40жасар ер адам науқас 10 жыл бойы гипертониялық аурумен ауырып келеді.Соңғы кездері тез шаршап,көздерінің астынының ісінуі байқалған.Тексеріс кезінде проетинурия,қан сарысуында кратининнің мөлшерінің көтерілгені анықталды.Науқас созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды.
1.Бұл гипертониялық аурудың клинико-морфологиялық түрінің қай нысаны?
А)кардиальды
Б)бүйректік
В)милық нысаны
- Бүйректе дамыған процесс қалай аталады?
А)бүйрек инфарктысы
Б)бүйрек артериолонекрозы
В)нефросклероз (біріншілік артериолосклероз)
- Бүйректің макроскопиялық бейнесін сипаттап беріңіз.
А)кішірейген,қатайған,беті ұсақ түйіршікті,паренхимасы семіп,қыртыстық қабаты өте жұқарған
Б)үлкейген,тығыздалған,қыртысты қабаты кеңейген,милық қабаты айқын шектеген
В)үлкейген,ісіну байқалады,кескінде-қыртысты қабаты-сұрғылт,пирамидадан айқын шектелген
- Бүйректің микроскопиялық бейнесін сипаттап беріңіз.
А)артериосклероз,гиалиноз
Б)липоидты нефроз
В)некронефроз,жедел тубулопатия
5 жасар бала науқаста бас ауыру,қозу,құсу байқалады және дене температурасы жасар бала науқаста бас ауыру,қозу,құсу байқалады және дене температурасы 39°С-қа дейін көтерілген. «Менингит» диагнозы қойылды.3 күннен кейін науқас қайтыс болды. Мәйітті ашу кезінде мидың жұмсақ қабықшасының қалыңдағаны,қан-тамырларда – қан толу,лай экссудат байқалды.Ми иірімдері тегістелген.
1.Сырқаттың этиологиясы
А)Коксаки вирусы
Б)менингококк
В)қызамық вирусы
- Жұмсақ ми қабықшасындағы микроскопиялық өзгерісті сипатта
А)гиперемия,ісіну,полиморфты лейкоцитарлы диффузды инфильтрация
Б)экссудатты қабыну,мононуклеарлы жасушалар,нейрофагия
В)микроглиялық,олигодендроглиялық жасушалардың көбеюі,амеба,таяқша тәрізді жасушалар
- 3. Аурудың клинико-морфологиялық түрін анықтаңыз
А)менингококкты назофарингит
Б)цереброспинальды іріңді лептоменингит
В)менингококцемия
4.Бұл сырқатқа тән микроскопиялық сурет
А)
Б)
В)
30 жасар әйел науқас жүрек ырғағының жиілеуіне,тершендікке,дене салмағының азаюна шағымданды. Тексеріс барысында қалқанша безі –диффузды түрле үлкейген,біртекті,консистенциясы-жұмсақ.Қан анализінің нәтижелері бойынша Т3,Т4 гормондарының мөлщері жоғарлап кеткен.
1.Диагноз
А)паренхималық жемсау
Б)коллоидты жемсау
В)Диффузды токсикалық жемсау
2.Бұл сырқаттың этио-патогенездік формалары
А)жиі,сирек
Б)эндемиялық,сирек
В)эндемиялық,пандемиялық
3.Қалқанша бездегі микроскопиялық өзгерістер
А)фолликулалардың призмапішінді эпителийі цилиндрпішінді эпителийге айналады,эпителий көбейіп,фолликулалар ішінде бүрлер түзіледі,коллоид-сұйық
Б)жемсау тінінде қанайналымбұзылған,некрозды және ізбесті ошақтар қалыптасқан,дәнекер тіні өсіп,сүйек тіні пайда болған
В)Фолликулдық эпителий көбейіп,бірен-саран бүртіктер түзіп,стромасына лимфоциттер шоғырланған
4.Асқынуы
А)бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі
Б)Жедел жүрек жеткіліксіздігі,кахексия,екіншілік инфекцияның қосылуы
В)Қалқанша бездің ісігі