Түтікшелі жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс жүктілік деп– жатырдан басқа жерде орналасқан ұрығы бар кез келген жүктілік.

Жатырдан тыс түтікшелі жүктлік дегеніміз– жатырда емес, түтікшеде орналасып, дамып келе жатқан жүктілікті айтады.

Ұрықтың имплантациялану орнына қарай түтіктік жүктілікті бөледі:

  • Жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде;
  • Жатыр түтігінің истмикалық бөлігінде;
  • Жатыр түтігінің истмика-ампулярлы бөлігінде;
  • Жатыр түтігінің интерстициальды бөлігінде.

 

жатырдан тыс жүктілік
Жатырдан тыс жүктіліктің орналасу орындары

Түтіктік жүктіліктің ағымы бойынша ажыратады:

  • Үдемелі түтіктік жүктілік;
  • Жатыр түтігінің жыртылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік.
  • Ішкі ұрыққапшығының жыртылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік (түтіктік түсік)

Этиологиясы: Келесі қауіп қатер топтарын ажыратады:

  1. Түсіктер;
  2. ЖІС қолдану;
  3. Нейроэндокриндік бұзылыстар;
  4. Психоэмоционалдық жүктеме.

Клиникалық көрінісі:

Жатырдан тыс жүктілікпен ауыратын науқастардың негізгі шағымдары:

  • Етеккір циклының кешігуі;
  • Жыныс жолдарынан қанды бөліністер ағу;
  • Әр түрлі сипатты ауру сезімі;
  • Жүрек айну.
  • Жартысынан көп жағдайларда бұл белгілер бірінші триместрінде болады.

Үдемелі түтіктік жүктілік. Жатырдан тыс жүктілік кезінде қалыпты жатырлық жүктілікте сияқты әйел организмі өзгерістерге ұшырайды: етеккірдің тоқтауы, сүт бездерінің дөрекіленуі, уыздың пайда болуы, жүрек айну, тәбеттің бұрмалануы кездеседі. Қынаптың және жатыр мойнының кілегей қабатының цианозы анықталады. Жатыр үлкееді және жұмсарады. Жатырдың кілегей қабаты децидуальды қабатқа айналады. Анабездерде жүктіліктің сары денесі түзіледі. Жүктіліктің иммунологиялық реакциясы оң болады.

Жатыр түтігінің жарылуы бойынша үзілген түтіктік жүктілік. Ұрық жатыр түтікшесіне еніп, өскенде, белгілі бір мезетте оның жарылуы болады, содан соң іш қуысына массивті қан кетіп шокқа алып келеді. Бұл кезде жедел клиникалық көрінісі болады: науқаста физикалық күш түскенде немесе дефекация акті кезінде кенеттен іштіңөменгі жағының жедел ұстама ауырсынуы, ауру сезімінің тік ішекке берілуі болады. Салқын тер, бозару, аз уақыт естен тану, АҚ төмендеуі байқалады.  Пульс әлсіз, жиі болады. Френикус симптомы оң мәнді, егер іш қуысында 500 мл қан болса іш қуысының тітіркені белгілері байқалады. Іштің бүйір жағын перкуссиялағанда дыбыстың тұйықталуы байқалады. Іштің бұлшықеттерінің керілуі және іштің төменгі жағының ауырсынуы болады. 

Түтіктік түсік. Түтіктік түсіктің клиникасы жалпы жүктіліктің субьективті және обьективті белгілерімен қосарлана жүреді. Әдетте етеккірдің аз кешігуінен кейін іштің төменгі жағының толғақ тәрізді, қайталамалы, ұстамалаы ауырсынулар, жиірек бір жақты, белгілі бір уақыт аралығында жыныс мүшелерінен қою қанды бөліністер бөлінеді. Ол децидуальды қабаттың ажырауынан болады. Түтіктік түсік әдетте ұзақөтеді, көп жағдайда жедел клиникалық көрініссіз. Аурудың басында жатыр түтігіндегі ұрық жасушасының ажырағандығы қан іш қуысына аз мөлшерде ағуы, мұнда жедел перитонеальды және анемизациялық көріністер болмайды. Алайда пульстің лабильділігі және АҚ дене қалпын өзгерткенде – негізгі белгі. Кейінгі түтіктік түсіктің  клиникасы құрсаққуысына қайталамалы қан ағумен жүреді, жатыр астылық және анемияның түзілуімен көрінеді. Құрсаққуысының тітіркену симптомы байқалады. Жүктілік түтіктің ампулярлы бөлігінде орналасса, онда оныңүзілуі ішкі жарылумен жүреді,  ал егер интерстициальды немесе истмикалық бөлігінде болса – жатыр түтіктерінің жарылуымен болады.

Диагностикасы. 

Түтіктік жүктілікте ерте кезінде диагноз қою қиын. Бірақ, жатырдан тыс жүктілікке тән белгілер бар:

  • Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатырдың үлкеюі болжаған уақытқа сәйкес келмейді;
  • Жатыр қосалқыларының бір жағында ісік тәрізді құрылым анықталады, ол қамыр сияқты консистенциялы және зерттегенде қозғалмайды.

Анамнез жинау барысында етеккір циклының сипаты, саны және жүктіліктің саны, қолданған контрацепцияның түрі, жатырдан тыс жүктіліктіңқаупі бағаланады.

Динамикалық бақылау барысында  (УДЗ және лапароскопия болмағанда) және қайталамалы гинекологиялық зерттеулерде  (3-4 күнде 1 зерттеуден кем емес) жатыр қосалқыларыныңұлғаюы болжаған уақытқа сәйкес келмейді.

Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының қозғалуы бірден ауырсынады, жатыр мойнынан қою қанды бөліністер бөлінеді.

Нақты диагнозды қоюға УДЗ және лапараскопия әдісімен жүргізіледі

УДЗ нәтижесінде жатырдан тыс жүктілікте жатыр қуысында үш типті эхографиялық  көрініс:

I тип – эндометрия қалыңдаған деструкция белгілерінсіз (11-25мм);

II тип – жатыр қуысы кеңейген, алдыңғы артқы өлшемі 10нан  26 мм ге дейін, құрамы негізінен сұйық, біркелкі емес гематометридің және күшпен алынған гравидарлық эндометрияның әртүрлі сатысының  нәтижесінде;

III тип – жатыр қуысы бүрілген, М-эхо түрі гиперэхогенді жолақты  қалыңдығы 1,6-3,2 мм.

жатырдан тыс жүктілік көрінісі
Жатырдан тыс жүктіліктің құрсақ қуысындағы көрінісі

 

Сонымен қатар дифференцианалды диагностика жүргізу:

  • Анабез кистасы (жарылу немесе оралуы);
  • Анабез апоплексиясы;
  • Дисфункциональдық жатырлыққан кету.

Дифференцианалды диагностикада жетілмеген немесе үзілген жатырлық және жатырдан тыс жүктілікте жатырды қыру жүргізеді. жатырдан тыс жүктілік үшін қыру  децидуалды тіннің ворсин хорионсыз және  Ариас-Стелла феноменін анықтайды (атипиялық жасушаның эндометриі, ісінумен сипатталады, протоплазманың вакуолизациясы, гиперхромазия, ядролар гипертрофиясы фрагментациясымен); үзілген жатырлық жүктілік кезінде – ұрық клеткасы жартылай немесе қалдықтары, хорион элементтері.

Келесі белгілерге қарап жатырдан тыс түтікшелі жүктілік екенін дәлелдеуге болады.

Жатырдан тыс жүктілік- жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сəйкес келмейді. Цервикальды канал жабық. Жатырдан қанаралас шығынды бір қалыпты мөлшермен ғана бөлінеді. Əдетте қан қошқыл түстес болады. Лапароскопия кезінде түтіктін қалыңдауы, айқын күлгін түсті екені анықталады.

Толық емес жатырлық түсік- Жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне жиірек сəйкес келеді. Цервикальды канал жартылай ашық. Əдетте көп қанкету байқалады, қан ашық қызыл түсті, іркінділері бар болады . Лапароскопия кезінде жатырдың қосалқылары қалыпты екені анықта-лады.

Жатыр қосалқыларының жедел қабынуы- Жатыр көлемі қалыпты Қанаралас шығынды бөлінуі əдетте болмайды. Лапароскопия кезінде түтіктің қалыңдауы қабыну белгілерімен қатар жүріп жатқаны анықталады.

Жедел аппендицит- Жатыр көлемі қалыпты, қанаралас шығынды бөлінуі болмайды. Лапароскопия кезінде жатыр қосалқылары қалыпты екені анықталады.

құсақ қуысындағы жатыр орналасуы

1-жатыр; 2- аналық без; 3-түтікшеде орналасқан жүктілік. Яғни мына жерде жатырдың емес, керісінше түтікшенің үлкейіп келе жатқанын байқаймыз. Бұл дегеніміз жатырдан тыс түтікшелік жүктілік.

Емі:

Түтікшені алып тастау (тубэктомия). Кейбір  жағдайда репродуктивті  функцияны сақтау үшін консервативті –пластикалық  операциялар  жасайды:

  • milking(выдавливание  плодного  яйца);
  • туботомия-түтікті  тілу;
  • Түтікше  сегментінің резекциясы;

Тубэктомияға  көрсеткіші:

  • егер жүктілік түтікшеде  қайталанса;
  • түтіктегі  тыртықтың  өзгерісі;
  • түтіктің  жыртылуы;
  • ұрық  жұмыртқасының  диаметрі 3.0 ден жоғары болса;

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік
  2. Жүктіліктің екінші жартысындағы бір апталық тамақтану тәртібі

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!