индикаторлы аурулардың болуы
  • лимфоцитарлы интерстициалды пневмонияның болуы
  • ВИЧ-энцефалопатия, деменция, балаларда психомоторлы дамудың тежелуі болуы
  • спецификалық зерттеу нәтижелері (вирусологиялық әдістер, ИФА крови, иммуноблоттинг, ПЦР)

Жедел іріңді неспецификалық лимфадениттің диагностикалық белгілері.

  • Инфекциялық ауруларға тән, лимфаденитпен жүретін эпидемиологиялық анамнездің болмауы
  • Инфекцияның кіру қақпасында іріңді-қабыну өзгерістерінің болмауы (фурункул, карбункул, па­нариций)
  • Дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, әлсіздік, енжарлық.
  • Лимфаденит белгілерінің болуы
  • Гемограмма мәліметтері (лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауынан)
  • Бубон жағындысының бактериалогиялық зерттеу нәтижесі.

Лимфогранулематоздың диагностикалық белгілері

  • Тері жабындыларымен шырышты қабаттарының бозаруы
  • Әр түрлі ауырсынулар
  • Көп мөлшерде тершеңдік
  • Ерте дамитын арықтау
  • Терінің қабыну өзгерістері
  • жергілікті (жиі мойын) немесе жайылған лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфа түйіндері тығыз, ауырсынусыз, терімен бірікпеген);
  • толқын тәрізді, дұрыс емес немесе тұрақты қызба.
  • Дене қызуының 38-39°С дейін жоғарылауы
  • Лимфа түйіндері ұлғайған аймақта тері қышуы
  • сплено- гепатомегалия
  • гемограмма мәліметтері (лейкоцитоз (сирек лейкопения) нейтрофилезом және лимфопениямен бірге, ЭТЖ жоғарылауы)
  • Лимфа түйіндерімен көкбауыр жағындысын гистологиялық зерттеу ( Березовского-Штернберга клеткаларының болуы)

Лимфосаркоманың диагностикалық белгілері

  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы (мойында, бұғана астында)
  • Лимфа түйіндері тығыз, ауырсынусыз, жергілікті өзгерістермен жалпы интоксикация белгілері жоқ.
  • Ісік ыдырау кезінде дене қызбасы жоғарылауы және жалпы интоксикация симптомдары болады
  • Зақымдалған лимфа түйіндерін гистологиялық зерттеу

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!