Көздегі жас ағзасының аурулары

Жас ағзаларының аурулары. Осы аурулардың негізгі белгісі – көзден жас ағу. Бұл аурулардың себебін анықтау үшін жас ағзаларын қарау, пальпация, өзекше танау колларгол сынамалары, Ширмер сынамасы, жас жолдарын жуу, жас жолдарын   зондпен зерттеу және контрастты заттармен рентгенография жүргізу жатады. Жас шығару ағзалары аурулары ішінде көңіл аударатын жас безінің қабынуы. Дакриоаденит түрлі инфекцияларда эндогенді жолмен жұғады (жалпы – грипп, пневмония, қызылша, қызамық, тиф, жедел ревматизм; одонтогенді, лор ағзалардың аурулары және жиі паротит т.б.). Процесс  жиі бір жақты. Негізгі белгілері: жоғарғы қабақтың сыртқы бөлігінде ісік, қызару, қабақтың формасы S-  тәрізді, құлақ алды лимфа тұйіндері ұлғайған, көз алмасы төмен және ішке қарай ығысқан, диплопия бар.

Дакриоаденит  емі: жалпы ауруларды емдеу; жергілікті ем- құрғақ жылу, УВЧ, СА, АБ, ал іріңдегенде теріні кесіп, іріңді сыртқа шығару және гипертопиялық ертіндіден таңба тағу.

Жас ағу аппаратының ауруларына жататындар: жас нүктесі мен өзектерінің тарылуы, ол созылмалы блефариттердің, конъюктивиттердің және зақымдалулардың салдары. Емі: жас жолдарына зонд енгізу, оперативті ем.

Жас нүктесінің теріс айналуы. Себебі: қабақтың  атониясы,

Емі: оперативті.

Канакулит-жас өзектерінің қабынуы, жиі себебі саңырауқұлақ. Емі: оперативті (өзекті тіліп, бойындағы тығыз түйінді алу).

 Дакриоцистит –жас қалтасының қабынуы. Ересектерде жас-танау өзегінің созылмалы қабынуы (конъюктивит, жиі-ретинит, синусит) салдарынан жас-танау өзегінің тарылуы. Жаңа туған нәрестелерде – жас-танау өзегінің төменгі ұшындағы мембрананың туғанда сақталуы (даму аномалиясы). Дакриоцистит патонезі: жастың ағып кетуі бұзылғандықтан жас қалтасында жас жиналып, іріңді қабыну орын алады. Жас безі балада өмірдің 2 айында жас шығара бастайтындықтан, жастың жиналуы да осы жаста байқалады. Көзден кілегейлі және іріңді бөліністер бөлінеді, көз саңылауында жас тұрып қалады, конъюктива қызарады, жас қалтасын басқанда жас нүктесінен ірің шығады. Дененің температурасы көтеріледі. Басы ауырып, әлсіздік сезінеді, аймақты лимфа тұйіндері ұлғаяды.

Дакриоцистит емі: 1-2 жұмада массаж, көзге альбуцид 30% немесе антибиотиктер ерітіндісін тамызу, нәтиже болмаса, жас жолдарын қысыммен антисептиктер ерітіндісімен жуу, жабындыны тесу ушін жас жолдарына зонд енгізу. Дакриоциститтің асқынуы да болуы мүмкін: жас қалтасының флегмонасы және фистуласы, көз ұясының флегмонасы мен венасының, кавернозды синустың тромбозы, іріңді менингит, наукастың өліп кету қаупі бар.

Жас қалтасының флегмонасы – іріңді инфекцияның қабынған және жұқарған дәнекер қабат арқылы  немесе сирек жағдайда мұрынның қосалқы қуыстарынан жас қалтасының маңындағы клетчаткаға енуі. Клиникалық белгілері: қабақтың ішкі байламы астында тері қызарған, жас қалтасының маңында, мұрын қабақтар мңында пальпация кезінде ауырсыну бар, жас қалтасын басқанда, жас нүктесінен іріңді бөліністер бөлінеді, қабақтар ісінген, конъюктива қуысында ірің бар, қабақтар жабысып қалады, басы ауырып, дене температурасы жоғарлайды; кейінірек флюктуация пайда болады. Тері жұқарып, тесіледі (абсцесс өздігінен ашылады) да ірің сыртқа шығады, фистула қалыптасады (мұрын ішіне қарай) тесілу пайда болады.

Жас қалтасының флегмонасының емі: абсцесстің еміндей. Қабыну белгілері басылғаннан кейін оперативті ем қолданылады-дакриориностомия (ересектерде). Асқынулары-созылмалы іріңді конъюктивит, қасаң қабықтың іріңді жарасы, көз ұясының флегмонасы, синус каверноздың, көз ұясының венасының тромбозы, іріңді менингит, наукастың өліп кетуі.

Болжамы: операциядан кейін жастың өзектермен әкетілуі қалпына келеді, қайта операция; тиімсіз болған жағдайларда экстирпация (жас қалтасын және грануляциялық тіндерді алып тастау), келесіде рентген терапия.

Созылған дакриоциститте (ересектерде)– қабыну белгілері жоқ, жас қалтасы тұсында ісік, жас қалтасын басқанда, жас нүктесінен ірің бөлінеді; өзекше сынамасы жиі (+), танау сынамасы(-); жас жолдарын жуғанда жуынды су мұрынға бармайды. Мұндай науқастың негізгі шағымдарының бірі болып, көзден өздегінен еш ауырсынусыз жас ағу болады.

Ересектер дакриоциститі емі: оперативті ем (дакриоцисториностомия), яғни жас қалтасы мен мұрын қуысы арасында өзек салу.

Анықтау тәсілдері:

  • сырттай қарап, сипаттама беру,
  • жас жолдарының өтімділігін анықтау мақсатында колларгол сынамаларын жүргізу,
  • жас жолдарын жуу,
  • жас жолдарын зондпен зерттеу,
  • контрастты заттармен (30 % йодлипол, верографин және т.б.) R-графия.

Рентген зерттеулер 2 проекцияда жасалады және жас жодарының өтімділігі, мұрынның қосалқы қуыстары туралы  толық мәліметтер береді. Жас безінің жағдайы туралы мәліметті  Ширмер сынамасы (мөлшері 0,5 х 3 см қағаздың 5 мин ішінде жаспен сулану ұзындығы, ол қалыпты жағдайда 15 см) береді.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!