Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы
Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы
ДӘРІС
Антиатеросклероздық заттар
Атеросклероз бұл қазіргі медицинадағы маңызды мәселелердің бірі жіне олардың пайда болуы ЖИА дамуына әкеледі.ЖИА ЖТЖ аруларының жалпы құрылымында бірінші орын алады.Атеросклероз патогенезінде холестерин алмасуы маңызды орын алады.
Организмде липидттер келесі заттармен беріледі:
- Май қышқылдары
- үшглицеридтер
3.Фосфолипидттер
4.Холестерин
Тізілген барлық заттар суда ерімейді, сондықтан қанда ақуыз кешенімен тасымалданады.Берілген кешендер липопротеиндер (ЛП) деп аталады. Холестерин тамыр қабырғасына ЛП құрамында өтеді, ал атеросклероз дамуы (атеросклероз бляшкалары) атерогенді қасиеттерге ие организмдегі ЛП түзілуіне байланысты. ЛП келесі кластарын ажыратады:
- Хиломикрондар
- Пре-бета липопротеиндер (тығыздығы өте төмен липопротеиндер- ТӨТЛП)
- Бета-липопротеиндер (тығыздығы төмен липопротеиндер-ТТЛП)
- Альфа-липопротеиндер(тығыздығы жоғары липопротеиндер-ТЖЛП)
Организмдегі ЛП негізгі кластарына бауырда синтезделетін ТӨТЛПжәне ТЖЛП жатады. ТӨТЛП қанда «дочерние» липопротеиндерге айналады. Оларға аралық тығыздықты липопротеиндер (АТЛП)және ТТЛП холестерині негізгі тасымалдаушылар болып табылады, себебі олардың құрамында холестериннің көп мөлшері бар (қандағы плазманың 60-70%).
Липопротеидтердің қызметі
ТТЛП негізгі атерогенді фактор болып саналады, себебі атеросклероздық бляшканың 50% дейінгі көлемін ТТЛП құрайды.
ТЖЛП холестеринді «жинаушылар» болып саналады, шеткі жасушалардан-эндотелиоциттердің беткейінен холестеринді жинайды, экскрециясы үшін бауырға тасымалдап, атеросклероз тууының қауіптілігін төмендетеді. Сонымен қатар 3 дәлелдеме маңызды орын алады.
Атерогенді дәлелдемелер
- Тағаммен сырттан түскен холестерин деңгейі маңызды (экзогенді холестерин),сонымен қатар бауырдың холестерин синтездеу белсенділігі (эндогенді холестерин).
- ТТЛП көмегімен бауырдан тамыр қабырғаларына холестерин тасымалдау үрдісіде маңызды болып табылады.
- ТЖЛП көмегімен тамыр қабырғасынан бауырға холестерин тасымалдау маңызды, яғни катоболизм үрдісі.
Антиатеросклероздық заттардың жіктелуі
Антиатеросклероздық заттар негізгі бес топқа бөлінген. Бұл шартты түрде бөлінген және холестерин алмасуының әр сатысында заттардың әсеріне байланысты.
- Ішектен өт қышқылдары мен холестериннің сіңірілуін төмендетуші заттар (өт қышқылының «секвестранттары»); холестерамин (квестран, колестипол); хьюралы шайыр(смола,гураем).
- Холестерин тасымалдауына әсер етуші заттар: никотин қышқылы.
- Бауырдағы холестерин синтезінің ингибиторлары:
-Статиндер: ловастатин, првастатин,синвастин,флувастатин.
-Фибраттар: клофибрат, безафибрат,фенофибрат, гемофиброзил, ципрофибрат.
4.Холестеринді шығару мен катоболизміне әсер етушізаттар: липостабил.
5.Әртүрлі гиполипидемиялық (пробукол, қанықпаған май қышқылдары,
қанықпаған май қышқылдары, комбинерленген заттар).
Холестерамин (Cholestyraminum; ұнтақ 500,0) ішекте сіңірілмейтін өт қышқылдарымен түзілетін анионо алмастырғыш шайыр болып табылады. Бұл өт қышқылдарының организмнен шығарылуына ьжәне ішекте холестериннің сіңірілуінің төмендеуіне әкеледі. Препарат ТТЛП және үшглицеридтердің қандағы құрамының төмендеуіне әкеледі. Препаратты қолдану кезінде бауырдың созылмелы аурулары көрінісінің төмендеуіне әкеледі (тері қышуы мен сарыаурудың төмендеуі). Препаратты үлкен дозаларда тағайывндайды, тәулігіне 12-16г. Холестираминді ұзақ уақыт осындай дозада қолданса, ТТЛП холестерин деңгейінің 10-20% төмендеуі мен ТЖЛП холестерин деңгейінің 3-8% жоғарлауы байқалады.
Кері әсерлері: жүрек айну, құсу, іш қату, майда еритін дәрумендер дефициті.
Никотин қышқылы (Acidumnicotinici; таблеткалар 0,1, ұнтақтар 0,5). Үлкен дозада қолданылса препарат үшглицеридтер мен қандағы ТТЛП құрамын төмендетеді, себебі никотин қышқылы бауырдағы ТӨТЛП өнімін төмдетеді. Бұл ТТЛП «дочерних» концентрациясының төмендеуіне әкеледі. Липопротеидлипаза белсенуі әсерінен никотин қышқылы үшглицеридтердің май тініне тасымалдауын жоғарлатады. Үшглицеридтер деңгейінің жоғарлаған гиперлипидемиясында белсенеді. Препарат фибринолизді белсендіреді, вазодилатациялаушы әсер етеді. Тәулігіне 3-6г дозасы ТТЛП холестерин деңгейін 20-33%, үшглицеридтерді 20-40%төмендетеді.
Кері әсері: ыстық сезімі, беттің қызаруы, бас ауруы, жүрек соғуы.
Эндурацин- никотин қышқылының жаңа түрі, ішектен жақсы сіңіріледі, кері әсері азырақ.
Статиндер
Ловастатин, правастатин, синвастин, флувастатин эндогенді холестерин түзілуін тенейді. Оларды қолдану нәтижесінде қанда жалпы холестерин мен ТТЛП холестерин төмендейді. ТЖЛП холестерин деңгейі жоғарлайды және ушглициридтер деңгейі төмендейді
Ловастатин (Lovastatinum; таблеткалар 10,20,30,40 мг) минимоьді дозаларда ұзақ күреспен тағайындалады. ЖИА біріншілікті және екіншілікті алдын алуы үшін, орта ми тамырлпрының, аяк тамырларының атеросклероздары ушін кері әсері:
1 гепатотоксикалык
2 рабдомиолиз – бұлшықеттегі ауру сезімі, кайтымды миозит, бұлшықет әлсіздігі, импотенция.
3 тромбоцитопения, анемия.
4 диспепсиялык бұзылыстар
5 тері ………………. (сыпь), фотосенсибилизация.
Флувастатинде кері әсерлер азырақ айқындалған.
Статиндер жалпы холестериннің 30%, ТТЛП холестериннің 40% төмендеуіне , ал кейбір наукастарда холестерин деңгейін 10% жоғарлатады.
Фибраттар (фибрикалык кышкылдар туындылары)
1 – клофибрат
2 – безофибрат
3 – гемофиброзил, фенофибрат, ципрофибрат
Әсер ету механизмі:
- бауырдағы үшглицеридтер биосинтезінің, төмендеуі.
- Холестерин синтезінің тежелуі (мевалон кышкылы тузілу сатысында)
- Липопротеидлипаза белсендігінің жоғарлауы
- ТӨТЛП және ТТЛП жоғарлауы гипокоагуляцияушы әсер;
- Канның фибринолитикалык белсенділігінің күшеюі .
- Тромбоциттердін агрегациялык белсенділігінің төмендеуі
Екінші және үшінші топтың фибраттары (безофибрат, финофибрат ) ТТЛП холестерин денгейінің 18-28% төмендеуіне әкеледі.
Кері әсерлері:
- гепатотоксикалык
- диспессиялык бұзылыстары
- өт кабында тас түзілу кауіптілігі
- гемоглобин төмендеуі
- рабдомиолиз
- лейкопения
- шаш тусуі
- аритмиялар
- канцерогенез
Липостабил (Lipostabilum; амп. 5 мл және капсулалар) каныкпаған май кышкылдарынан (линоленді және олеинді) тұратын өсімдік текті эссенциялдыфосфолипидтер кешені болып табылады. Сонымен заттар құрамында дәрумендер бар: никотин кышкылы, пиридоксин, цианокобаломин, пантотен кышкылы.
Әсер ету механизмі:
- ТЖЛП- дің холестеринді тасымалдау қабілетінің жоғарлауы
- Бауырдан тамыр қабырғасындағы холестерин мобилизациясының жоғарлауы және өтпен шығарылуының жоғарлауы
- Антиоксиданттык әсер
- Антиагрегациялык әсер
Бұл препаратқа кері әсерлер жоқ. Атеросклерозбен ауыратын наукастарға кешенді терапия ретінде колданады.
Қант диабетімен ауыратындарға, инсульт, миокард инфарктсінен кейін, стенокардиямен ауыратындарға гиперлипопротеидемия (250 мл/дл холестерин деңгейінің жоғарлауы) кезінде тәж және церебральді тамырлардың айқын атеросклерозы кезінде баска гиполипидемиялық заттар кешенімен тағайындалады.
Бауыр қызметін және шекті қанайналымды жақсарту ушін колданады, әсіресе қант диабетімен ауыратындарға.
Прабукол (липомал) бауыр жасушаларына ТТЛП тасмалын жоғарлатады, жасушалардан холестерин эфирін тасымалдаушы ақуыз синтезін жоғарлатады, антиоксидантты әсерге ие.
Пробукоды қодану жалпы холестерин деңгейін және ТТЛП холестериннің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар ТЖЛП холестерин денгейінің төмендеуіне әкеледі.
Кері әсерлер: қарынашылық аритмиялар, диспепсия.
ХЬЮАРЛЫ шайыр асқазанда ісініп, тағамдық холестериннің және өт кышкылының сіңірлуін тежейді. Препарат қан плазмасындагы жалпы холестерин деңгейін әлсіз төмендетеді.
Кері әсерлері: жалған тойымдылық.
Қолданылуы: басқа гиполипидемиялык заттарга қосымша ретінде.