Қөз қозғайтын нервті тексеру

Көз қозғайтын нервтерді тексеру

Тексеруді жүргізу

  • Тыныштық жағдайда сырқаттың бет-әлпеті байқалады. Көз саңылауының еніне, көз алмасының қалпына, қарашықтың көлемі мен формасына назар аудару керек
  • Көз алмасының қозғалу мөлшерін анықтау үшін дәрігер сырқаттың басын иегінен ұстап тұрады да, оған көзінің алдында 20 см қашықтықта онға, солға, жоғары, төмен және мұрнының ұшына кезекпе-кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді
  • Қарашық реакциясын тексеру. Дәрігер сырқаттың бетін жарыққа қаратып отырғызады да, екі көзін алақанымен жауып қойып, кезек-кезек ең әуелі бір көзді, содан кейін 1 екінші көзін ашып, қарашықтың реакциясын байқайды. Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады – қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы

Көз қозғалтқыш нервтерді тексеру

  • Дәрігер алақанымен сырқаттын бір көзін жауып қояды да екінші көздің қарашығын бақылайды. Мұндай жағдайда қарашық тарылады (қарашықтың жарыққа өзара бірлестік реакциясы).
  • Қарашықтың конвергенциялық реакциясын тексеру үшін дәрігер сырқаттың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай қарап отыруын өтінеді де оны мұрнының ұшына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция)
  • Аккомодация реакциясын тексеру үшін дәрігер сырқаттың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай қарап отыруын өтінеді де оны мұрнының ұшына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауынын ішіне қарай ауысады да онымен қатарласа қарашық тарылады (аккомодация)