Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері

Қан түзу жүйесі ауруларын тексеру әдістері

Қан түзу жүйесі ауруларын  сұрап тексеру

Шағымдарын анықтау: қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, құлақтың шуылы, көз алдының қарауытуы, жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ентігу, естен тану, дімкәстік, жұмысқа қабылетінің азаюы, терінің қышуы, тәбеттің төмендеуі, жоғалуы, дәмнің бұрмалануы, жүрек айну, жұтудың бұзылысы, жүдеу, азу, қанағыштық, сүйектің сырқырауы, аранындағы ауру сезімі, оң және сол қабырға астындағы ауру сезімі, лимфа түйіндерінің үлкеюі – негізгі шағымдарды айырып алу және талдап сараптау.

Осы дерттің даму тарихын  (дерттің анамнезі) анықтау – Дерттің басталу  ерекшеліктері (себебі,   қандай  шағымнан),  қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай  ағымы (шағымдар  даму   реттілігі, бәсеңсуі, өршуі)  оның  айқын көрінісіне дейін нақтыланады.   Сонымен қатар  жасалған емдік шаралар – өздігінше, дәрігер көмегі,  оның   тиімділігі.

Өмір тарихы – негізгі алынатын мәліметтер –  өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет  –  бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме),  оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер қатарында болуы, спортпен шұғылдануы.

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері;  қаржылық жағдайы.

Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртібі,  құнарлығы,  емдәм,  ащыны, тәттіні, қышқылды, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.

Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.

Зиянды әдеттері: темекі шегу – қанша жастан, қандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин,   фенацетин,  транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.

Болған деттері – балалық және ересек кезінде кезінде.  Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.

Аллергиялық әсерленулер – тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялық дерттердің болуы (ринит,  есек жемі, Квинке ісігі,  поллиноздар).

Жанұялық  анамнезі –жанұясы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-іні, әпке-қарындастары, немерелері) жасы мен денсаулығы немесе  жасы мен өлу себебін анықтау қажет. Әжелері мен аталары туралы да мәлімет алған дұрыс;  жанұя мүшелері мен жақын туғандарының денсаулығы – оларда диабет, жүрек дерттері, гиперхолестеринемия, артериалдық гипертензия, инсульт, бүйрек аурулары, туберкулез, артрит, рак, анемия, аллергия, астма, бас ауруы, қояншық, психиқалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық  және осы  жайттар белгісінің өзінде  бар   болуын анықтау.

Отбасындағы жағдайы. «Сізбен бірге кім тұрады?», «Ауырғаныңызда немесе қажеттік жағдайда сізге кім көмек көрсетеді?».

Күнделікті тіршілігі. Оянғаннан ұйықтағанға дейін күні қалай өтетінін сұрау керек. («Күніңіз қалай өтеді?»). («Алдымен қандай тіршілік жасайсыз, сосын не істейсіз?»)

Жұмыс жасау мен демалысы.

Әлеуметтік – психологиялық анамнезі (мінез – құлқы, сана-сезімі, рухани жағдайы, ой-өрісі) – науқас туралы  жеке тұлға ретінде маңызды және қажетті мәлімет анықталады.

Соңғы  6 айдағы еңбекке  қабылеттілігі. Мүгедектік   –  бар? жоқ?

Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексеру

Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; тері астына қан құйылулар – көгерулер, қасыну іздері, тырнақ және шаш  өзгерістері – үйлесімінің бұзылысы, түсуі, жұқалануы).

Лимфа түйіндері орналасу аймақтарын қарау – ұлғаюы, ұлғаю түрлері – бір-бірлеп, көптеп–жүйелі;  түсі; сипап тексеру – көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, ауырсынуын.

Ауыз қуысын қарау – тіл сипаты, тістері, бадамшалар өзгерісі

Құрсақты қарау – көлемі; бір бөлігінің томпаюы, пальпациясы.

Бауыр мен көкбауыр перкуссиясы мен пальпациясы  – көлемі, тығыздығы.

Сүйектер мен буындарды қарау, оларға пальпация жасап тексеру

Қан түзу жүйесі ауруларын қарап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі

1.Науқасты жалпы қарау. Науқасқа  тексеру   мағынасын түсіндіріп  рұқсат алу.

2.Науқастың хәлін,  есін, төсектегі қалпын анықтау.

3.Дене бітімін, тері асты шел майының дамуын анықтау.

  • науқастың жағдайына байланысты – тік тұрғызып немесе отырғызып қарау;
  • тері асты шел майының дамуын  бағалау –  жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет;

Тері, оның қосалқылары  мен кілегей қабаттарды қарау:

  1. Терісінің түсі – көзге көрінетін аймақтардағы – беті, қол ұштары, мойын аймағы –  әр түрлі реңді бозғылттық – айқын боз, жасыл реңді; сарғыш реңді; айқын сарғыш реңді; балауыз тәріздес;  жер түстес, шие тәріздес қызыл түс; – серпінділігі, құрғақтығы -түлеген, құрғақ; ылғалдығы; тері бетіндегі өзгерістер  сипатталады – қан кету ошақтары –әр түрлі деңгейде және көлемде – майда бөртпелерден үлкен аймақты дақтар;
  2. кілегей қабаттары – көздің ақ қабығы, алақан, еріндері кілегей қабаттарының  түсі –боз – сипатталады;
  3. шашы – жұқарған, сыңғыш;
  4. тырнақтарын сипаттау – жұқа, сыңғыш, жолақтанған, қатпарланған, үңгірленген;
  5. мойын, бұғана үсті шұңқырында, қолтықта, шап аймағында  лимфа түйіндерінің көзге көрініп әр түрлі деңгейде үлкеюін сипаттау;  

Жергілікті қарау

Ауыз қуысын қарау

  1. ауыз ашуын өтіну
  2. тілді қарау – түгі, сипаты (тегістелген, жылтырақ);
  3. тістері –айқын тіс жегі, қызыл иек қабынуы;
  4. бадамшалар жағдайы –өлі еттенген қабынуы;
  5. кілегей қабаты – қабынуы (ақ таңдақтар –стоматит).

Пальпация арқылы тексеру

Сүйектер пальпация.

  1. сүйектерді (жалпақ сүйектер –жауырын, мықын) – саусақтар ұшымен  басып немесе соғып тексеру;
  2. осы әдіспен түтікше сүйектердің эпифиз аймақтарын  тексеру;
  3. ауру сезімін анықтап,  бағалау

Қан жүйесін тексеру

Лимфа түйіндері  пальпациясы

  • көлемі
  • қозғалғыштығы
  • ауырсыңғыштық
  • тығыздығы
  • бір-бірлеп немесе топтап, жүйелі түрдегі өзгерістерін бағалау.

Лимфатүйіндеріне пальпация

бүгілген 3-4 саусақ ұштарымен тері асты лимфа түйіндер орналастын аймақтарын мына реттілікте  сипап тексеру:

  1. шүйде аймағы – басын сәл шалқайтып –екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  2. құлақ аймағы – екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  3. төменгі жақ сүйегі асты аймағы екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  4. иек асты аймағы –бір немесе екі саусақ ұштарымен сипап тексеру;
  5. мойын артқы аймағы –төс – бұғана емізіктік бұлшықетінің артқы аяқшасының сыртқы қыры бойымен екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  6. мойын алды аймағы –төс – бұғана емізіктік бұлшықетінің алдыңғы  аяқшасының ішкі қыры бойымен екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  7. бұғана үсті шұңқыры  – екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  8. бұғана асты шұңқыры  – екі қол саусақтарымен  симметриялық аймақта сипап тексеру;
  9. қолтық аймағы –1- науқасқа  екі қолын  иық буынында жазып  көтеруді өтіну, қолтығы ашық;  2 –дәрігер қол ұштарына сүлгі орап қолтық аймағына қойып, науқасқа қолын сәл түсіруді сұрайды; 3- қолтықтың үш бөлігін –алды, ортаңғы, артқы – толық сипап тексеру;
  10. шап аймағы -1- науқасқа шалқасынан жатуды өтіну; 2 – ұршық буыны әкету кейпінде, ал тізе буыны әкелу кейпінде; 3- шап аймағын сипау –екі жақты кезектеп тексеру;
  11. тізе буын аймағы – 1-науқасқа етпетінен жатуды және тізе буынын сәл бүгуді өтіну; 2 – бүгілген буын     аймағын сипау –екі жақты кезектеп тексеру;
  12. алынған мәліметтерді бағалау.

Көк бауыр пальпациясы

ұлғайған жағдайда – оның орналасуы, пішіні, тығыздығы, тегістігі, ауырсынуы  бағаланады.

  1. Науқас кейпі–оң қырына жатуды және сол аяғын ұршық пен тізе буындарында бүгіп, ішіне  алу, ал  қолдарын жастануын  өтіну (бала жатысы);
  2. дәрігер науқастың  оң жанында бетпе-бет орналасады; қолдары жылы
  3. пальпация жасау:
  • қолдарды орналастыру – дәрігер сол қолын науқас кеудесінің сол бүйір бөлігінде басып орналастырып  оның қимылын шектетеді.
  • алақан бүгілген 4 саусағымен қабырға доғасы астына орналасады, бұл жағдайда    ортаңғы саусақ   Х  қабырғасының жалғасы   ретінде болу керек.
  • тері қатпарын жасау – оң қолмен теріні төмен қарай, қатпар түзілгенше   ығыстырады.
  • қолды құрсақ ішіне енгізу – тынысты шығару кезінде, оң қолды сол жақ қабырға доғасы астына бағыттап, терең  енгізеді.
  • науқастан терең дем алуды сұрап  – осы кезде  көкбауыр үлкейген болса, көкеттің қозғалысымен төмен түседі, ал оң қол жоғары көтеріліп саусақтар жазылып   төменгі қырына жанасады – төменгі қыры туралы мәлімет алуға  мүмкіншілік туады

-қалыптыда пальпацияда анықталмайды;

-дерттік жағдайда – орналасуы, пішіні, тығыздығы, тегістігі, ауырсынуы өзгереді.

Көкбауыр перкуссиясы. 

Көкбауыр өлшемдері (ұзындығы, көлденең ені) анықталады.

  • Науқасты сәйкес жатқызу.
  • Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы.

Ұзындығын анықтау. саусақ-плессиметр сол жақ қабырға доғасының қырына, Х қабырғаға перпендикулярлы, орналастырылады.

Перкуссия  әлсіз күшпен Х қабырға бойымен, әуелі сол жақ қабырға  доғасынан омыртқа бағанасына бағыттап жүргізіледі, ашық дыбыс тұйықталғанда ұзындығының төменгі нүктесі белгіленеді;

Қолтық артқы сызығынан алға қарай бағыттап жүргізіледі, ашық дыбыс тұйықталғанда ұзындығының жоғарғы нүктесі белгіленеді.

көлденең енін анықтау:

анықталған  ұзындығын қақ ортасынан Х қабырғаға  перпендикуляр түсіріп соның бойымен жәй күшпен, алдымен өкпелік дыбыс, кейін  тимпаникалық дыбыс  тұйықталған дыбысқа ауысқанша  перкуссияны   жүргізіледі; Анықталған екі нүктені қосып, көк бауырдың көлденен  өлшемін анықтайды

Көкбауыр перкуссиясы – қалыптыда өлшемдері -4×6 -8см;

-дерттік жағдайда –ұлғаяды – өлшемдері өзгереді.

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

Науқастың шағымдары: біраздан бері  әлсіздік, бас айналу, көзі  алдының қарауытуы, құлақ шуылы, ентігу,жүрек қағуы, жүрек айнуы мазалайды.

Анамнезінде – бірнеше жылдардан бері асқазан ойық жарасы бар. Соңғы уақытта бірнеше рет үлкен дәретінің қоңырланғанын байқады, бірақ оған мән бермеді. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. РS – минутына 104; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ.  Жүрек шекаралары сәл солға ығысқан; аускультацияда –тондары бәсеңсіген, жүрек ұшында- систоликалық шуыл. Көк бауыр пальпацияда анықталмайды; өлшемдері -4×6см.

Науқастың шағымдары: Біраздан бері  әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік мазалайды.

Анамнезі  – бұл шағымдар осыдан 3-4 ай бұрын пайда болды; бірақ оған мән бермеген. Соңғы уақытта көп және жиі мазалайды, қоса жұмысқа қабылеті  төмендеді, терлегіштігі көбейді, дене қызуы 39˚-қа дейін жоғарлайтын болды. Анамнезі: ғылыми зертеу институтында аға лаборант болып 15 жылдан бері жұмыс істейді – лабораториялық зерттеулерде химиялық реактивтерді  қолданады. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. Мойын аймақтары лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ, қозғалғыш, терімен жанаспаған, ауырсынусыз, көлемі бөдене жұмыртқалары тәріздес. Бауыр мен көкбауыр ұлғайған, пальпацияда –тығыз; өлшемдері: бауыр – 11 ×10×9см; көкбауыр – 8 ×12см.  РS – минутына 98; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!