Сабақ жоспары

Оқу-тәрбиелік мақсаттары:

  1. Студентерге әскери тәртіп туралы білім беру.
  2. Әскери кафедрада күнделікті оқу процессі барысында взвод және бөлімше командирлерін көтермелеу мен тәртіптік жазалауды қолдануды үйрету.
  3. Студентерді әскери тәртіпті нығайтудағы әскери анттың, жалпы әскери жарғылардың талаптарын пайдалануын тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: практикалық сабақ

Уақыт: 2 сағат (100 мин)

Өткізілетін орны: оқу аудиториясы

Оқу құралдарымен жабдықтары

  1. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының тәртіптік жарғысы. 05.07.2007 ж. № 364

Сабақ өту тәртібі мен оқу сұрақтары және уақыт есебі

№ п/пОқу сұрақтарыОқытушының

 іс-әрекеті

Оқушылардың

 іс-әрекеті

 

Уақыт

(мин)

1.Кіріспе бөлімі5 мин.
 Жеке құрамды тексеремін. Практикалық сабақтың тақырыбы мен өту жоспарын студенттерге жеткіземін. Оқу сұрақтарын және байандаушылардың, оқу сұрақтарын талқылау тәртібін айтып өтімін. 
2.Негізгі бөлім:

1. Әскери тәртіп, оның мазмұны мен маңызы. Әскери тәртіпті нығайтудағы әскери қызметкерлердің міндеттері. Бастықтың бұйрығы оған бағыныштыға Заң.

 

 

2. Сарбаздарға, сержанттарға, офицерлерге қолданылатын көтермелеулер және олардың тәрбиелік маңызы. Сарбаздарға, сержанттарға,  офицерлерге қолданылатын тәртіптік жазалаулар және олардың тәрбиелік маңызы.

Тәртіп бұзу, қияңқылық себептерін білудегі және алдын алудағы бастық жұмысының әдістері.

 

3.Әскери тәртіпті нығайтудағы әскери анттың, жалпы әскери жарғылардың талаптарын пайдалану. Қиянқылық жасаған бағыныштыға әсер ету әдістері. Әскери тәртіпті бұзушының айналасында қоғамдық пікір жасау. Бөлімдегі әскери тәртіпті талдау нәтижелері.

 

Оқушыларды сұрақтарды қою арқылы бағалаймын. Түрлі жағдайлардағы  іс-әрекетері туралы сұрақ қойып бағалаймын.

 

 

Оқушылар жарғылардан сұрақтарды оқып жауап береді.

 

90

30

 

 

 

 

 

30

 

 

 

 

30

 
3.ҚорытындыТақырыптың атауын, оқу сұрақтарын қайталап өтемін. Бағаларды айтамын. Өзіндік дайындыққа тапсырма беремін.Сұрақтарын береді. Өзіндік дайындығына берелгін сұрақтарды жазып алады.5мин

 Кіріспе 

Тәртіптік Жарғы әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу, тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.

Негізігі бөлім:

  1. Бірінші сұрақты талқылауға кірісемін.

Әскери тәртіп, оның мазмұны мен маңызы. Әскери тәртіпті нығайтудағы әскери қызметкерлердің міндеттері. Бастықтың бұйрығы оған бағыныштыға Заң.

  1. Әскери тәртіп дегеніміз – әскери қызметшілердің заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен белгіленген ережелерді қатаң және нақты сақтауы.
  2. Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі болып табылады.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны – Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына шексіз адалдығына негізделеді.

  1. Командирлер (бастықтар) заңнаманың, жалпыәскери жарғылардың, жоғары тұрған әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) бұйрықтарының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, әскери бөлімдерде, кемелерде және бөлімшелерде әскери тәртіпті күнделікті ұстауға міндетті.
  2. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға;

2) әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың, командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын нақты орындауға;

3) әскери қызметтің қиындықтарынан табандылықпен өтуге;

4) қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға;

5) командирлерге (бастықтарға) және бір-біріне құрмет көрсетуге, әскери сәлемдесу мен әскери сыпайылылық ережелерін сақтауға;

6) әділ болуға, әскери істі адал зерделеуге және сеніп тапсырылған қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, әскери мүлікті сақтауға;

7) өзін абыроймен ұстауға, өзі лайықсыз қылық жасамауға және басқалардың оны жасауына жол бермеуге, азаматтардың  ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға жәрдемдесуге міндеттейді.

  1. Әскери тәртіпке:

1) әскери қызметшілерді патриоттық, әскери, адамгершілік және рухани тәрбиелеумен, оларда жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді және командирлерге (бастықтарға) саналы бағынуды қалыптастырумен;

2) әрбір әскери қызметшінің өз міндеттерін және заңнама мен жалпыәскери жарғылардың талаптарын орындауға жеке жауапкершілігімен;

3) әскери бөлімде (бөлімшеде) жарғылық тәртіпті ұстаумен, әскери қызметшілердің күн тәртібін және қызмет уақытының регламентін қатаң сақтауымен;

4) жауынгерлік даярлықты нақты ұйымдастырумен және онымен жеке құрамды толық қамтуымен;

5) командирлердің (бастықтардың) жеке үлгі көрсетуімен және бағынысындағыларға әскери қызмет міндеттерін олардың тиісті орындауы үшін күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын ұдайы бақылаумен, әскери қызметшілердің құқықтары мен жеке қасиеттерін құрметтеумен, оларға үнемі қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестірумен және дұрыс қолданумен;

6) әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар, қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де жағдайлар жасаумен қол жеткізіледі.

  1. Тәртіптік жауапкершілік – әскери қызметшілердің, олар әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапты болатын жауапкершілік түрі.
  2. Әскери қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – әскери қызметшілердің оларға жүктелген міндеттерді құқыққа қарсы, кінәлі орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, әскери тәртіпті, қызметтік этика ережелерін бұзуы, тәртіптік түрде жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауы, сондай-ақ заңдармен белгіленген әскери қызмет өткеруге байланысты шектеулерді сақтамауы.
  3. Тәртіптік жаза (бұдан әрі – жаза) – әскери қызметшілер жасаған теріс қылықтар үшін осы Жарғыға сәйкес осындай құқығы бар командирдің (бастықтың) билігімен оларға қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы.
  4. Тәртіптік комиссия – қызметтік тексеру материалдарын қарау және әскери қызметшінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеу үшін, оны жасаудың мән-жайын жан-жақты, толық және объективті белгілеу мақсатында әскери бөлімде, мемлекеттік мекемеде (бұдан әрі – әскери бөлім) құрылатын тұрақты әрекеттегі алқалық консультативтік-кеңестік орган.
  5. Көтермелеу – әскери қызметшіні тәрбиелеудің және әскери тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылатын оның қызметтік іс-қимылын оң бағалау.
  6. Қызметтік карточка – әскери қызметшінің көтермелеулері мен жазалары туралы мәліметтерді көздейтін белгіленген нысандағы қатаң есептілік құжаты (1-қосымша).

Қызметтік карточка әскери бөлімнің штабында тіркеледі және әскери  қызметшіні ауыстырған кезде жеке ісімен бірге жаңа қызмет орнына жіберіледі.

  1. Қызметтік тексеру – оқиғаның, теріс қылық жасаудың мән-жайын немесе өтініште көрсетілген фактілерді жан-жақты, толық және объективті зерттеу.
  2. Әскери қызметшілерді тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру әдісі болып табылады.
  3. Әскери бөлімдегі (бөлімшедегі) әскери тәртіптің жай-күйіне командир (бастық), оның орынбасарлары және жалпыәскери жарғыларға сәйкес міндеттер мен тәртіптік құқықтар берілген басқа да лауазымды адамдар жауап береді. Олар бағынысындағылардан оның сақталуын талап етуге, лайықтыларды көтермелеуге, бұзушыларды қатаң, бірақ адал жазалауға міндетті.

Жарғылық тәртіпті және заңнама, жалпыәскери жарғылар, командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеген, әскери тәртіпті бұзудың және қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған, оларды жасыруға жол берген командир (бастық) ол үшін осы Жарғыда және заңнамада белгіленген жауаптылықта болады.

  1. Әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери тәртіпті ұстау мақсатында командир (бастық):

1) бағынысындағылардың жеке қасиеттерін зерделеуге, олардың арасында достықты нығайтуға, әскери қызметшілер арасындағы жалпыәскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін қолдауға, әскери ұжымды шоғырландыруға;

2) жеке құрамның моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, бағынысындағы командирлердің (бастықтардың) талаптарды, әскери тәртіпті нығайту міндеттері мен тәсілдерін бірыңғай түсінуіне қол жеткізуге, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі олардың қызметіне басшылық жасауға, бағынысындағыларды тәртіптік практиканы дұрыс қолдануға үйретуге;

3) құқықтық насихатты ұйымдастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуге;

4) әскери қызмет өткеру ережелерінің анықталған бұзушылықтарын дереу жоюға шаралар қабылдауға;

5) бағынысындағы, соның ішінде қызметтен тыс уақытта және демалыстарда болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын қамтамасыз ететін барлық шараларды қабылдауға;

6) бағынысындағыларды заңнама, әскери ант, жалпыәскери жарғылар, командирлердің (бастықтардың) бұйрықтары талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеуге, оларда ар-намыс сезімін, әскери борышын үлгілі орындауға талпынысты дамытуға және қолдауға;

7) әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери тәртіпті, әсіресе әскери қызметшілер арасындағы жарғылық өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушыларға және әлеуметтік әділетсіздік фактілеріне төзбеушілікпен қарауды қалыптастыруға;

8) бағынысындағыларды, олардың жеке басын және ар-намысын құрметтеуге, бағынысындағыларға дөрекілік көрсетуге және оларды  кемсітуге жол бермеуге, олар үшін заңнаманы, жалпыәскери жарғылар мен бұйрықтарды қатаң сақтаудың тұрақты үлгісі болуға;

9) бағынысындағылардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы туралы қамқорлық жасауға, олардың мұқтаждары мен сұраныстарын білуге, олардың қанағаттандырылуына қол жеткізуге;

10) жоғары тұрған командирге (бастыққа) әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі туралы уақтылы және объективті баяндауға;

11) құқық қорғау органдарына әскери бөлімде (бөлімшеде) жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы дереу ақпарат беруге міндетті.

  1. Командирдің (бастықтың) әскери тәртіпті нығайту мен ұстау жөніндегі іс-қимылын бағалаудың негізгі өлшемдері:

1) бөлімдегі (бөлімшедегі) әскери тәртіптің жай-күйі, теріс қылықтардың, оқиғалар мен қылмыстардың саны мен сипаты, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі;

2) командирлердің, олардың орынбасарларының, офицерлер мен сержанттардың (старшиналардың) жеке үлгі көрсетуі, олардың заңнама нормаларын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауы;

3) белсенді құқықтық насихат ұйымдастыру мен жүргізу, бөлімнің басшылық құрамының, бөлімше командирлерінің тәрбие жұмыстарын жүргізуіне қатысу, жұмыстың озық тәжірибесін жүргізу және енгізу;

4) заңнама нормаларын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтау;

5) құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі;

6) жауынгерлік әзірліктің және қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдың жай-күйі, жауынгерлік даярлық процесін ұйымдастыру, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық жоспарларын орындау сапасы.

  1. Әскери қызметшілердің әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқары қызметтен тыс уақытта жасаған және қызметтік іс-қимылымен немесе әскери қызметтің мүдделерімен байланысты емес қылмыстары мен теріс қылықтары үшін командир (бастық) тәртіптік жауаптылықта болмайды.
  2. Әрбір әскери қызметші командирге (бастыққа) әскери бөлімде (бөлімшеде) тәртіп орнатуға және әскери тәртіпті ұстауға жәрдемдесуге міндетті. Командирге (бастыққа) жәрдемдесуден бас тартқаны үшін әскери қызметші жауаптылықта болады.
  3. Командирдің (бастықтың) бұйрық беру құқығы және бағынысындағының командирге (бастыққа) мүлтіксіз бағыну міндеті дара басшылықтың негізгі принциптері болып табылады.

Әскери қызметші ашық түрде бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен, ол теріс қылық жасаған жағдайларда, сондай-ақ әскери қызметшіні дереу уақытша оқшаулауды талап ететін жағдайлар кезінде командир (бастық) реттілік пен тәртіпті қалпына келтіру үшін оны ұстауға және уақытша ұсталғандар үй-жайына кіргізуге және жауапкершілікке тартуға дейін заңнамамен көзделген барлық мәжбүрлеу шараларын қолдануға міндетті. Бұл ретте қару тек жауынгерлік жағдайда ғана, ал бейбіт уақыт жағдайларында – заңнамаға  сәйкес ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкін.

  1. Командирлердің (бастықтардың) тәртіптік құқықтары атқарып отырған лауазымына немесе атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген әскери атағына сәйкес айқындалады (2-қосымша).

Әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар беру, сондай-ақ әскери қызметшілерді теріс дәлелдер бойынша әскери қызметтен босату заң негіздері бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру ережелері) сәйкес жүзеге асырылады.

2.Екінші  сұрақты талқылауға кірісемін.

Сарбаздарға, сержанттарға, офицерлерге қолданылатын көтермелеулер және олардың тәрбиелік маңызы. Сарбаздарға, сержанттарға,  офицерлерге қолданылатын тәртіптік жазалаулар және олардың тәрбиелік маңызы.

Тәртіп бұзу, қияңқылық себептерін білудегі және алдын алудағы бастық жұмысының әдістері.

  1. Көтермелеулер әскери қызметтің міндеттерін адал және ынтамен атқаратын және әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге қатысты қолданылады.

Әрбір командир (бастық) оған осы Жарғымен берілген құқықтар шегінде бағынысындағыларды жетістіктері, ынта-жігері, қызметтегі ерекшеліктері мен парасатты бастамасы үшін көтермелеуге міндетті.

Командир (бастық) өзіне берілген құқықтарды жеткіліксіз деп санаған жағдайда ол ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді аға командирдің (бастықтың) билігімен көтермелеу туралы өтініш жасауы мүмкін.

  1. Ерекше көзге түскен офицерлер жауынгерлік ерліктері және мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде атаулы қарумен наградталуы мүмкін.
  2. Әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ержүректілігі, ерлігі мен батылдығы, бағынысындағы бөлімшелерді, бөлімдерді, әскерлерді үлгілі басқарғаны және мемлекет алдындағы басқа да үздік сіңірген еңбегі, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың жаңа үлгілерін үздік игергені үшін жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирінен бастап және одан жоғары лауазымды адамдар оларға бағынысты әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну туралы өтініш жасауға құқылы.

Көтермелеулерді қолдану тәртібі

  1. Командирлер (бастықтар) көтермелеулерді жекелеген әскери қызметшіге қатысты, сондай-ақ бөлімшенің, әскери бөлімнің (кеменің) барлық жеке құрамына қатысты қолдануы мүмкін.

Көтермелеу түрін айқындаған кезде әскери қызметшінің сіңірген еңбегінің немесе ерекшелігінің сипаты, сондай-ақ оның әскери қызметке деген бұрынғы көзқарасы назарға алынады.

Әскери қызметшінің дәл сондай ерекшелігі үшін тек бір көтермелеу жариялана алады.

  1. Тәртіптік жазасы бар әскери қызметші бұрын қолданылған жазасын алып тастаумен көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы жазаны қолданған командирге (бастыққа), сондай-ақ жоғары тұрған тікелей бастыққа тиесілі болады.

Көтермелеу түрінде бір уақытта тек бір тәртіптік жазаны алып тастау мүмкін болады, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен көтермелеулердің басқа түрлері қолданылмайды.

Командирдің (бастықтың) тәртіптік жазаны өзінің тәрбиелік рөлін атқарса, әскери қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және өз тәртібін әскери борышын адал орындаумен түзесе, оны алты ай өткенге дейін алып тастауға құқығы бар.

  1. Көтермелеу – алғыс жариялау – жекелеген әскери қызметшіге қатысты, сондай-ақ бөлімшенің, әскери бөлімнің барлық жеке құрамына қатысты қолданылады.
  2. Көтермелеу – әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезектен тыс сейілдемеге босату – мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) қатысты қолданылады және әскери қызметшінің мүдделерін ескере отырып, әскери бөлімнің командирі (бастық) белгілеген күндерде жүргізіледі.
  3. Көтермелеу – грамотамен, бағалы сыйлықпен наградтау – барлық әскери қызметшілерге қатысты қолданылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, бұдан басқа, ақшалай сыйлықақымен де наградталуы мүмкін. Грамотамен, бағалы сыйлықпен немесе ақшалай сыйлықақымен наградтау алғыс жариялаумен бір уақытта қолданылуы мүмкін, бұл ретте грамотамен жекелеген әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамы наградталады.
  4. Көтермелеу – әскери қызметшінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындауы туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау – мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты қолданылады, бұл ретте әскери қызметшінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы мақтау қағазы жіберіледі.
  5. Көтермелеу – «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағын беру, әскери атағын мерзімінен бұрын беру, атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір сатыға жоғары кезекті әскери атақ беру – мемлекетті қорғау, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқару немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиет танытқан, жауынгерлік даярлықта және әскери тәртіпті нығайтуда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілерге қатысты қолданылады.
  6. Көтермелеу – әскери қызметшіні әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік Туы (Әскери-теңіз жалауы) жанында түскен жеке суретімен наградтау – мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты қолданылады.

Осы көтермелеу қолданылатын әрбір әскери қызметшіге әрқайсысының сыртқы жағында – кімге және не үшін тапсырылғаны туралы мәтін жазылған екі фотосурет (әскери қызметшілер салтанатты нысанда қарумен суретке түседі) тапсырылады. Фотосуреттің сыртқы жағындағы мәтін командирдің (бастықтың) қолымен және әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталады.

  1. Қарулы Күштердің үздігі кеуде белгісімен жауынгерлік даярлықта (оқуда), қызметтік-жауынгерлік әрекетке жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібі бар әскери қызметшілер наградталады.
  2. 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру – жауынгерлік даярлықта үздік көрсеткіштері бар мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қатысты қызметтегі ынта-жігері мен ерекшелігі үшін қолданылуы мүмкін.

Бөлімшелер (экипаждар, есептоптар) командирлері, взводтар командирлерінің орынбасарлары, роталар (командалар) старшиналары лауазымдарын атқарып отырған мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қысқа мерзімді демалыс жауынгерлік даярлықта, үлгілі әскери тәртіпте және өздеріне бағынысты жеке құрамды тәрбиелеуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген кезде беріледі.

Көтермелеу тәртібінде қысқа мерзімді демалыс жарияланғаннан күннен бастап бір ай мерзімінен кешіктірілмей және көтермелеу жарияланған әскери бөлімде берілуі тиіс.

  1. Көтермелеу – әскери бөлімнің (кеменің) Құрмет кітабына енгізу мыналарға қатысты:

1) жауынгерлік даярлықта үздік көрсеткіштерге қол жеткізген, қызмет өткеру кезінде мүлтіксіз тәртіптілік пен жоғары саналылық танытқан соңғы оқу кезеңіндегі мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне – оларды запасқа шығару алдында, ал әскери (арнаулы) оқу орындары мен оқу бөлімдерінің курсанттарына (оқушыларына, тыңдаушыларына) – оқу аяқталғаннан кейін;

2) Қарулы Күштердегі мүлтіксіз қызметі үшін, сондай-ақ әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге – олардың әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі ішінде қолданылады.

Көрсетілген көтермелеуді жариялаған кезде әскери қызметшіге әскери бөлімнің (мекеменің) Құрмет кітабына әскери қызметшінің тегін енгізу туралы әскери бөлім (кеме) командирінің қолы қойылған мақтау грамотасы тапсырылады, одан басқа мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерінің туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына хабарланады.

  1. Көтермелеу сап алдында немесе әскери қызметшілер жиналысында жарияланады.

Көтермелеулер туралы бұйрықтарды жариялау, сондай-ақ ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.

Көтермелеулер туралы бұйрықты жариялаумен бір уақытта әскери қызметшілерге грамоталар, бағалы сыйлықтар немесе ақшалай сыйлықақылар, әскери қызметшілердің әскери бөлімнің жазылып қойылған Жауынгерлік Туы (Әскери-теңіз жалауы) жанында түскен жеке фотосуреті, Қарулы Күштердің үздігі кеуде белгісі тапсырылады, сондай-ақ туған жеріне немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышын оның үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы жіберілетін хабарламаның мәтіні оқылады.

3-тарау. Теріс қылықтар мен жазалар

  1. Жазалар әскери қызметшілерге олардың теріс қылық жасағаны үшін қолданылады. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жеңіл:

2) елеулі;

3) ауыр.

  1. Әскери қызметшінің елеулі теріс қылықтары, оны жасағаны үшін босату көзделетін теріс қылықтан басқа, әскери қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын әскери қызметші алғаш рет немесе бұрын салынған жазасын алғаннан кейін жасаған теріс қылық болып табылады.
  2. Елеулі теріс қылық оны жасағаны үшін әскери қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жаза қолдануға әкеп соқтыратын ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде бұрын салынған алынбаған жазасы бар кезде алты ай ішінде әскери қызметші қайтадан жасаған теріс қылық болып табылады.
  3. Ауыр теріс қылық оны жасағаны үшін Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес заң негіздері бойынша босату көзделген теріс қылық болып табылады.
  4. Жеңіл теріс қылық жасаған және жаза қолдану мақсатсыз болған кезде командир (бастық) әскери қызметшіге әскери тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы ескерту жасаумен шектелуі мүмкін.
  5. Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі бойынша:

1) сарбаздар мен матростар – жеке құрамның жиналыстарында;

2) сержанттар (старшиналар) – сержанттардың (старшиналардың) жиналыстарында;

3) офицерлер – офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Полктер, бригадалар, оларға тең және одан жоғары сержанттар лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органдарының сержанттар жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Аға офицерлердің теріс қылықтары тек аға офицерлер мен одан жоғарылардың жиналыстарында, жоғары офицерлердің теріс қылықтары – тек жоғары офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

  1. Кейінге қалдыруды күтпейтін ерекше жағдайларда әскери қызметші оның жауапкершілігі туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не әскери қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақтылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.
  2. Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау құқығы берілген командирлер (бастықтар) шеттетеді.

Бағынысындағыны лауазымынан шеттеткен бастық (командир) лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға, сондай-ақ әскери прокуратура органдарына хабарлауға міндетті.

Бағынысындағыны оған жеткілікті негіздерсіз лауазымынан шеттеткен командир (бастық) ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады. 

Жауапкершілікке тарту тәртібі

  1. Теріс қылық жасаған әскери қызметшіге осы Жарғыда айқындалған, әскери қызметшінің әскери атағына және кінәліні тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайтын командирдің (бастықтың) тәртіптік құқықтарына сәйкес келетін жазалар ғана қолданылуы мүмкін.
  2. Әскери қызметшілердің топпен жасаған теріс қылық жасау кезінде жазалар әрбір кінәліге оның жауапкершілік шараларына байланысты жеке қолданылады.
  3. Мас күйде болатын әскери қызметшіге жаза қолдану, сондай-ақ одан қандай да бір түсінік алу ол айыққанға дейін кейінге қалдырылады.
  4. Дәл сол теріс қылығы үшін бірнеше жаза қолдануға немесе бір жазаны басқасымен байланыстыруға, тікелей кінәлілерді жазалаудың орнына бөлімшенің барлық жеке құрамына жаза қолдануға тыйым салынады.
  5. Жаза қолдану теріс қылық жасаған әскери қызметшіні оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жаза қолданылған міндеттерді атқарудан босатпайды.
  6. Егер командир (бастық) бағынысындағы жасаған теріс қылықтың ауырлығын ескере отырып, оған берілген тәртіптік құқықтарды жеткіліксіз деп санаса, ол аға командирдің (бастықтың) билігімен кінәліге жаза қолдану туралы өтініш жасайды.
  7. Аға командирдің (бастықтың) кіші командир (бастық) қолданған тәртіптік жазаны қатаңдық себебі бойынша алып тастауға немесе төмендетуге, егер соңғысы оған берілген билікті асыра пайдаланбаса, құқығы жоқ.
  8. Егер аға командир (бастық) осы жазаның жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келмейтінін тапса, онда кіші командирдің (бастықтың) қолданған тәртіптік жазасын алып тастауға және неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар.

Жаза заңсыз қолданылған жағдайда ол аға командирдің (бастықтың) билігімен алынып тасталуы мүмкін. Өзіне берілген тәртіптік құқықтарды асыра пайдаланған, сондай-ақ заңсыз жаза қолданған командир (бастық) ол үшін тәртіптік немесе өзге де жауаптылықта болады.

  1. Әскери қызметшіге жаза қолдану оны заңмен көзделген жауапкершіліктің басқа да түрлерінен босатпайды.
  2. Әскери қызметшілерге қолданылатын жазалар олар жасаған теріс қылықтың ауырлығына және олардың кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірқатар теріс қылық жасаған немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті топпен бұзуға қатысқан болса, егер теріс қылық жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызметті өткеру уақытында және қызметтік міндеттерді атқару кезінде немесе алкогольдік немесе өзге де мастық күйде жасалған болса, жазаның қатаңдығы арттырылады.

  1. Тәуліктік наряд құрамына кіретін (жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет өткеретін) әскери қызметшіге қызмет өткеру уақытында оның жасаған теріс қылықтары үшін жаза қолдану нарядтан (жауынгерлік кезекшіліктен, жауынгерлік қызметтен) ауысқаннан немесе оны басқа әскери қызметшімен ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.
  2. Әскери қызметшіге жаза қолдану кезінде оның жеке ар-намысын кемсітуге, оған дене және моральдық қасірет келтіруге және оған қатысты дөрекілік көрсетуге жол берілмейді.

2.Үшінші сұрақты талқылауға кірісемін.

3.Әскери тәртіпті нығайтудағы әскери анттың, жалпы әскери жарғылардың талаптарын пайдалану. Қиянқылық жасаған бағыныштыға әсер ету әдістері. Әскери тәртіпті бұзушының айналасында қоғамдық пікір жасау. Бөлімдегі әскери тәртіпті талдау нәтижелері.

  1. Әскери бөлімдегі (бөлімшедегі) әскери тәртіптің жай-күйіне командир (бастық), оның орынбасарлары және жалпыәскери жарғыларға сәйкес міндеттер мен тәртіптік құқықтар берілген басқа да лауазымды адамдар жауап береді. Олар бағынысындағылардан оның сақталуын талап етуге, лайықтыларды көтермелеуге, бұзушыларды қатаң, бірақ адал жазалауға міндетті.

Жарғылық тәртіпті және заңнама, жалпыәскери жарғылар, командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеген, әскери тәртіпті бұзудың және қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған, оларды жасыруға жол берген командир (бастық) ол үшін осы Жарғыда және заңнамада белгіленген жауаптылықта болады.

  1. Әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери тәртіпті ұстау мақсатында командир (бастық):

1) бағынысындағылардың жеке қасиеттерін зерделеуге, олардың арасында достықты нығайтуға, әскери қызметшілер арасындағы жалпыәскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін қолдауға, әскери ұжымды шоғырландыруға;

2) жеке құрамның моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, бағынысындағы командирлердің (бастықтардың) талаптарды, әскери тәртіпті нығайту міндеттері мен тәсілдерін бірыңғай түсінуіне қол жеткізуге, жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі олардың қызметіне басшылық жасауға, бағынысындағыларды тәртіптік практиканы дұрыс қолдануға үйретуге;

3) құқықтық насихатты ұйымдастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуге;

4) әскери қызмет өткеру ережелерінің анықталған бұзушылықтарын дереу жоюға шаралар қабылдауға;

5) бағынысындағы, соның ішінде қызметтен тыс уақытта және демалыстарда болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын қамтамасыз ететін барлық шараларды қабылдауға;

6) бағынысындағыларды заңнама, әскери ант, жалпыәскери жарғылар, командирлердің (бастықтардың) бұйрықтары талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеуге, оларда ар-намыс сезімін, әскери борышын үлгілі орындауға талпынысты дамытуға және қолдауға;

7) әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери тәртіпті, әсіресе әскери қызметшілер арасындағы жарғылық өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушыларға және әлеуметтік әділетсіздік фактілеріне төзбеушілікпен қарауды қалыптастыруға;

8) бағынысындағыларды, олардың жеке басын және ар-намысын құрметтеуге, бағынысындағыларға дөрекілік көрсетуге және оларды  кемсітуге жол бермеуге, олар үшін заңнаманы, жалпыәскери жарғылар мен бұйрықтарды қатаң сақтаудың тұрақты үлгісі болуға;

9) бағынысындағылардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы туралы қамқорлық жасауға, олардың мұқтаждары мен сұраныстарын білуге, олардың қанағаттандырылуына қол жеткізуге;

10) жоғары тұрған командирге (бастыққа) әскери тәртіптің жай-күйі және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі туралы уақтылы және объективті баяндауға;

11) құқық қорғау органдарына әскери бөлімде (бөлімшеде) жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы дереу ақпарат беруге міндетті.

  1. Командирдің (бастықтың) әскери тәртіпті нығайту мен ұстау жөніндегі іс-қимылын бағалаудың негізгі өлшемдері:

1) бөлімдегі (бөлімшедегі) әскери тәртіптің жай-күйі, теріс қылықтардың, оқиғалар мен қылмыстардың саны мен сипаты, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі;

2) командирлердің, олардың орынбасарларының, офицерлер мен сержанттардың (старшиналардың) жеке үлгі көрсетуі, олардың заңнама нормаларын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауы;

3) белсенді құқықтық насихат ұйымдастыру мен жүргізу, бөлімнің басшылық құрамының, бөлімше командирлерінің тәрбие жұмыстарын жүргізуіне қатысу, жұмыстың озық тәжірибесін жүргізу және енгізу;

4) заңнама нормаларын, жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтау;

5) құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі;

6) жауынгерлік әзірліктің және қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдың жай-күйі, жауынгерлік даярлық процесін ұйымдастыру, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық жоспарларын орындау сапасы.

  1. Әскери қызметшілердің әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқары қызметтен тыс уақытта жасаған және қызметтік іс-қимылымен немесе әскери қызметтің мүдделерімен байланысты емес қылмыстары мен теріс қылықтары үшін командир (бастық) тәртіптік жауаптылықта болмайды.
  2. Әрбір әскери қызметші командирге (бастыққа) әскери бөлімде (бөлімшеде) тәртіп орнатуға және әскери тәртіпті ұстауға жәрдемдесуге міндетті. Командирге (бастыққа) жәрдемдесуден бас тартқаны үшін әскери қызметші жауаптылықта болады.
  3. Командирдің (бастықтың) бұйрық беру құқығы және бағынысындағының командирге (бастыққа) мүлтіксіз бағыну міндеті дара басшылықтың негізгі принциптері болып табылады.

Әскери қызметші ашық түрде бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен, ол теріс қылық жасаған жағдайларда, сондай-ақ әскери қызметшіні дереу уақытша оқшаулауды талап ететін жағдайлар кезінде командир (бастық) реттілік пен тәртіпті қалпына келтіру үшін оны ұстауға және уақытша ұсталғандар үй-жайына кіргізуге және жауапкершілікке тартуға дейін заңнамамен көзделген барлық мәжбүрлеу шараларын қолдануға міндетті. Бұл ретте қару тек жауынгерлік жағдайда ғана, ал бейбіт уақыт жағдайларында – заңнамаға  сәйкес ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкін.

  1. Командирлердің (бастықтардың) тәртіптік құқықтары атқарып отырған лауазымына немесе атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген әскери атағына сәйкес айқындалады (2-қосымша).

Әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар беру, сондай-ақ әскери қызметшілерді теріс дәлелдер бойынша әскери қызметтен босату заң негіздері бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелеріне (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру ережелері) сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Жеңіл теріс қылық жасаған және жаза қолдану мақсатсыз болған кезде командир (бастық) әскери қызметшіге әскери тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттілігі туралы ескерту жасаумен шектелуі мүмкін.
  2. Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі бойынша:

1) сарбаздар мен матростар – жеке құрамның жиналыстарында;

2) сержанттар (старшиналар) – сержанттардың (старшиналардың) жиналыстарында;

3) офицерлер – офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Полктер, бригадалар, оларға тең және одан жоғары сержанттар лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органдарының сержанттар жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

Аға офицерлердің теріс қылықтары тек аға офицерлер мен одан жоғарылардың жиналыстарында, жоғары офицерлердің теріс қылықтары – тек жоғары офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.

  1. Кейінге қалдыруды күтпейтін ерекше жағдайларда әскери қызметші оның жауапкершілігі туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не әскери қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақтылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.
  2. Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау құқығы берілген командирлер (бастықтар) шеттетеді.

Бағынысындағыны лауазымынан шеттеткен бастық (командир) лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға, сондай-ақ әскери прокуратура органдарына хабарлауға міндетті.

Бағынысындағыны оған жеткілікті негіздерсіз лауазымынан шеттеткен командир (бастық) ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

Қорытынды;

Өзіндік дайындық сұрақтары:

  1. Көтермелерді қолдау тәртібі.
  2. Көтермелеулерді және жазаларды еспеке алу.

Өңдеген: әскери кафедра аға оқытушысы

капитан                                  М.Ташменов

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!