Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

СӨЖ

Жағдайлық есептер

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Жағдайлық есеп №1 

Шарты: Жандосов Абзал Семей қаласындағы Ертіс өзенінің сол жағалауынан әсем ғимараттардың бірінен 4 бөлмелі пәтер алмақшы болды. Бұл азаматтың қызыметі-жай ғана құрылысшы,сонымен қоса оның отбасында 6 баласы бар.Жандосов өз әлеуметтік жағдайына байланысты бұл пәтерге қол жеткізу үшін бюджеттік кредитті 50 жыл мерзімге алуды ойлады.Бірақ банк қызметкерлері бұл кредитті бекітпеді.

Сұрақ: Кредитор азамат Жандосовқа не үшін бюджеттік кредит беруден бас тартты.

Жауабы: Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінің «БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ ТАЛАПТАРЫ» атты 37-тарауының

«Кредиттік шарттың негізгі талаптары» атты 180-бабына сәйкес.

  1. Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:
    1) берудің мақсаты;
    2) мөлшері;
    3) валютасы;
    4) мерзімі;
          5) игеру кезеңі;
    6) сыйақы ставкасы.
    2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары және қарыз алушылардың санаты кредитордың шешімімен белгіленеді.
    3. Кредиттік шартқа қосымша талаптар, оның ішінде бюджеттік кредитті беру тәсілін айқындайтын талаптар, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигі, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері енгізіледі.

 «Бюджеттік кредиттің мерзімі» атты 181-бабы бойынша:

1ші тармақшасында:

Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады.
2ші тармақшасында:

Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледі.
3ші тармақшасында:

Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;
2) орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;
3) ұзақ мерзімді – 5 жылдан 30 жылға дейін.

Міне осы бапқа сәйкес ең ұзақ деген мерзім 30 жыл.50 жылға бюджеттік кредит мүлдем берілмейді.Сондықтан Смағұлов бюджеттік кредитті өзі айтқан мерзімге ала алмайды.

Жағдайлық есеп №2

Шарты: Шығыс Қазақстан облысында 2001 жылдың 16-шы тамызында таңғы сағат  3:43-те 5,6 балдық қуатты жер сілкінісі болды.Қазақстан Республикасының Президенті  бұл төтенше жағдайдың кезінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыланландыру жөніндегі бюджеттік өтенімдерді енгізді.

Сұрақ: Қазақстан Республикасының бюджет кодексі негізінде осы жағдайда төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу қай бап бойынша қалай жүзеге асырылады және әзірленеді?

Жауабы: Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінің «Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу» атты 81-бабының негізінде бұл  жағдайда төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу қай бап бойынша қалай жүзеге асырылады және әзірленеді. Осы баптың 3ші тармақшасына сәйкес:

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

4-ші тармақшасына сәйкес:

Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:
1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;
2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.
5ші тармақшасына сәйкес:

Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді. 

Тапсырма: жағдайлық есептерді шешу. 

Жағдайлық есеп № 1 

Шарты: Келесі жылға арналған Республикалық бюджет туралы Республикалық заң уақытында қабылданбаған. Осыған байланысты заң келесі  жылдың                         1 ақпанында күшіне енеді. Ағымдағы Республикалық бюджет туралы Республикалық заңда  мына шығындар қарастырылған:

– қорғанысқа – 500 млрд. теңге.;

– білім беруге – 100 млрд. теңге.;

– денсаулықсақтауға – 100 млрд. теңге.

Бұдан басқа, ҚР бюджет субъектілеріне жалпы көлемі 200 млрд. теңге қаржылық көмек беру қарастырылған.

Сұрақ: Осы аталған жағдайда республикалық бюджеттен қаржыландыру шығын тәртібі қандай?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі нің 33-бабына сәйкес:

  1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:
    мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
    трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;
    бюджеттік кредиттер беруге;
    бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;
    күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;
    мемлекеттің міндеттемелерін орындауға;
    нысаналы салым салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.
    2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
    1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға;
    2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;
    3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға;
    4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
    Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
    3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:
    1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;
    2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
    Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды.
    4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
    Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады. 

Жағдайлық есеп № 2

Шарты: Қарулы күштерді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыны бөлу  ағымдағы жылға арналған Республикалық бюджет туралы Республикалық заңда былай бекітілген:

– әскери қызметкерлердің төлемақысы – 100 млрд. теңге.;

– азаматтық персоналдардың жалақысы – 25 млрд. теңге.;

– көлік шығындары – 10 млрд. теңге.;

– байланыс қызметінің төлемақысы – 8 млрд. теңге.;

– коммуналдық қызметтер – 2 млрд. теңге.;

– ғимараттардағы ағымдық жөндеу жұмыстары- 9 млрд. теңге.

Сұрақ: Осы жағдайда, бюджеттік классификацияның қандай түрлері орын алып тұр?

Жауабы: Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексі нің 33-бабына сәйкес:

  1. Мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар:
    мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
    трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;
    бюджеттік кредиттер беруге;
    бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;
    күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;
    мемлекеттің міндеттемелерін орындауға;
    нысаналы салым салуға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.
  2. Мемлекеттік басқару деңгейіне байланысты бюджеттік бағдарламалар:
    1) республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламаларға;
    2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;
    3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларға;
    4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
    Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
    3. Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне байланысты:
    1) бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;
    2) белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді. 

Жағдайлық есеп №3

Шарты: Бюджет құқығы сабағында студент Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғалардың алдында өзінің борыштық міндеттерін орындамаған жағдайда ҚР Үкіметі жауап береді дейді.

Сұрақ: Бұл дұрыс па?

Жауыбы: Бұл студенттің пікірі дұрыс емес.Себебі

202-бап бойынша: « Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері»

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
    2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады.
    3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
    4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде төленген кезде орындалды деп есептеледі.
    5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асырады. 

Жағдайлық есеп №4

Шарты: Жағдайдың дұрыстығына баға беріңіз.

  1. ҚР субъектілерінің бюджетті атқару жұмыстарына ҚР Есеп палатасы жүргізген тексеріс барысында келесідей бұзушылықтар анықталған:

– жоғарғы бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың толық қолданылмауы;

– аударымдарды уақытында жібермеу, кейбір жағдайларда жоғарыдағы бюджетке  міндетті төлемдердің толық жіберілмеуі;

– бюджеттің орындалуы туралы есеп беру кестесінің бұзылуы;

– коммерциялық банктердегі депозиттік есептерге бюджет қаражатын салу;

Сұрақ: Есеп палатасы қандай шара қолдануға міндетті? ҚР Бюджет туралы заңы бойынша аталған бұзушылықтардың түрлерін және жазаға тарту шараларын  анықтаңыз.

Жауабы: 138-1-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышы

  1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойыншаБұзушылықтар сыныптауышын әзірлейді және бекітеді.
    2. Бұзушылықтар сыныптауышы мынадай бұзушылықтар топтарын қамтиды:
    1) бюджетке (кіріс бөлігі) қаражат түсуі кезінде – тиісті бюджетке салықтық, салықтық емес міндеттемелерді орындамау, негізгі капиталды сатудан түсімдерді және (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпеу, сондай-ақ бюджетке түсімдерді уақтылы, толық аудармау, түсімдердің артық төленген сомаларын бюджеттен қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың тәртібін бұзу;
    2) бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде – бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын бұза отырып пайдалану;
    3) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде – бастапқы құжаттаманың белгіленген нысандарына сәйкес бастапқы есеп жүргізуді сақтамау салдарынан бухгалтерлік есеп деректерінің бастапқы құжаттарға сәйкес келмеуіне жол беру, тауар-материал құндылықтары мен ақшалай қаражаттың жетіспеуі, активтерді, материалдарды, құндылығы төмен тез тозатын заттарды негізсіз есептен шығару;
    4) мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға залал (зиян) келтіруге әкеп соқпаған және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтын, бюджеттік рәсімдерді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтамау.
    Осы тармақта көзделген бұзушылықтар топтары түрлерге сыныпталады.
    3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтірілуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталғанбұзушылықтар сомалары жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.
    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге жататын, бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарсомалары тиісті бюджет кірісіне қайтарылуға жатады.
    Бюджетке қайтару мемлекеттік қаржылық бақылау органының шешімі және (немесе) сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
    4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген бұзушылықтарға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

Жағдайлық есеп №5

Шарты: ҚР субъектісінің бюджетін атқару барысында кіріс көлемі азая түседі, нәтижесінде жалпы қаржыландырудың көлемі жыл бойынша 15% төмендейді. Осыған байланысты ҚР  Қазынашылығының аймақтық бөлімі ҚР субъектісінің бөлек шығыс бюджетін жабу туралы құжат береді.

Үнемделген қаржы есебінен әлеуметтік маңызы бар аймақтық бағдарламаларды толық қаржыландыру жоспарланған.

Сұрақ: ҚР  Қазынашылығының аймақтық бөлімінің іс-әрекетінің дұрыстығын анықтаңыз. Туындаған жағдайды шешу үшін өз ойыңызды ұсыныңыз.

Жауабы:  53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

  1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
    1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
    Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
    Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;
    облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, референдумдар мен сайлаулар өткізу;
    республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;
    мемлекеттік кіріс органдарының қызметі;
    республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;
    республикалық меншікті басқару;
    оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;
    мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
    мемлекеттік қаржылық бақылау және қаржы мониторингі;

Әрине Республикалық Бюджеттің шығыстарын реттеп отыру үшін мемлекеттік кіріс органдарының қызметін бақылап,реттеп отыру қажет.Сондықтан осы бап арқылы ҚР  Қазынашылығының аймақтық бөлімінің іс-әрекетінің дұрыстығын көруге болады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!