Білек пен қол ұшының клиникалық анатомиясы

Білек пен қол ұшының клиникалық анатомиясы.Білек пен қол ұшын іріңді. Қабынбалы аурулары кезінде жасалатын операциялар

Білек аймағы

Шекарасы: жоғарғы жағынан иық сүйегінің айдаршықтарынан екі елі жоғары жүргізілген сызық арқылы, төменнен-шынтақ және кәрі жілік сүйегінің біз тәрізді өсінділерінен 1 см жоғары өткізілген сызық арқылы шектелген. Сүйек-байлам негіздерін к»рі жілік пен шынтақ сүйектерін байланыстыратын сүйек арасының жарғақтары құрайды.

Білектің алдыңғы бетінің қабаттары:

  1. Терісі жұқа және қозғалғыш.
  2. Беткі шандыр нашар дамыған.
  3. Меншікті шандыр /fascia antibrachii/ аймақтың сыртқы бөлігінде жақсы дамыған. Жоғарғы бөлігінде одан бұллшық етке және тамыр-жүйке шоғырларына қынап түзеді.
  4. Бұлшық еттері төрт қабат болып орналасқан. Бірінші қабатта сырттан ішке қарай m. brachioradialis /иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің сыртқы жиегінен басталып кәрі жіліктің processus stylodeus-нің үстінде бекітілген/, сосын m. pronator teres /иық сүйегінің ішкі айдаршығынан және septum intermusculare mediale-дан басталып кәрі жіліктің ортаңғы бөлігіне бекітілген/, flexor carpi radialis /epicondylus medialis-тен басталып ІІ және ІІІ саусақ сүйектерінің негізіне бекітіледі/, m. palmaris longus epicondylus medialis-тен басталып алақан апоенврозына жалғасып, бұл қабатта m. flexor carpi ulnaris /epicondylus medialis humeri және olecranon-тен басталады/ os pisiforme-ке бекітіледі /ішкі жақта жатады/. Екінші қабат беткі бүккіш бұлшық еттерден-m. flexor digtorum brevis /epicondylus medialis humeri және білек сүйектерінен басталып, ортаңғы фалангтың негізіне бекітіледі/ құралған. Үшінші қабатта: сыртында m. flexor pollicis longus /кәрі жіліктің алдыңғы бетінен басталып және membranae interosseae жанасып өтіп бас бармақты соңғы фалнагісінің негізіне бекітіледі/, ішкі- m. flexor ligitroum profundus шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып және membranae interosseae бөлігіне жанасып, ІІ-V саусақты соңғы фалангісінің негізіне бекітіледі. Төртінші қабат-m. pronator guadratus /білектің төменгі бөлігінде шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, осы деңгейде кәрі жіліктің алдыңғы бетіне бекітіледі/ құралған.
  5. тамырлар мен жүйкелер- а. radialis екі венамен,a.ulnaris екі венамен

Білектің алдыңғы бетінің клетчаткалық кеңістіктері

Білектің тамыр-жүйке шоғырымен бірге борпылдақ клетчатка жатады. Ол бұлшық ет арасындағы аралыққа да кіреді. Білектің төменгі білекзіктің шекарасында орналасқан парон клетчаткалық  кеңістігінің практикалық маңызы зор. Оны Каневэл білектің үлкен клетчаткалық кеңістігі деп атаған. Ол артынан шаршы пронатормен және алдынан саусақтың терең бүккіш бұлшық-етімен шектеліп жатады, оны артқы қабырғасын сүйек арасындағы жарғақтың төменгі бөлігін құрайды. Кәрі жілік және шынтақ синовиальды сумкалары зақымдалғанда ірің парон кеңістігіне ағады. Оған ¼ литрдей ірің сияды. Парон кеңістігінің кең бөлігі білезіктен 5 см қашықтықта орналасқан. Оның беткей жататын бөліктері кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінің алдыңғы бетінде орналасқан.

Білектің артқы бетінің қабаттары

  1. Терісі қалың, шашпен жабылған.
  2. Тері асты клетчаткада беткей тамырлар мен жүйкелер орналасқан.
  3. Беткі шандыр.
  4. Білектің меншікті шандыры бұлшық еттерге қынап түзеді.
  5. Бұл жердің бұлшық еттері екі қабаттан тұрады: беткі және терең.

Беткі қабатта mm. extensop carpi radialis longus, extensop carpi radialis brevis, extensop digitorum communis, extensop digiti , ext carpi ulnaris терең қабатта m. supinator, abductor pollicis longus, extensop pollicis brevis, extensop pollicis longus, extensop indicis proprius жатады.

Бірінші қабаттың бұлшық еттері иық сүйегінен басталады. Оның сыртқы айдаршығынан, ал басқа бұлшық еттер білек сүйектерінен басталады. M. supinator-дан crista шынтақ сүйегінен және жартылай иық сүйегінің сыртқы айдаршығынан басталады. M. externos carpii radialis longus II саусақ сүйегінен, brevis III саусақ сүйегіне,   м. externos carpii ulnaris V саусақ сүйегіне бекітіледі. M. abductor pollicis longus I саусақтың сүйегінің негізіне бекітіледі.

Алақан сүйекті аймағы

Алақанның бүйір бөліктері бас бармақтың және кішкентай саусақтың бұлшық еттерінен құралған төмпешіктен тұрады. Ортаңғы бөлігі ойысша тәрізді және бүккіш және терең бұлшық еттердің /құрт тәрізді және сүйек аралық бұлшық еттер/ сіңірлері құрайды.

Қабаттары:

Терісі тығыз және жәй қозғалады, өйткені алақан апоневрозының фиброзды талшықтарымен байланысқан.

Тері асты клетчаткасы, онда нашар дамыған веналар, thenar және hyppthenar-тің алақан тармақтары өтеді.

Алақан апоневрозы. Ортаңғы бөлігінде тығыз, ал бүйір бөліктерінде нашар дамыған. Ол m. palmaris longi сіңірлерімен бірігетін беткей көлденең талшықтардан тұрады және терең көлденең талшықтардан тұрады және апоневроздан терең сүйек аралық бұлшық етін жауып тұратын терең алақан шандырынан көлденең талшықтар шығады. Осының нәтижесінде үш арна пайда болады: екеуі бүйірлік /бұлшық ет/ және біреуі бір ортаңғы /сіңірлі/. Апоневроздың астында алақанның жоғарғы бөлігінде lig. carpi transversum жатады. Ол екі жапырақшадан беткі және терең тұрады. Оның беткей жапырақшасы os naviculare және os pisiforme және hamatum арасында тартылады. Ол терең жапырақшасы білезік сүйектерін жауып тұрады. Осының нәтижесінде остефиброзды өзек түзіледі, одан саусақтарды бүгетін сіңірлері /m. flexor digitorium brevis, profundus және pollicis longus және n. medianus өтеді.

Аймақтың бұлшық еттері. Thenar бұлшық еттеріне төрт бұлшық ет жатады. M. abductor pollici brevis /бетіне жақын жатады/, одан терең m. apponens pollicis /сыртында/ және m. flexoe pollicis brevis /сіңірлері/ екі бастың арасында бас бармақты бүгетін бұлшық еттің ұзын сіңірі өтеді, одан да ішкері қарай m. adductor pollicis орналасқан. Hypothenar бұлшық еттеріне көлденең орналасқан бұлшық ет m. palmaris brevis, m. adductor, flexor және opponeus digiti V жатады.

Алақан мен саусақтардың синовиалді қынаптары

Саусақтарды бүгуші бұлшық ет сіңірлерінің синовиалды қынабы болады. ІІ, ІІІ және ІV саусақтардың дисталды шекарасы саусақ бақайшығымен, оның негізінен табылады, проксималды шекарасы-алақан сүйектерінің басы маңайында орналасқан.

Әр бір қынапта беткей және терең саусақтарды бүгуші бұлшық еттің сіңірлері жатады. І және V саусақтарға қарағанда, мұнда синовиальды қынаптың сіңірге қатынасы әлде қайда күрделі. Бұл қынаптар бүгуші бұлшық еттің сіңірлері тек саусақ бойында ғана қоршап қоймайды, сонымен қатар алақан-білезік аймақтарында орайды, сирек жағдайларда ғана бұл қынаптың саусақтық бөлімі алақан бөлгіштерімен бөлінеді. Қынаптың алақандық бөлімі синовиалды қапшық ажыратылады: радиалді және ульнарлы. Радиалді қапшықта бір сіңір жатады-бас бармақтың бүккіш бұлшық етінің сіңірі, ульнарлы қапшықта V саусақтың бойында кішкентай саусақты бүккіш бұлшық еттердің екі сіңірі жатады, ал жоғарғы жағында, яғни білезік аймағында бұны ІІ, ІІІ, IV саусақтардың бүккіш бұлшық еттерінің сіңірлерінің проксималды бөлігін қосып алады, сонымен қатар жалпы алғанда 8 сіңір кіреді: төртеуі беткей, төртеуі терең жатқан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері. Қол басының проксималды бөлімінде екі қапшықта-радиалды және ульнарлы, lig. carpi transversum-нің астында карпалды өзекте орналасады, олардың арасынан – n. medianus өтеді. Білезік аймағында екі синовиалді қапшықта шаршы пронаторда жатады, олардың проксималді шекарасы кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің ұшынан – 2 см жоғары өтеді. Осыған байланысты синовиалді қапшықтардың проксималді соңы білек аймағында орналасады. Кей жағдайда радиалді қапшық білек аймағына ульнарлыға  қарағанда жоғарырақ көрінеді. Шамамен 10 процент жағдайда екі қапшықтың арасында байланыс болады.

Алақанның синовиалді қынабының басқышы болуы сирек емес, кейде үшінші қапшық /сумка/ болуы мүмкін. Ол радиалді және ульнарлы қынаптың артында орналасады, оның сұқ саусақтың сіңірі құрайды. Басқа жағдайда бір жалпы синовиалді қапшық болады, оның құрамында І және V саусақтардың сіңірлері және басқа сіңірлердің де проксималді бөлімі құрады.

Алақан клиникалық анатомиясы

Саусақтар

Саусақтардың алақан бетіндегі терісінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Бәрінен бұрын терінің барлық қабаттарының күшті дамығанын айту керек және І-ші кезекте мүйізді қабатты-мұнда эпителиальды клетчкалар бірнеше, ондаған қатарлармен орналасқан. Мальпигиев және еміздікше қабатының жақсы дамығанының әсерінен мүйізды қабатының қалпына келуінде маңызы үлкен /яғни жарақат немесе қабынау процесі нәтижесінде/. Саусақтардың алақан бетінің терісінде көптеген тері бездері жатады. Түктер мен май бездері болмайды, соған байланысты фрункул сияқты қабыну процесінің болуы мүмкін емес. Алақан бетінің тері асты май қабатында көп мөлшерде май тканьін құралған және олардың пішіндері дөңгелек, мықты фиброзды бөлгіштермен бөлініп тұрады. Бұл қабат көлденең орналасады, яғни терінің еміздік қабатынан бақайшақ сүйек үстіне дейін және бүккіш бұлшық ет тердің сіңірлерінің фиброзды қынабына келеді. Осыған байланысты саусақтың алақан бетінің тері асты май қабатындағы іріңді процес, оның беткей бөлімінде емес, тереңірекке жайыылады. Саусақтардың алақан бетіне қарағанда сыртқы бетінің терісі жұқа, тері асты май қабат әлсіз дамыған. Саусақтардың тері, тері асты май қабатында көптеген лимфалық капиллярлар торы жатады, көбінесе алақан бетінде. Осы тордан шығатын ұсақ тамырлар саусақтардың бүйір бетінде қосылып, 1-2 шығарғыш бағана түзеді. Соңғысы саусақ аралық қатпар аймағында саусақтардың сыртына өтеді. Саусақтардың алақан бетінен ұсақ лимфалық тамырлар саусақ аралық қатпарлар аймағына саусақтың сыртына қарай өтеді.

Лимфалық тамырлардың саусақ сыртына өтуі саусақтардың алақан бетіндегі іріңді процесі кезінде саусақ сыртының ісетіндігімен түсіндіріледі. Практикалық жағынан маңызды болып саналатын-бұл саусақтарда беткейлік лимфалық тамырлармен және қынап сіңірлері мен сүйек қабығының тамырларының арасындағы байланыс. Саусақтардың беткейлік веналары оның сыртқы бетінде жақсы көрінеді. Саусақ артериялары тері асты май қабатынан өтеді және оның бүйір бөлімінде жатады: біреулері /беткі алақан доғасынан/ алақан бетіне жақын күшті дамыған /сыртқы білезік аретрияларынан/. Басқалары –сыртына жақын және әлсіз дамыған. Сыртқы артериялар соңғы шынтақтарға дейін жетпейді, алақандық соңғы шынашақта доға түзеді, одан ұсақ тармақтар шығып тор түрінде саусақтар басында тарамдалады. Саусақ артериялары венамен бірге жүрмейді, саусақтың алақан бетінен қанды жинайтын ұсақ веналар саусақтың сыртына өтеді. Жүйкеленуі: n. medisnus екі жүйкенің n. ulnaris тармақтарымен жүзеге асады: алақанда – n. medianus екі жүйкенің тармақтарымен жүзеге асады: алақанда n. radialis және n. ulnaris, сыртында- пен. Осыған байланысты саусақтардың бөлімінен екі жүйке өтеді, оның біреуі алақан бетіне жақын, басқасы сыртына қарай жатады. Сыртқы жүйкелер ортаңғы шынашаққа дейін ғана барады, алақандық бөлімі соңғы шынашаққа дейін қоректендіреді. Алақан шандыры шынашақтардың бүйір бетіне бекітіледі. Бір жағынан-сүйек үсті қабығына, екінші жағынан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлеріне фиброзды қынап түзеді. Фиброзды қынаптан синовальды қынаппен қоршалған бүгуші бұлшық еттің сіңірлері өтеді. Беткейлік бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері екі аяқшаға бөлініп, ортаңғы шынашақтың денесіне бекітіледі. Терең бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері беткейлік аяқшалардың арасында өтіп, соңғы шынашақтардың негізіне бекітіледі. Жазғыш бұлшық еттердің сіңірлері шынашақ сыртныда дорзальды аапоневрозға өтіп, ортаңғы шынашақтың негізгі бөліміне және жартылай соңғы шынашаққа бекітіледі.

Алақан іріңді процестер кезіндегі операциялар

Күбірткеге операциялық ем жасау

«Күбіртке» дегеніміз саусақтардың спецификалық емес іріңді қабыну ауруларының жиынтығы. Анатомиялық орналасуына байланысты бес топқа бөлінеді: 1. Терілік, 2. тері асты, 3. Сүйектік, 4. Буындық, 5. Сіңірлік. Орналасуына сипатына қарай оперативтік әр түрлі болады.

  1. Терілік күбіртке. Терінің қалыңдығында қабыну процесі орналасады. Эпидермисте ірің көпіршік түрінде сыпырылып түседі. Операциялық әдісті Куперов қайшысы арқылы көпіршікті кесумен және эпидермисті сыпырумен аяқтайды. Ары қарай емдеу жалпы ереже бойынша жүреді.
  2. Тері асты күбіртке. Процесс тері асты клетчаткасында орналасады. Қол басының алақан бетінде және өкшеде дененің басқа жерлеріне қарағанда ерекше құрылысымен ерекшеленеді. Бұл іріңді процестердің ағымына әсер етеді, сонымен қатар операциялық әдістердің тәсіліне де әсер етеді. Алақанның терісі қалың. Тері асты клетчаткасының тығызы болғандығынан теріні қатпарға жинау қиын, ол stratum reticulare corii-ден тығыз дәнекер тканьді бөлгіштер алақан апоневрозымен байланысады және сіңірлі қынаптың қабырғаларына дейінгі тереңдікке өтеді. Бөлгіштердің арасында майлы бөлшектер болады. Негізгі артерияларды /nn. medianus және ulnaris және жүйкелі/ алақанның волярлы бетінде алақандық апоневроздың астында жатады.

Операция әдісі. 1. Операцияны жергіліты  жансыздандырылумен жүргізеді. 2. Түймелі зонд арқылы сипау жолымен некроздың көлемін анықтайды. 3. Алынған мәліметтің негізінде кесудің көлемінен бағытын анықтайды. 4. Жгут салады. 5. Жүйке мен тамырды сақтау арқылы тілік жасайды.

Некроз ошағын толық және кең түрде ашады.

А. Клапп бойынша тілу. Тері асты күбірткесінде тырнақ бақайшығының жұмсақ тканьін тырнаққа қатар етіп доға тәрізді кеседі. Оны тырнақтан 3 см төмен жүргізу керек. Екі кесінді алдыңғы және артқы пайда болады. Кесу арқылы кең жолмен іріңді шығарады.

І және ІІ бақайшықтардың тері асты күбірткелерінде қол басының алақан және сыртқы бетіне өтетін тілік қолданылады. Кесіндінің ұзындығы іріңді жолдың көлеміне байланысты болады.

Б. Тырнақ аймағындағы күбірткелерді Каневэл бойынша кесу. 1. Жгутті саусақтың негізіне салып, Оберст бойынша шеңберлі новокаинмен анестезия жасайды. 2. тілік негізі проксимальды болатын тік бұрышты кесінді пайда болады. 3. Теріні жоғары қайтарып қояды. 4. Тырнақтың зақымдалған бөлігін алып тастайды. 5. Тырнақтың арнасын өткір қасықпен тазалайды. Айтылған тілікті әдістер тері асты күбірткелерінің алғашқы кезеңдеріне ғана қолданылады. Күбірткенің кезеңдері өтіп кетсе жиі байшықтардың осьімен /сүйекті күбіртке/ немесе іріңді артритпен –буынды күбірткемен ашады. Бірінші жағдайда бақайшықтың толық немесе жартылай алып тасталуы керек, екінші жағдайда жаңа пайда болған жағдайда буынды алып тастау керек, ал өтіп кеткен кезеңде саусаққа ампутация жасайды. Тері асты күбірткесінің жиі асқынулары сіңірлі қынаптың іріңді қабынулары /сіңірлі күбіртке/- tendovaginalis болып табылады.

Тендовагиниттер және саусақтардың флегмонасы кезіндегі операциялар

Саусақтардың бүккіш бұлшық еттерінің сіңірлерінің қынабын құрайтын синовиальды және фиброзды қабықшалармен қапталған. Синовиальды қынап екі жапырақшадан тұрады: оның біреуі-эпитенон-сіңірге жабысып тұрады, сыртқы жапырақшасы-перитенон-ішкінің жалғасы –екеуі бірігіп жабық қуысты құрайды. Осы қуыстың ішінде синовиальды сұйықтықтың болуының арқасында саусақтың қозғалысында сіңір жеңіл және еркін жылжиды. Сіңірдің артқы беті мен сүйектің алдыңғы бетінің араснда май клетчаткасымен толтырылған кеңістік орналасқан. Бұл жерден ұсақ тамыр және жүйке талшықтары сіңірге қарай өтеді. Кеңістіктің ішкі және сыртқы бетінен сіңірдің «шажырқайын» құрайтын-мезотенон-синовиальды қабықтың ішкі және сыртқы жапырақшаларының өтпелі қатпарларымен шектелген.

Синовиальды қабықшаның сіңірі мен жапырақшалары сүйектің шеткі бетіне бекітілетін тығыз дәнекер қабықпен қапталған, ол сіңірді бір орнында ұстап тұрады. Бұл қабықшаны vagina fivrosa деп атайды. Осыған байланысты саусақтардың сіңірлері қабырғалары жұмсармайтын жабық қуыста орналасады, сондықтан жиі осы жерде болтаны іріңдеу жағдайында экссудат нәзік ұлпалармен сіңірдің тамырларын қысып езеді, ал бұл қоректенудің құрт нашарлауына, сонымен бірге сіңірдің өлуіне дейін әкеліп соғады.

Сіңірдің қынабының қуысында өтетін іріңдеуді емдегенде, олардың қабықшаларын сатау өте маңызды болып табылады, себебі іріңнің протеолитикалық ферменттерінің әсерінен және мезотенонда өтетін тамырлардың сығылуының салдарына олар жеңіл бір-бірімен бірігіп кетеді, сыртқы жапырақша ішкі жапырақшаның бірігуі саусақтың қимылын тежейді. Сондықтан сіңірлі қынаптардың қуыстарында экссудат пайда болған жағдайда, тілікті ерте жасау ұсынылады. Фиброзды қынаптардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты дененің басқа бөлімдеріндегі тіліктен басқаша тіліктерді жүргізу талап етіледі.

Буынның фаланга аралық аймағындағы сіңірлердің фиброзды қынабында блокты аппарат деп аталатын, қиғаш және көлденең талшықтардың шоғырының нәтижесінде қалыңдау байқалады. Олар фалангтердің бүгілуінде блок тәрізді әсер етеді.Осы аппараттың бұзылуы сіңірдің тері асты клетчаткасы түсіп кетуіне әсер етеді. Соның нәтижесінде саусақтың қозғалысы шектеледі. Сондықтан дұрыс деп саналатын: 1. Саусақтардың алдыңғы-бүйірлік беттерінен тілікті жүргізу, 2. оларды үлкен емес, бірақ фиброзды қабықшалардың блок тәрізді байламдарын зақымдалмауын ескере отырып көбірек тілікті жасау керек. Осыған байланысты ауыр зақымдалмағанда, мысалы: V-тәрізді флегмонада /іріңдеу бас бармақтан сіңірлі қынапты алақанға дейінгі жолмен өтеді, ал осыдан ол кішкентай саусаққа өтеді/, келесі тіліктерді ұсынады. ІІ, ІІІ, І V саусақтарды тілгенде әр бір фалангілердің алдыңғы-бүйірлік бетінен жүргізеді /бірақ кесуді фалангі аралық қатпарларды жүргізуге болмайды/. І және V саусақтарды кесуді тек фалангілердің екі жағынан ғана емес, сонымен бірге осы саусақтардың алақандағы ұзын сіңірлері жолымен жүргізеді. Осындай жолмен алақанның бүйір бөлімдерін іріңнен босатады және дренаж қояды. Саусақтарды бүккіш бұлшық еттердің сіңірлері тобы болатын ортаңғы қапшыққа келетін болсақ, егер ол іріңмен қоршалған болса, іріңнің ағып шығуын білекке екі ітілк жасап шығаруға болады. Оларды m. flexoris digitorum communis sublimis сіңірінің жиектерімен білезік буынынан жоғары жасайды. Егер ірің білектің терең қабаттарын зақымдамаса, m. flexoris digitorum  sublimis және protundus және білек сүйегімен бұлшық еттер /m. pronstor guadratus/ арасындағы терең шандырлы саңлауды ашып дренаж енгізеді. Бұл үшін, саусақты бүккіш бұлшық еттердің терең және беткі сіңірлерінің жиегін айтылған тіліктерден босатады және оларды жауып тұрған терімен бірге алға қарай ығыстырады. Терең бүккіш бұлшық еттердің артқы бетін бөліп және сылып алып, айтылған саңлауға дренажды енгізеді және сонымен қатар радикальды жағынан ульнарлы жаққа тесіп өтеді, бұны іріңді толық шығару үшін жасайды.

Алақанның ортаңғы бөлімінен, сонымен қатар үлкен саусақтың ұзын бүккіш бұлшық етінің сіңірі жолдары /m. flexor pollicis longus тілікті жүргізгенде n. mediani-дің қозғалғыш тармақтарының бас бармақтың қысқа бұлшық еттеріне өтетін, тағы m. opponeus pollicis –ке өтетін жолдарын тексеру керек /кесуге болмайтын зона/, яғни бұл кезде паралич болуы мүмкін.

Алақан  апоневрозын кесіп алып тастау

Кохер операциясын жергілікті анестезиямен жасайды, сонымен қатар иыққа жгут салғанда arcus volaris superficialis-тің зақымдалуы мүмкін.

Операцияның әдісі. 1. Тілікті алақан бетінде IV және V саусақтар осьі бойынша зақымдалған бөліктердің ұзындығындай кеседі. 2. Теріні препараттап шеткері ығыстырып, өзгерген бөліктің апоневрозын ашады. 3. Сіңірлі қынаптарды ашып алмай, алақан апоневрозының астында жатқан жүйкелермен arcus volaris superficialis-ді зақымдап алмай байқап барлық тыртық заттарды мұқият кесіп алады. 4. Аққан қанды әдеттегідей әдіспен тоқтатады. Беткі алақан доғасы зақымдану жағдайында оны байлайды да, жгутті алып тастайды. 5. Теріні түпкілікті тігіп тастайды. 6. Саусақтарды жазылған күйінше 8-10 шы күнге дейін шинді таңғыщ салады.

Ауыр жағдайларда апоневрозды өзгерген терімен қоса кесіп тастауды, ал ақауланған жерді Краузе бойынша пластикалап жабуды Лексер ұсынады. Операцияның сәттілігі саусақтардың ерте белсенді қимылымен жүзеге асады.

І алақан сүйегінен алып тастау /фалангизация/

Бұл операцияны бас бармақты мүшелеп алып тастағаннан кейін жасауға болады. Операция І меткарпальды сүйекті ІІ-ден алып тастаумен аяқталады. Тілікті қол басының алақан және сыртқы жағынан жасайды. Содан соң теріден, тері асты клетчаткадан және беткі шандырдан тұратын кесіндіні алып тастайды. І метакарпальды сүйекті ығыстырып қайшымен m. interosseus dorsalis-ті жартылай кеседі. Осыдан соң І метакарпальды сүйектің ішкі бетін алақан кесіндісімен жауып, теріге тігіс салады. Сыртқы кесінді алақан жағынан ІІ метакарпальды сүйектің ашылған сыртқы бетін жабады.

Метакарпальды сүйектерді ампутация жасау. Көбінесе алақан кесіндісін атипикалық қайырылумен жасайды.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!