Жоба жайлы

Құрметті KazMedic.org сайтының қонақтары -сіздерді біздің қазақ тілді медициналық сайтымыздан көргенімізге қуаныштымыз.

kazmedic.org сайты

  • Біздің сайтымыз KazMedic.org толықтай қазақ тілінде медициналық материалдарды жариялайтын, алғашқы портал болып табылады.
  • Сіздің медицина тақырыбына жазылған кез келген материалыңызды біз, өз сайтымызға қуана жариялауға дайынбыз. Өз интеллектуалды еңбегіңіздің осы сайтта авторын (сізді) көрсете жариялансын десеңіз біздің поштамызға жазыңыз, немесе Жеке кабинет арқылы орналастырыңыз. Сіздің материалыңыз қазақ тілді медициналық ақпараттарды дамытуға үлесін қосады деген сенімдеміз.
  • Сонымен қатар сайттағы барлық материалдарды өз жұмысыңызда, реферат, СӨЖ, дипломдық жұмысты жазғанда дереккөзін (KazMedic.org сайты деп) көрсетіп ақылы түрде, еркін, еш шектеусіз пайдалана аласыз.
  • Біздің медициналық сайтымыз KazMedic.org кез келген бағытта серіктестікке ашық. Біз медициналық оқу орындарының студенттері, ұстаздары, сонымен қатар ЖОО әкімшілімен серіктестік орнатуға әрдайым дайынбыз.
  • Сайтта жарияланған барлық медициналық материалдар тек оқу, білім алу мақсатында жазылған. Деректерді емдік мақсатта пайдаланбас бұрын өз дәрігеріңізбен кеңесуіңіз керек.

Ең жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Жаңадан ашылған KazMedic.org  сайты қандай аудиторияға бағытталған:

  • Жауап: KazMedic.kz сайты Қазақстандағы ең алғашқы болып студент медиктерге, интерн, резиденттерге, дәрігерлерге, медицина жайлы терең ақпаратты білгісі келген адамдарға бағытталған мемлекеттік тілдегі ақпараттық портал болып табылады.

Сұрақ: Сайт мақсаты қандай?

  • Жауап: сайт қазақ тілінде оқитын студент медиктерге қазақша оқу материалдарын ұсынады. Себебі ұшы-қиыры жоқ ғаламторда бір де бір қазақ тілінде материал беретін медициналық сайтты таппайсыз. Біз ең алғашқы болып осы істі қолға алып, қазақ студенттеріне оқуды жеңілдетіп, қысқа әрі нұсқа материалдарды бір сайтқа жинап отырмыз. Сонымен қатар біздің мақсатымыз жай ғана қазақ тіліндегі материалды салып қана қоймай, оны қарапайы, түсінікті, қысқа етіп жариялау. Тек қана көшіріп алып, жаттап алуға емес, есте қаларлықтай қылып негізгі ақпарат өңдеуден өтеді.

Сұрақ: KazMedic.org сайтын кім жасаған?

  • Жауап: Жалпы бұл сайт медицина саласында оқитын, қызмет ететін энтузиаст жастар күшімен дамытылған. Елім деп жүрегі соққан жастар, қазақша медицинаны дамыту үшін өздері үлкен ақпараттақ қорды жинап, барлығына да қолжетімді етіп сайт ашу, қазақша Медициналық википедия құру ойы ұсынылған болатын. Бұл бастаманы 2014 жыл соңында сайт негізін қалаған Жасұлан Шынтаев қолға алды. Бас кезінде сайт KazMedic.kz атауымен белгілі болып, тек 2017 жыл ортасынан бастап жастар қалауымен KazMedic.org халықаралық атауға ие болып, сайтқа тіркелу мүмкіндігі пайда болды. Осы уақыттан бастап сайтты құруға атсалысқан белсенді жастар ғана емес, кез келген адам тіркеліп, бұл қозғалысқа ат салыса алады.

Сұрақ: Неліктен сайттағы ақпарат ақылы түрде (500 тг) ?

  • Жауап: Жалпы сайттағы кез келген материал еркін қарауда орналастырылған. Басқа сайттар секілді біз ақпаратты шектеп, оны оқу үшін ақша сұрамаймыз. Білім аламын дейтін адам үшін, материал әрдайым ашық. Тек өз жұмысына қолдану үшін ғана біз ақпаратты жазып алуды ақылы қылдық. Неге десеңіз осы арқылы біз сайттың жұмысын сақтап қала аламыз. Біздің сайтқа мемлекет тарапынан да, ешбір демеушілер тарапынан да көмек жоқ. Сондықтан біз материалды бар болғаны 500 тг. сайт жұмысын сақтап қалу үшін еріксіз түрде орналастырдық.

Сұрақ: Сайтта жарияланған материалдар қайдан алынады?

  • Жауап: Біз сайтқа материалды жариялау үшін оны әртүрлі оқулықтардан, электронды материалдардан аламыз. Сайтта жарияланатын материалдардың басым көпшілігі орыс тіліндегі оқулықтардан алынады. Сонымен қатар сайтта оқу кезінде студенттердің өздерінің жазған “ауру тарихы”, Өздік жұмыстары (СӨЖ) жарияланады.

Сұрақ: Мен өз жұмысымды (СӨЖ, ауру тарихы) не мақаламды сайтқа жариялай аламын ба? 

  • Жауап: Әрине. Біздің сайтымызға кез келген адам өз материалын жариялай алады. Ол үшін біздің сайттан блог ашып, Жеке кабинеттегі материал жазу атты бөлім арқылы материалды сала аласыз. Сонымен қатар өз материалыңызды kazmedic@mail.ru поштасына құжат ретінде жіберсеңіз де болады. Қысқа уақытта сіздің материалыңызды сайт әкімшілігі тексеріп (мағынасы, грамматикалық қателер, ақпарат растығы) сайтқа қояды.

Сұрақ: Сіздермен қалай байланыса аламын?

  • Жауап: Барлық байланыс жайлы ақпарат мына бөлімде жазылған. Кез келген сұрақ бойынша, кез келген уақытта хабарласыңыз. Сізге міндетті түрде жауап беріледі.

Сұрақ: мен сайттағы материалдардан қате таптым (грамматикалық, мағыналық)

  • Жауап: Бізбен байланыс бетіндегі байланысу үлгісін толтырып, хаттың ішінде сол материалдын сілтемесін (ссылка) жазып, дәл қай жеріндегі қате екенін көрсетсеңіз сізге алғысымыз шексіз болады =)

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!