Мұрын жарақаты, сынуы

Мұрын травмасы, мұрын жарақаты, мұрын сүйегінің сынуы

Сыртқы мұрын зақымдалу және оның қабырғаларының жарасы көбінесе ер адамдарда жас кезінде, спортпен айналысушыларда байқалады. Тері жабыны травмасы көбінесе көгеру, қан ағу, жаралану түрінде көрінеді. Сырттай қарағанда жара тек жеңіл беткей секілді көрінгенімен іштей ол тереңге жетіп, ауыр жарақат екенін естен шығрармауымыз керек. Көгеру және аздап қан кету суық затты басумен шектелсе, жарақат 5% йод ертітіндісімен өңделуі жеткілікті.

Мұрынның ішкі жағындағы жаралар шырышты қабатқа сызат, жарақат болып табылады. Мұндай жараға инфекция түскен кезде ол асқынып, абсцесс және мұрын пердесінің перихондриті болып кетеді.

Мұрын травмасы әртүрлі болып келеді. Оларға сүйек шығуы, сызат (трещина), ығысусыз сүйек шығуы, ығысумен сүйек сынуы жатады. Көп жайдайдағы мұрын травмасында мұрын сүйектері мен аралық перде зақымдалады. Аса қатты травмада тіпті маңдай өсіндісі, жоғары жақ сүйек қабырғалары, мұрын маңыз қойнаулар сүйегі де сынуы мүмкін. Жеңіл түрдегі жарақаттар мұрын маңындағы терінің зақымдауымен ғана шектеліп қойса, ал бұдан ауырлау түрінде жұмасақ тіндермен қоса сүйек, шеміршек зақымдалады. Бірақ кейбір жағдайларда тіпті ауыр жарақаттың өзі сырттай білінбей, жұмсақ тірденді зақымдамай ақ болуы мүмкін. Атылған жарақатта жекелей немесе толықтай мұрын бөлінуімен жүреді. Оның мұрын сүйектерін және оның айналасындағы құрылымдарды зақымдаумен көрінеді. Тікелей тиген оқ, мұрын қуысы сүйектерін жарып, мұрын маңы қойнауларына, одан бассүйек қуысына, мойынға кетеді. Мұндай жағдайда адам бірден өліп кетеді.

Диагностика: Мұрын жарақатын қаншалықты зақымданғанын білу үшін сырттай қарау, пальпация жасау, зондттау, эндоскопия, рентгенографиялық зерттеу әдістеріне жүгіну керек. Айналадағы мүшелерді зақымдауына байланысты лор, окулист, невропатолог қарап, лабараторлы және басқа зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

Травма уақытында науқаста шок, жүрек айну, лоқсу, есін жоғалту көріністері болуы әбден мүмкін. Осы көріністердің әрқайсысы бас миы шайқалуына, кейде бассүйек негізінің сынуына көрініс болып келеді. Науқас басына иммобилизация жасалып, неврологиялық зерттеу жүргізілу керек. Сыртқы мұрыннан қан ағу өздігінен басылып қалады. Бірақ егер қан кету этмоидальді артериядан кететін болса, қан ағу интенсивті болып, тек мұрын тампонадасын жасағанан кейін ғана тоқтайды. Конъюнктивальді және теріастылық қанталауларды (кровоподтеки) көз маңы орбитасындағы қан құйылулардан ажырата білу керек (көзілдік сипмтомы –симптом очков).

Сырттай қарағанда және пальпация (ұстап, басып көргенде) жасағанда бірнеше күнге созылған мұрын тіндерінің ісінуі, үлкеюі байқалады. Мұрынның бір жаққа ығысуы оның сүйектерінің сынуын көрсетеді. Аса жарақ тудырушы жайт, мұрын сүйектерінің ыдырап сынуы. Мұндай жағдайда қолмен мұрынды ұстағанда ол аса қозғалғыш болып, кейде крепитация (сықыр) анықталып тұрады.

Рентгенологиялық зерттеу осы мұрын жарақаты, сынығы жайлы құнды ақпарат береді. Әсіресе айнала тіндер ісініп, қызарып, жұмсарып тұрғанда рентгенге түсіру таптырмайтын зерттеу құралы. Кей жағдайда компьютерлік томография түсіруге де болады.

Мұрын жарақаты емі: сүйек сыну кезінде бірініші көмекті алғашқы тәулікте көрсеткен эффективті болады. Қан ағуды бірден тоқтатуға тырысу керек, себебі ұзаққа созылған қан ағу науқас өміріне қауіп төндіреді. Мұрын маңы тіндерінің ашық жарақаты оған инфекция түсу және оның талауына бірден біл жолы екенін ескерсек, бірден науқасқа сіреспеге қарсы сары су енгізу керек. Егер ми шайқалуының 2-3 деңгейі анықталса, мұрын сүйегін салу және хирургиялық емді мүмкіндігінше кейінге қалдыра тұрып, неврологиялық ем жасау қажет. Мұндай жағдайда тек біріншілік хирургиялық өңдеу жасау керек. Бет және мұрын аумағы қанмен жақсы қамтамассыз етілген аумақ болған соң осы жерлер жылдам жазылады. Жараны сутегі асқын тотығымен өңдеп, кептіреді. Жиі орналасқан тігіс салынады. Таңу көп жағдайда жасалмайды.

Мұрын сүйектері ығысқан болса оны орнына саусақпен итеріп, немесе арнайы инструментпен (мұрын элеваторымен) орнына келтіреді.

Кей кездерде мұрын аумағындағы үлкен аумақты алған жарақатта сүйекті салып қана қоймай, бет пішінін қалпына келтіру де маңызды.Сыртқы мұрын конфигурициясын орнына келтіру маңызды іс болып тұрады. Бұл кезде мұрын жарақаты жазылған соң, аутопластикалық операция арқылы сыртқы мұрын пішінін қалпына келтіреді.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!