Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері

Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы

Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлері.

Адам денсаулығы – бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы ” заңында жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:

  1. амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
  2. ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
  3. здравпункт – МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
  4. емхана – келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация – аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау – бойынша жұмыс жүргізеді;
  5. диспансерлер – диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
  6. жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
  7. әйелдер консультациясы – гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
  8. жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.

Стационардың турлері:

  1. аурухана – медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
  2. госпиталь – әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
  3. клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
  4. шипажай – науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.

Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана – бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.

Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.

Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типтегі мекемелер.

Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:

  • Емхана
  • Амбулатория
  • Мед сан бөлім
  • Емдік пункттер
  • ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
  • Диспансер
  • Әйелдер консультациясы
  • Жедел жәрдем станциясы

 Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:

  • Аурухана
  • Клиника
  • Госпиталь
  • Санатория мен курорттар
  • Мед сан бөлім
  • Хоспис

Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.

Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде сақталады.

Аурухана қабылдау бөлімі
Қабылдау бөлімі

Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.

Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.

Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.

Аурухана кез келген уақытта емдеуді және күтімді талап ететін науқастарға арналған емдеу мекемесі. Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен және шаруашылық бөлімінен тұрады.

Госпиталь– әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.

Клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме.

Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы минералды суы бар және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.

Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық паллиативты көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын көтеруге көмек береді.

Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің көпшілігін мейірбикелер алады. Олардың негізгі бағыттары:

  • Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және ағзаның физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдарды алу, түрлі манипуляцияларды жасау мен дәрі құю.
  • Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын жүргізу, ауру науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
  • Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
  • Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу: лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау, ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
  • Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
  • Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
  • Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
  • Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек екендігін түсіндіреді.
  • Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
  • Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Хирургия бөлімінің функционалды диагностика кабинеті
  2. Науқастарды бөлімшеге тасымалдау түрлері, ережелері
  3. Аурухананың қабылдау бөлімі

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!