Биттер, сіркелер және олардан құтылу жолы

Биттер және оларды жою әдістері

Адамда Pediculus тобының 3 түрлі биттері кездеседі:

  1. Бас биттері
  2. Киім биттері
  3. Шат немесе қасаға биттері

Биттер (орысша Вши, лат. Anoplura басқаша сірке деп те атайды.) —эктопаразиттер отряды, адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер. Ауыз мүшесі теріні тесу арқылы иесінің қанын соруға арналған. Бұл паразиттер кейбір жануарлар денесінде ғана тіршілік етеді. Адамда болатын биттер (Pediculus humanus), тиф ауруын таратады және бүкіл әлемде таралған. Денесінің ұзындығы 0,4 тен 6 мм дейін, кішкентай басы және үлкен денесі бар, ал қанаттары кішірейген. Кеудесі басынан бөлектенген, ал сегменттері біріккен. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек битке айналады.

Ауызы тесу және сору аппараты екі тескіш инесі бар. Сілекей бездері жақсы дамыған, ол иесінің қанын тез ұюына әсер етеді нәтижесінде иесінің терісі тітіркеніп қышу пайда болады. Сорған кезде алдыңғы өңеш бөлігі керіледі және сорғыш сияқты жұмыс істейді. Биттерде көздері болмайды немесе қарапайым қара дақ ретінде болады. Олар көздері арқылы емес, қысқа мұртшаларымен иіс сезу арқылы бағдарлайды. Биттің орташа өмір сүру ұзақтығы 38 күн. Ұрғашы түрі бірнеше жүз жұмыртқа салады және оны шашқа немесе киім жіптеріне арнайы өзінен бөлінетін желім арқылы жабыстырады. Ұрықтың дамуы 36—37 °C кезінде 4—8 күн, 23 °C кезінде 16 күн; 22 °C төмен болса және 40 °C жоғары болса жұмыртқадан дернәсіл шықпайды. 10—20 °C кезінде олар 10 күндей тамақсыз өмір сүре алады. 44 °C жоғары болса олар өледі.

Шаш биттері. Аналық биттерінің ұзындығы 2,5-3,5 мм, ал аталық бит 2,0-3,0 мм,бастың шашында өсіп көбейеді, көбіне самай, желке, төбе аймағында кездеседі. Әр 2-3 сағат сайын қан сорады, аштыққа төзімсіз.

Биттер және сіркелер

Киім биттері бас биттерінен ірілеу,аналық биттің ұзындығы 2,3-4,75 мм, ал аталық бит 2,1-3,7 мм.Киім биттері төсек пен киім қыртыстарына, тігіс жолдарына жұмыртқалайды. Аналық бит күніне 2-3 рет жұмыртқалайды. Құрғаққа, жоғары температураға төзімсіз. Науқас адамның дене қызуы көтерілсе басқа жерге қашып кетеді.

Биттердің гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы

Педикулез деп биттерді айтады. Биттеуге қарсы барлық санитарлық шараларды және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды, яғни апта сайын шомылу, төсек, киім жабдықтарын ауыстыру, киімдерді, төсек заттарын ыстық үтікпен үтіктеу, қайнату, шашты таза ұстау. Ем курсы толық аяқталған болып саналады, егер ол бір ай бойы жүргізіліп, емнен соң битте оның жұмыртқасы да анықталмауы. Ең қарапайым әдіс шашты толықтай қырып алып тастау. Казіргі таңда дәріханаларда битке қарсы көптеген сусабын және химиялық заттар бар. Педикулезге тексеруді медицина қызметкері жарық бөлмеде терезеге жақын жерде жүргізеді.Әсіресе құлақ арты, самай шаштарын мұқият қарайды. Педикулез балалар мекемелерінде, жатақханаларда жиі кездесетін болғандықтан үнемі тексеріп тұру қажет.

Педикулёз емі екі этаптан тұрады: механикалық және химиялық. Механикалық түрінде бас терісін толықтай қарау және арнайы сусабын арқылы жуып, арнайы тарақпен тарау қажет. Бұндай тарақтар дәріханада сатылады және тісшелері арасының өте тар болуымен ерекшеленеді. (0,2 мм) Әрбір тараған соң оны сүртіп отыру керек. Тарау күн сайын бір ай бойы жүргізіледі. Бұндай арнайы сусабын битті өлтірмейді, тек олардың оңай таралып түсуіне көмектеседі. Құр тарау да эффективті болып саналмайды.. Химиялық түрі.Тараған соң шашты арнайы дәріханадан сатып алынған педикулезге қарсы затпен өңдеу қажет. Халық емі бойынша шемішке майы немесе керосин қолдану қарсы көрсетілген. Керосинмен жуылған соң бас терісінде созылмалы контакттілі дерматит туындауы мүмкін. Сонымен қоса, педикулезге қарсы затпен бір рет жуу жеткілікті емес: өңдеуді процедурадан соң 8—10 ші күні және 16—20 күні орындау қажет. (яғни, емдеу курсы кезінде тек 3 рет қана өңдеу қажет). Бұндай заттардың қарсы көрсеткіші бар: жүктілік және аллергия. Емізулі балада химиялық заттармен емдеу дәрігер келісімінен соң ғана орындау қажет.

Алдын алу. Қайталама педикулез болмау үшін әрдайым киімдерді кір жуғыш машинада 60 градус Цельсий бойынша ыстықта жуу қажет, ал жууға келмейтін заттарды аузы жабылатын тығыз пластик ыдыста үш күн сақтау қажет. Үйдегі басқа да адамдардың шаштарын қарап тексеру артық болмайды. Үй жағдайында емделу оңай емес және ұзақ уақытты қажет етеді.

Педикулез анықталған жағдайда тез станцияға хабарлау қажет. Педикулез ошағында дезинсекция жасалуы керек. Бөлмелерді дезинфекциялау, ал заттарын механикалық, физикалық, химиялық әдістермен дезинфекция және дезинцексия жасау қажет.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!