Қарапайымдарды жоятын заттар
Безгекті емдейтін заттар
Адам организмінде паразиттік тіршілік ететін безгек қоздырғышының төрт түрі бар: Plasmodium vivax, Plasmodium malariae, Plasmodium ovale және Plasmodium falciparum.
Паразит өмірінің кезендері
Маса адамды шаққанда қанмен бірге гамонттарды жұқтырып алады. Масаның организмінде плазмодийің жыныстық циклі өтеді, оның арқасында спорозоиттер пайда болады. Келесі адамды маса шаққанда, адамның қанына спорозоиттер түсіп, алдымен бауырға жиналады. Бұл кезенді экзоэритроцитарлы немесе преэритроцитарлы деп атайды. Бауырда спорозоиттер тіндік түріне айналады, олар шизонттар деп аталады. Кейін бауырдан қанға мерозоиттер сіңе бастайды – бұл шизонттың жыныссыз көбейген түрі. Осы кезенді эритроцитарлы деп атайды. Мерозоиттер қанның қызыл түйіршіктеріне еніп, эритроцитарлы шизонтарға айналып, қайтадан көбееді. Мерозоиттер эритроциттерді жарып, қанға шығады да, безгектің ұстамасын келтіреді. Осы эритроцитарлы кезең көпке дейін қайталану мүмкін. Кейін мерозоиттерден гамонттар түзіледі. Маса адамды шаққанда, олар оған көшуге дайын болады.
Plasmodium falciparum және Plasmodium malariae бауырда тек басынан жиналады (преэритроцитарлы кезенде), ал Plasmodium vivax және Plasmodium ovale бауырда бір ерекше гипнозоит деген түрінде сақталады (параэритроцитарлы кезең), ол безгектің қайталауын келтіреді.
Безгек қоздырғышын жоятын дәрілердің жіктелуі
- Гистошизотропты (тіндік шизонтоцидтер) – примахин;
- Гематошизотропты (қандағы шизонттарды жоятын заттар) – хлорохин, амодиахин, прогуанил, пириметатин, мефлохин, хинин;
- Гамонтоцидті (жыныс клеткаларын жоятын) – примахин (Plasmodium falciparum), хлорохинин (Plasmodium vivax, Plasmodium malariae, Plasmodium ovale);
- Споронтоцидті – гамонттарды жұқпайтын түріне айналдыратын заттар – пириметамин, прогуанил.
Хлорохин – химиосупрессия үшін, және безгекті, бауырға тараған амебиазды емдейтін дәрі табылады. Өте нәтижелі гематошизотропты дәрі болып, сонымен қатар, хлорохин Plasmodium falciparum түрінен басқа гамонттарды шамалы жояды. Безгек қоздырғыштарының преэритроцитарлы және параэритроцитарлы кезендеріне әсер етпейді. Әсерінің негізінде ДНҚ-ның және РНҚ-ның түзілуін және РНҚ—ның репликациясын, транскрипциясын бұзу жатады. Парзит клеткасының вакуольдарында жиналып, хлорохин онда гемоглобиннің ыдырауын тежейді, қосымша, ол паразиттің ішінде фосфолипидтер алмасуын бұзу мүмкін.
Хлорохинге плазмодийің тұрақтылығы Р-гликопротеинді насостың қызметіне тәуелді болады. Оған байланысты, безгек қоздырғышы хлорохинді өз клеткасынан сыртқа шығыруға тырысады. Клетка қабығының осы насосын верапамилмен немесе дезипраминмен тежеп тастауға болады, онда плазмодийдің хлорохинге тұрақтылығы дамымайды.
Хлорохиннің жанама әсері – диспепсия, бас ауруы, тәбеттің басылуы, есекжем, көру нервтің зақымы. Жанама әсерін азайту үшін хлорохинді тамақтан кейін ішу керек. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназасы жетіспейтін адамдардың эритроциттері жарылып кету мүмкін, психоздар, тырысулар, қан құрамының өзгеруі, қан қысымының төмендеуі сирек кездеседі.
Хлорохиннің жақпайтын жағдайларына псориаз және порфирияжатады. Дәріні дерматит тудыратын басқа заттар мен бірге және көздің торлы қабығы зақымдалған адамдарға тағайындауға болмайды.
Мефлохин – 4-хтнолинметанолдың туындысы боп табылады, тек ішке қолданылады, себебі, енгізілген жерде тітіркендіргіш әсерін білдіреді. Дәрі қандағы шизонттардың барлық түрін жоя алады, ал Plasmodium falciparum гамонттарына және Plasmodium vivах гистошизонттарына ықпалы жоқ.Мефлохин әсерінің негізі белгісіз. Дәрінің жүрекке әсері хинидиннің ықпалына ұқсас.
Мефлохин безгектің алдын алу үшін қолданылады, әсіресе, хлорохинге, пириметамин-сульфадоксинге тұрақты түрлерін. Plasmodium vivax және Plasmodium ovale тудыратын безгекті емдегенде, параэритроцитарлы кезендегі шизонттарды жою үшін, мефлохинге примахинді қосу керек. Plasmodium falciparum тудыратын безгектің ағымы қатерлі болмаса және ауру қоздырғышы хлорохинге тұрақты болса, оны мефлохинмен емдеуге болады.
Жанама әсері – жүрек айнуі, іш өту, лоқсу, бас ауруы, бас айналуы, экстрасистолиялар, лейкоцитоз, тырысу, мұңаю, психоздар. Мефлохин жануарлардың көз бұршағының лайлануын тудырады.
Жақпайтын жағдайлар – адамда бұрын қояншықтың ұстамасы, психозы болса, баланың жасы екіге толмаса, мефлохинді тағайындауға болмайды. Сондай-ақ, мефлохинді хинин мен, хинидин мен, бета-блокаторлар мен, кальций түтікшелерін бітейтін заттар мен, жүрек өткізгіштігіне әсер ететін дәрілер мен бірге тағайындауға болмайды. Жүктілік кезінде мефлохиннің қолдануы жақпайды. Жұмысы зор ықылас салуымен өтетін адамдарға да мефлохинді белгілеуге болмайды. Тырысу қайтаратын заттар мен, хинин мен, хлорохин мен бірге қолданғанда мефлохин тырысу тудырады.
Примахин – 8-аминохтнолиннің туындысы боп табылады. Преэритроцитарлы және параэритроцитарлы кезеңіндегі плазмодийлерді бауырда жақсы жояды. Одан басқа барлық түріндегі плазмодийлердің гамонттарын жояды. Улағыш әсері жоқ мөлшерінде плазмодийдің эритроцитарлы түріне әсері аз болғанынан, примахин безгектің ұстамасында қолданылмайды.
Әсеріңің негізі – примахиннің хинолин-хинонды туындылары организмде тотықтыру-тотықсыздандыру әсерлістіктерге қатысып, көп заттарды тотықтыратын сияқты. Осыған байланысты, қанда гемолиз және метгемоглобинемия пайда болады.
Қолдануы – хлорохинин мен бірге примахин Plasmodium vivax және Plasmodium ovale тудыратын безгекті толық емдейді және оның оралуынан сақтайды (кейінгі профилактика), безгек ауруының алдын алады (алғаш профилактика). Plasmodium falciparum гамонттарын жою үшін бір рет 45 мг примахинді ішу керек. Одан басқа Pneumocitis carinii тудыратын өкпе қабынуында примахинді клиндамицин мен бірге тағайындайды.
Жанама әсері – іш ауруы, бас ауруы, лейкопения, агранулоцитоз, аритмиялар, гемолиз, метгемоглобинемия (цианозбен білінеді). Сонғы құбылыс глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның немесе NAD-метгемоглобинредуктазаның ақаулары бар адамдарда кездеседі.
Жақпайтын жағдайлар – дәнекер тіндердің аурулары, гранулоцитопениясы болған адамдарға, сондай-ақ жүктілік кезінде примахинді тағайындауға болмайды. Парентеральды жолмен дәрі енгізілмейді, себебі, онда примахин күшті гипотензияны тудырады. Гемолиз пайда болғанда, дәрі беруді бірде тоқтатады.
Пириметамин және прогуанил – дигидрофолатредуктазаны тежейтін заттарға жатады. Пириметаминнің құрамы (2,4-диаминопиримидин) триметопримге ұқсас, ал прогуанил бигуанидтің туындысына жатады. Пириметаминнің жартылай жөнелу уақыты 3,5 күн, ал прогуанилдің – 16 сағат, сондықтан, бірінші дәрі аптасына бір рет, ал екінші – күнде тағайындалады. Прогуанилдің өзі емес, оның птриазинді туындысы (циклогуанил) организмде түзіліп, қажетті әсерін тигізеді, Екі дәрі де гематошизотропты заттарға жатады, бірақ, олардың ықпалы баяу дамиды, сондықтан, пириметамин және прогуанил безгектің тек алдын алу үшін тағайындалады. Прогуанил (пиримемин емес) преэритроцитарлы кезеңіндегі Plasmodium falciparum гистошизонттарын жоя алады. Бұл дәрілер гамонттарды, параэритроцитарлы шизонттарды жоя алмайды. Плазмодйің иесіне (адамға) пириметаминнің және прогуанилдің антифолатты әсері олардың тек жоғары мөлшерінде (токсоплазмозды емдегенде) қолданғанда макроцитарлы қан аздығын тудыру мүмкін.
Қолдануы – пириметамин сульфадоксин мен бірге (дәрінің аты –фансидар) хлорохинге тұрақты Plasmodium falciparum тудыратын безгекті емдей алады. Токсоплазмоз кезінде пириметаминді (75 мг/күн 3 күн, кейін 25 мг/күн 3-4 апта бойы) трисульфапиримидинмен (2-6 г/күн) немесе сульфадиазинмен (100 мг/кг/күн) құрастырып тағаййындайды.
Фолаттың жетіспеушілігің алдың алу үшін қосымша лейковорин-кальций (фолинийлық қышқыл) деген дәріні 10 мг/күн мөлшерінде береді.
Жанама әсері – сирек болады, көбінесе диспепсия және аллергия болады.
Сульфаниламидтер және сульфондар – бұл заттар Plasmodium falciparum гематошизонттарын жояды, бірақ, Plasmodium vivax гематошизонттарына, барлық плазмодийдің гамонттарына, гистошизонттарына әсер ете алмайды. Сульфаниламидтерді және сульфондарды антифолаттармен құрастырғанда, олар хлорохинге тұрақты Plasmodium falciparum гематошизонттарын жақсы жояды. Бірақ, сонғы жылдары плазмодийлер бұл коспаларға да тұрақтылық біодіретін болды. Сульфаниламидтердің және сульфондардың кемшілігі олардың баяу әсер ететінінде, жанама ықпалдары көп және қатерлі болатынында жатады.
Фансидар (пириметамин + сульфодоксин) – жанама әсері көп болғаннан (көп түрлі эритема, Стивенс-Джонс синдромы т.б.) ұзақ уақыт бойы онымен безгетің алдын алуынын жүргізбейді. Сульфаниламидтерге сезімталдық артқанда, жүктілік кезінде, екі айға толмаған балаларға фансидарды тағайындамайды. Бауыр-бүйректің аурулары, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, бронх демікпесі болғанда фансидарды абайлап беру керек.
Малоприм (пириметамин + дапсон) – өте улағыш қоспа болғанынан безгектің алдын алу үшін қолданылмайды.
Хинин – гематошизотропты әсері бар зат, плазмодийдің барлық түрлерін қанда жояды Plasmodium vivax және Plasmodium ovale гамонттарын жоя алады, ал Plasmodium falciparum гамонттарына ықпалы аз. Бауырдағы спорозоиттерге хинин мүлде әсер ете алмайды. Әсерінің негізінде ДНҚ-ның тізбегімен әрекеттесу, ДНҚ-ның тарқатылуын, транскрипция процесін бұзу жатады.
Жатырға хинин окситоцин тәрізді әсерін көрсетеді, бұлшық еттерге кураре тәрізді ықпалын білдіреді. Бұлшық ет клеткаларының рефрактерлы кезенің ұзартады, бұлшық еттерінің сіресуін қайтара алады, миастенияның қаттылығын дәлелдегенде қолданылады. Ішке қолданғанда хинин асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді, гипогликемияны тудырады, оның себебі, ұйқы безінің аралшықтарынан инсулиннің бөлінуі ынталандырылады. Көк тамырға дәріні тез енгізгенде қатерлі гипотензия болу мүмкін.
Қолдануы – безгектің жедел түрлерін парентеральды енгізумен емдегенде, Plasmodium falciparum тудыратын безгек ауруы хлорохинге тұрақты – болғанда. Плазмодийің басқа түрлерін хлорохинмен емдеген жөн, өйткені, хининнің безгек қоздырғыштарын жою күші аздау болады. Безгектің алдын алу үшін хинин қолданылмайды.
Жанама әсерлері – хининмен уланғанда цинхонизм синдромы байқалады, ол бас ауруымен, жүрек айнуымен, көру жүйкенің зақымымен, құлақта шу естілуімен білінеді. Қанда гемолиз, лейко- және тромбоцитопения, агранулоцитоз, гипопротромбинемия болу мүмкін. Кейде жүрек жиырылу ырғағы бұзылады, гипотензия, гипогликемия болады.
Жақпайтын жағдайлар – хининді тері астына енгізуге болмайды, жүктілік, құлақта шу естілу, миастения, көру нервтің зақымы болғанда хининді мүлде тағайындамайды.
Хинидин – хининнің саулелерді оң жаққа бұратын стереоизомері боп табылатын зат, жүрек жиырылу ырғағын түзету үшін парентеральды жолмен глюконат түрінде енгізіледі, безгектің қатерлі түрін емдеуге жарайды.
Доксициклин –100 мг/күн мөлшерінде Plasmodium falciparum қоздыратын безгектің алдын алу үшін, хинин мен бірге безгектің жедел түрін емдегенде қолданылады.
Галофантрин – фенантренметанольды қосылыстарға жатады, Plasmodium falciparum, Plasmodium vivax тудыратын безгекті емдеу үшін қолданылады. Ондайда ішке 500 мг нан 6сағат сайын, жиыны 3 рет ішеді. Бір аптадан кейін емді қайталады. Плазмодийдің экзоэритроцитарлы түріне және гамонттарына галофантрин әсер ете алмайды.
Кингхаосу (артемизинин) – сесквитерпенді лактоноэндопероксид деген қосылыс, оның суға еритін түрі (ішке, көк тамырға) – артезунат, майға еритін түрі (ішке, бұлшық етке) – артеметер деп аталады. Организмде пре- және параэритроцитарлы кезеңіне әсер етпейді.
Жанама әсері – жілік майына зиянды келтіру мүмкін, қанда ретикулоциттердің мөлшерін азайтады.
Хинакрин (акрихин) – 9-аминоакридин деген гематошизотропты зат плазмодийің барлық түрлерін жоя алады (Plasmodium falciparum тұрақты түрлерінен басқа).
Жанама әсері – теріні сары түске айналдыру, психоз тудыру.
Амебиазды емдейтін заттар
Амебиаз – белгісіз өтетін ішек ауруы, қантышқақ немесе бауырдың абсцессі түрлерінде болатын індет. Дәрілердің барлығы трофозоиттерге әсер ете алады, бірақ, олардың көбі Entamoeba hystolytica цисталарын жоя алмайды.
Дәрілердің жіктелуі
А. Тіндік амебицидтер – ішек қабырғасындағы, бауырдағы, басқа тіндердегі амебаларды жоятын дәрілер. Олар ішек қуысындағы амебаларға ықпалын тигізбейді.
- Нитроимидазолдар – метронидазол, тинидазол, орнидазол;
- Эметиндер – эметин және дигидроэметин;
- Хлорохин – бауырдағы амебаларды жоя алады.
Б. Ішек қуысындағы амебаларды жоятың заттар:
- Дихролоацетамидтер – дилоксанидтің фуроат түзы, клефамид, теклозан, этофамид;
- Галогендірілген гидроксихинолиндер – йодохинол (дийодогидроксихин), клиохинол (йододхлоргидроксихин);
- Антибиотиктер – тетрациклиндер (тікелей емес әсер ететін), паромомицин, эритромицин (тікелей әсер ететін).
Хлорохин – бауырда көп жиналады, ішек қуысындағы амебаларды жоя алмайды. Ретинопатияны бұл кезде хлорохин тудырмайды, себебі, қолдануы ұзақ емес.
Эметин және дигидроэметин- ипекакуанадан алынатын немесе жасалынатын заттар. Олар парентеральды жолмен енгізіледі, себебі, ішектен қанға жөндеп сорылмайды, пайдалылылғы аз және лоқсуды тудырады. Осы заттар организмде жиналу мүмкін. Эукариоттардың клеткаларында белок түзілуін бұзады, ол үшін эметин және дигидроэметин рибосомалардың иРНҚ-ның бойымен жылжуын тежеп, ДНҚ түзілуін бұзады. Бұл дәрілер жүрек бұлшық етінің жиырылғыштығын жәнет өткізгіштігін тежейді, қарыншалы аритмияларды туғызу мүмкін. Қосымша, эметин және дигидроэметин адрен- және холинқабылдағыштарды тежейді. Басқа паразиттердің арасында эметиндер Balantidium coli, Fasciola hepatica деген қарапайымдарды жоя алады.
Жанама әсерлері – 7 күннен артық қолданғанда біліне бастайды, дәріні енгізген жері аурсынады, ол жерде бұлшық еттер әлсірейді, зарарсыз абсцесстер пайда болады. Аритмиялар, жүрек жетіспеушілігі. Қан қысымының азаюы, лоқсу, қанқа бұлшық еттерінің әлсіреуі, салдануы.
Жақпайтын жағдайлар – жүректің, бүйректің аурулары болғанда, полиневрит, жүктілік кезінде де эметиндерді тағайындамайды.
Дилоксанидтің фуроат тұзы – ішек қуысындағы амебаларды жақсы жоятын дәрі боп табылады.
Жанама әсерлері – метеоризм, жүрек айну, ішектер түйілуі.
Жақпайтын жағдайлар – екі жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге бұл дәріні тағайындамайды.
Йодохинол – Ішек қуысындағы трофозоиттерді жоятын зат. Одан басқа бұл зат Giardia lamblia және Esherichia coli деген паразиттерді жоя алады.
№ 3 Кесте
Аурудың түрі | Тандаулы емдеу әдісі | Басқа емдеу әдісі |
Белгісіз өтетін ішек ауруы | Дилоксанидтің фуроат тұзы | Йодохинол немесе паромомицин |
Шамалы ішек аурулары (қантышқақты емес колиттер) | Метронидазол + дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол | 1) Дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол + тетрациклин, кейін хлорохин 2) Паромомицин, кейін хлорохин |
Қатерлі ішек ауруы (қантышқақ) | Метронидазол + дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол (кейде алдымен көк тамырға енгізеді) | 1) Тетрациклин+ дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол, кейін хлорохин 2) Эметин немесе дигидроэметин, кейін тетрациклин + дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол, кейін хлорохин |
Бауырдың абсцессі | Метронидазол + дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол, кейін хлорохин | Эметин немесе дигидроэметин, кейін хлорохин + дилоксанидтің фуроаты немесе йодохинол |
Амебома немесе ішектен тыс орналасқан індет | Метронидазол + дилоксанидтің фуроат тұзы немесе йодохинол | Метронидазол+дилоксанидтің фуроаты немесе йодохинол |
Жанама әсерлері – көру жүйкенің суалуы, шеткі нейропатиялар, жеделдеу миело-оптикалық нейропатия болу мүмкін. Одан басқа – іш өту, лоқсу, гастрит, қалқан бездің ұлғаюы. Йодохинолдыңулағыш ықпалы ересектерге қарағанда балаларға көп тиеді.
Жақпайтын жағдайлар- бауыр-бұйректің қатерлі аурулары, қалқан бездің зақымдары, йодизм.
Метронидазол – ішектен тыс орналасқан трофозоиттерді жақсы жоятын дәрі. Қуыстарда әсер ететін амебицидтер мен бірге қолданғанда ғана ем нәтіжеледі болады.
Паромомициннің сульфат тұзы –тікелей және тікелей емес әсер ететін аминогликозидті антибиотик, ол тек ішек қуысындағы трофозоиттерді жоя алады.
Лейшманиозды емдейтін заттар
Лейшманиоз ауруың үш түрі болады: терінің, тері мен шырышты қабықтардың және ішкі ағзалардың. Қоздырғыштары көп түрлерге бөлінеді, оның ішінде leishmania donovani, Leishmania tropica т.б.
Лейшманиозды емдейтін бірінші тандаулы дәрі – натрийдің стибоглюконат тұзы. Басында көк тамырға 200 мг енгізеді, кейін 20 мг/кг/күн мөлшерінде көк тамыр арқылы жібереді. Емнің қзақтығы 20 (терінің лейшманиозы) немесе 30 (терінің және шырышты қабықтың немесе ішкі ағзалардың) күн. Жанама сәсерлері көп емес – диспепсия, бөртпе, гемолитикалық қан аздығы, жүректің, бауыр-бүйректің зақымдалуы.
Пентимидиннің изетионат тұзы – 2-4 мг/кг мөлшерінде бұлшық етке күнде немесе күнара енгізеді. Жиыны 15 инъекция жасау керек.
Жанама әсерлері – шырынды клеткалардан гистаминді бөледі; оған байланысты қан қысымы төмендейді. Одан басқа бұл зат ұйқы безінің аралшықтарындағы бета-клеткаларына улағыш ықпалын тигізіп, басынан гипогликемияны тудырады, кейін гипергликемия және қантты диабет дамиды.
Амфотерицин В – көк тамырға баяу, күнара енгізілетін дәрі. Басынан 0,25 мг/кг/күн, кейін 0,50 мг/кг/күн, 1 мг/кг/күн мөлшерінде береді. Жиыны бір курсқа ауру 30 мг/кг/ дәрі мөлшерін алу керек. Емді тек ауруханада жүргізеді, себебі, амфотерициннің улағыш ықпалы зор.
Трихомоноздарды және лямблиоздарды емдейтін заттар
Метронидазол – несеп-жыныс жолдарының трихомоназын емдейтін бірінші тандаулы дәрілер қатарына, ал лямблиозды, балантидиазды және амебиазды альтернативті дәрілер қатарына жататын зат.
Әсеріңің негізі – анаэробты бактериялардың және қарапайымдардың клеткаларында метронидазолдың нитро-радикалы ферредоксин көмегімен тотықсызданады. Тотықсыздандыралған метронидазолдың туындылары үлкен молекулалармен әрекеттесіп, микроорганизмдерді жояды. Одан басқа метронидазол қатерлі ісіктер клеткаларының радиоактивті саулеленуге сезімталдығын арттырады. Дәрінің ондай ықпалы клеткалардың гипоксияға ұшырағанына тәуелді болады.
Қолдануы – несеп-жынысжолдарының трихомонозы кезінде метронидазолды ішке 250 мг нан күніне 3 рет 7 күн бойы енгізеді. Кейде бір рет 2 г мөлшерінде ішуге болады. Емді жұбайлардың екеуіне де жүргізу керек. Жүктіліктің алғаш триместрінде метронидазолды тағайындауға болмайды.
Лямблиоз кезінде 250 мг нан күніне 3 уақ 5 күн бойы ішке тағайындайды. Балаларға – 5 мг/кг/күніне 3 уақ 5 күн бойы береді.
Балантидиаз – тетрациклинмен ем жақпағанда метронидазолды 750 мг нан күніне 3 уақ 5 күн бойы ішке белгілейді.
Анаэробты қоздырғыштар тудыратын жұқпалы аурулар – операциядан кейін қолданылады. Сол кезде метронидазол абсцесстерге, жаны кеткен тіндерге жақсы сеңеді.
Қол-аяқтың жазылмайтын жарасы, жаралы гингивиттер, ауыз қуысының рагы т.б. – метронидазолды ішке 250 мг нан күніне 3 уақ аэробты қоздырғыштарды жоятын дәрі мен бірге тағайындайды.
Жанама әсері – бас ауруы, жүрек айнуы, ауыз қуысының кебуі. Несеп қызыл-қоңыр түсіне айналу мүмкін. Ұйқысыздық, әлсіздік, стоматит, бас айналу, бөртпе сирек кездеседі. Метронидазолдың дисульфирам (тетурам) тәрізді әсері бар, сондықтан, оны арақ пен бірге ішкенде жүрек айну, лоқсу пайда болады. Осыған байланысты, метронидазол ішкеннен 24 сағат бұрын және сонғы ішкеннен кейін 48 сағат өткенше арақ-шарап жағынан ұстамды болу керек.
Жақпайтын жағдайлар – бұрын қанның құрамы бұзылған ауруларға, жүкті әйелдерге, жас балаларға метронидазолды белгілемейді.
Метронидазол кумарин тәрізді қан ұйытпайтын заттардың ықпалын кқшейтеді. Фенитоин мен фенобарбитал метронидазолдың организмнен жөнелуін арттырады, ал цитетидин бәсендетеді.