Аурухана ішілік инфекция

Аурухана ішілік инфекция (немесе нозокомиальды, госпитальды) – дегеніміз бұл науқастың  ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы.  Көбінесе  үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады..

Медициналық қызметкері жұмыс  істеу барысында қадай да бір жұқпалы аурумен ауырып қалуы (кәсібіне байланысты) да осы топқа жатады. Науқас ТЕК ауруханада ғана емес сонымен қатар басқа да  емдеу мекемелеріне ем алу немесе тексерілу  мақсатыменбаруы кезінде ауруханаішілік инфекцияны жұқтырып алуы  мүмкін

Аурухана ішілік инфекция бұл бүкіл әлемде күрделі мәселе тудырып отыр. Мысалы, АҚШ-та АІИ-дан жыл сайын 90 мың американдық өледі. Германияда жыл сайын 450-650 мың госпиталды инфекция жағдайы тіркеліп, оның шығыны 3 млрд еуроны құрап отыр. Францияда 2001 жылы 4 млн астам ауруханада емделу күндерді болуын, яғни науқасты емдеудегі артық қаржы кетудің себебін медицина қызметкерлерінің «қолдарын дұрыс жұмауынан» деп есептейді.

Аурухана ішілік инфекция этиологиясы

АІИ-ны шақыратын қоздырғыштар саны 300-ден артық, олардың құрамына патогенді және шартты патогенді флоралар кіреді.

Ең жиі кездесетін АІИ-ларға жатады:

  • Грам оң коккты флора:Стафилококктар (алтын, эпидермальды), Стрептококктар (пиогенді, энтерококк, пневмония шақыратын).
  • Грам теріс таяқшалар: энтеробактер туыстығы және көк іріңді таяқша.
  • Шартты патогенді және патогенді саңырауқұлақтар: ашытқы тәрізді кандида, терең микоздардың қоздырғыштары.
  • Вирустар: жай герпес (ұшық) және жел шешек қоздырғышы, аденовирустар, тұмау, парагрипп, паротит, РС-инфекция, энтеровирустар, риновирустар, ротавирустар, т.б. инфекциялар.

Аурухана ішілік инфекция көзі:

  1. Ұзақ уақыт тасымалдаушы болған және сырқаттардың жасырын түрімен ауырып жүрген медицина қызметкері
  2. Стационарда ұзақ уақыт емделіп жатқан науқастар. Олар өте төзімді АІИ штаммының тасымалдаушысы болады.

АІИ-ның берілу жолдары мен факторлары

  • Ауа-тамшылы (аэрозольды)
  • Сулы-алиментарлы.
  • Тұрмыстық-қатынастық.
  • Жарақаттан кейінгі инфекция.
  • Басқа формалары

Құрал жабдық арқылы жұғу:

  1. инъекциядан кейінгі
  2. операциядан кейінгі
  3. босанудан кейінгі;
  4. қан құюдан кейінгі
  5. эндоскопиялы тексеруден кейінгі
  6. трансплантациядан кейінгі
  7. Гемодиализден кейінгі;
  8. Геморбциядан кейінгі

Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі

  • Қоздырғышына байланысты: облигатты-патогенді және шартты патогенді.
  • Ағымының ұзақтығы мен ерекшелігіне байланысты: жедел, жеделдеу, созылмалы.
  • Ауырлығына байланысты: ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл түрі

Таралуына байланысты:

Жайылмалы инфекция: бактериемия (виремия, микемия), сепсис, септикопиемия, ИТШ.

Жергілікті инфекция:

  1. тері және тері асты инфекциясы.
  2. респираторлы инфекция.
  3. көз инфекциялары.
  4. ЛОР- ағзалар инфекциясы.
  5. стоматологиялық инфекциялар.
  6. асқорыту жүйесі инфекциялары.
  7. урологиялық инфекциялар.
  8. жыныс жүйесінің инфекциялары.
  9. сүйек және буындар инфекциясы.
  10. ОЖЖ-сі инфекциялары.
  11. жүрек қантамыр жүйесі инфекциялары.

Емдік мекемеде АІИ-мен аурушаңдықтың себептері

Жалпы себептері:

  • Көп мөлшерде инфекция көзінің болуы және таралуына қолайлы жағдай.
  • Пациент ағзасының төзімділігінің төмендеуі.

Қоздырғыштардың қоршаған ортаға, залалсыздандырғыш заттарға төзімді болып алуы
Негізгі себептердің бірі: антибиотиктерді «оңды – солды» қолдана беру. Нәтижесінде көптеген антибиотиктерге төзімді штамдар пайда болады.

Бактериотасымалдаушылықтың туындауы. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері бактериотасымалдаушылығы АІИ-ның негізгі көзі деп есептеледі. Егер тұрғындар арасында St. Aurerus тасымалдаушылары 20-40% болса, ал хирургия бөлімінің қызметкерлерінде 40-85,7% деп есептеледі.

АІИ тууы мүмкін контингенттердің жоғарылауы. Ауруханада емделіп жатқан және емханада ем алушы пациентердің арасында төмендегі топтардың жоғарылауы:

  • қарт адамдар
  • Ерте жастағы балалар ағза қарсылығының төмендеуімен
  • Шала туған балалар
  • Әртүрлі иммунодефицитті жағдайлы науқастар
  • Қолайсыз экологиялық фактордың әсеріне байланысты қолайсыз преморбитті фонның болуы.

Емдік диагностикалық мақсатта инвазивті шаралардың көбеюі. ДСҰ мәліметі бойынша бұл шаралардың 30% негізсіз деп есептеледі.Олардың ең қауіптілеріне жататындар:

Диагностикалық: қан алу, асқазанды, он екі елі ішекті, ащы ішекті зондтау, эндоскопиялар, пункциялар (жұлын ми, төс және т.б. мүшелерді), венесекция, мануальды зерттеулер (вагинальды, ректальды)- әсіресе шырышты қабатта эрозия мен жара болса.

Емдік шаралар: трансфузиялар, инъекциялар, мүшелер мен тіндер трансплантациясы, операциялар, интубация, ингаляциялық наркоз, өкпені жасанды желдету, катетеризация, гемодиализ, аэрозольді ингаляция, бальнеологиялық емдік шаралар

Емдік мекеменің архитектуралық жоспарының дұрыс болмауы, яғни “таза” және “лас” ағындардың қиылысуы, бөлімшелердің функциональды изоляциясының болмауы.

Емдік мекеменің медико-техникалық жабдықталуының нашар болуы, яғни дәрілік заттармен, таңу материальдарымен, инструментермен жеткіліксіз жабдықталуы, ғимарат аумағының тар болуы, вентиляция жұмысының бұзылуы, авариялық жағдайлар,  ыстық, суық судың берілуінің , жылу және электр берілуінің бұзылыстары.

Медициналық кадрлардың жеткіліксіздігі және персоналдың АІИ-ның алдын алу жөнінде дұрыс білмеуі.
Санитарлы пидемиологиялық ережеге сай аурухана ішілік тәртіпті және жеке бас гигиенасын сақтамау.

АІИ-ның алдын алудағы арнайы емес жүйелі шаралар

1. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар:

  • АІИ-ны эпидемиологиялық қадағалау
  • Емдік мекемеде санитарлық – эпидемиологиялық тәртіпті сақтау
  • Бактериотасымалдаушыны науқастар және персоналдар арасынан табу
  • Науқастарды орналастыру нормасын сақтау
  • Емдеу мекемесінде эпидемиологиялық тәртіп жағдайын зертханалық деңгейде қадағалау
  • Антимикробты заттарды дұрыс қолдану
  • Қызметке алғанда толықтай медициналық тексеру жүргізу
  • Науқастар арасында санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу
  • Әрбір ауруханада эпидемиолог қызметін енгізу

2. дезинфекциялық – стерилизациялық шаралар:

  • Химиялық дезинфектанттарды қолдану
  • Дезинфекцияның физикалық тәсілдерін қолдану
  • Камералық дезинфекция
  • Ультра күлгін сәулелендіру
  • Дезинсекция және дератизация жүргізу
  • Ыстық булы, құрғақ ауалы, химиялық, газды, сәулелі стерилизация жүргізу

Аурухана ішілік инфекцияны алдын алу

Медицина қызмекерлерін вакцинациялаудың инфекцияның алдын алуда орны ерекше: мысалы гепатит В, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, полиомиелит, іш сүзегі сияқты сырқаттарға қарсы вакцинацияны медицина қызметкерлері толықтай жоспарлы түрде алу керек.

Қызметкердің тазалығы. күнделікті жұмыстан шығарда душқа не ваннаға жуынуы,шаш пен тырнағының жинақылығы, халатының тазалығы, маскалық тәртіпті ұстану, жөтелу не түшкіру кезінде басын  адамнан басқа жаққа қаратуы, әжетханаға барғаннан кейін қолын жуу  сияқты күнделікті әдеттерді жадыда сақтау керек.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!