Ана мен бала денсаулығы

Ана мен бала денсаулығының нашарлауына не себеп?Ана мен бала денсаулығы елiмiздiң басты байлықтарының бiрi. Оған сергек қарау, жауапкершiлiктi сезiну мойынымызға жүктелген мiндет. Бiрақ ара-тұра көрiнiп қалатын кемшiлiктердiң соңғы кезде жиiлеп кеткенi рас. Күзде елдi дүрлiктiрген Шымкенттегi оқиғаның күркiрi құлағында қалған жұрттың сәби өлiмi десе шашы тiк тұратын болды. Ондағы дәрiгерлердiң жауапсыздығы, донорлық препараттың заңсыз саудасы, мемлекет қаржысына қол салудың арты99 жанның 87 сәби мен 12 ананың) ВИЧ инфекциясына шалдығып, 8 сәбидiң өмiрiнiң қиылуына алып келген болатын. Бiрақ кей аймақтардағы ана мен бала өлiмiнiң себебi мүлдем басқа болса да, жүрегi шайлығып қалған елге оңай тимейтiнi анық. Мысалы, Қызылорда облысы ана мен бала өлiмiн ауыздықтау жөнiнен ең артта келе жатқан облыс болып тұр.Бұл туралы жыл басында өткен Денсаулық сақтау министрлiгiнiң кеңейтiлген отырысында ведомоство басшысы Анатолий Дерновой айтқан болатын. Министр негiзiнен республикадағы ана мен бала өлiмi айтарлықтай кемiдi. Бiрақ үш облыстың жағдайы баяғысынша қалыптан өзгермей тұрғанын, соның iшiнде Қызылорда облысынiкi тiптi мүшкiл екенiн жеткiзген едi.Тарқата айтсақ, статистикалық мәлiметтерде дүниеге келген 1000 сәбидiң iшiнде өлiм көрсеткiшi өткен жылы 2005 жылға қарағанда 20,8-ден 23,5-ке өскен. Ал жүктi әйелдердiң әрбiр дүниеге аман келген 100000 сәбиге шаққанда, 2005 жылы 98,2-сi жарық дүниемен қоштасса, 2006 жылы оның мөлшерi 123,1 адамға бiр-ақ жетiптi.Жалпы, статистикалық орталықтың сараптауы бойынша, бiздiң елiмiздiң аумағындағы сәбилер шетiнеу көрсеткiшi туу көрсеткiшiне орайластыра отырылып, 3 кеңiстiкке бөлiнедi екен. Медицина мамандары үшiншi кеңiстiкке жататын көрсеткiштер көрер көзге тiптi жағаңды ұстататынын айтады. Ал Қызылорда облысының демографиялық көрсеткiшi жыл аяғындағы нәтижелер бойынша тағы да екiншi кеңiстiктен бой көрсеттi.Жақсарудың орнына жыл өткен сайын нашарлап бара жатқан аталмыш жағдай бүкiл елдiң деңсаулығына да көлеңке түсiрiп тұрғаны анық. Өйткенi демографиялық өсiмге кепiл болатын туу санының өскенiмен, өлiмнiң кемiмеуi бүкiл халық денсаулығына түскен селкеу емес пе?Сiрә, табаны кепкен Арал, арнасына толмаған Сырдария, зымыраны заулаған Байқоңыр ғарыш айлағын қойнына алған Қызылорданың экологиялық ахуалынан туындап жатқан зардаптар онсыз да халсiз елдiң үстiнен басып, төмен құныстыра түскендей-ау.Сырттай қарағанда аймақтағы жағдай қалыпты көрiнуi мүмкiн. Бiрақ экологиялық ахуалдың кесiрiн ондағы халық айқын сезiнiп келедi. Мәселен, тек Арал мен Жаңақорған аудандарына жүргiзген тексерулердiң нәтижесiнде денсаулық индексi 37,1 пайызды көрсеткен. Яғни ол тек елдiң осындай бөлiгiнiң ғана денсаулығы сау деген сөз. Жүрек талмасы мен қан аздығы ауруы, туберкулез, түрлi буын және онкологиялық аурулар аймақтың халқына таңсық болмай кеткелi қашан.Өткен жылы Ана мен бала денсаулығын қорғаумен айналысатын Республикалық ғылыми-зерттеу орталығының жүргiзген тексерiстерiнiң нәтижесi өңiрдегi әйел халқының эндокриндiк аурулары ер адамдардан гөрi екi есе екенiн анықтады. Ал қан аздық пен гинекологиялық ауру әйелдердiң 65 пайызында кездеседi екен. Дәрiгерлер мұндай аурулардың туындау салдарын өмiр сүру деңгейiнiң өте төмендiгiмен, санитарлық мәдениеттiң нашарлығымен, ауыз судың ластығымен байланыстырады. Тiптi 2004-2006 жылғы облыстың жоспарлық бағдарламасында «Таза су» мәселесiн шешу күн тәртiбiне қойылса да, елдiң басым бөлiгi әлi нитрат пен пестицидтермен уланған, ашық суды iшуге мәжбүр болып отыр.Орталық ақпарат көздерiнде Сыр елiне қатысты сұрықсыз жағдай мәлiм болғаннан кейiн нақтылай түспек болып, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау департамантiне сұрау салып едiк. Департаменет директоры Марат Сәдiбайұлы Абдуллаев мырзаның Ана мен бала өлiмi жөнiндегi мәселелермен айналысатын орынбасары Ләйлә Құлтаева ханым бiзге мынадай мәлiметтер бердi: «Биылғы жылы қайтыс болғандардың саны Қызылорда қаласы және Жалағаш, Арал аудандарында басқа аймақтарға қарағанда айтарлықтай көп болыпты.Ондағы көз жұмған аналардың көпшiлiгi (80%) экстрагенитальдық аурулармен ауырған. Облыстың бас медициналық органының тiркеуi бойынша олардың 80 пайызға жуығында қан аз, ал 60 пайызының бүйрегi, 6,6 пайызының жүрек қан тамыры ауыр дертке шалдыққан. Ал 20 пайызында қатерлi iсiк ауруы, 6,6 пайызында өкпе қабыну дертi табылған.Ендi осындай ауруларға шалдыққан әйелдiң көтерген баласы да өмiрге сау келмейтiнi белгiлi. Қызылорда облысындағы туу саны алдыңғы жылға қарағанда14420-дан 15325-ке өскен екен, өткен жыл бойына тек бiр айға толмаған сәбилердiң өлiмi 325 жанға жеткен. Мәселен туа бiткен аномалиялармен шетiнеген сәбилердiң өлiмi бұл жылы Арал, Сырдария, Шиелi аудандарында өте көп тiркелген. Сонда құрсақ көтерген әйелдердiң обалына қалып, бүтiндей бiр ұрпақты бiлдiртпей құртып жатқан бұл аты жаман аурулардың асқынуына не себеп?Әсiлi, Қызылорда халқының сорына бiткен кеңестiк кезеңнен қалған бiтеу жара-Аралдың ахуалы жетпегендей, бүгiн ондағы халықты Байқоңырдан ұшқан ракета мен қаптап кеткен «мұнай сорғыш» шетелдiк инвесторлардың қоршаған ортаға көзжұма қараған жауапсыздығы тұншықтырып, түбiнен түтiп отырғаны рас. Мәселен, былтырғы жаз айында ауылдық аймаққа тым жақын маңға құлаған «РС-20 Днепр» зымыран тасығышынан шашылған гептильдiң мөлшерi бiраз уақытқа дейiн жасырынып келдi, қыл аяғы оның қаншалықты зиян екендiгi де екi ұштылау ғана хабарланып, емексiткенi бүкiл елге мәлiм.Ал орын алған апатқа байланысты 4 тамыз күнi Астанада өткен екi ел арасындағы үкiметтiк комиссияның отырысында бiздiң тарап қарсы жаққа талаптар қойғанмен, «экологиялық мониторингтiң нәтижесiн үш жылдың iшiнде анықтауларың керек» деп не үшiн ұзақ уақытқа еркiнсiтiп қойғаны тағы түсiнiксiз. Әсiлi ол уақытқа дейiн жүгiрген аң- құстың, дала мен көлдiң талайы құрып, әлi талай адамның, тiптi сәбидiң обалына қалуымыз кәдiк-ау. Ал шетелдiк инвесторлар iргесiне қонса да, сол маңайдағы жұрттың жағдайы әлi жақсара қойған жоқ. Ендеше тұрмысы жөндi болмаған жерде, ауру да атқа мiнбей қайда барады?«Аурып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде» дейтiн халық едiк қой. Үш жылдан берi белең алған ахуал неге әлi сол күйiнде деген сауал туады. Аурудың алдын алмақ түгiл, адамдардың жанын сақтап қалуға мұршалары жоқ Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласы соншалықты қауқарсыз ба? Әсiресе, бұл жарық дүниеге жаңа көзiн ашқан сәбилердiң ғұмырын жайпап жатқаны жанға батады.Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жаңа басшысы Анатолий Дерновой өз сөзiнде: «Медицина саласын қаржыландыру бiраз көбейдi. Ол iшкi өнiмнiң 3%-ын құрайтын болды. Бiрақ елiмiзде осының бәрiне қарамастан бөгеу болатын бiр нәрсе бар. Ол – медицина мекемелерiнiң қызмет ету деңгейiнiң әркелкiлiгi, медициналық жәрдем берудiң төмендiгi, мамандар бiлiмiнiң алшақтылығы» деген едi. Сiрә, осы анықтауды қажет етпейтiн ақиқаттың ұшығын осы Қызылорда облысының төңiрегiнен iздеуге болатын сияқты.Мысалы, осындай туа бiттi аномалиялармен дүниеге келетiн сәбилер мен аналарының жанын сақтау үшiн құрылатын пәрмендi Перинатальдық орталық әлi де жетiспейдi екен. 2003 жылы ондай орталықтың бiреуi 120 төсектiк болып ашылыпты. Дегенмен ол осындай ауыр ахуалды аумақ үшiн жетпейдi. Облыс департаментiнiң берген мәлiметi бойынша осы жылы сондай орталықтың тағы бiреуi салынуы жоспарланып отыр деседi. Десе де, Қызылорданың алыс ауылдық жерлерiнде әлi де осыған көмек болатын педиатр, акушер, гинеколог мамандар жетiспейдi. Ал емдеу, алдын алу жұмыстарында жаңа технологиялық әдiстер әлi көшке iлесе алмай жүр. Облыс медицина басшылығының өкiлдерi қолдан келгендерiн жасап жатқанын айтады.Бiр өкiнерлiгi, бiздiң денсаулық сақтау саласына сарп ететiн ақша дiттеген жерiне де дұрыс жұмсалмайтын секiлдi. Өйткенi былтырғы бөлiнген қаржының бақандай 3 млрд. теңгесi игерiлмей қалған. Биыл денсаулық сақтау саласына 99,5 млрд. теңге бөлiнген. Оның 8 млрд 700 млн-нан астамы Қызылорда облысының еншiсiне бөлiнiптi. Ендi сол қаржы орнын тауып, игiлiкке жұмсалса екен деймiз.Сiрә, 2015 жылы қазақтың саны 20 млн. болуы керек деп үмiттенiп отырғанымыз шындық. Орындалса екен деймiз. Бiрақ дәл мұндай олқылықтар жалғаса беретiн болса, тепеңдеп артта қалуымыз да мүмкiн-ау.Камал ОРМАНТАЕВ, ҚР Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-зерттеу институтының құрметтi директоры, академик: – Ең әуелi айта кету керек, ауру салауатты, тұрмыс жағдайы түзу жерге жоламайды. Қызылорда облысында тек сәбилер мен аналар өлiмi ғана емес, басқа да аурулар көп тiркеледi. Экологиялық зардаптардан болатын түрлi патологиялық сирек кездесетiн дерттер де ол аймақта көп кездеседi. Әсiресе, Шиелi ауданында iштен туа бiттi пайда болатын дерттер көп. Неге? Өйткенi онда уран өндiредi. Туберкулез де көп. Ал диспансерлерде орын жетiспейдi. Ол жақтағы халықтың тұрмысы төмен, алыс аймақтар түгiл, жақын аудандардың өзiнде жол, ауыз су, жарық-отын проблемасы әлi түбегейлi шешiлген жоқ. Кеше ғана ақпарат көздерiнен Сырдарияның тасығанын көрсетiп жатыр. Осының бәрi тұрғындар үшiн ауыр соққы. Әлеуметтiк көмектi күшейту керек. Қызылорда халқына басқа аймақтарға қарағанда ерекше жағдай туғызу керек. Қосымша төлемақыларды көбейту керек.Ал ең сорақысы бiзде медициналық мамандардың бiлiмiнiң төмендiгi осындай стихиялы жағдайлардың алдын алуға қауқарсыз болып отыр. Өйткенi жалақылары төмен. Ал оқу орындарының оқытуы заман талабына сай емес. Мәселен, сәбилердi емдеу үшiн педиаторлардың өздерiне мол тәжiрибе керек. Сондықтан балалар дәрiгерiн бiрiншi курстан-ақ жеке оқыту керек. Осындағы орталық медициналық мекемелердiң жалпы статистикасы көз алдымда, сонда жантүршiгерлiк ауруларымен ең көп келетiн де қызылордалықтар.Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты:– Қызылорда облысының орналасқан жерi құмдақ, сор жер, әрi экологиялық проблемасы жетiп артылатын аймақ болғандықтан, онда мұндай жағдайдың қалыптасуына да таң қалмаймын. Ол жақта тышқан, құрт-құмырсқа сияқты жануар-жәндiктер өте көп. Ал ол өздерiңiз бiлесiздер, ауру таратушы көздер болып табылады. Қызылорда халқының денсаулығына шетелдiк компаниялар мен Байқоңырдың тигiзiп жатқан зардабы да жетерлiк. Мен Байқоңырдан «Протон», «Днепр» секiлдi зымырандардың ұшырылуына түбегейлi қарсымын.Өйткенi олар жағатын отын гептиль өте зиян. Алдында әрiптесiм Мұхтар Шаханов құбыжық сәбилер туралы мәлiмдеме жасады. Құлаған «Днепрдiң» қаншалықты зардабы тигенiн ешкiм бiлмейдi. Бiрақ зияны тигенi сөзсiз. Мен оның орнына «Зенит» зымыранының ұшырылғанын дұрыс деп есептеймiн. Сондай-ақ Ресей жақ аймақтың халқына материалдық көмек көрсетiп тұруы тиiс.Бiрақ ол әлi нақты шешiлген жоқ. Ал шетелдiк компаниялардың экологиялық талаптарға сай жұмыс iстеуiн баяғыдан берi талап етiп келемiз. Үкiмет оған бiлек сыбана кiрiсiп отырғаны шамалы. Ал ең бастысы, Қызылорда облысында медициналық мекемелер тым аз. Аудан орталықтарында жөнi дұрыс аурухана жоқ. Сондықтан Қызылорда облысына Үкiмет бюджеттен қомақты қаржы қарастыруы керек.

Облыс тұрғындарының аурулары

Тұрғындардың денсаулығы олар тұратын аумақтың экологиялық жағдайының интегралды көрсеткiшi болып табылады.

Соңғы он жыл бойы Солтүстiк Қазақстан облысында онкоауру патологиясынан ауру мен өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалуда.

Қазiргi кезде, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберiнде М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiмен тұрғындардың жоғары ауруы себебiн анықтау үшiн, с.i. тұрақты өсу үрдiсi бар онкопаталогиялық, (республикалық және Шығыс Қазақстан облысының көрсеткiштерiмен салыстырғанда) Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын және аумағын зерттеу жүргiзiлуде.

Анализ СҚО науқастық сан бойынша дем алу органдарының ауруы алда келетiнiн көрсетедi: 100 мың тұрғынға 16 181 жағдай. Оның себептерi әр түрлi болуы мүмкiн. Тұрғындардың дем алу органдары ауруының жоғары деңгейiнiң негiзгi факторы атмосфералық ауаның сапасы болуы мүмкiн. (9 сур.)

9 Сурет. 2006 жылда СҚО тұрғындарының аурулар классы бойынша аурулары (100 мың тұрғынға алғашқы тiркелген аурулар саны)

Аурулар классы атауының қысқартылуы 21 кестеде: ИП — инфекциялық және паразитарлық, ЖП — жаңадан пайда болулар, ЭЖ — эндокриндiк жүйенiң, ҚҚ — қан мен қан құйылыс органдары, НС — нерв және сезу органдары, ҚЖ- қанайналым жүйесi, ДО — дем алу органдары, АО — ас қорыту органдары, НЖ — несеп-жыныстық жүйе, ТТ — терi мен терi асты клетчаткалары, СБ — сүйек-бұлшық еттiк жүйе, ТА — туа бiткен аномалиялар, ЖУ — жарақаттар мен уланулар.

Экологиялық ауруларға сонымен қатар қатерлi жаңадан пайда болулар жатады. Жаңадан пайда болулардың басым формалары өкпе, асқазан, терi, сүт бездерi рагы.

Өлiм-жiтiм себебiнiң бiрiншi орнында қан айналым жүйесiнiң аурулары, бiздiң облыс осы көрсеткiш бойынша елiмiзде бiрiншi төрттiкте, көрсеткiш 100 мың тұрғынға 2006 жылы 703,3 құрады, республикалық — 533,1. Екiншi орында — онкоауруларынан өлiм-жiтiм (153,0), үшiншi орында — жарақаттар мен уланулар салдарынан (180,2), төртiншi орында — басқа да себептерден, бесiншi орында — дем алу органдары ауруларынан, бiздiң облысымызда елде ең жоғарғы орында тұр 2006 жылы — 100 мың тұрғынға 99,2 республикалық деңгейде, 53,9 тең.

СҚО тұрғындарының науқастығын аудандар мен Петропавл қаласы бойынша бөлу 10 суретте көрсетiлген.

10 Сурет. 2006 жыл бойынша СҚО тұрғындарының аудандар мен Петропавл қаласы мен аудандар бойынша аурулары (100 мың адамға алғашқы тiркелген аурулар саны, барлық аурулар)

10 Сурет. 2006 жыл бойынша СҚО тұрғындарының аудандар мен Петропавл қаласы мен аудандар бойынша аурулары (100 мың адамға алғашқы тiркелген аурулар саны, барлық аурулар)

Барлық тұрғындардың ең жоғарғы науқастығы және барлық аурулар классы бойынша 2006 жылы Аққайың және Ақжар аудандарында, оларға бұл көрсеткiш бойынша Тимирязев және Ғ.Мүсiрепов, Уалиханов аудандары және Петропавл қаласы жақын. Осы тұрғыдан ең жақсы аудан — Мамлют, мұнда қайта есептеуде науқастық саны 100 мың тұрғынға 20 237 құрайды.

Тұрғындардың жоғары науқастық деңгейiнiң себебiн анықтау бойынша әрi қарай зерттеулер қажет.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!