Ntesen—Roeeettl бойынша диафрагма жарығына операция

Ntesen—Roeeettl бойынша операция (гастропексия және фундопликация)

Бұл операция кезінде науқас арқасымен опреациялық столда жатады, дене астына жастықша қойылады. Құрсақ қуысы сол жақтық жоғарғы парамедианнды немесе субкостальді кесумен ашылады. Жарық ішінен асқазан қайта орнына келтіріледі. Егер асқазан жарық ішінде жабысып қалған болса, оны қайшымен ашады.

Құрсақ қуысы жағынан өңеш тесігінің пластикасы қиындықтар туғызады, және оның дұрыс жасалуына үлкен күмән бар. Nissen-Rossetti операциясы егер асқазан құрсақ қуысына түсіп, сонда кері қайтусыз қалатын болса сәтті болады. Бұл жағдайда жарық қапшығы кеуде қуысында қалып, сол жерде еш кедергі келтірмей облитерацияға ұшырайды.

Анестезиолог асқазанға жуан зонд жіберген сон, кардия ашылып, операцияны жүргізу жеңілдей түседі. Асқазан төмен қарай тартылып, сол жақтық бауырдық үшбұрышты байламы кесіліп, шпательмен сол жақ бауыр тартылады. Бұл процедура арқылы кардияға жеңіл қол жетуге болады.

Бұдан кейін кардияны диссектормен айналып өтіп, сұқ саусақпен өңештің абдоминалды бөлігін мобилизация жасайды. Содан кейін оң қолмен асқазан үлкен иінінен тесьма арқылы тартады, сөйтіп фундальді бөлік тартылады. Осы арқылы өңештің оң жағынан асқазаннның көпшілік бөлігіне жол ашады. Фундальді бөлік өңештен бастап, 3-4 терең өткізілген серо-мускулярлы түйінді тігістермен тігіледі. Сонымен қатар 2-3 тігісті өңеш қабырғасы арқылы өткізген дұрыс. Осындай асқазан фундальді бөлігінің гофрирлену арқылы (фундопликация) кардия маңында қалың қатпар пайда болады, ол өз алдына Гис өткір бұрышының ашылуына бөгет болады. Еске сала кетін жайт, бұл операция кезінде кезбе нерв зақымдалмауын байқау керек.

Фундопликация қазақша
Nissen—Rosseiti бойынша операция, 1. Фундопликация.
Гис бұрышын қалпына келтіру үшін өңеш тартып ұсталынып, оған серозды мускулярлы гофрирлеуші тігіспен асқазанның фундальді бөлімі тігіледі.

Операцияның келесі сатысы, асқазанды құрсақ қуысына фиксациялау (гастропексия), бұл жарықтың рецедивін алдын алады.

Аксиальді сырғымалы жарық кезінде асқазан кіші иінмен, ал параэзофагеальды жарық кезінде  үлкен иіні жағынан фиксацияланады.

Гастропексия жүргізу қазақша
Nissen— Rossetti бойынша операция, II. Гастропексия.
асқазанның алдыңғы қабырғасы бірнеше тігістермен париетальді ішастарға және тік бұшықет қынабының артқы қабырғасына тігілу кезіндегі көрінісі.
Гастропексия және құрсақ қуысын жабу (схема)

Асқазан серозды мускулярлы қабаты 3-4 түйінді (узловатый) тігіспен алдыңғы құрсақ қабырғасына және іштің тік бұшықеті қынабының артқы қабырғасына тігіледі. Бұл фиксация лапаротомиялық кесілу жерінен 2-3 см жерден жасалады. Опреацияның барлық этаптары аяқталғанда, мұқият барлық қабаттарды тігу керек.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Қысылған жарықтар
  2. Іш жарықтары
  3. Қысылған шап жарығы

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!