Көз алмасының зақымдалуы. Контузиясы

Көз алмасының зақымдалуы. Көз алмасының контузиясы.

Көздегі ауыру сезіміне, көру қызметінің бұзылуына немесе оның жоғалуына шағымданады. Обьективті өзгерістер арнайы офтольмологиялық зерттеу арқылы анықталады. Офтольмологиялық ауруханаға жатқызу.

Өтпелі емес мүйізгек қабаттың жарақаты. Науқастар көздегі шаншу сезіміне, көздегі құмның бар сезіміне, жарықтан қорқуға, жас ағуға, көру қызметінің нашарлауына шағымданады.

Шұғыл жәрдем: Жарақат болған жерде 0,25 – 0,5% дикаин ерітіндісін тамызады. Офтольмологиялық ауруханаға жатқызады.

Көз жарақаты

Өтпелі ақ қабық пен мүйізді қабықтардың жарақаттары

Көздегі ауыру сезіміне, жас ағуға, жарықтан қорқуға, көз қызметінің нашарлауына немесе жоғалуына шағымданады. Өтпелі жарақаттың абсолютті белгілері:

  • мүйізді қабықтың жарасының жиектерінің үңіреюі;
  • көздің бетінде ішкі қабықтарының бөліктері немесе көздің құрамының болуы;
  • көздің ішінде бөтен текті заттың болуы.

Өтпелі жарақаттың салыстырмалы белгілері:

  • көздің алдыңғы камерасына қан құйылу;
  • көз қарашығының деформациясы мен ығысуы;
  • құбылмалы қабықтың бүтіндігінің бұзылуы;
  • көз бұршағының лайлануы;
  • көз ішілік қысымның төмендеуі.

Жедел жәрдем: Көк тамырға немесе бұлшық етке анальгетиктер, зақымдалған көздің қабағының астына 20% сульфацил салицил ерітіндісі 0,25 -0,5% дикаин ерітіндісі, жарақаттанған көзге асептикалық таңғыш. Ауруханаға жатқызу: науқасты зембілге жатқызып, офтальмологиялық ауруханаға жеткізу.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!