- Тақырыбы №3: Несеп шығару жүйесінің инфекциялық аурулары кезінде қолданылатын антимикробты заттар. Балалардағы несеп шығару жүйесінің инфекцияларын емдеу әдісі.
- Сабақтың мақсаты: Білім алуға мүмкіншілік және түсінік беру:
- несеп шығару жүйесінің инфекциялық-қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшеліктері туралы;
- несеп шығару жүйесінің инфекциялық-қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың қолдану көрсеткіші және қарсы көрсеткіштері туралы;
- Оқыту мақсаты:
- несеп шығару жүйесінің қабыну аурулары кезінде қолданылатын микробқа қарсы заттардың фармакодинамика мен фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;
- студенттердің назарын жеке препараттарды таңдау ерекшеліктеріне аудару және оларға салыстырмалы сипаттама беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Несеп шығару жүйесінің инфекцияларының қоздырғыштары және пиелонефритті емдеу үшін қолданылатын заттар (бета- лактамды антибиотиктер, пенициллиндер).
- Цефалоспориндердің II-III ұрпағы.
- Карбапенем және монобактам тобындағы антибиотиктер.
- Аминогликозидтер.
- Сульфаниламидтердің триметоприммен біріктірілген препараттары.
- Фторхинолондар (левофлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин).
- 8-оксихинолиндар, әсер ету спектрі, қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері (нитроксолин).
- Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, хаттама дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептер шығару.
- Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер.
Рецепт жазуға арналған препараттар:
Цефтриаксон (тороцеф, лонгацеф) – Ceftriaxonum (1,0 фл.)
Норфлоксацин (нолицин, норбактин) – Norfloxacinum (таб. 0,4 №20)
Ципрофлоксацин (ципролет, сифлокс) – Ciprofloxacinum (таб. 0,5 №10, ер-ді 0,2% – 100 мл фл.)
Ко-тримоксазол (бисептол) – Co-trimoxazolum (таб. 0,48 №20)
Амоксициллин – Amoxycillinum (таб. 0,5 №20)
Меропенем – Meropenemum (1,0 фл.)
Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:
Цефтазидим (фортум)
Цефоперазон (цефобид)
Азтреонам
Пипемидин қышқылы (палин)
Налидиксин қышқылы (невиграмон, неграм)
Нитроксолин (5-НОК)
Оксолин қышқылы
- Тақырыбы №2: Созылмалы гломерулонефриттің фармакотерапия принциптері. 2. Сабақтың мақсаты: Білім алуға мүмкіншілік және түсінік беру:
- гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың әсер ету механизмі мен қолдану ерекшеліктері туралы;
- гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың жанама және токсикалық әсерлері;
- Оқыту мақсаты:
- гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасы сұрақтарын қарастыру;
- гломерулонефритті емдеу үшін қолданылатын заттардың негізгі фармакологиялық әсерлерін көрсету;
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Гломерулонефриттің этиопатогенезінің негіздері. Гломерулонефриттің этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапия принциптері.
- Гломерулонефриттің иммуносупрессивті терапиясы. Глюкокортикоидтар. Гломерулонефрит кезіндегі негізгі фармакологиялық әсерлері, әсер ету механизмдері. Пульстерапия туралы түсінік, оның қолдану көрсеткіштері.
- Гормоналды емес иммунодепрессанттармен емдеу. Цитостатиктердің әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.
- Гломерулонефритті антикоагулянттармен және антиагреганттармен емдеу. Тура әсер ететін антикоагулянттар (гепарин), Гломерулонефрит кезіндегі әсер ету механизмі. Жанама әсерлері. Антиагреганттар (дипиридамол), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері, карсы көрсеткіштері.
- Гломерулонефриттің симптоматикалық емі. Қабыну, ісіну және гематуриялық синдромдарын емдеу.
- Созылмалы гломерулонефриттің біріктірілген терапиясы. Үш компонентті және төрт компонентті схемалар туралы түсінік.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, хаттама дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептер шығару.
- Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер.
Рецепт жазуға арналаған препараттар:
Варфарин – Warfarinum (таб. 0,0025 №50)
Дипиридамол (курантил) – Dipyridamolum (драже 0,075 №15)
Преднизолон – Prednisolonum (таб. 0,001 №30)
Дексаметазон – Dexamethasonum (ер-і 0,4% – 1 мл амп. №10)
Циклофосфамид – Cyclophosphamidum (ұнтақ 0,2 фл. таб. 0,05 №50)
Гепарин – Heparinum (ер-і 5000 ХБ/мл – 5 мл фл. №5)
Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:
Фенилин
Клопидогрел (плавикс, зилт)
Эноксапарин натрия
Эптифибатид
Аминокапроновая кислота
Вольтарен
Индометацин
- Тақырып №1: Созылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромының фармакотерапиясы.
- Сабақтың мақсаты: Білім алуға мүмкіншілік және түсінік беру:
- созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің фармакотерапия принциптері туралы;
- созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;
- созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың жанама және токсикалық эффектері;
- Оқыту мақсаты:
- созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың фармакодинамика мен фармакокинетика сұрақтарын қарастыру;
- созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын заттардың негізгі фармакологиялық әсерлерін көрсету;
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Бүйрек жетіспеушілігінің патогенезі және фармакотерапия принциптері.
- Зәр айдатын заттар. Әсер ету механизмі бойынша жіктелуі.
- Әсер ету орны және әсер ету ұзақтығы бойынша зәр айдайтын заттардың жіктелуі.
- Ілмектік диуретиктер, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері. Гипокалиемиямен күресу принциптері.
- Тиазидті диуретиктер, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Калий сақтаушы диуретиктер, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері.
- Карбоангидраза ингибиторлары, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Осмостық диуретиктер, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, кері көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, хаттама дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептер шығару.
7.Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер және аралық бақылау тесттері.
Рецепт жазуға арналған препараттар:
Индапамид – Indapamidum (таб. 0,0025 №30)
Фуросемид – Furosemidum (таб. 0,04 №10; ер-і 1% – 5 мл амп. №5)
Спиронолактон – Spironolactonum (таб. 0,05 №20)
Ацетазоламид (Диакарб) – Acetazolamidum (таб. 0,25 №12)
Дихлотиазид – Dichlothiazidum (таб. 0,025 №25)
Маннит – Маnnit (ер- і 15% – 100 мл фл.)
Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:
Этакриновая кислота
Триамтерен
Триампур композитум
Амилорид
Верошпирон
Дорзоламин