Антибиотиктердің түрлері

Антибиотиктер

Антибиотиктер – тірі жануарлардың (бактериальді, саңырауқұрақта, өсімдік және жануар тектес) өміріне қажетті заттар (немесе олардың синтетикалық аналогы немес жануарлардан алынады), олар басқа микроағзалар мен ісіктік жасушалардың қызмет атқаруын төмендетеді, инфекциялық және ісіктік ауруларды емдуе үшін қолданылады.

Рацоналды антибиотикотерапияның принциптері

  1. қоздырушы идентификацияс және оның антибиотикограммасын оқу.

Барлық биологиялық сынамалар лабораторияға емдеу басталғанға дейін келіп түсуі керек.

  1. тиімді препараттарды төмендегілерді ескере отырып таңдау:

а) препараттың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын

б) макроағза ерекшеліктерін

Фармакокинетикалық аспект: препараттың инфекция ошғына жете алуы және концентрацияның тиімті деңгейін жасау. Прапараттың тіндік барьерлерден өте алуы, құрсақ қжәне плевра қуысына шығуы, сүйектік немесе бұлшықеттік тіндерде және теріасты май қабатында  жиналуын білу қажет. Фармакодинамикасын ескере отырып препаратты таңтау үшін антибиотиктің  әсер ету спектрін білу және болжамды қоздырғышты ескере отырып препаратты таңдау қажет.

  1. препараттың тиімді дозасын ұтымды жиілікпен енгізу. Орташа

терапевтикалық концентрация (ОТК), ереже бойынша минимальді басымдық концентрациядан (МБК) 2-5 есеге артуы тиісті. МБК – бұл in vitro бөлінген қоздырғыш штамманың өсімін басатын концентрация.

Енгізу жолы антибиотиктің биожетімдігімен, аурудың ауырлығымен, патологиялық процесстің локализациясымен анықталады.

Бактерияға қарсы препараттардың көбісі үшін эффект концентрация деңгейі мен қанда тұрақты концентрацияны ұстау уақытыны байланысты. Қандағы препарат деңгейі тәулік аралығында елеулі ауытқымауы қажет.

  1. тиімді антибиотерапияға кедергі болатын себептерді жою(инфекция-

ның локальді ошағын шектеу, бөгде денелерді жою).

  1. емдеудің айтулы сауығцға жетуге дейінгі ұзақтығы, және де 3 тәулік

инфекция рецидивіне аулақ болу.

  1. емдеуге микробиологиялық бақылау жұргізу (ерте бақылау –

антибиотикотерапияның 3-4 күні; кеш бақылау – антибактериальді терапияның аяқталуына 3-7 күн).

Антибиотиктердің жалпы жанама әсерлері

  • аллергиялық реакция
  • микроағзалардың антибиотиктерге төзімділігі
  • дисбактериоз және тексеру ретінде: -кандидоз, -бактериолизис реакциялары

-суперинфекция (эндогендік – сапрофиттер және экзогендік – патогендер)

-дәрумендер алмасуындағы бұзылу

  • токсикалық эффекттер (нейро-, нефро-, гепато-, гемато-, ото-токсикалық және басқалар).
  • Эмбриотоксикалық және тератогенділік.

Антибиотиктердің топтамасы

         β-лактамдық антибиотиктер: бета –лактамдарының молекулалық құрылысының негізінде олармен антимикробтық белсенділігіне байланысты төрт тармақты бета-лактамдық сақина жатыр. Бета-лактамдық сақина белсенді емес пеницилландық қышқылдардың құрылуыментүзілетін ферменттер ериді. Бета-лактамдар химиялық құрылым мен әсер ету механизмі тұрғысынан алғанда фармокологиялық, клиникалық, иммунологиялық эффекттермен (әсерлермен) белгілі ұқсастыққа ие. Оларға келесі топтар жатады: пенициллиндер, цефалоспориндер, монобактамдар, карбопенемдер.

Пенициллиндер: А) биологиялық синтез жолымен алынатын пенициллиндер, препараттары (биосинтетикалық пенициллиндер)

  • бензилпенициллиндік натрий тұзы
  • феноксиметилпенициллин (оспен, клиацил)
  • бензилпенициллин новокаинды тұз
  • бициллиндер

Б) жартылай синтетикалық

-пенициллиназотөзімді

  • оксациллин
  • клоксациллин
  • диклосациллин
  • метициллин

-кең әсер етуші және пенициллазаға (аминопенициллиндер) төзімсіз

  • ампициллин
  • амоксициллин
  • карбенициллин
  • тикарциллин
  • бакампициллин
  • пенамециллин
  • кариндациллин
  • карфециллин

В) пенициллиназаға төзімді, комбинирленген препараттар

-2пенициллин құралатындар:

  • ампиокс (ампициллин +оксациллин)
  • клонокам (ампициллин+клоксациллин)

-пенициллиндер бета-лактамаз ингибиторларымен

  • ампициллин/Сульбактам (уназин)
  • амоксициллин/Клавуланды қышқыл («Аугментин», «Амоксиклав», «Кловацин», «Моксиклав», «Курам»)
  • ткарциллин/Клавуаланды қышқыл (Тиментин)
  • пипенациллин/Тазобактам (Тазоцин)
1 буын2 буын3 буын4 буын
·        цефалотин + (Кефлин)

·        Цефазолин+ (Кефзол, рефлинцефамизин)

·        Цефалексин0

(Кефлекс)

·        Цефрадин+0

·        Цефадроксил0

·        Цефамандол+

·        Цефуросим+ (Кетоцеф, Зинацеф)

·        Цефуроксим- аксетил (зиннат) 0

·        Цефметазол+

·        Цефотенан+

·        Цефоклор

·        Цефотоксим+ (Клафоран)

·        Цефтриаксон+ (Лонгацеф, Роцефин)

·        Цефоперазон (Цефобид)

·        Цефтазидим+ (Фортум)

·        Цефтизоксим+

·        Цефиксим (цефорал) 0

·        Цефтибутен (Цедекс) 0

·        Цефпиром+ (Кейтен)

·        Цефепим+ (максипим)

·        Цефклидин

·        Цефорозан

·        Цефкливин

·        Моксолактам (Латамокцеф)

+-парентеральді қолданылу; 0-преоральді қабылдау

Β-лактамоз ингибиторлары мен цефалоспариндерден тұратын перпараттар:

  • Цефоперезан/Сульбактам (Сульперазон)+

Карбапенамендер

  • Имепенем/Циластатин (Тиенам) +
  • Меропенем +

Монобактамдар

  • Азтреонам (Азактам) +

Аминогликуозидтер

1 буын2 буын3 буын
·        Стрептомицин

·        Неомицин

·        Мономицин

·        канамицин

·        гентомицин сульфаты (гарамицин)

·        Тобрамицин (Бруламицин, Небцин)

·        Сизомицин

·        Амикацин

·        Нетилмецин (нетромицин)

Тетроциклиндер

Табиғи:

  • Тетрациклин
  • Окситетрациклин
  • Хлортетрациклин

Синтетикалық:

  • Доксициклин (Вибрамицин)
  • Метациклин (Рондомицин)
  • Миноциклин
  • Морфоциклин

Макролидтер

Табиғи:

  • Эритромицин
  • Олеондомицин
  • Олететрин (тетраолеан)

Жартылай синтетикалық:

  • Рокситромицин (Рулид)
  • Азитромицин (Суммамед)
  • Джозамицин (Вильпрафен)
  • Кларитромицин (Клоцид)
  • Спиромицин (Ровамицин)
  • Мидекамецин (Макропен)

Фениколдар

  • Левомицин (хлорамфеникол)
  • Левомицин сукцинаты
  • Тиамфеникол

Пептидті құрамды антибиотиктер

Полимексиндер: полимиксин М,В,Е

Гликопептидтер: ванкомицин (Эдицин), тейкопланин (таргоцид), ристомицин сульфаты

Линкозаминдер:линкомицин (Нелорен), клиндомицин (далацин С, климицин).

Фузицин: фузидин, фузафунгин (биопоракс)

Әртүрлі топтағы антибиотиктер:

Рифамицин препараттары: рифамицин

Рифампицин (бенемицин, тубоцин)

Рифаксимин

Рифабутин (микобутин)

  • Капреомицин (капастат)
  • Мупироцин (бактробан)
  • Грамицидин, линезолид
  • Фосфомицин
  • Гелиомицин

Антибиотиктердің әсер ету механизміне байланысты жіктелуі

І. Бактерицидті препараттар

(жасуша қабырғасына және цитоплазмалық мембранаға әсет ететін)

  1. жасуша қабырға синтезінің ингибиторлары: пенициллиндер,

цефалоспариндер, басқа да β-лактамды антибиотиктер, ристомицин, циклосерин, бацитрин, ванкомицин, римфамицин.

Фермент активтілігін басатын, жасушаны негізгі каркастан айыра отырып, пептидогликандардың синтезіне қатысатын препараттар.

  1. цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзатын препараттар:

полимексины, полиенді антибиотктер.  Бөлініп жатқан және тыныштықтағы жасушаларға әсер етеді.

  1. цитоплазмалық мембраналардың өткізгіштігін бұзатын және нуклеин

қышқылдары мен ақуыз синтезінің ингибиторлары болатын препараттар:

аминогликозидтер, грамицидин, хлорамфеникол.

Препараттар бактерицидті және бактериостатикалық әсер етеді. әсерін көрсететін нүкте – тыныңтықтағы және бөлініп жатқан жасушалар.

ІІ. Бактериостатикалық препараттар

(макромолекула синтезіне әсер ететін)

Нуклеин қышқылдары мен ақуыз синтезінің ингибиторлары: хлорфеникол, тетрациклиндер, амкролидтер (үлкен дозаларда қабылдаса, бактерицидті әсер етеді), илнкомицин, клиндамицин, фузидин және т.б.

Антибиотиктердің әсер ету спектріне байланысты жіктелуі:

  1. тар спектрлі антибиотиктер

А) тек қана грамм оң флораға әсер етуші: бензилпенициллиндер,

жартылай синтетикалық пенициллиназотөзімді пенициллиндер, 1-інші цефалоспариндердің генерациясы, макролидтер, линкомицин, ристомицин, фузидин, ванкомицин.

Б) тек грамм теріс флораға әсер ететін: полимексиндер, уреидопенииллиндер, монобактамдар.

  1. кең спектрлі антибиотиктер:
  • тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицитин,

аминопенициллиндер, цефалоспариндер, карбопенемдер.

Антибиотиктердің жеке топтарына фармокологиялық мінездеме

         Бета- лактамды антибиотиктер

Бета-лактамдардың молекулярлы құрамының негізінде антимикробты белсендділік жатқан төртмүшелі бета-лактамды сақина бар. Бета-лактамды сақина бета-лактазалармен (микроағзалар түзетін ферменттер) белсенді емес пенициллан қышқылын түзе отырып ыдыратады. Бета-лактамдар химиялық құрылысы, әсер ету механизмі, фармокологиялық, клиникалық иммунологиясы жағынан ұқсас болып келеді. Оарға келесі топтарды жатқызуға болады: пенициллиндер, цефалоспориндер, монобактамдар, карбапенемдер.

Пенициллиндер.

Пенициллиннің әсер ету механизмі олардың жасушалық бактериялардың биосинтезін ингибирлеу қабілетіне байланысты. Пенициллиндер өсу фазасындағы микроағзаларға бактерицидтік әсер етеді. Грамм оң бактерияларға әсер етеді (лактаза бөлмейтін стафилококктар, стрептококктар, пневмококктарға); грамм теріс кокктар ( менингококктар, гонококктар), дифтерия таяқшалары, коринобактериялар), сібір жарасының таяқшалары, газды гангрена қоздырғыштары, және кейбір анаэробтар (клостридиялар, пептококктар), спирохеталар, кейбр патогенді саңырауқұлақтар ( актиномицеттер).

Бензилпеницилдерге β- лактаза бөлетін ішек бактерияларының тұқымдасы, стафилококктардың штамы резистентті болып келеді. Беталактамазалар – бұл бета-лактамды антибиотиктерді бұзатын микроағзалар түзетін ферменттер.

Фармакокинтека: биосинтетикалық пенициллиндер (ФАУ-пен-нен басқа) қышқылды ортада төзімсіз, оларды парентеральді және бұлшықетішілік енгізеді. Бензилпенициллин натрийлілердің әсер ету ұзақтығы  4-6 сағат, тәулігіне 4-6 рет енгізу керек. Новокаинды бензилпенициллин тұзының әсерінің ұзақтығы 12-24 сағат.

Биосинтетикалық бензилпенициллиндердің қолданылу көрсеткіштері:

Пневмониялар, ангиналар, эндокардиттер, ревматизм, скарлатина, менингит, гонорея, сифилис, қайтымды тиф, газды гангрена, столбняк, актиномикоз. Стафилококкты инфекцияларды және сифилисті емдеу үшін таңдау препараты бензилпенициллин болып табылады.

Пенициллиндер кең қолданылатын және жүктілік кезіндегі ең қауіпсіз антибиотик болып табылады.

Жартылай синтетикалық пеницилазотөзімді пенициллиндер

Препараттардың ерекшеліг і-  β- лактаза бөлетін стофилиококктарды басу болып табылады.

Метициллин қазіргі уақытта қолданылмайды, өйткені 10% жағдайда интерстицияльді нефритпен асқынуы байқалған.

Оксациллин, диклоксациллин тек қана парентеральді қолданбайды, сонмен қатар ішке де қабылдайды.

Оксациллиннің перральді қабылдағандағы биожетімділігі 30-50%. Интерстицияльді нефрит дамуы да мүмкін. парентеральді енгізгендегі тәуліктік дозасы 2-4 г., ішке 0,25-0,5г.-нан тағайындалады, орташа тәуліктік дозасы 3г. Диклоксациллин оксациллинмен салыстырғанда жақсырақ сіңіріледі.

Жартылай снтетикалық кең спектрліәселі пенициллиндер (аминопенициллиндер) басқа пенициллиндермен салыстырғанда аминопенициллиндер грамтеріс бактерияларға қарағанды белсендірек: энтерококктар, ішек таяқшалары, сальмонеллалар, шигеллалар, индолтеріс протея штаммдары, гемофильді таяқшалар. Лактамазаларды түзетін микроағзалар бұзылады.

Ампициллин – қышқылға төзімді препараттар. Ішке қолданғанда жақсы сіңіріледі. Парентеральді енгізгенде тіндерге жаңсы өтеді. Микроағзалардың пенициллиназасымен ыдыратылады. Плацентадан жеңіл өтеді. өзгермеген күйде зәрмен шығарылады.

Амоксициллин – фармокологиялық құрылысымен ампициллинге ұқсас, бірақ парентеральді қабылдағанда жақсы сіңіріледі және жанама әсерлеріді шақыруы аз.

Амоксициллинді қабылдац аз қабылдауға тәуелді емес, АІЖ –ның шырышты қабатымен қатынасы минимальді, диспепткалық және дисбактериоздық  бұзылыстар шақырмайды. Зәр бөлу жолының, ЛОР-ағзалардың, кейбір ішек инфекциялары (сальмонеллез) кезінде қолданылатын тиімді дәрі болып табылады.

Ингибиторқорғалған аминопенициллиндер

Ең кең таралған бактериялардың бета-лактамдардан қорғану механизмі бірінші кезекте – пенициллиндер, ерекше ферменттер – маңызды структура элемент бета –лактамды сақинаны бұзушы, антибиотиктерге бактерицидті әсер беруші бета-лактамаз бөлу болып табылады. Бета-лактамаздарды бөлу – алтын стафилококк, гемофильді таяқша, моракселла, энтеробатериялар, анаэробты және т.б. қоздырғыштар үшін клиникалық қатынаста антибиотикорезистентті түзуші бастаушы механизмдердің бірі.

Берілген микроағзалардың резистенттілігінен құтылу үшін арнайы лактамаз ингибиторлары түзілген: сульбактам, тазобактам және кловуальді қышқыл.

  • Ампициллин/ Сульбактам (Уназин)
  • Амоксициллин/Кловуальді қышқыл («Аугментин», «Амоксиклав», «Клавоцин», «Моксиклав», «Курам»)
  • Тикрациллин/ Кловуальді қышқыл (Тиментин)
  • Пиперациллин/Тазобактам (Тазоцин)

Антикөкіріңді пенициллиндер (карбоксипенициллиндер)

  • кең спектрлі әсерлі антибиотиктер. Грамтеріс микроағзалардың

қатынасында микробты белсенділікті: көкірің таяқшалары, протйдің барлық түрлері дерлік, солардың қатарында протейдің ампициллинрезистентті штамдары және ішек таяқшалары: анаэробтар, Bakteroides fragilis. Көкіріңді таяқшаларға әсері бойынша бұл препараттарды келесі  кезекте орналавстыруға болады: азоциллин = пиперациллин = мезоциллин = тикарциллин = карбенициллин.

Берілген топ препараттары бета-лактамазалармен бұзылады ( кейбір

стафилококктардың штамдарына әсер етпейді ).

         Карбоксипенициллиндерге қолдау көрсеткіштері:МВП инфекциялры, грамтеріс аэробты флора шақырған сепсис (түрлі көкіріңді таяқша штаммдары).

Карбоксипенициллиндердің жанама әсерлері: вена ішілік енгізгенде флебиттер, тромбоцитопения карфециллині (қан кету): нейротоксикалылығы басқа пенициллиндерге қарағанда көбірек: гипокалиемиялық алкалоз, трансаминаз белсенділігінің артуы. Комбинирленген препарат – тиментин ( тикациллин және кловуальді қышқыл). Қолдануға көрсеткіші зәршығару жолдарының инфекциялары.

Пенициллиндерді қолданғандағы жағымсыз реакциялар

Пенициллиндер токсикалық реакцияларды аз щақырады. Бірақ, олар ағзаны жиі сенсибилизацияға ұшыратып, аллергиялық реакциялардың дамуына әкеледі.

  • Аллергиялық реакциялар ( 10-15% науқастарда). Бұл Анафилак-

тикалық шок, крапивница, ангионевротикалық ісік, қышыну, температуралық реакция, эозинеофилия болуы мүмкін.

  • Интерстицияльді нефрит ( жиірек менициллин болуы мүмкін)
  • Кубс сынамасы оң болатын гемолитикалық анемия, лейкопения,

Тромбоцитопния (карбенициллин және тикарциллинге  жиі тән)

  • Пенициллиннің үлкен дозасын енгізгенде ( табиғи пенициллиндер

үшін 500 000 ЕД/кг/тәулігіне) немесе эндолюмбальді енгізгенде – нейротоксикалық әсер береді. ОЖЖ-нің қозуымен көрінеді, галюцинациялар, сандырақ, сіңірлердің тартылуы дамуы мүмкін. бұл көріністердің барлығы қозу процесстерінің жоғарлаумен және нейрондардың тежелуінің төмендеумен байланысты.

  • Үлкен дозоларды қолданғанда электролидті бұзылыстар болуы

Мүмкін (гипернатриемия, гиперкалиемия). Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды ион концентрацияларының жоғарлауы  ісінулердің өсуімен бірге жүреді. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарда ион концентрацияларының жоғарлауы жүрек ритмінің бұзылуын дамытуы мүмкін.

  • Суперинфекция
  • Псевдомембранозды колит (қоздырғышы clostridium difficile)
  • Вена ішілік енгізгенде флебиттер: бұлшықетке енгізген жерде ауру сезімдері (пенициллиндердің калий тұздарын қолданғанда ерекше).

Цефалоспориндер

Цефалоспориндердің төрт кезеңі белгілі.

әсер ету механизмі: пептидогликан түзілуінің бұзылуы – транспептидазалардың ацетилирленуінің арқасында бактериялардың жасуша қабырғасының структуралық негізі. Түрлі генерациялардығылар бір бірінен әсерінің спектрі бойынша ажыратылады. Цефалоспорин тобының препараттарының көбі кислотолобильді немесе ішекте жақсы сіңірілмейді және парентеральді қолданылады.

Цефалексин, цефаклор, цефрадин, цефуроксим преоральді қолданылады.

Цефалоспориндер түрлі тіндер мен ағза орталарына жеңіл енеді (өкпе, кіші астау мүшелеріне, перикард, құрсаққа, плевра, синовиальді қабықшаларға). Цефалоспорин қатарының цереброжұлын сұйықтығына енуінің маңызы зор (цефтриаксон, цефуроксим, цефтазидим, цефотаксим). Бұлардың ішінде цефтриаксон  мен цефоперазоннан басқасы.

1-буындағы цефалоспориндер – антимикробты әсерінің тар спектрлігімен ерешеленеді (энтерококктардан басқа грамм оң кокктар, кейбір грамтеріс кокктар E. Coli. P. Mirabilis). 1ші буындағы цефалоспориндердің негізгі ерешеліктері болып жоғары антистафилококктық белсенділігі, солардың ішінде пенициллиназатүзуге қарсы табылады. 1ші буындағы цефалоспориндер нефротоксиндер (негізгісі цефолоридин), үлкен дозасын тағайындағанда тубулярлы бүйректік некроз шақырады (тәулігіне 6г.), ереше жағдай егер ХПН-мен ауыратыг науқастарға немесе солармен бірге петлді диуретиктер мен аминокликозидтерді қабылдағанда.

Цефозолин (кафезол) 1ші буындағы цефалоспориндердің ішінде кең қолданылатын антибиотик. Цефозолин плацентарлы барьер арқалы жақсы өте алады, ұрық қанына терапевтикалық концентрацияда түседі. Цефозолиннің ұрыққа және жүктіліктің ары қарай дамуына теріс әсері байқалмаған. Метилциллинрезистентті стафилококктар штамдарына қатысты ванкомицинмен және энреококктарға қатысты аминогликозидтермен  комбинирлендіріп қабылдаса синергизм байқалады.

2-ші буынды цефалоспориндер  1-ші генерациядағы препараттарға қарағанда кең спектрлі әсерімен ерекшеленеді және қанда және тіндерді үлкен концентрация түзеді. 2-ші буындағы цефалоспориндер бета-лактазаларға төзімді, осыған байланысты стафилококктарға, грамтеріс бактерияларға (ішек және гемофильді таяқшалар, сальмонеллалар, шигеллалар, клебсиеллалар)қатысты тиімділігі жоғары. 2-ші буындағы цефалоспориндер көкірің таяқшалары, протейдің индо оң штаммалары шақырған инфекцияларда тиімсіз болып табылады. Осы топтардағы барлық препараттар псевдомембранозды колит тудыры мүмкін. лейкопения, тромбоцитопения, протромбиннді уақыттың жоғарлауы (әсіресе цефамандол, цефаперазон цефотетан қолданғанда). Осы жанама әсері К дәруменін қолданғанда жойылады.

Цефуроксим (зинафер)  басқа препаратпен қосылып St.aureus-ке қарсы әсер етеді, бірақ St. Pyogenes-ге белсенді қатынаста. Парентеральді және ішке 10%  дозада қолданылады. Ішке қолдану үшін цефуроксим-ацетил (40% дозада сорылады), тамақтан кейін әсері күшейеді. Зәрмен шығарылады. Әлсіз улылыққа ие.

Цефаклор (цеклор,альацет) ішке қолдануға арналған препарат. Фармакокинетикасы жағынан цефалексиннің аналогы. Одан айырмашылығы  H.Ipfluepza , M, Catarrhalis, E.Coli, Ptoreus mirabilis-ке жоғары коэффициенттілігі бар. Жоғары және төменгі тыныс жолдарының инфекциясы , зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде қолданылады. 250мг-нан әр 8 сағат сайын белгілейді. Тәулік дозасы-4г.

3-ші буынды цефалоспориндер грам теріс флораға, қауіп төндіретін микроорганизмдерге, басқа антибиотиктерге резистенттілігі бар (Proteus vulgaris, serrtia marcescens) жоғарғы әсер көрсетеді. Басқа препараттармен салыстырғанда грам оң кокктарға аз әсер етеді, бастысы стафилакоктарға. Сонымен қатар стрептококтар, гонококтар, менингококтар-ға жоғары белсенділігі сақталған.Энтерококтар, хламидиялар, микоплазмалар 3-ші буынды цефалоспориндерге сезімталдық көрсетпейді.

Осы генерациядағы препараттың ішінен цефодизим иммуностимулдаушы әсерге ие.

3-ші буынды цефалоспориндердің басқа бундарынан айырмашылығы ол гематоэнцефалитті тосқауылдан өтеді және ОЖЖ-геқолдануға болатын альтернативті зат болып келеді. Сонымен қатар бұл топ плацентарлы тосқауылдан да өте алады. Бірақ, адамның қатаң бақылауда ғана көз жеткізуге болады.  Сондықтан да бол буынның препататтарын жүктілік кезінде  тек мәжбір болғанда ғана қолданады.

Соңғы уақытта 3-ші буынды цефалоспориндерді кең қолдану грам теріс бактериялардың, бета-лактамдардың кеңінен таралуына алып келді.

Цефатоксим(клафоран) бета-лактамазаларды бөлмейтін Enterobakteriaceae тұқымдастығына қарсы жоғары тиімділікті препарат болып табылады. Грамм оң флораға әсер етуі бойынша 1-ші буындағы цефалоспрориндерден төмен тұрады. Клиникалық антипсевдомонадты белсенділік көрсетпейді. Жартылай шығару  кезеңі – 1 сағат. Белсенді метоболиттер түзумен бауырда метоболизденеді, бүйрекпен шығарылады.

Цефтриаксон (лонгецев) N. gonorrheae, N. meningitides, H. Influenzae қарай жоғары тиімді болып табылады. Препараттың жартылай шығару кезең 8,5 сағатты құрайды. Қанда терапевтикалық концентрациясы бір рет вена ішілік немесе бұлшықет ішілік енгізгеннен кейін бір тәулікке дейін сақталады, соның арқасында препаратты тәулігіне 1 рет қана енгізуге болады. препарат өтпен бөлінеде, ол өт-тас ауруын тууына әсер етуі мүмкін. өт шығарушы жолдарының ауруларында қолданылуға болмайды.

Цефоперазон (цефобид) P. Aeruginosa қатысты айқын белсенділікке ие. Цефолотоксиммен салыстырғанда грамм теріс таяқшалар және грамм оң кокктарға әсері әлсіз. Препарат қан плазмасындағы ақуыздармен белсенді байланысады, аз мөлшердегі бөлімділігімен сипатталады. өтпен экскрецияланады. Алкогольмен қосып қабылдағанда тетурамға ұқсас әсер көрсетеді, ол қабылдауды тоқтатқаннан кейін де 48 сағат бойы сақталып тұрады.

Цефтазидим – әсер ету спкрті цефтриаксонға ұқсас, көкіріңді тяқшаларға байланысты белсенділігі шамамен 10 ретке артық. Резервтік препарат болып табылады.

         4-ші буындағы цефалоспариндер түрлі хромосомалық және бета-лактамаз плазмидалары үшін жоғары стабильділігімен сипатталады.

4-ші буындағы цефалоспориндер ауыр госпитальді инфекцияларды емдеуде көрсетіледі: бүйрек және зәршығарушы мүшелердің, құрсақ қуысының және кіші астау мүшелерінің, тері және жұмсақ тіндердің, төменгі тыныс мүшелерінің, сонымен қатар интенсивті терапия бөлімшелерінде және агранулоцитозбен ауыратын науқастарда.

Цефалоспариндердің жанама әсерлері

  • Аллергиялық реакциялар (1-4% емделушілерде): крапивница, транзиторлы эозинофилия, сирегірек бронхиоспазм, анафилактикалық шок. Пенициллиндерге пререксті аллергия сирек кездеседі (2% жағдайларда).
  • Үлкен дозоларды қолданғанда – қан түзудің қайтымды тежелуі (лейкопения, нейтропения), қан аққыштық. Гипопротеинемия және геморрагиялық синдром цефамандол, цефотетан, цефоперазон, цевметазол, моксилактама үшін ең тән белгілер. Осы препараттар алкоголге төзімсіздікті шақырады.
  • Аминотрансферазалар мен сілтілі фосфатазаның белсенділігінің транзиторлы жоғарлауы.
  • Цефалоспориндердің үлкен дозасын петльді диуретиктермен және аминокликозалармен комбинирлеп қабылдағанда нефротоксикалық жоғарлауы мүмкін.
  • өт бөлетін цефолоспориндерді қабылдағанда диспептикалық бұзылулар (цефоперазон, цевтриаксон).

Монобактамдар

         Азтреонам. Азтреонамның молекулалық негізі басқа да бета-лактамды антибиотиктердегідей бета-лактамды сақинамен ұсынылған. Механизм: трансфераза ферментінің ары қарай микроағзалардың жасушалық қабырғасының құрылысының бұзылуы мен олардың өліміне әкелетін ингибирленуі.

Грамм теріс микроағзаларға қатысты жоғары белсенділік байқатады (эшерехиялар, клебсиеллалар, протей, морганеллалар, көкіріңді таяқша, серациялар, нейсериялар, гемофильді таяқша, цитробактер), және бета-лактамазаларға төзімділік. Оларға стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, бактериойдтар резистентті. Цефалоспориндер мен карбапенемендерге қарағанда грамм теріс бактериялардың бета-лактамаз бөлуін стимуляцияламайды.

Пенициллинге, цефалоспориндерге немесе аминокликозидтерді қолдануға шектеулер қойылған кезде қолданылуы мүмкін (бүйрек қызметтері бұзылғанда, үлкен жаста).

Карбопенемдер

Алғаш рет Streptomukes cattleya-лардан бөлінген. 1-ші буынын айырады: импенем, тиенам, примаксин: 2-ші буын: меропенем.

Бұл жоғары белсенділікті антибиотиктер. Олардың СТК-сы МПК-ға жақын. Олар белсенділігі бойынша грамм оң микроағзаларға қатыстылығы бойынша бірінші орында, ал грамм теріс микроағзаларға қатыстылығы бойынша фторхинолонамдардан ғана артта қалады. Карбопенемдер қазіргі кезде қолданыстағы антибактериальді дәрілердің ішінде өте кең спектрлі әсерге ие: грамм оң кокктар (стрепто-,пневмококктар), грамм теріс таяқшалар (ішек таяқшалары, менингококктар, гонококктар, легионеллалар): B. Flagilis –пен қоса анаэробты флора, актиномицеттер. Энтерококктар мен көкірің таяқшалар, листерийлерге қатысты шектеулі белсенділікке ие. Хломидиялар мен микоплазмалар және туберкулезге әсер етпейді.

         Қолдану көрсеткішдерне қоздырғыш ассоцияциясына шартталған ауыр инфекциялар: зәршығарушы мүшелердің инфекциялары, кіші астау және құрсақ қуысының, пневмония, септицемия, иммунодефицитпен және агронулоцитоз жәе басқа аурулармен ауыратын науқастар жатады.

Жанама көрсеткіштерінен диспепсикалық бұзылыстар, тромбофлебиттер, эозинофилия, псевдомембранозды колит, артериальді гипертензия, бүйрек трансаминазының белсенділігің жоғарлауы болуы мүмкін.

Аминогликозидтер

Кең спектрлі бактирицидті механизмді әсерге ие антибиотиктер. Аминогликозидтер грамм теріс батериялардың көбіне қатысты жоғары эффективті (ішек таяқшалары, сальмонеллез, шигеллалар, протия, клебсиеллалар, энтеробактерлар); стафилококктар, соның ішінде метициллинрезистенттілер. Актиномикоздарға стрептококктар, пневмококктар, гонококктар, менингококктар таңдамалы сезімтал. Грамм оң бактериялардың көбі және анаэробты микрофлора актиногликозидтерге төзімді.

Аминногликозидтер күшті постантибиотикалық әсерге ие, ол қанда препараттың концентрациясын 0-ге дейін төмендеткеннен кейін антибактериальді белсенділікті сақтауымен көрінеді.

1-ші буындағы амингликозидтер қазіргі уақытта жоғары токсикалығына және бұған қарағанда тиімді препараттардың пайда болуына байланысты қолданылмайды деуге де болады.

2-ші буынның көбірек зерттелген препараты гентамицин болып табылады. Канамицинге төзімді микроағзаларға әсер етеді, кейбір көкірің таяқшаларына әсер етеді. 0,4-0,8 мг/кг дозсында 8 сағаттық аралықта қайта енгізгенде препараттың кумуляциясы байқалады. Токсикалығын төмендету үшін тәуліктік дозасын бір ретте енгізу керектігі көрсетілген – максимальді дозасы 5мг/кг.

Тобрамицин – грамм теріс бактериялар және көкірің таяқшалары, стафилококктар, соның ішінде метициллинге төзімді және кейбір цефалоспориндер, кейбір стрептококк штаммдарына қатысты ең эффективті препараттардың бірі болып саналады. Гентамицинмен салыстырғанда аз нефротоксикалыққа ие. Көрсетілімдеріне ауыр инфекциялар, соның ішінде зәр шығарушы жолдардың рецидивирлеуші инфекциялары. Тәуліктік дозасы – 3мг/кг.

3-ші буындағы аминногликозидтер гентамицинге тән әсер ету спектрге ие. Бұдан басқа, микроағзалардың гентамицинрезистентті штамдарына әсер етеді, сонымен қатар көкіріңді таяқшаларға қатысты эффективтілігі жоғары препарат. Берілген генерациядағы препараттарды парентеральді қолдануға тағайындайды. Зәрмен шығарылады, жартылай шығарылу кезеңі орташа 2 сағат.

Осы топтың препараты амикацин гентамицинге және тобрамицинге төзімді грамм теріс бактериялар қоздыратын инфекцияларда қолданады. Актиномицинге резистенттілік, ережеге сай, басқа да аминогликозидтерге төзімділікті білдіреді. Тәуліктік дозасы – 10 мг/кг. Жүктілік кезінде актиномицинді қолдануға болмайды.

Аминогликозидтердің жанама әсерлер

Аминногликозидтер ототоксикалық (қайтымсыз) және нефротоксикалық (қайтымды) әсерлер көрсетуі мүмкін. стрептомицин, неомицин, мономицин, канамициндер ең токсикалық болып табылады. Актиногликозидтердің токсикалылығы дегидратация, гипокалиемия, сонымен қатар басқа дәрілік заттармен реционалды емес комбинирлеген кезде жоғарылайды.

Аминогликозидтер бала жолдасынан өтеді және ұрыққа токсикалық әсер көрсетеді (ұрық бүйрегінің гипоплазиясы, естудің протеясы). Жүктілік кезінде қолдану ауыр инфекциялар кезінде ғана рұқсат етіледі. Стрептомицин, неомицин, мономицин, канамициндерді қолданылуға қатаң тыйым салынған. Аминогликозидтердің ішінде гентамициннің фетотоксикалық әсері басқаларына қарағанда азырақ болып келеді. Вестибулярлы аппараттың, жүйке-бұлшықеттік өткізгіштің блокадасы бұзылуы, парстезиялар, аллегиялық реакциялар дамуы мүмкін. вена ішіне және құрсақ ішіне үлкен дозаларды тез енгізгенде жүйке-бұлшықет блокадасының арқасында тыныстың бұзылуы мүмкін.

Макролидтер

Кең спектрлі антибиотиктерні классының мүшесі, химиялық структурасының негізін макроциклді лактонды сақина құрайды. Ең танымал макролид эритромицин болып табылады. Макролидтер грамм теріс және грамм оң кокктарды басады: стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, гонококктар. әсер ету спектріне сонымен қатар Bakteroides gragilis, легионеллалар, риккетсялар, клостридиялар, моракселлалар, листериялар, коринабактериялар, кампилобактерлардан басқа анаэробты флора кіреді. Макролидтерге микроағзалардық төзімділігі тез дамитындықтан резервтік антибиотиктер болып табылады. Сонымен бірге макролидтер аз токсикалақ антибиотиктер қатарына кіреді. 10 күннен артық қабылдаса холестатикалық гепатит дамуы мүмкін. аллергиялық реакциялар сирек дамида.

Линкозаминдербактериостатикалық әсер ету механизміне ие антибиотиктер. Препараттар ең бастысы анаэробтарға, соның ішінде Bakteroides gragilis, стафилококктаға қатысыты белсенді (лактамаза бөлуші). Грамм теріс бактерияларға әсері әлсіз. Мкроағзалардың линкозаминдерге төзімділігі жай дамиды.

Линкомицин сүйек тініне жақсы енеді (препаратты остеомиелиттерде таңдайды). Бала жолдасы арқылы және емшек сүті арқылы үлкен концентрацияларда өтеді. Ұрық бауырында кууляция болуы мүмкін. емшек сүтіндегі концентрациясы қан құрамындағының 50%. Препарат бүйрек арқылы, аздап өтпен де шығарылады.

Жанама әсерлері: диспептикалық бұзылыстар, лейконейтропения, тромбоцитопения, қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуы (жүйке –бұлшықеттік өткізгіштікті тежейді). Ең ауыр асқынуы псевдомембранозды колит (жиірек клиндомицинді қолданғанда) болады. аллергиялық реакциялар сирек байқалады.

Линкомицинді миорелаксанттармен бірге енгізуге болады. миастения және жүктілік кезінде, әсіресе кеш сатысында, өйткені бұлшықетті босаңсытуы мүмкіндігіне байланысты  қолдауға тыйым салынған.

Оксалидинондар жаңа топтағы синтетикалық антибиотиктердің бірі болып табылады. Клиникалық практикада линезолид антибиотигі қолданылады. Препарат резервтің антибиотигі болып табылады және полирезистентті грамм оң кокктармен шақырылған инфекцияларда қолданылады.

Линезолид ақуыз синтезінің бұзылуына байланысты бактериостатикалық әсер көрсетеді. Аэробты грамм оң микроағзалардың (Staphilococcus  spp., соның ішінде метиллинрезистентті штамм, Enterococcus spp., ванкоминцинрезистентті штаммдарды қоса Streptococcus spp., Corinobacterum spp., Clostridium spp., Peptostreptococcus spp) қатысты белсенділікке ие, көп грамм теріс бактерияларға әсер етпейді.

Ванкомицин гликопептидтерге жатады. Грамм оң флораға, кейбір грамм теріс микроағзаларға, клостридияларға  әсер етеді. Микроағзалардың оған төзімділігі дамымайды деуге де болады.

Ванкомицин микроағзаларға бактерицидті әсер көрсетеді, бөліну кезеңінде лизиске ұшыратады (β-лактамдылар сияқты). Асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді, ішке тек псевдомембраналық колит (клостридиялардың лизисін шақырады)  кезінде ғана қабылданады. Айқын қоздырушы қасиеттеріне байланысты тек қатаң вена ішіне жай енгізіледі. 12 сағатқа тиімді сақталады. Қан плазмасының ақуыздарымен байланыспаған, метаболизделінбейді, бүрек арқылы шығарылады. Қайталама енгізгенде, әсіресе бүйрек патологияларында кумулирленуі мүмкін. препарат токсикалық болып табылады.

Ванкомицин антибиотикорезистентті микроағзалармен шақырылатын инфекцияларда қолданылады. Жүйке жүйесі, қан(гемолитикалық анемия), бүйрек, суперинфекция және аллергиялық реакциялар   жағынан асқынулар байқалуы мүмкін.

Фузидин-натрий антибиотик, стероидты структураға ие. Микроағзаларды ақуыз синтезін басады, пепридті тізбектердің транслокациялық процесін тежейді, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Оларға пенициллин төзімді стафиликокктар емн гонококктар, оларға қарағанда азырақ пневмококктар және стрептококктарға қатысты, дифтеридті таяқша және клостридиялар сезімтал. Фузцин-натрийді ішке қолданғанда 2-3 сағаттан соң қанда максимальді концентрация түзе отырып сіңіріледі. Қан плазмасынң ақуыздарымен қайтымды байланысады (90% дейін). Оның концентрациясының индивидуальді ауытқуына байланысты әр науқас үшін емдеу схемасын таңдау қажет.

Фузидин –натрий тіндерде қатынасты тең мөлшерде жайылады, өтпен бөлініп шығарылады. Жартылай шығару кезеңі 10-12 сағатты құрайды. Препарат сүйек, сіңір тіндеріне, секвестрлер және сондықтан пазухалардағы, буындардағы, сүйектердегі іріңді-қабыну процесстері кезінде емдеуге тағайындалады. Оларды тек басқа топ антибиотиктерге резистентті стафилококкты инфекциялар кезінде қолданады.

Фузидин-натрий аз токсикалы, аллегиялық реакцияларды сирек шақырады. Қоздырушы қасиеттерге ие бола отырып, кейде диспептикалық көріністерге (қыжылдау, жүрек айну, құсу, эпигастриде аурулар) әкеледі, сондықтан оны ас ішкенде немесе  астан кейін қолдану көрсетілген.

Тетрациклиндер – бактериостатиктер.

Антибиотиктердің әсер ету спектрі: стафилококктар, стрептококктар, литерилер, клостридиялар;

Нейсериялар, эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллездер, энтеробактериялар, клебсиеллалар, бордотеллалар, риккесиялар, трепонемалар, хломидиялар.

Псевдомониялар, протей, серацияларда белсенді емес.

Көрсеткіштер: пневмония, бронзит, плевра эмпиемасы, ангина, холецистит, пиелонефрит, эндометрит, простатит, сифилис, гонорея, көкжөтел, бруцеллез, рикетсиоз, остеомиелит, жұмсақ тіндердің іріңді инфекциялары.

Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар – терілік бөртпелер, крапивница, эозинофилия, қышыну.

Гематологиялық реакциялар – аминогликозидтердегідей.

Диспепсикалық реакциялар – диарея, жүрек айну, құсу, эпигастридегі ауру сезімі; анорексия, глоссит, эзофагит, іш қату, дисфагия.

Кандидоз, ішектік дисбактериоз.

Кері көрсетілімдер: жүктіліктің 2-ші кезеңі. 8 жасқа дейінгі балалар, миастения (бұлшықетке енгізу үшін), препаратқа сезімталдықтың жоғарылауы.

Феникол туындылары – бактериостатиктер

әсер ету механизмі: МО-да ақуыз синтезін бұзады.

Антибиотиктердің әсер ету спектрі: стрепто-, стафилиококктар, гоно-, менингококктар; ішек және гемофильді таяқшалар, сальмонеллалар, шигелла, клебсиеллалар, серрация және йерсиний, протей. Рикетсиялар, спирохеталар, үлкен вирустар.

Көрсетілімдер: паратиф, дизентерия, іш сүзегі, бөртпе сүзегі, бруциллез, туляремия, көкжөтел, трахома, пневмония, менингит, сепсис, остеомиелит.

Сыртқа қолдануға – фурункулез, ұзақ жазылмайтын жалалар, 2 – 3 сатыдағы күйіктер, емшекпен емізетін әйелдерде емшек ұштарының жарылуы, конъюктивит, блефарит, кератит.

Жанама әсерлері:

Аллергиялық реакциялар – цефалоспориндердегідей;

Гематологиялық реакциялар – цефалоспориндердегідей және апластикалық анемия;

Диспепсикалық  реакциялар – цефалоспориндердегідей;

Неврологиялық реакциялар – цефалоспориндегідей +диспепсия, есінің шатасуы, делирий, көрінетін және естілетін елестер, көз алмасының параличі, дәмнің бұзылуы, неврит.

Дисбактериоз, суперинфекция

Кері көрсетілімдер: порфирия және басқа қан аурулары; бүйрек және бауыр аурулары , тері аурулары (псориаз, экзема, саңырауқұлақ аурулары).

Глю-6-фосфатдегидрегеназа жетіспеушілігі, жүктілік, лактация, жаңа туған нәрестелер

Негізгі көрсетілімдері:

  1. сәулелі терапияда, цитостатикамен, сульфаниламидпен болмайды;
  2. алкогольмен бірге, сол сияқты дисклбфирамды реакция дамиды(гипертермия, тахикардия, құсу, жөтел, діріл);
  3. емізікше жарылуын емдеу кезінде- емізуді тоқтату;
  4. қанның жағдайын үнемі қадағалауда ұстау керек.

Жүктілік кезінде қолдануға рұқсат берілген антибиотиктер

  • пенициллиндар
  • цефалоспориндер
  • эритромицин(негізгі) 14 аптадан соң

Жедел керек жағдайда  қолдануға рұқсат берілген антибиотиктер

  • имипенем
  • макролиттер (азитромицин, спиромицин)
  • азтреонам
  • ванкомицин, тейкопламин
  • линкомазин
  • миконазол, кетоконазол, флуконазол
  • рифампицин

Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған антибиотиктер

  • тетрациклин
  • стрептомицин, неомицин, канамицин
  • хлорамфеникол
  • эритромицин эстолап
  • сульфаниламид
  • Ко-тримаксазол (соңғы 3 айға кері көрсеткіші)
  • триметоприм
  • хинолдар
  • фторхонолондар
  • метронидазол (1-ші 3 айлықта қолданылмайды)

Емшекпен емізу кезіндегі қолданылмайтын антибиотиктер

  • хлорамфеникол
  • аминогликозидтер
  • сульфаниламидтер
  • тетрациклин
  • мактолиттер (жартылай синтетикалық)
  • хиналондар

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!