Терең венаның өтімділігін анықтайтын функционалды тексерулер

Терең венаның өтімділігін анықтайтын сынамалар

Материалды оқымас бұрын варикозды ауру тақырыбын оқып кетіңіз.

Аяқтардағы  венаның кеңеюі – терең және беткей, комуникативті веналардағы қайтымсыз өзгерістеріне әкелетін, тез дамитын ауру. Осы  аурумен 15-17% тұрғындар ауырады, әйел адамдарда ерлерге қарағанда жиі кездеседі. Варикоз диагностикасы үшін анамнез жинау, жалпы қарау, пальпациядан басқа  функциональды тексерулер қолданылады.

Беткей веналардың кақпақшалы аппаратының жағдайы.

  • Броди-Троянова-Тренделенбург сынамасы.
  • Гаккенбруха сынамасы.
  • Шварц сынамасы.

Броди-Троянова-Тренделенбург сынамасы:

Науқас жатқан күйінде зерттелетін аяғын жоғары көтеріп, сан аймағы ойығына кететін беткей тері венасын саусақпен басып немесе жоғары жағынан бірден үш бөлігіне жұмсақ резиналы жгут салады. Кейін  науқас аяғына тұрады. Босаңсыған веналар 30 секундтан соң перифериядан келетін қанмен тола бастайды. Егер науқас аяғына тұрған кезде санындағы үлкен тері асты венасының басылуын жойсақ  сан мен сирақтағы кенейген веналар бірнеше секунд ішінде қайтадан жоғарыдан кері аққан қанмен толады. Броди –Троянова -Тренделенбургтің осындай нәтижесі  үлкен тері асты венасының остиальды қақпақшасының жеткіліксіздігін көрсетеді.

Бұл сынаманы жүргізуде  4 вариант қарастырылады:

  1. Он нәтиже.Үлкен тері асты  венасының  ретроградты түрде тез толуы осы вена қақпасының жеткіліксіздігін көрсетеді.
  2. Теріс нәтиже. Беткей веналар  үлкен тері асты венасындағы  басылуды жойғанға дейін   тез ( 5-10 секунд ішінде) толады  және олардың толымдығы басылуды жойған соң да, сол қалпында болады. Бұндай науқастарда беткей венозды жүйе толуы терең веналардан  болады.
  3. Екі жақты оң нәтиже. Беткей веналар үлкен тері асты венасындағы басылуды жойғанға дейін  тез толады  және олардың толымдығы басылуды жойған соң  тез одан сайын жоғарылайды. Бұл вариантта коммуникативті вена  қақпасының жеткіліксіздігін көруге болады.
  4. Нольдік нәтиже. Веналар ақырын толады (30 секундтай ), үлкен тері асты венасын басу оны жою сияқты болады, толымдығы мен жылдамдығына әсер етпейді. Бұл жағдайда беткей және коммуникативті вена қақпақшасының жеткіліксіздігі болмайды.

терең веналар өтімділігін тексеру сынамалары

Гаккенбруха сынамасы (жөтелу сынамасы)

Сан венасы  аймағына кететін беткей тері венасын саусақпен басып тұрып науқасқа жөтелуін сұраймыз. Егер  тамырда серпіліс болса, онда остеальды клапан  жеткіліксіздігін көрсетеді.

Шварц сынамасы

Үлкен және  кіші тері асты венасының бағаналы қақпақшасының жеткіліксіздігін көрсетеді. Сынама науқас түрегеп тұрған кезде жасалады. Сұқ саусақпен үлкен тері асты венасының овальды шұңқыршағына  женіл соққы береді, ал басқа қол саусақтарымен сан мен сирақтың кеңейген веналарына қоямыз.Соққының дистальды бағытта берілуі үлкен тері асты венасының негізгі бағанасының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл сынама кіші тері асты венасының да жүйесін зерттеуге қолданылады.

Коммуникативті  веналардың қақпақшалы аппаратының жағдайын тексертін сынамалар:

  1. Пратта – II сынамасы.
  2. Шейнис сынамасы.
  3. Тальман сынамасы.

Пратта-II сынамасы. Науқасты арқасына жатқызып санының жоғарғы үштен бір бөлігіне үлкен тері асты венасының проксимальды бөлігін басатын  резиналы жгут салады. Кейін аяққа эластикалық бинтты  саусақтан бастап жгутқа дейін  салып науқасты вертикальды қалыпқа келтіреді. Эластикалық бинтті бір оралымнан үстіңгі жақтан бастап шешеді. Жгут пен оралым арасында 5-10 см қатынас қалғанда екінші  эластикалық  бинтті салады, ол жоғарыдан төмен қарай шешілген бинт соңынан  оралып отырады. Екі бинт арасындағы  қысымды сегменттің пайда болуы  осы жерде беткейлік вена дамымаған коммуникантпен қосылатынын көрсетеді.

Шейнис сынамасы. Горизонтальды бағытта жатқан науқасқа 3 жгут салынады: бірінші –жоғарғы санның үштен бір бөлігіне, екінші – тізе үстінен, үшіншісі  – тізе буынынан  төменірек. Кейін науқасты вертикальды жағдайға ауыстырады. Жгут арасындағы венаның толуы осы сегментте  венаның дамымаған  коммуникантпен қосылатынын көрсетеді.

Тальман сынамасы. Сынама өте ұзын резиналы түтікшелі жгутпен жасалады. Науқасты аркасына жатқызып бүкіл аяғын, табаннан бастап  бұт аралыққа дейін орап тастайды. Жгут оралымы арасына  5-6 см орын қалдырады. Кейін науқас тез аяққа тұрады. Жгут оралымы арасында қысымды венозды түйіндердің пайда болуы осы аймақта дамымаған  коммуникантты  венаның болуын көрсетеді.

Терең венаның қақпақшалы аппаратының жағдайын бақылайтын сынамалар

  1. Дельбе-Пертес сынамасы
  2. Пратта – I сынамасы
  3. Стрельников сынамасы

Дельбе – Пертес сынамасы. Науқастың вертикальды бағытында максимальды беткей венаның толымдығында санның жоғарғы үштен бір бөлігіне  резиналы жгут салады. Кейін науқас  5-10 минуттай жүреді.Терең венаның жақсы өтімсіздігінде, қақпақшалы апаратының дұрыс қызметінде  беткей венаның толық  тарылуы 1 минут ішінде болады. Егер беткей венаның тарылуы жүрген соң тоқтамаса, ал керісінше  одан өткен түйін қабырғасының қысымы  жоғарыласа, қатты ауру сезімі пайда болады – ол терең вена өтімсіздігін көрсетеді.

Пратта – Ι  сынамасы. Горизонтальды бағытта жатқан науқасқа санның жоғарғы үштен бір бөлігіне  резиналы жгут салады. Кейін зерттелетін аяқты  эластикалық  бинтпен аяқтың табанынан бастап санның жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін орап,  20-30 минуттай жүргізіп қояды. Жүрген кезде субьективті жағымсыз сезімнің болмауы  терең вена функциясының дұрыстығын көрсетеді. Егер жүрген сирақ маңында ауру сезімі пайда болса терең вена өтімсіздігі бұзылған. Сынама науқас сезіміне байланысты сондықтан дәл нәтиже бермейді.

Стрельников сынамасы. Науқас түрегеп тұрған кезде санның жоғарғы үштен бір бөлігіне  АҚ өлшейтін аппаратың манжетасын салып, 50-60 сын.бағ.дейін қысымды  келтіреді. Науқасты жатқызып аяғын көтеріп варикоздың шығыңқы көрінісін байқайды. Егер варикозды түйіндер босаса, онда терең веналар өтімді, ал керісінше жағдайда терең вена өтімсіздігі туралы айтуға болады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Варикозды ауру
  2. Дене бетіндегі ірі тамырлар проекциясы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!