Силлабус 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін «Медициналық фармакология» модулі оқу бағдарламасы негізінде жасалған
Құрастырушылар: Жусупова Гульнара Даргеровна – м.ғ.к., кафедра меңгерушісі
Силлабус «Астана медицина унивеситеті» АҚ 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған
Оқытушылар туралы мәлімет
Кафедра меңгерушісі: Жусупова Гульнара Даргеровна – 14.00.25 – фармакология және клиникалық фармакология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты
Профессорлар:
Мұхамбетов Дәмір Даулетқалиевич – фармакология және клиникалық фармакология – 14.00.25 мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы, профессор
Стикеева Райхан Куандыковна – 14.00.16 – патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы
Кафедра доценттері:
Таржанова Динара Шакеновна – 14.00.16 – патологиялық физиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты
Ахаева Тамила Абдыкалыковна – PhD
Оқытушылар:
Бекова Анар Нуркеновна
Исмаилова Молдир Ерсинбековна
Байланыс ақпарат:
Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы Сарыарқа даңғылы, 33 «АМУ» АҚ оқу корпусының 8 қабатында орналасқан. Телефоны: 44-41-60
Пәннің саясаты:
Оқушыларға пән оқу барысында қойылатын талаптар:
- Тәжірибелік сабақтарға бағдарлама бойынша дайындалып келу
- Себепсіз дәріс пен тәжірибелік сабақтарды қалдырмау және кешікпеу
- Жалпы «АМУ» АҚ қабылданған формасы (таза ақ халат) болуы кажет
- Дәрістер мен тәжірбиелік сабақтарда ұялы телефондарын сөндіру
- Уақытылы қортынды сабақтарды тапсыруы (күнтізбелік жоспарға сәйкес).
- Уақытылы студенттің өзіндік жұмысын күнтізбелік жоспарға сәйкес (тәжірбиелік сабақтың тақырыбына сәйкес жүйесіне байланысты) тапсыру қажет. Оқу циклы уақытында 2 СӨЖ тапсыруы қажет.
- Емтиханға ұялы телефонды, шпаргалка әкелмеу.
- Оқытушыға сыпайы сөйлеу, өз ойын инабатты түрде жеткізу.
- Кафедра құралдарына ұқыппен қарау.
Студенттер құқылы:
- Дәрісті оқитын оқытушыға немесе оқытушыға фармакология мәселелерін қамтитын сұрақтар қоюға.
- Егер дәріс оқитын оқытушымен немесе оқытушының көз қарасымен сәйкес келмейтін тақырып бойынша туындаған ойларды ғылыми негіздеп, дәлелдеуге.
- Егер тақырып бойынша кейбір сұрақтар толық қамтылмаса, оқытушыдан қосымша түсініктеме сұрауға.
- Өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша кафедраның СҒҚ үйірмесіне қатысуға.
- Емтихан нәтижесімен келіспеген студент емтиханды комиссияға қайта тапсыруды.
- Себепті өткізген сабақты 2 апта аралығында сабақты өтеуге рұқсат қағазымен кафедра кестесімен сәйкес өтеуге.
- Кафедра ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмысына белсенді қатысқан студентке жалпы рейтингіне қосымша 1 балл есептеледі.
- Кафедра пәндерінен Халықаралық, Республикалық студенттік конференция және олимпияда жүлдегерлеріне қорытынды аттестацияда автоматты түрінде оң баға қойылады.
Айыптау шаралары:
- Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерге студенттер формасыз (ақ халат) кіргізілмейді.
- Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерге 5 минуттен артық кешігіп келген студенттер жіберілмейді.
- Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерде ұялы телефондарын сөндірмеген студенттер сабақтан шығарылады және сабаққа себепсіз қатыспады деп есептелінеді және сол сабақты қайта өтеуі тиіс.
- Себепсіз босатылған дәріс үшін студенттің ПЖРнен 1 балл алынады.
- Себепсіз босатылған сабақты өтеген үшін «0» (ноль) балл қойылады.
- Аралық бақылауды уақытылы тапсырамаған студент 1 жұма арасында өзінің мұғаліміне немесе басқа мұғалімге өтеу сағатында тапсыруға қақысы бар.
- Cебеппен босатылған сабақтар өтеу кестесі бойынша сабаққа рұқсат қағазын көрсеткеннен кейін өтеу уақытында өтеледі.
- Cебеппен босатылған дәріс оқытушыға жазған конспектісін көрсету арқылы өтеледі.
- Себепсіз уақытында СӨЖ тапсырылмаса қосымша тапсыруға рұқсатсыз «0» (ноль) балл қойылады.
- Білім алушы пән бойынша рұқсат беру рейтингісі кемінде 50% болса ғана емтиханға жіберіледі.
- Емтиханға ұялы телефон әкелінсе немесе басқа құралдарды пайдаланған болса студент емтиханнан шығарылады, «қанағатсыз» деген баға қойылып пән бойынша қайталау курсын өтуге жіберіледі.
Модульдің мақсаты:
Әртүрлі ауруларды емдеу кезінде дəрі-дəрмектерді дұрыс таңдау үшін студенттерде дəрі-дəрмектердің фармакодинамика және фармакокинетиканың жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқытудың соңғы нәтижелері:
А. Білу және түсіну – БК-1, БК-2:
- фармакология пəні мен міндеттерін;
- дəрі-дəрмек, дəрілік зат, дəрілік препарат, дəрілік түр туралы түсінікті;
- дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген аттарын;
- рецепт құрылымын, әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелерін;
- дəрілік заттардың фармакокинетика мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;
- дəрілік заттардың жіктелуін;
- дəрілік заттардың әсер ету механизмдерін;
- дəрілік заттардың жанама және қалаусыз әсерлерін, олардың алдын алу және пайда болған жағдайда жою шараларын.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті – БК-1, БК-2, ПК-1, ПК-3:
- әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазғанда;
- дәрілік түрлерді, қолдану тәсілдерін және дәрілерді енгізу жолдарын таңдауда;
- препаратты ауыстырғанда, мөлшерлерін бағалауда;
- дəрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің жиынтығын, механизмін және әсер орнын талдауда;
- ағзаның жүйелер мен мүшелер қызметтеріне өзгертуге бағытталған дəрілік заттарды таңдауда;
- дəрілік заттардың жанама және қалаусыз әсерлерін танып білу, олардың алдын алу және пайда болған жағдайда жою;
- жаңа дəрі-дəрмектер арсеналында бағыт-бағдар алу.
С. Пікірін жеткізе білу – БК-1, БК-2, БК-4, ПК-1, ПК-2:
- дəрілік заттарды таңдау, мөлшерін есептеу және енгізу жолдарын таңдауды үшін дәрілердің фармакологиялық қасиеттерін салыстыруды;
- клиника мен дəріхана қызметкерлеріне, сонымен қатар халықты ақпараттандыру үшін дəрі-дəрмектер туралы деректер іздеуге жəне өңдеуге.
- Коммуникативтік қабілетілігі – БК-5:
- пәнаралық ұжымда жұмыс істей алу;
- мамандар үшін және кәсіби емес аудиторияға өзінің зерттеу жұмыстарын немесе әдебиеттік ізденіс нәтижелерін ұсына білуді.
Е. Оқуға қабілеттілігі – БК-1, БК-2, БК-3, БК-4, БК-5:
- дəрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің жиынтығын, механизмін және әсер орнын талдау;
- өз еркімен жаңа бағыттарды зерттей білу;
- медицинада дəрілік заттардың жаңа ашылулар мен қолдану тәсілдерімен хабардар болу;
- студенттің өзіндік жұмысын орындау кезінде интернетті қолдана білу, заманауи отандық және шетелдік әдебиеттермен қолдана білу.
Тақырыптық жоспарлар:
Модуль бойынша сағаттарды бөлу
№ | Модульдің компоненттер атауы | Барлық сағат саны | Аудиторлық сағаттар | БӨЖ | Бақылау түрі | |
Дәрістер | Тәжірибе | |||||
1 | Жалпы фармакология негіздері | 90 | 6 | 54 | 30 | емтихан |
2 | Жеке фармакология | 135 | 6 | 84 | 45 | |
Барлығы | 225 | 12 | 138 | 75 |
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№ | Дәріс тақырыптары | сағат |
Жалпы фармакология негіздері | ||
1. | Жалпы фармакология | 1 |
2. | Вегетотропты заттар | 4 |
3. | Антибактериалды заттар | 1 |
Жеке фармакология | ||
1 | Қабынуға қарсы заттар | 2 |
2 | Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар | 2 |
3 | ЖҚТЖ әсер ететін заттар. | 2 |
Барлығы | 12 |
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№ | Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары | сағат |
Жалпы фармакология негіздері | ||
1. | Жалпы рецептура. | 6 |
2. | Жалпы фармакология. | 6 |
3. | Холинергиялық заттар | 6 |
4. | Адренергиялық заттар. Аралық бақылау | 6 |
5. | Ұйықтатқыш, тырысуға қарсы заттар | 6 |
6. | Наркотикалық анальгетиктер. | 6 |
7. | Наркотикалық емес анальгетиктер (СЕҚҚЗ) | 3 |
8. | Жергілікті анестетиктер | 3 |
9 | Стероидты қабынуға қарсы заттар | 6 |
10 | Аллергияға қарсы заттар. Аралық бақылау | 6 |
Барлығы | 54 | |
Жеке фармакология | ||
1 | Антибиотиктер. Синтетикалық микробтарға қарсы заттар | 6 |
2 | Саңырауқұлақтарға қарсы заттар. | 6 |
3 | Вирустарға қарсы заттар. Аралық бақылау | 6 |
4 | Тыныс алу жолдарының ауруларында қолданатын заттар. | 6 |
5 | Қан жүйесіне әсер ететін заттар. Гемостатикалық заттар | 6 |
6 | Қан ұйюна қарсы заттар. Анемияға қарсы заттар | 6 |
7 | Антигипертензивті заттар | 6 |
8 | Антиангиналды заттар | 6 |
9 | Кардиотоникалық заттар | 6 |
10 | Зәр айдағыш заттар. Аралық бақылау | 6 |
11 | АІЖ әсер ететін дәрілер. Асқазан сөлінің бөлінуін тежеуші заттар. АІЖ моторикасын тежеуші заттар. Прокинетиктер, спазмолитиктер, антидиареялық заттар | 6 |
12 | АІЖ моторикасын жоғарылататын заттар. Іш айдағыш заттар. АІЖ экскреторлық жеткіліксіздігінде қолданатын заттар. Өт айдағыш заттар | 6 |
13 | Гормонды заттар. Гипо- және гипертиреозда қолданатын заттар. | 6 |
14 | Қант диабетін емдеуге арналған заттар. Аралық бақылау | 6 |
Барлығы | 84 | |
Жалпы | 138 |
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптар жоспары
№ | Студенттердің өзінідік жұмыстарының тақырыптары | Сағат |
Жалпы фармакология негіздері | ||
1. | Симпатикалық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі | 3 |
2. | Парасимпатикалық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі | 3 |
3. | Хронофармакология | 3 |
4. | Нейролептиктер | 3 |
5. | Паркинсонизмге қарсы дәрілер | 3 |
6. | Психостимулдаушы заттар | 3 |
7. | Анафилактикалық шокты емдеу принциптері | 3 |
8. | Наркозға арналған заттар | 3 |
9. | Антибластомды заттар | 3 |
10. | Жіті миокард инфарктін емдеу принциптері | 3 |
Барлығы | 30 | |
Жеке фармакология | ||
1 | Гипертониялық кризін емдеу принциптері | 3 |
2 | Допингті заттар | 3 |
3 | Қарапайымдарға қарсы заттар | 3 |
4 | Антисептиктер және зарарсыздандырушы заттар | 3 |
5 | Құрттарға қарсы заттар | 3 |
6 | Иммуностимуляторлар | 3 |
7 | Гормоналды контрацептивті дәрілер | 3 |
8 | АІЖ бездерінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі мен фунциясы | 3 |
9 | АІЖ тегіс бұлшық еттерінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі | 3 |
10 | Өттің пайда болу физиологиясы. Өт шығару жолдарының дискинезиясы | 3 |
11 | «Қайта байланысу феномені» және оның гормонды заттарға әсері | 3 |
12 | Анаболикалық стероидтер | 3 |
13 | Инсулин препараттарының қолдану және мөлшерлеу принциптері | 3 |
14 | Жүрек өткізгіштік жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі. Аритмияға қарсы дәрілер әсерінің принциптері | 3 |
15 | Зәр пайда болу физиологиясы | 3 |
Барлығы | 45 | |
Жалпы | 75 |
Білім бағалау критерийлері және ережелері: әр деңгейде (ағымды, аралық, қорытынды) білім бағалауының шкала және критерийлері, сабақ түрлерін бағалау ережелері (аудиториялық, СӨЖ, СОӨЖ), СӨЖ орындау критерийлері
- Ағымды бақылау: дәріске қатысу және жұмыс істеу, тәжірибелік сабақта белсенді қатысу, өзіндік жұмыстың тапсырмаларын орындау: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, рецепттер жазу, препаратты фармакологиялық сипаттамасы бойынша анықтау, презентация, рефераттар, баяндама, жеке үй тапсырмаларды бақылау.
- Ауызша жауап беру және ақуалды есептерді шешуді бағалау критерийлері (ОӘК шешімі №1 хаттама 28.08.2013 ж.)
Баллдар | Ауызша сұрау |
100 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау бөлімінде белсенді көрінді және материалды тақырыптық жоспар бойынша толық түсіндіріп берді, жауап толық және дұрыс екендігі көрінді. Студент негізгі және қосымша әдебиет бойынша өз білгенін тереңінен жеткізеді және өз пікірін толық айтады. Негізгі және спицификалық терминдерді негізгі терминдермен өте жақсы, еркін және мағыналы түрде байланыстырады. Пән алғы және кейінгі реквизиттер материалдардың арасындағы логикалық байланыстарды көрсетуге қабілеті бар. Тәжірибелік дағдыларды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін талқылайды, сараптайды және нақтылы қорытындылар жасайды. Ақуалды есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; диагнозды қою этиология және патогенез тарапынан негізделген; аурудың этиологиясы және патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып, емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Клиникалық ойы анық және айқын көрінеді. Емдеудің клиникалық әдістерін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда өз пікірін дәлелдеп, емдеудің балама әдісін ұсына алады. |
90 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау бөлімінде белсенді көрінді және студент берілген материалды тақырыптық жоспар бойынша толық түсіндірді, жауаптары нақты және жан жақты болды. Айғақтарды бағалайды және өз бетімен талқылайды, жасаған қорытындысы негізделген және оны логикалық жүйеде түсіндіруге қабілетті, бірақ жалпы сипаттағы кейбір қателері бар, бұрын өткен пәндердің орташа дәрежесімен берілген материалды жоғары дәрежеде меңгергендігі көрініп тұр. Негізгі және қосымша әдебиетті (монография, мақалаларды) қолданады және өз ойын толық көрсетеді. Студент материалдың арасындағы пән алды және кейінгі реквизитті байланыстарды көрсетуге қабілеті бар. Тәжірибелік дағдыларды қатесіз орындайды және зерттеу нәтижелерін талқылайды. Ақуалды есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; диагнозды қою этиология және патогенез тарапынан негізделген; аурудың этиологиясы және патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Клиникалық ойы анық көрінеді. |
85 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау бөлімінде белсенділігі орташа деңгейлі көрінді және студент берілген материалды тақырыптық жоспар бойынша толық түсінгенін көрсетті, бірақ кейбір сөз қорытындылауы теориялық және логикалық негізделмегенін көрсетті, бұрын өткен пәннің орташа дәрежесімен берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және қосымша (басқа оқулық) әдебиеттерді қолданған. Студент сұрақтарға сенімсіздікпен (бірақ дұрыс) жауап береді. Еленбейтін қателерді жібереді, бірақ артынша өзі дұрыстап отырады. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасы бар, нәтижелері талқыланады. Ақуалды есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; диагнозды қою этиология және патогенез тарапынан негізделген; аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Клиникалық логикалық ойы бар. |
80 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау белсенділігі ең төменгі дәрежеде көрінді. Негізінен жауаптары дұрыс, сонымен қоса бұрын өткен орташа дәрежелі білімімен берілген материалды жақсы дәрежеде меңгергені көрінеді, негізгі, арасында қосымша (басқа оқулық) әдебиетін қолданады, өз ойын айтып жеткізеді. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын біледі, нәтижелерді талқылайды. Ақуалды есептерді шешу диагнозды қоюдың дифференциалды диагностикасының негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толықтай көрсетті; Аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша нақты емес мәліметтерді қолдана отырып, болжамдар жасайды. Жақсы клиникалық ойы бар. |
75 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау көрінді, материал толық жеткізілмеген, талқыланып жатқан сұрақтың мәні түсіндірілмейді, талқылау кезінде қателер жіберіледі, сонымен қоса алдын өткен сабақ бойынша білімі орташа дәрежелі, берілген материалды айтарлықтай жақсы дәрежеде меңгерген. Студент еңжарлық қателер жібереді, бірақ мұғалімнің көмегімен дұрыстайды. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын біледі, нәтижелерді талқылау кезінде қиналады. Ақуалдық есептерді шешу дифференциалды диагностиканың негізгі және қосымша зерттеу әдістерімен жүргізді; емдеу жоспарын мұғаліммен бірге отырып құрастырады; аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша мәліметтерді пайдалана отырып, емдеудің тиімді жоспарын құрастыра алады. Жақсы клиникалық ойы бар. |
70 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау кезекті түрде қатысты, сонымен қоса бұрын өткен сабақтың орташа дәрежелі білімімен берілген материалды отраша дәрежеде меңгергендігін көрсетеді және негізгі әдебиетті ғана қолданады. Жауап толық емес, мұғалімнің қатысуымен дұрысталып отыратын енжарлық қателіктер жіберіледі, студенттің меңгерген материалының көлемі әрі қарай білім алуға жетерліктей, студент өзінің негізгі әдебиетті білетіндігін көрсетті. Өз білгенін нақты мысалдарда еркін қолдана алмай қиналады. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын және әдісін біледі. Тақырыты талдау кезінде белсенділігі көрінбейді. Ақуалды есептерді шешу зерттеудің негізгі және арасында қосымша әдістерін сипаттауымен жүргізеді, арасында дифференциалды диагностиканы және диагноз қоюды келтіреді, емдеу жоспарын мұғаліммен келісе отырып жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша нақты емес мәліметтер қолдана отырып, болжамдар жасайды. Клиникалық ойы әлсіз. |
60 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрлі формасы бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау арасында ғана қатысты, студент тақырыптың не жайлы екендігін біледі, материалды терең ұқпайды, өз ойын логикалық түрде негіздей алмайды, осылайша бұрын өткен сабақты дұрыс меңгермегендігін көрсетіп, берілген материал бойынша білімінің төмен екендігін көрстеді, негізгі әдебиетті ғана қолданады оның өзі толық емес. Жауабы толық емес, қателерді көп жібереді, оның жартысын мұғалімнің көмегімен дұрыстайды. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Тәжірибелік дағдыларды орындау нәтижесі бойынша сараптама және қорытынды жасай алмайды. Ақуалды есептерді шешу зерттеудің толық емес негізгі және қосымша әдістердін сипаттамай өткізді, диагноз қоюды және дифференциалды диагностиканы арасында дұрыс айта алмады. Аурудың этиология, патогенезі бойынша нақты емес мәліметтерді қолдана отырып, емдеу жоспарын мұғаліммен бірлесе отырып құрастырады. Клиникалық ойы жоқ. |
50 балл | Интерактивті оқытудың (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек стол, іскерлік ойын) әр түрінің түрлері бойынша сабақтың тақырыбын талдау кезінде ауызша сұрау анда-санда қатысты, сонымен қатар бұрын өткен сабақты әлсіз білімімен береді, материалды әлсіз меңгергені көрініп тұрады, тек негізгі әдебиетті толық емес түрде қолданады. Жауабы толық емес, қатесі көп, кейбір қателерді мұғалімнің көмегімен де дұрыстай алмайды. Тәжірибелік дағдылардың техникасын толық білмейді. Зерттеу нәтижелерін сараптай және толтыра алмайды. Ақуалды есептерді шешу зерттеудің толық емес негізгі және қосымша әдістердін сипаттамай өткізеді, диагноз қоюдың және дифференциалды диагностиканы арасында дұрыс айта алмады. Аурудың этиология, патогенезі бойынша нақты емес мәліметтерді қолдана отырып, емдеу жоспарын мұғаліммен бірлесе отырып құрастырады. Клиникалық ойы жоқ. |
О балл | Сұраққа жауап беру кезінде студент тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Тәжірибелік дағдылары жоқ. Жауап беруден бас тартады. |
Білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі
оқушылардың бағасын дәстүрлі шкалаға ауыстыру
Әріптік жүйе бойынша баға | Баллдардың сандық эквиваленті | Пайыздық көрсеткіші | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | «өте жақсы» |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | «жақсы» |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | «қанағаттанарлық» |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
Д+ | 1,33 | 55-59 | |
Д | 1,0 | 50-54 | |
Ғ | 0 | 0-49 | «қанағаттанарлық емес» |
Тәжірибелік сабақтың жазбаша бақылауын бағалау критериі:
Тәжірибелік сабақтың жазбаша бақылауына сабақта алған білім деңгейін анықтауға арналған билеті кіреді.
Бақылау билеттеріне 2 рецепт, топтық қатынасын анықтауға 4 препарат және дәрілердің жіктелуі жалпы 100% бағаланады. Әр рецепт 30% құрайды, топтақ қатынастағы бір препарат 5%, үшінші сұрақ 20% құрайды.
Тәжірибелік сабақтың қорытынды бағасы – бұл тәжірибелік сабақтың ауызша, жазбаша бақылауының және сабақта белсенділігінің орташа бағасы.
Ескерту: жазбаша үй тапсырмасы жоқ болса жалпы бағасынан 10% алынады.
III. СӨЖ-ның бағалау критериі:
- өз ретімен жұмысын нақты және сауатты түрде баяндап беруіне;
- қолданылған әдебиеттердің көлеміне;
- жұмыстың безендіру сапасына,
- рефератты қорғау (қысқа әрі нақтылығы, айқындылығы, логикалығына, үрдісті қамти білу және кәсіптік деңгейде сөйлеу деңгейіне);
- қорғау уақытында сұрақтарға толық жауап бере білуіне;
- жұмыстың өзгешелігіне тәуелді, басқа параметрлеріне.
СӨЖ бағалау балл жүйесі:
Бағалау критерилері | Бағалау (% бойынша) |
СӨЖ тақырыбы бойынша жұмысты аралық бақылауға дейін орындамау | 0 |
СӨЖ тақырыбы бойынша жұмыс орындалған,бірақ өңделмеген,студент тақырыптың сұрақтарын бағдарлай алмайдыі. | 50-74 |
СӨЖ тақырыбы бойынша жұмыс орындалды және қате жіберумен қорғалды,тақырыптағы кейбір сұрақтарын бағдарлай алмайды. | 75-89 |
СӨЖ тақырыбы бойынша жұмыс толық көлемде орындалып, қатесіз қорғалды. | 90-100 |
Аралық бақылау:
Аралық бақылау коллоквиум түрінде дәріс, тәжірибелік сабақ және өзіндік оқылған тақырыптар бойынша, рецепт жазу арқылы жүреді (аузша және/немесе жазбаша).
Аралық бақылау нәтижелерін бағалау критерилері:
«өте жақсы» ссұраққа дұрыс жауабы – 90-100%
«жақсы» ссұраққа дұрыс жауабы – 75-89%
«қанағаттанарлық» ссұраққа дұрыс жауабы – 50-74%
«қанағатсыз» ссұраққа жауабы дұрыс емес – 50%ден төмен.
* – әрбір себепсіз қатыспаған сабақпен дәріс үшін жалпы рейтингтен 1% кемітіледі (ОӘК шешімі хаттама №1 28.08.2013ж.)
Пән рейтингі студенттің қорытынды бағасында 50 баллдан төмен болмауы тиіс. Пән рейтингі 50 баллдан төмен болса қорытынды баға есептелмейді. Оқушы емтиханға жіберілді деп санады, егер ЖРБ баллы 50 және одан жоғары.
Қорытынды бақылау «Медициналық фармакология» модулі бойынша 2 кезеңнен тұрады: 1 кезең – емтихан билеті сұрақтары бойынша аузша сұхбаттасу, 2 кезең – практика бөлімі (рецепт жазу, дәрілік препараттың топтық қатынасуын анықтау). Екі кезеңі бір күнде өткізіледі. Екі баға қойылады – ҚББ1 және ҚББ2. Қорытынды бақылау екі этапынан оң баға (≥50) алғанда ғана тапсырылды деп саналады!
Қорытынды баға (ҚБ) модуль бойынша пән рейтинг бағасынан және қорытынды бақылаудан тұрады. Пән бойынша ҚБ есептеу үшін оқушының пән рейтингімен қорытынды бақылаудан бағалары оң болуы тиіс. ҚБ есептегенде әр компоненттің салмақтық үлесі есептеледі: пән рейтинг бағасы 60% құрайды, қорытынды бақылау бағасы – 40%. ҚБ есептелуі «Sirius» автоматизирленген жүйемен мына формуламен жүргізіледі:
ҚБ = ЖРБ*0,6 + ҚББ*0,4
2 кезеңнен тұратын қорытынды бақылауды өткізу кезінде 1 және 2 кезеңдегі бағаларды бөлек арналған «Sirius» автоматизирленген жүйесінің сәйкесінше кестесіне қойылып ҚБ келесі формуламен есептеу жүргізіледі:
ҚБ = ЖРБ*0,6 + ( ҚББ1 + ҚББ2 )/2*0,4
NB! Модуль бойынша ҚБ есептеу қорытынды бақылаудың әр бір кезеңі бойынша он нәтижелі баға (ҚББ≥50 балл) алған кезінде саналады. Аттестация кезеңдерінің бірінде қорытынды баға қанағаттанарлықсыз баға болып шықса қорытынды баға саналмайды!