Өңеш дивертикулы

өңеш дивертикулыӨңеш дивертикулы деп осы ағза қабырғасының көкірек қуысына мөшек тәрізді кеңейіп, шығып тұруын айтады. Жалпылама рентген тексеруі бойынша осы ауру ТМД бойынша 2% ересек адамдарда бар.

Өңеш дивертикулы жіктелуі: 

  • Пайда болуына байланысты: туа пайда болған, жүре пайда болған;
  • Даму механизімі бойынша: пульсионды, тракционнды;
  • Орналасуына (локализациясына) байланысты: жұтқыншақ-өңештік (ценкеровский), бифуркационды, диафрагма үстілік;
  • Құрылымына байланысты: нағыз, жалған;

Өңеш дивертикулы патогенезі:

Пульсионды өңеш дивертикулы өңештің қабырғасының кеңеюінен (выбухание) пайда болады. Оның себебі өңеш ішілік қысымның әртүрлі себептерге байланысты жоғарылауы.

Тракционнды өңеш дивертикулы өңештен өспе тәрізді құрылымның өсіп шығуымен түсіндіріледі. Ол негізінен қабыну әрсеінен болып, өңеш пен басқа органдар (лимфа түйіндері, өкпе түбірі, трахея бифуркациясы) арасында орналасады.

Жұтқыншақ -өңештік және диафрагма үстілік дивертикулдар негізінен пульсионды болып келеді. Себебі олардың пайда болуы өңештің төменгі және жоғарғы сфинктерінің қысымының жоғарылауымен түсіндіріледі. Ал бифуркационнды дивертикулдар болса, тракционды түрде дамиды.

Нағыз деп қабырғасы барлық өңеш қабырғасынан құралған дивертикулды айтады. Ал жалған деп бұлшықет қабаты жоқ дивертикулдарды айтады.

Өңеш дивертикулы клиникалық көрінісі:

Жұтқыншақ -өңештік дивертикулдар ұзақ уақыт бойы еш көрініс бермей келуі мүмкін. Көлемі үлкейген сайын, оның қуысына тағам түсіп, ол өңештің өзін қысып, дисфагияны (тағам өтудың қиындауы) шақырады. Сонымен қатар, ауыздан жағымсыз иіс шығу да байқалады. Мойын аумағында кездесетін үлкен көлемді дивертикулдарда эластикалық томпаю байқалады. Оған басып қысым түсіретін болсақ, қыжылдау байқалады. Сирек жағдайда ентігу, жүрек соғысының жылдамдауы, мойын веналарының кеңеюі, дауыстың өзгеруі, Хорнер синдромы көрініс береді.

Өңеш дивертикулыМойын аймағындағы өңеш дивертикулы кезіндегі үлкею

Бифуркационнды жәнеэпифренальді дивертикулдардың кіші көлемдері негізінен еш симптомсыз өтеді, оларды рентген түсірілімінен анықтайды. Көлемі үлкейгенде төс сүйегі артында және белде ауырсыну, гиперсаливация (сілекейдің көп бөлінуі), кекіру пайда болады.

Дивертикулдың асқынуына дивертикулитті жатқызады. Ол өз кезегінде дивертикулдың перфорациясына (тесілу) алып келіп, көкірек қуысында ішіндегі ішіген тағамның төгілуіне себеп болады. Мұның әсерінен медиастинит (көкірек аралық қабынуы) туындайды. Сонымен қатар өңештік- респираторлы жыланкөздер пайда болады. Дивертикулит себебінен қан ағу туындайды. Сирек жағдайда дивертикул перфорациясы жоғары қуысты венаға, өкпелік артерияға, аортаға шығып, өмірге қауіп тудыратын қан ағуға алып келеді.

өңеш дивертикулыөңеш дивертикулының көлемдері

Дивертикулды анықтауда және диагностикасында жетекші орынды өңешті рентгенконтрасты зерттеу болып табылады. Оны арқасында дивертикул орналасуын, формасын, өлшемін анықтауға болады. Эзофагоскопиялық зерттеу де дивертикулды анықтап, оның әртүрлі асқынуларын анықтауға септігін тигізеді.

Өңеш дивертикулыӨңеш дивертикулы кезіндегі рентгенконтрасты затпен түсірілім. (дивертикул және қалыпты өңеш)

Өңеш дивертикулыӨңеш дивертикулы (компьютерлік суреттеме)

өңеш дивертикулыөңеш дивертикулы эндоскопиялық зерттеу кезінде. Өңеш маңынан түрлі көлемдегі қосымша қалташалардың пайда болуын көріп тұрмыз

өңеш дивертикулыАсқынып үлкейген өңеш дивертикулы. Эндоскопиялық зерттеу

Өңеш дивертикулының емі:

Өңеш дивертикулы кезінде консервативті ем асқынбаған дивертикул және операцияға қарсы көрсетілімдер болғанда жүргізіледі. Науқасқа тағамды асықпай ішуге, өңеш қабырғасына механикалық, химиялық, термиялық әсер көрсететін тағамдарды азайтуға кеңес беріледі. Дивертикул ішін әрдайым антисептиктер ертіндісімен (калий перманганат, нитрофурал және т.б.) жуу көрсетілген.

Оперативті емді айқын клиникалық көріністер бар науқастарға жасайды. 3 см дейінгі көлемді дивертикулды инвагинациялап, өңеш қуысына кіргізеді. Кейін кисетті немесе жалғыздық тігіспен көлденеңінен тігеді. Егер дивертикулда асқыну немесе көлемі 3 см жоғары болса, дивертикулэктомия жасалады. Ол үшін дивертикулды бөліп алып, кесіп алып тастайды. Пайда болған дефектіні түйіндік (узел) немесе біріңғай (непрерывный) тігіспен тігеді.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!