Тыныс алудың жүйке және гуморальді реттелуі

1.Тақырыбы: Тыныс алудың жүйке және гуморальді реттелуі.Қосымша жүктемелік жұмыс жасау кезіндегі сыртқы тыныс алу параметрлерін зерттеу.

  1. Мақсаты: Сау адамның газалмасу үрдісінің заңдылықтары, тыныс алу жүйесі қызметтері бұзылуын крмпенсациялау жолдары мен маңызды ұстанымдары туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Оқыту мақсаты: тыныс алудың газалмасу қызметінің физиологиялық үрдістерді түсінуді, нәрестенің алғашқы дем алу тетігін түсінуді үйрету, түрлі жағдайда тыныс алу қызметін зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
  3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  4. Тыныс алу реттелуі. Тыныс алу периодикасын қамтамасыз ететін ЖЖО-ның құрылымы.
  5. Өкпенің механорецепторлары, олардың тыныс алу жиілігінің өзіндік реттелуі мен тыныс алу тереңдігіндегі маңызы.Геринг пен Брейер рефлексі.
  6. Гуморалды реттелу. Фредерик тәжірибесі.
  7. Тыныс алуды реттеудегі гипоталамустың, лимбиялық жүйенің және үлкен ми шары қыртысының маңызы.
  8. Тыныс алудың шартты рефлекторлы және кездейсоқ реттелуі.
  9. Тыныс алудың және артериялық қанның рН-ының газдық құрамының жиілікке және тыныс алу тереңдігіне әсері. Орталық және перифериялық хеморецепторлар, олардың газдық гомеостаздағы мәні.
  10. Өкпе вентиляциясының гиперканпия мен гипоксия барысында өзгеруі.
  11. Физикалық жұмыс барысында, жоғары және төмен барометрлі қысымда тыныс алу.
  12. Тыныс алудың қорғаныс рефлекстері.
  13. Қанның газды құрамының тұрақтылығын сақтайтын функционалды жүйе.
  14. Нәресетенің алғашқы дем алуы.
  15. Танас алуды реттеудің балалардағы ерекшелігі.
  1. Білім беру және оқыту әдістері: тәжірибелік жұмыс жасау: физикалық ауыртпалықта спирография. Тақырып бойынша жағдайлық есеп шешу, тест орындау. Шағын топтарда жұмыс, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамалау, аралық бақылау.

№1 тәжірибелік жұмыс.

Тыныс алу реттелуіне кейбір факторлардың әсері.

Жұмыс мақсаты: кейбір рефлекторлы және гуморальді факторлардың тыныс алу тереңдігі мен жиілігіне әсерін пневмографияны қолдана отырып зерттеу. Сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі координация үрдісін осы әдіспен зерттеу.

Әдісі:

  1. тыныс алуға қорғаныштық рефлекстер:

а) зерттелушінің кеуде жасушасына манжетаны қою, оны ауамен толтырып Марей капсуласымен байланыстыру. Капсула жазбасын кимографпен жанасатындай етіп орналастыру.кимограф барабанын жайлап айналдыру барысында танас алу қозғалыстарын жазу;

б) зерттелуші аузына су құйып, оны жұтпай тыныс алу. Содан соң дем алу кезінде суды жұту. Тыныс алу өзгерді ме? Неге? Суды дем шығару барысында жұтып, тәжірибені қайталау;

в) тыныс алу барысында зерттелушінің мұрнында күтпеген күйде аммиак ерітіндісімен ылғалданған мақтаны 2-3 мирнуттай ұстап тұру, тыныс алу қозгалысын тіркеу. Тыныс алу тоқтайды ма? Неге?

  1. тыныс алуға СО2 – нің жоғары немесе төмен болуының әсері:

а) терең дем алудан кейін тыныс алу қозғалысы барысында демді барынша ұзаққа тоқтату. Демді тоқтатқаннан кейін тыныс алу қалай өзгереді? Неге?;

б) зерттелушіге терең тыныс алу, тынысты тіркеу. Гипервентиляцияны 1 минут ішінде жүргізу, кейін оны тоқтату және гипервентиляция кезіндегі тыныс алуды жазып алу. Ол қалай өзгереді? Негізі бірнеше минуттан кейін дем алу тоқтайды;

в) Марей капсуласын пневмографтан босату және 1 минут бойы орнында жүгіру. Зерттелуші мен Марей капсуласының байланысын қата жалғап  тынысты жазып алу. Ол өзгерді ма?

3.қозғалыс  акті барысында координация үрдісінің тыныс алуға әсері:

а) ине тесігіне жіпті кіргізу кезінде тыныс алуды жазып алу. Тыныс қалай өзгереді?;

б) өлең оқу кезіндегі тыныс алуды жазу.

Жұмыс нәтижесін тіркеу және қорытындылау.

Нәтижелерді тіркеу кезінде тыныс алу сипатының өзгеруін түрінде көрсету. Қорытындыда тыныс алу өзгерістерін түсіндіру.

  1. Бақылау: 

        Ситуациялық есептерді шығару:

Есеп№1. Егер дем алу ауасында көміртегінің құрамы жоғарыласа ,зерттелушінің тыныс алуы қалай өзгеред?

Шешу алгоритмі:

  1. Тынысалудың орталығы
  2. Орталық және  и шеткейлік хеморецепторлар
  3. Тынысалудың паттерне гиперкапнияның әсері.

Есеп№ 2. Тұйық ортада адамда гиперкапния пайд а болады. Бұл тыныс алуға және газ алмасуға қалай әсер етеді?

Шешу алгоритмі:

  1. Тынысалудың орталығы
  2. Орталық және и шеткейлік хеморецепторлар
  3. Тынысалудың паттерне гиперкапнияның әсері.

1.Тақырыбы: Сыртқы тынысты зерттеудің физиологиялық әдістері (спирометрия, спирография). Жастық ерекшеліктері.

  1. Мақсаты: Дені сауадамның тыныс алу қызметінің үрдістерінің негізгі заңдылықтарытуралыстуденттердің білімдерін жетілдіру, олардың балалардағы ерекшеліктері, қан тамырлар жүйесінің функцияларыныың бұзылуын компенсайиялау жолдары және олардың негізгі үрдістерін түсіндіру.

3.Оқу тапсырмалары:  Тыныс алуағзаларының қызметтерінің реттелісінің физиологиялық үрдістерін түсіндіре білу, тыныс алу ағзаларының функцияларын зерттеуге дағдыландыру. Өкпенің желдеткішінің параметрін оқу ( спирограф пен, спирометрмен, фонендоскоппен жұмыс істеу) Өкпенің нуктесін тыңдау, өкпенің бір-біріне және манекендерге аускультациялау.

4 Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Тыныс алу үрдісінің негізгі кезеңдері
  2. Тыныс алу түрлері ( кеуде, ішілік, аралас) Балалардағы ерекшеліктері.
  3.  Бір минуттағы тыныс алу саны, тыныс алу ритмі.
  4. Тыныс алу  айналымы. Тыныс алу жолдарының физиологиясы. Олардың саңылаудың реттелуі.
  5. Өкпенің желдеткіші / минуттық, альвеолярлық/ ағзаның әр бөлігінің теңсіздігі.
  6. Тыныс алу механизмі.
  7. Өкпенің және көкірек қуыс қабатының созылғыштыққасиеті.
  8. Спирометрия, спирография.
  9. Балаларда тыныс алу ерекшеліктері.
  1. Оқу әдістері және оны үйрету: Тәжірибелік жұмысты толтыру. Сыртқвы тыныс алуды оқуда клиника-физиологиялық әдістерді түсіндіру. ( Өкпе желдеткішінің параметрлері) спирограф пен, спирометрмен, фонендоскоппен жұмыс істеу, өкпенің бір-біріне және менакенге ,кестемен, атласпен аускультациялау.

Зерттеудің нәтижесін талқылау, хаттамалау. 

№1 тәжірибелік жұмыс 

Өкпенің өмірлік көлемімен және оның фракциясын анықтау «Спироком» құрылғысымеен жұмыс істеу.

Жұмыстың мақсаты: өкпенің көлемі және өмірлік сыйымдылығын анықтау әдістерімен танысу.

Әдістеме: Спирометрді нольдік жағдайға келтіру және мундштукті ауызға алып,тыныш дем алу, әрі дем алуды мұрын арқылы жасау, ал дем шығаруды ауыз арқылы спирометрге шығару. 5-6 рет шығарылған дем көлемін шкала бойынша белгілеу және оны тыныс алу санына бөлу.

ТЫНЫС АЛУДЫҢ РЕЗЕРВТІ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ.

Крышкадан тығын алу, спирометр колоколын көтеру,мысалы,3000 мл-ге дейін. Содан соң тығынды жабу. Бірнеше рет тыныс алып, одан соң кәдімгі тыныс алуда мундштукті ауызға алып, спирометрден терең тыныс алу. Бірінші және соңғы көрсеткіштерді арасындағы әр түрлілін тыныс алуды резервті көлемін көрсетеді-1500мл.

ТЫНЫС ШЫҒАРУДЫҢ РЕЗЕРВТІ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ.

Спирометрді нольдік жағдайға келтіру,бірнеше жай қимыл жасап және кейінгі тыныс шығаруда мундштукті ауызға алып, мүмкіндігінше спирометрді терең тыныс шығару. Спирометрге тыныс шығарған ауа дем шығарудың резервті көлемі болып табылады.

Дем көлемін анықтап, дем шығарудың резерзвті көлемі мен дем алудың резервті көлемін қосып,алынған өмірлік өкпенің көлемімен салыстыру. Егер бұл 10%-тен асса, анықтау дұрыс емес болады және оны қайталау керек. ЖЕЛ үлкендігі, ол ер адамдардың бойының көбейтіндісі жолымен анықталады-25-ке,ал әйелдерде -20-ға ,ДЖЕЛ деп аталады. Сыртқы аппараттың дамуының дәрежелерін бағалау үшін физикалық дамуға сәйкес келетін адамды, оны сол үлкендікпен салыстыру қажет. Осы мақсатпен қатынасты анықтайды.

ДЖЕЛ * 100%

Жұмыс нәтижелерін және қорытындыларын көрнекілеу.

№2 тәжірибелік жұмыс 

Тыныс алудың тыныштықта және физикалық ауыртпашылықтарында жиіліктерін, тереңдіктерін және минуттық көлемін анықтау 

Жұмыс мақсаты: Сырттық тыныс алудың физикалық ауыртпашылықтарға тәуелділігінің негізгі көрсеткіштерін оқу.

Әдістеме: спирометр көмегімен жұмыс істеу: одан тыныстың минуттық көлемін анықтау. Одан соң альвеометрлі желдеткіштерінің көлемін табу. Зиянды заттардың орташа көлемін(150мл ер адамда және 100 мл әйел адамдарда) тыныс алу жиілігіне көбейту және шыққан санды МОД-тан алу. Мәліметті кестеге жазу. 3 анықтаманың нәтижелерін салыстыру және тыныс алудың негізгі көрсеткіштерінің бұлшықеттік жұмысының әсері туралы қорытынды жасау.

Жұмыстың нәтижелерін және қорытындыларды көрнекілеу.

№ 2 кесте

Тәжірибе шарттары МОД-ның көлеміТынысалудың жиілігіТыныс алудың орташа тереңдігіГазалмасуға қатыспайтын ауа көлеміАльвеолярлы желдетілудің көлемі
Қалпты жағдайда отырып     
Жүру кезінде     
Орнында жүгіру кезінде     

 №3 тәжірибелік жұмыс

СПИРОГРАММАНЫҢ АНАЛИЗІ 

Жұмыс мақсаты: адамның спирограмма анализі әдісімен танысу. 

Әдістеме:

  1. Тыныш тыныс алу жазбасын табу және жоғары орташаланған шекаралар сызығын жүргізу(тыныш тынысалу – тыныс алу). Жоғары шекараға параллель тыныш тыныс алудың төменгі шекарасына орташаланған сызық жүргізу(тыныс дем шығару ).
  2. ТА – тыныс алу көлемін анықтау. Тыныш дем алудың жоғарыда төменге дейінгі шекарасының арасын мм – мен циркульмен және сызғышпен өлшеу. 1 мм-ге 20 мл ауа сәйкес келгендіктен, алынған санды 20-ға көбейту.
  3. РДАА – тыныс алудың резервті көлемін анықтау. Максимальды тыныс алудың қисық спирограммада табу. Тыныш тыныс алудың жоғарғы шекарасынан максимальды тыныс алудың жоғарғы шекарасының аалықтарын өлшеу. Алынған санды 20-ға көбейту.
  4. РДША – дем шығарудың резервті көлемін анықтау. Максимальды дем шығару шекарасын табыңыз. Қалыпты дем шығарудың төменгі шекарасынан дем шығарудың максимальды шекарасына дейінгі аралықты өлшеу. Алынған санды 20-ға көбейту.
  5. ӨТС – өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау. 1-ші әдіс: максимальды дем шығару мен дем алудың бір-біріне параллель шекараларының сызықтарын жүргізіңіз. Алынған санды 20-ға көбейтіңіз. 2-ші әдіс: ҚТА+РДАА+РДША мәндерін қосыңыз. Екі әдіспен алынған сандар сәйкес келуі тиіс.
  6. МТЖ – Тыныс алу жиілігін анықтау. Спирограмманы жазу барысында қағаз лентаның қозғалу жылдамдығы 50 мм/мин., 1 мм 0,02 мин-қа сәйкес келеді
  7. ТМК – тыныстық минуттық көлемін анықтау.  ТМК = ҚТА * МТЖ
  8. Ауру адамның ЖЕЛ (ДЖЕЛ) шамасын табыңыз,  спирограммада көрсетілген олардың мәнін формула арқылы шығарыңыз: ер адамдар үшін ДЖЕЛ = Бойы (см) * 0,052-жасы (жыл) *0,022-3,6     Әйел адамдар үшін ДЖЕЛ = Бойы (см)*0,041-жасы(жыл) *0,018-2,6
  9. ӨК-өмірлік көрсеткіштің саны. ӨК – ЖЕЛ-дің дене салмағына қатынасы. Ер адамдарда қалыпты жағдайда ӨК =60, әйел адамдарда ӨК=52.
  10. ЖЕЛ-ді пайдалану пайызы-ҚТА-ның ЖЕЛ-ге пайыздық қатынасы. Қалыпты жағдайда 12-15%-ті құрайды.

Функционалды зерттеудің картасы

Күні __________________

Ф.И.О.__________________________________________________________

Бойы ___________________________ Салмағы________________________

Шағымдары ____________________________________ Жынысы_______

КөрсеткіштеріЖиырылу шарттарыҚалыптыФактически
Тыныс жиілігіЧД10-20 в мин. 
Тыныстық көлемДО300-900 мл

15-20 % ЖЕЛ

 
Тынысал удың резервті көлеміРОвд1500-2000

50 % ЖЕЛ

 
Тыныс шығарудың резервті көлеміРОвыд1000-1500

30 % ЖЕЛ

 
Қалдық ауа көлеміОО1200 мл 
Өкпенің тіршілік сиымдылығыЖЕЛ2-5 л 
Өкпенің тіршілік сиымдылығының болуыДЖЕЛ2-5 л 
Өкпенің жалпы сиымдылығыОЕЛ=ОО+ЖЕЛ3200-6200 мл 
Функционалді қалдық ауа көлеміФОЕ=РОвыд +ОО2200-2700 мл 
Ауа сиымдылығыЕвдоха=ДО+РОвд1800-2900 
Тыныс алу фазаларының арақатынасыК=1,2вдох 1-5 с.

выдох 1,2-6 с

 
Тыныс алудың минутттық көлеміМОД4-10 л/мин 
Өкпенің альвеолярлы желдетілуіАЛВ75 % МОД 
Өкпенің максималды жалдетідуіМВЛ50-120 л/мин 
Омірлік көрсеткішЖП ед.  
% -ттың қолданылуы. ЖЕЛ   
ОФВ1 70-80 % ЖЕЛ 
ОФВ2 80-90 % ЖЕЛ 
ОФВ3 90-100 % ЖЕЛ 
Резерті тыныс алуРД=МВЛ-МОД  
АД   
ЧСС   

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындыларын толтыру.

  1. Бақылау: 

Жағдайлық есептерді шешу. 

Жағдайлық есеп №1

ТМК нешеге тең, егер ЖЕЛ – 4100 мл, РДАА – 2000 мл, РДША – 1700 мл, МТЖ-18 болса?

Шешу алгоритмі:

  1. Өкпе сиымдылығы және көлемдері
  2. Спирография
  3. МОД санау формуласы

 

Жағдайлық есеп №2

ТМК нешеге тең, егер ЖЕЛ – 4300 мл , РДАА – 1800 мл, РДША –1600 мл, МТЖ – 17 мл болса?

 

Шешу алгоритмі:

  1. Өкпе сиымдылығы және көлемдері
  2. Спирография
  3. МОД санау формуласы.


Тақырыбы:
Өкпе мен тіндердегі газ алмасуды зерттеу. Газдардың қанмен тасымалдануы.

 

1.Тақырыбы: Өкпе мен тіндегі  газалмасуды зерттеу. Газдардың қан арқылы тасымалдануы. .

  1. Мақсаты: Студенттерде , дені сау адамдағы газ алмасу процессінің негізгі заңдылықтары туралы білім қалыптастыру, тыныс алу жүйесі жұмысының бұзылуының алдын алу жолдарын білу үшін оның реттелу механизмдерін оқыту.

3Оқыту мақсаты: Тыныс алудың газ алмасу функциясын реттеуші. Физиолгиялық процесстерді түсінуді үйрету, нәрестенің бірінші тыныс алудағы негізгі механизмдерін түсіндіру.

  1. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
  1. Дем алу, дем шығару және алвеолярлық ауаның құрамы, анықтау әдістері.
  2. Қандағы еріген газдың қысымы және оларды өлшеу әдістері. Алвеолярлы ауадағы газдың парциеалдық қысымы.
  3. Өкпедегі газ алмасу. Өкпелік мембрананың қасиеті. Өкпенің диффузиялық қасиеті.
  4. О2 мен СО2 қан арқылы тасымалдануы. Гемоглобиннің түзілуіне және диссицияциялануына әсер ететін факторлар.
  5. Артериалдық және веноздық қандағы О2 және СО2 – құрамы. Оксигемометрия. Қанның оттектік сыйымдылығы.
  6. Әр түрлі жағдайлардағы СО2 – коэффициент утилизациясы. Карбоногидразаның маңызы.
  7. Қан мен тіндердегі газалмасу.
  8. Оқыту және білім беру әдістері: Тәжірибелік жұмыстарды орындау: сыртқы тынысты клинико- физиологиялық әдістерін меңгеру, шағын топтарда жұмыс, кестелермен, атластармен жұмыс. Зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамалау. Аралық бақылау

№1 тәжірибелік жұмыс.

Түрлі жағдайлардағы дем алуды тоқтату уақытын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: қандағы көмірқышықыл газының құрамы еркін тыныс алу кезінде қалай әсер ететінін анықтау.

Әдісі: бірінші рет- еркін тыныс алуда зерттелушіні тынысын ұстауды сұрайды, екінші рет демді шығару кезінде сұрайды. Әр ретте секундомер арқылы еркін тыныс алудан бұрынғы уақытын өлшейді.

а) зерттелушіге гипервентиляция қолданғаннан кейін одан тағы тыныс алуды тоқтату уақытын анықтайды.

б) зерттелушіні орнында тұрып жүгіргізеді және бұйрық бойынша дем алуын тоқтатады.  Қанша уақытқа демін тоқтата алатындығын белгілеу. Анықтамалар алу аралығында 5- 10 минут үзіліс жасап, нәтижелерін салыстыру.

Жұмыс қорытындысы мен нәтижесін жазу.

7.Бақылау: 

Аралық бақылаудың сұрақтары:

  1. Тыныс алу жүйесінің функционалды ұйымдасуының принциптері.
  2. Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері.
  3. Сыртқы тыныс тетігі. Дем алу және дем шығару биомеханикасы.
  4. Плевральді қуыс қысымы, оның сипаты мен сыртқы тыныстағы рөлі. Плевралы қуыстағы қысымның тыныс алу циклінде түрлі фазаларда өзгеруі.
  5. ӨТС және оны құраушы компоненттер. Оны анықтау әдістері. Қалдық ауа.
  6. Өкпе вентиляциясының минуттық көлемі және оның түрлі ауыртпалықта өзгеруі, оның анықтау әдістері. «Өлі кеңістік» және өкпенің эффективті вентиляциясы. Неге сирек және терең тыныс ұтымды?
  7. Жұтылатын және атмосфералы ауаның құрамы. Альвеолалы ауа ішкі орта болып саналады. Газдардың парциалды қысымы туралы түсінік.
  8. Өкпедегі газалмасу. Альвеолалы ауада және қан газының парциалды қысымы. Мембрана арқылы газадардың өтуінің негізгі заңдылығы.
  9. Тіндер мен қан аралығындағы газдардың алмасуы. Қанның Напряжение О2 и СО2 в крови, тканевой жидкости и клетках.
  10. Газдардың қанмен тасымалдануы:

а) О2 –нің қанмен тасымалдануы; оксигемоглобин диссоциациясының сызбасы, оның сипаты; қанның оттектік сыйымдылығы;

б) көмірқышқылдың қанмен тасымалдануы; карбоангидразаның мәні; О2 және  СО2 –нің қанмен тасымалдануы

  1. Нәрестенің алғашқы тынысының тетігі.
  2. Балалардағы тыныс алудың реттелуі.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!