Фосфолипидтер және холестерин алмасуларының бұзылыстары дәрістік кешен

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Тақырыбы: Фосфолипидтер және холестерин алмасуларының бұзылыстары.

Сағат саны: 1 с

Курс – 2

Семестр  – 4

Тақырыбы: Фосфолипидтер және холестерин алмасуларының бұзылыстары

Мақсаты: Студенттерді атеросклероздың қауіп ықпалдары мен маңызды патогенездік тетіктері, оның көріністері мен асқынулары, емдеу және алдын алудың ұстанымдары туралы қазіргі заманға сай көзқараспен таныстыру, сол көзқарасты оларда қалыптастыру.

Дәріс тезистері: Атеросклероз (ДДҰ анықтамасы)– артериялар интимасындағы өзгерістердің түрлі үйлесімдері. Көріністері: липидтердің, көмірсулардың күрделі қосындыларының, қан элементтерінің және айналымдағы өнімдердің жиналуы, дәнекер тіннің түзілуі, кальцийдің жиналуы. Бұл мультифакториальді ауру, тұқым қуалаушылықтың полигенді түрімен сипатталады және артериосклероздың атеромалық түрінің бірі болып саналады. Атеросклерозға тән: артериялардың ішкі қабатының үдейтін өзгерістері.

        Атеросклероз жиі келесі артерияларда байқалады: аортаның құрсақ бөлігі, коронарлық артериялар, ұйқы артериялары, ми, бүйрек артериялары, шажырқай және аяқ артериялары.

Атерогенездің алғашқы белгілері 9-10 жастан байқалады; 10-15 жаста коронарлық артерияларда липидтік дақтар, ал 25 жаста осындай өзгерістер аорта беткейінің 30-50 % алады. 30-40 жастағы адамдарда липидтік дақтар ми тамырларында байқалады.

Қауіп ықпалдары. Атеросклерозды шақыратын себептердің және оның дамуына қолайлы жағдайлардың жалпы саны 250 жетеді. Жиі кездесетіндері: 1) тұқым қуалауға бейімділік; 2) жыныс (ерлер жиі ауырады); 3) жас; 4) тұрақтандырылмаған, артығымен тамақтану (тағамда жануарлар майының басым болуы); 5) стресс; 6) гиподинамия; 7) уыттану (әсіресе шылым тарту); 8) артериялық гипертензия; 9) гормональді бұзылыстар және зат алмасу аурулары (қантты диабет); 10) гиперхолестеринемия, гиперүшглицеридемия. Осы ықпалдардың барлығы дислипипротеинемия дамуына қолайлы және артериялық кемердің липопротеидтерге өткізгіштігін жоғарылатады.

Патогенез.          Көптеген теориялар ішінде қазіргі кезеңде ең тиімдісі-липидтік теория. Осы теорияға сәйкес, атеросклероз дамуы липопротеидтердің артериялық кемермен өзара қатынастарына байланысты. . Атеросклероздың пайда болуына қолайлы; атерогенді ЛП (ТТЛП мен ТӨТЛП) жоғарылауы; антиатерогенді ЛП (ТЖЛП) азаюы.  Атеросклероздың дамуында  келесі сатыларды ажыратады : 1)  ; 2) үдеу; 3) атерома мен  фиброатероманың қалыптасуы; 4) атеросклероз асқынуларының дамуы.

Атерогенездің ынталандырылуы  –        бұл саты бейспецификалық және оның қасиеттері өмірдің алғашқы 8-10 жылында анықталады. 1). Бейспецификалықықпалдардың әсерінен (дислипопротеинемия, аллергияның I, II, III түрлері, гипоксия, вирусты инфекция, уыттану, шок, коллапс, ерте шылым тарту) артериялардағы эндотелиоциттердің зақымдалуы мен белсенуі.

2). Эндотелиоциттердің беткейіне адгезия молекулаларының (селектиндер Р және Е, ICAM1, ICAM2, VCAM), интегриндердің, өспелер  некрозының факторы-альфа,    эндотелиоциттердің беткейіне мононуклеарлы жасушалардың (әсіресе моноциттердің) және тромбоциттердің, олардың субэндотелиальді кеңістікке өтуі. 3). Субэндотелиальді кеңістікке қанның ЛП тасымалдануы, олардың гликозамингликандардың  молекулаларымен әрекеттесуі және модификациясы (тотығу, қалыпқа келу, ацетилдену). Модификация үрдісінде липидтердің асқын тотығуы маңызды. 4). Модификацияланған (өзгерген) ЛП қан лейкоциттері үшін  хемоаттрактанттар болып саналады және макрофагтардың фагоцитозына ұшырайды. Бөлек көпіршікті жасушалардың (цитоплазмасында көп ЛП болатын макрофагтар көпіршікті болып саналады) пайда болуы байқалады . Осындай атау макрофагтарды өңдегенде олардан липидтер босайды, ал микроскоппен қарағанда липидтерден босаған вакуольдер көпірікке ұқсайды.

Атерогенездің үдеуі.  Бұл саты артерия зақымдануымен, эндотелий дисфункциясымен, липидтік дақтардың пайда болуымен сипатталады.                  1). Зақымдалған интима және белсендірілген эндотелиоциттердің аумағына көп санды  моноциттердің және тромбоциттердің өтуі. 2). Эндотелиоциттермен, лейкоциттермен және тромбоциттермен  хемотаксис, өсу факторларын, , өспелер  некрозының факторы-альфаны, простагландиндерді, оттегінің белсенді түрлерін, асқын тотықтарды түзуі → эндотелиальді және субэндотелиальді кеңістіктердің зақымдалуының үдеуі  →  интимаға ЛП тасымалдануының күшеюі және олардың өзгеруі. 3). Макрофагтар өзгерген  ЛП  скевенджер-рецепторлар көмегімен жұтады және олар көпіршікті жасушаларға айналады. 4). Артериялардың ортаңғы қабатынан интиманың зақымдалған аумағына тегіс бұлшық етті жасушалардың миграциясы, пролиферациясы және де олардан ББЗ түзілуі. Тегіс бұлшық еттердің жиырылу фенотипінің синтездік фенотипке қарай қайта бағдарламалауы өтеді.  Осы жағдайда жасушалар фибробласттардың өсу факторын өндіреді және жасушалар аралығанда заттың (коллаген, эластин) бөліктерін түзеді.                     5). Тегіс бұлшық етті макрофагтарға ұқсас жасушаларға айналуы  →  көпіршікті жасушалардың пайда болуының күшеюі және  тегіс бұлшық етті жасушалардың миграциясы→ липидті дақтар мен жолақтардың пайда болуы (құрамында көпіршікті жасушалар, В- и Т-лимфоциттер, хелперлер, киллерлер, пролиферациялайтын тегіс бұлшық етті жасушалар, тромбоциттер, жасушадан тыс  ЛП, коллаген, эластин). 6). ЛП  интимаға түсуінің, олардың модификациясының,  көпіршікті жасушалар ыдырауының үдеуі, дәнекер тін бөліктерінің артуы.

Ш Атерома мен фиброатероманың қалыптасуы.     Бұл саты қандағы моноциттердің артериялар  интимасына қарқынды өтуімен, синтездік типітіркелген тегіс бұлшық етті жасушалардың миграциясымен және пролиферациясымен, дәнекер тін түзілуі үдеуімен сипатталады. Атеромалар мен әсіресе фиброатеромалар   артериялар саңылауына шығып тұрады және тромбтар түзілуін ынталандырады.    Атерома сипатталады: а) құрамында көпіршікті жасушалардың, тегіс бұлшық етті жасушалардың, лимфоциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің саны өте көп болуымен; б) жасушасыртылық ЛП-ң қарқынды жиналуы, яғни атеромалық ядроның қалыптасуы.       Фиброатерома сипатталады: а) липидті ядроның үстінде  фиброзды жамылғының қалыптасуы; б) атеросклероздық ошақты қоршайтын қылтамырлар торының дамуы.

IV Атеросклероз асқынуларының дамуы                                        

1). Атеромалар мен  фиброатеромалардың модификациясының салдары:   а)  кальций және оның қосындыларының жиналуы  → атерокальциноз; б) фиброатерома жамылғысы тұтастығының бұзылуы, оның жаралануы → кемерлік тромб және  эмболия дамуы.

2). Атерома бойында жаңадан пайда болған қылтамырлар кемерлерінің жыртылуы, ал бұл артериялар кемеріне қанның құйылуына және тромбтардың пайда болуына әкеледі.

Этиологиялық ықпалдардың және патогенездік тетіктердің көпшілігі атеросклерозды емдеу мен алдын алуға   кешендік көзқараспен қарауды талап етеді. Атеросклерозды алдын алу салауатты өмір сүру салтын қалыптастырусыз мүмкін емес: тиімді тамақтану, психоэмоциялық және физикалық шынықтыру, белсенді демалу, урбанизация ықпалдарына қарсы тұруды қалыптастыру, зиянды әдеттерден толық бас тарту.

Атеросклерозды дәрілік емдеу кезінде липидтік алмасуды қалыптастыру, яғни қандағы холестериннің құрамын азайту, қан ұюын және тамырлар кемерлерінің метаболизмін қалыпқа келтіру, жергілікті қанайналымды тиімді етуге бағытталған дәрілік заттарды қолдану керек. Атеросклероздың хирургиялық емі кезінде тромбтарды алып тастау, тамырларда қалыпқа келтіру операцияларды, яғни айналымды қанайналымды қалыптастыру және оларды протездеу. Осындай шаралар міндетті түрде емдік тамақтану және дене шынықтырумен, санаторлық-курортты еммен қабаттасуы керек.

Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Қандай липопротеидтерде атерогендік қасиеттер анық?
  2. Атеросклероз қауіп факторларына нежатады?
  3. Цтоплазмасында өте көп липидтер болатын макрофагтар қалай аталады?
  4. Атеросклероздың қандай патогенездік тетік басшы болып, оның клиникалық суреттемесін береді?
  5. Атеросклерозды алдын алу үшін тағамның қандай түрлерін қолдану керек?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!