Физиология пәні бойынша сабақ жоспары

 Сабақ тақырыбы: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері. 

№ 1-жұмыс. Физиологиялық тәжірибелерді жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен танысу. (Руководство к практическим занятиям по физиологии: под ред. Косицкого Г.И. 1988, 8-19 б.).

           Физиология – тәжірибелік ғылым, және оның жоғарғы оқу орындарында оқытылуы міндетті түрде студенттермен лабораториялық жұмыстарды орындауымен жүргізіледі. Тәжірибелік жұмыстардың орындалу барысында студенттер дәрісте баяндалған қағидалық негіздерді тікелей дәлелдейтін мәліметтер алады. Ұсынылған есептің негізі – жұмыстарға енгізілген арнайы қызметтік салмақтар бойынша қызметтің статистикасы емес, динамикасында болып табылады.

            Тәжірибе және клиникада түрлі құрал-жабдықтарды қолданумен физиологиялық қызметтерді зерттеу кезінде өзіндік жүйелер түзіледі. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Өмір әрекетіндегі түрлі көріністерді және табылған нәтижелерді тіркеу жүйесі.
  2. Ағза немесе оның құрылымды-қызметтік бірлігіне әсер еткен әрекеттерге арналған жүйе. 

       № 2-жұмыс.     Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу.

        Жүректің биоэлектрлік құбылысы, оның ырғақтық әрекетімен пайда болады. Бұлшық ет немесе жүйке қозғанда, оның тыныштық күйінен айырмашылығы, қозған бөлімі теріс зарядты болып табылады. Бұл заңдылықтар жүрекке тән. Ең алдымен жүрекшелер, артынан қарыншалар жиырылады. Осыған дейін қозу синустық түйінде туады.

             Жүректің әрекеттілігінде, ең алдымен синус аймағы теріс зарядты болса, осы кезде тыныштықтағы жүрекшелер мен қарыншалар оң зарядты болып табылады. Қозудың таралуына байланысты, теріс зарядтылық синустан жүрекшелерге, соңынан қарыншаларға тарайды. Қозу жойылғаннан кейін, синус аймағы оң зарядталады. Сонымен, жүректегі қозу үрдісі оның барлық бөлімдерінде бірмезетте  пайда болмау салдарынан, потенциалдар айырмашылығы туады.

Сабақ тақырыбы: Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың көрсеткіштері.

№ 1-жұмыс.    Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу (№ 1- сабаққа арналған әдістемелік нұсқауды қара).

№ 2-жұмыс. Жүйке-бұлшық еттік препаратты және көлбақаның оқшауланған балтыр бұлшық етінен препаратты дайындау (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 149 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 73-75 б.).

Жұмыс №2 Жүйке- бұлшықет препаратын дайындау және бақаның балтыр бұлшықетінен препарат дайындау

Жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясын  оқу қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүикіндік береді.Жүйке-бұлшықет физиологиясы  (практикалық) тәжірибелік медицинада, жеке дәрігерлік бақылауында, жүйке аурулар клиникасында, ортопедияда және емдік дене шынықтыруда қажет.

Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный  нерв) шонданай жүйесі табылады.

Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа

Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді.Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшвмен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады.Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады.Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.

Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды.Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады.Ол үшін қайшымен кесіп өтеді.Көзбен қадағалап препаратты  вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады.Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды.

Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный  сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады.

Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады.Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз.Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.

Жұмыс дайындауға ұсыныстар: Жүйке-бұлшықет препаратын салыңдар, бөліктерін көрсетіп, белгілеңдер,ол қандай мақсатта қолданылатынын көрсетіңдер 

 № 3 Жұмыс.  Схема сызбасы:

Құрбақаның қозғалмауы-бас және арқа миының бұзылуы.

Жүйке-бұлшықеттік препараттың дайындау кезеңдері. 

Сабақ тақырыбы:  Биоэлектрлік құбылыстар.

№ 1-жұмыс. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі). (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 156 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 80-83 б.).

«Тірі электрліктің» бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшықет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында.

Гальванидің 1-тәжірибесі:

Жумысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа.

 Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.

Жумысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз.

Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу)

балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады.       Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын,  тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады.

Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын шонданай нервін жақсылап препараттап, ол нервіні омыртқа жанынан кесеміз. Санның  төменгі бөлігіндегі бұлшықетті қиып өтіп, әйнек ілгішпен тез арада шонданай нервін алып, тез арада бұлшықеттің үстіне қою керек. Ол жанағы санның жарақаттанған және жарақаттанбаған аймағвн бір уақытта жанау керек.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: тәжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін қорытындылаңыз.

Маттеучи тәжірибесі.

Қаңқа бұлшықеті жүйкенің ток күші әсерімен тітіркенуі (2-реттік тетанус).   1840 ж. Маттеучи, жүйке-бұлшықет препараты бұлшықетінің жиырылуын, келесі препараттың жирылған бұлшықетіне жүйкені салса да, тудыруға болатындығын көрсетті. Бұл тәжірибе, басқа препараттың жүйкесіне арналған тітіркендіргіш ретінде қолдануға болатынын, жиырылған бұлшықеттегі токтар мәні жоғары екендігін куәләндандырады. Осы токтар «Ток әрекеті» деген атау алды.

Жумысқа қажетті құралдар: препараттауға арналған құрал-жабдықтар жинағы, лоток, стимулятор, электрод, әйнектен жасалған ілгіш, тығын пластинкасы, Рингер ерітіндісі және көлбақа.

Жұмыс барысы: Көлбақаны жансыздандырамыз да, екі артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын екі препараттағы шонданай жүйкесін әйнек іггіштің көмегімен тізе буынына дейін препараттайды. Сан сүйегі мен сан бұлшықеттерін түгелдей алып тастап, тек қана сирақ пен табанды қалдырамыз.  Бір препарттағы жүйкені омыртқа кесіндісімен қалдырып, ал екіншісінде омыртқа кесіндісін алып тастайды. Екі аяқты да тығын пластикасының үстіне қоямыз. Бір жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін әйнек ілгіштің көмегімен электродқа қояды. Ал ол электродтар стимулятормен байланысты. Бұл препараттың бұлшықетіне ұзына бойы екінші препараттың жүйкесін орналастырады. Бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін ретмикалық тітіркенуге апарып соқтырады. Содан кейін аяқтардың титаникалық жиыруларын бақылайды.

Жұмыстың орындалу кезінде жүйкені препараттағанда өте сақ болу керек! Өйткені жұмыс барысында жүйке кеуіп қалуы мүмкін. Әрине тәжірибеден бұрын бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың бұлшықеттік жазықтығын фильтр қағазы көмегімен кептіру керек.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, екінші реттік титанның пайда болу себебін қорытындылаңыз.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, қорытындыда ток әрекетінің туу  себебін түсіндіріңіз. 

 № 2 Жұмыс.Схема сызбасы.

Гальванидің екінші тәжірибиесі(балтыр бұлшық етінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салу).

Екінші реттік тетанусты алу әдісі аттеучи тәжірибиесі)

Сабақ тақырыбы: Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттің жиырылу түрлері.

          №1 –жұмыс.Тікелей  және  тікелей  емес тітіркендіргенде  қозу  табалдырығын  анықтау(Практикум по  нормальной  физиологии  под  ред. А.В.Коробкова,1983,150-151 б.;Практикум  по  нормальной  физиологии под ред. Г.И.Косицкого,1988,75-77 б.)

Тәжірибелік  жағдайларда  бұлшықеттің  жиырылуын  өзін  тікелей  тітіркендіргенде (тікелей  тітіркендіру)  және  нақты  бұлшықетті  жүйкелендіретін  қозғалыс  жүйкесін  тітіркендіргенде( тікелей  емес  тітіркендіру ) тудыруға  болады.Жүйкелік, бұлшықеттік  және  бездік  тіндер  әр  түрлі  қоздырғыш  қасиеттерге  ие. Қозғыштық  өлшемі  ретінде  қозу  тудыра  алатын қозу  күшінің  минималды  мәні – қозу  табалдырығы болып  табылады.Бұлшықеттегі  қозудың  көрінісі  оның  жиырылуы  болып  табылады.Егер  қозғыштық  бұлшықетке  әсер  етсе ( тікелей  тітіркендіру ), онда  оның  минималды  күші  бұлшықет  қозуын  сипаттайды, ал  егер  бұлшықеттің  тітіркенуі  оның  қимыл  жүйкесінің  ( тікелей  емес  тітіркендіру ) әсері  нәтижесінде  болса, онда  минималды  жиырылуға  алып  келетін  электр  тогының  мәні  жүйкенің  қозуын  сипаттайды.

Құрал-жабдықтар:  кимограф, тік  миографты  әмбебап  штатив, қоздырғыш  электродтар, оқу  электростимуляторы (УЭС-1 немесе т.б.), қоздырғышты  ауыстыратын  кілт, сия, қағаз,су, Рингер  ерітіндісі.Жұмыс бақаға  жасалынады.

Жұмыс  барысы:  Аспапты  жинаңдар.Дайындалған  жүйке-бұлшықеттік  препаратты  табан  сіңірі арқылы  төмен  және  тізе  буыны  арқылы  жоғары  етіп, тік  бағытта  орнатыңдар(фиксациялаңдар).Шонданай  жүйкесін  қоздырғыш  электродтармен  жанасатын  етіп  көлденең  бағытта  орналастырып, оған  Рингер  ерітіндісіне  батырылған  дымқыл мақтаны  қойыңдар.Стимуляторды  қосыңдар.Ток  күшін   реттеуші  тетікті  «0» мәніне  дейін, ал  ауыстыру  жиілігін «1» мәніне  келтіріңдер. Кілтті  «жүйке»  қалпына  келтіріп, ток  күшін  реттеуші  тетікті  ақырын  қозғай  отырып, бұлшықеттің  минималды  жиырылуын  қамтамасыз  ететін  минималды  күшін(қоздыру  табалдырығын) анықтаңдар. Кимограф  таспасына  сия  толтырылған  қаламды жақындатып, бұлшықет  жиырылуының  тікелей  емес  тітіркену   кезіндегі мәнін  жазыңдар.Содан  соң  кілтті  «бұлшықет»  қалпына  келтіріп  және  жоғарыдағыдай  бұлшықеттің  тікелей  тітіркену  кезіндегі  қозу  табалдырығын  анықтаңдар. Әрбір  стимуляциядан  соң  тетікті  қолмен  айналдыра  отырып жазбаны  тоқтатылған  кимограф  таспасында  көрсетіңдер.

Жұмысты  бейнелеуге  ұсыныстар: Бұлшықетті  тікелей  және  тікелей  емес  тітіркендіруге  арналған  жобаны  салыңыз. (Практикум по  нормальной  физиологии  под  ред. А.В.Коробкова,1983,150-152 б. 79- және 80-суреттер), тәжірибенің  нәтижесін  жазыңыз.

   №2 –жұмыс.Жеке  бұлшықеттік   жиырылу  қисығын  тіркеу  тәсілі. (Практикум по  нормальной  физиологии  под  ред. А.В.Коробкова,1983,152-154 б.)

Жеке  бұлшықеттік  жиырылу – бұл  бұлшықеттің  жеке  табалдырықтық  немесе  табалдырықтан  жоғарғы  әсерге  жауап  беру  реакциясы.Жеке  жиырылу  кезінде  бұлшықетке  келесі  тітіркендіргіш  әсер  етсе,онда  пайда  болған  жиырылулар  жинақталады.Егер  2-тітіркендіргіш  бұлшықеттің  босаңсу  кезеңінде  әсер  етсе, онда  жинақталу  толық  емес , ал  жиырылу  кезеңінде  әсер  етсе, онда  жинақталу  толық  деп  аталады.

Жүйкесіз m.gastrocnemii  препаратын  дайындалады.Препаратты  тізе  буынының  қапшығы  және  ахиллов  сіңірі  арқылы  миографқа  бектеді. Дайын шынылы  раманы  оңға  жылжытып, ілмекпен  бекітеді. Раманың  осындай  қалпында  миограф  перосы  сол  жағынан 0,5см және  төменнен  1см қашықтықта  закопченный  пластинаға  жанасу  керек.

Ток  көзінің  кілтін  және  фаль-аппарат  контактын  тұйықтайды. Фаль-аппараттың контактын  қолмен босатып, бұлшықеттің  жиырылу  күшінің  жеткіліктігін  тексереді.  Егер  жиырылу  әлсіз  болса, онда  катцушкаларды  жақындатады.

Қозғалыстағы  пластинка жанасуды  тоқтатқан және  бұлшықетті  тітіркендірген  кездегі  уақытты  орнату  үшін  оны  ұстап  тұрған  ілмекті  босатады; рамканы  қолмен  ұстай  отырып, жанасуға босатылған штифтті  баяу  жақындату  қажет  және  осы  қалыпта  кілтті  босатады: бұлшықет  жиырылады. Дайын  шыныға   жанасу  тоқтаған  кездегі бұлшықеттің  тітіркену  уақытының  мәнін  тік  сызықпен  бейнелейді.

Миографтың  перосын  абайлап  тартады  және  раманы  алғашқы  орнына  қойып,ілмекті  босатып, кілтті  тұйықтап, тек содан  кейін  ғана  пероны  жібереді. Ол  бұрынғы  қалпында  : пластинаның сол  жағынан 0,5см және  төменнен  1см қашықтықта  болу  керек.

Ілмекті  көтеріп, раманы  қозғалысқа  келтіреді,бұлшықет  жиырылады, миограф  перосы  әйнекте  жиырылған  жеке  бұлшықеттің теріс  қаратылған  қисығын  сызады.

Миографты  жылжытып, уақытты  белгілейді.Бұл  үшін  рама мен  пластинканы   тағы да  оңға  жылжытып, ілмекті  жібереді.Пластинканың  сол  жағынан 0,5см  жоғарыда  алынған  жазбаға  электрокамертонның  төменгі  аяғына    пероны  орналастырады.  Кілтті  тұйықтайды. Камертон теңселе  бастайды  да, перо  таспада  тік  сызықтар  бейнелейді.Раманы  қозғалысқа  келтіре  отырып, ілмекті  көтереді.Жеке  жиырылудың  қисығы  негізінде  камертон синусоиданы  жазады, әрбір тісшесі 1/100  секундқа  тең.

Латентті  периодта  неше  тісше, қысқарту  периодында  қанша  тісше  және  босаңсу  периодында  қанша  тісше  бар  екенін  есептейді.

Жұмысты  бейнелеуге  ұсыныстар: Сурет  дәптеріңізге  жеке бұлшықеттік жиырылу, толық  және  толық  емес  жинақталу  қисығын  салыңыз.Жеке  бұлшықеттік  амплитудасын, толық  және  толық  емес  амплитудасымен  салыстырыңыз.

№3 –жұмыс.Динамометрия(Практикум по  нормальной  физиологии  под  ред. А.В.Коробкова,1983,175 б.)

Динамометрия – максимальді  бұлшықеттік  жиырылу  күшін  және  қол  бұлшықетінің  күштік  төзімділігін  зерттеу  тәсілі.

Құрал-жабдықтар: кистевой  динамометр,секундомер.Зерттеу  адамға  жүргізіледі.

Жұмыс  барысы: зерттелушіден  тұруды  өтініңіз,қолын  алдыға  созып және  динамометрді  ұстатыңыз, ал  екінші  қолын  босаңсытып  және  еркін  кеуде  бойына  жіберу  керек.

  1. Бұлшықет күшін  бағалау.

Ең  максималды  күшпен  динамометрді  екі  рет  қысыңыз.Бұлшықет  күшін  бағалауға  болатын  ең  жоғары  нәтижені  белгілеңіз.

  1. Бұлшықеттің жұмыс  істеу  қабілетін  зерттеу

Зерттелушіні  максималды   мүмкін  күші  мен  жиілігі  5 с 1 рет  болатындай  динамометрді  10 рет қысуды  өтініңіз. Әр  қысқан  сайын  көрсеткішті  жазып  отырыңыз.Жұмыс  істеу  қабілетін  мына  формуламен  анықтаңыз: Р=

Мұндағы Р- жұмыс  істеу  қабілеті, f1– f 2   бұлшықеттің  соңғы  шартындағы  динамометр  көрсеткіші, n – динамометрдің  қысу  саны.

  1. Бұлшықеттің қажуын  зерттеу.

2 жұмыста  алынған  нәтижелерді  бұлшықеттің  жұмыс  істеу  қабілетін  төмендеуін есептеуге  қолданылатын  формулаға  салып  есептеңдер:

S=

S-  анықталатын  көрсеткіш ,f1– бұлшықет  күшейтуінің бірінші  шамасы,   f min және fmax   – максималды  және  минималды  күшейтудің  сәйкестігі.

Жұмысты  бейнелеуге  ұсыныстар:

  1. Анықталатын көрсеткіштерді  есептеп,протоколға  енгізіңдер.
  2. График сызыңыз, оның  абсцисса  осінде  жиырылудың  бағаналық  нөмірін, ал  ордината  осінде  әрбір  жиырылудан  кейінгі  динамометр  көрсеткішін  көрсетіңіз.
  3. Алынған нәтижелерді  бағалаңыз. Әр  түрлі  зерттелінген  конституциялық  типтердің  нәтижелерін  салыстырыңдар.

№4 –жұмыс.Электромиография

    Электромиография – бұлшықеттің  электрлік  белсенділігін  тіркеу  тәсілі.

Жұмыс  барысы: Қондырғыны  электр  тогына  қосамыз.Миографпен  жұмыс  істеу  үшін  оны  10 минут   қыздырамыз.Содан  соң  сезімталдығын  ауыстырып, қосқышын  «калибровка»   жағдайына  келтіреміз.Сүзгіш  ұстағышын, күшейткіштің  15  және  0,05 Гц жағдайына  келтіреді.

Тіркеу  электродының   штекерін  каналдардың  біреуінің  кіре  берісіне  қосамыз.Қоздыру  электродының  штекерін  реттеушінің  стимулятор  шыға  берісіне  қосу  керек.Реттеу  блогының  «Селектор»  тұтқасын «Ручная»  жағдайына  келтіреміз.Стимуляцияның  шыға  беріс  деңгейінің   ауыстырғышын   х10   дқалпына  келтіреміз. «Длительность  серии»  тұтқасын  200 қалпына  келтіреміз, ал  «Длительность  импульса»  ауыстырғышын  0,1  немесе 0,2  мсек  қалпына  келтіреміз.Терідегі  электродтар  қойылатын  нүктелерді  спирт  немесе  эфирмен  залалсыздандыру   қажет, кейін  физиологиялық  ерітіндімен  ылғалдап  алу  керек. Содан  соң  тіркегіш  және  стимуляциялық  электродтарды  қоямыз.Олардың  арасына  жермен  тіркелген  электрод  қойылады.

М-жауапты  тіркеу. Шеткі  жүйкені  электрлік  тітіркендіргіш   әсер  еткенде  ортодромдық  қозу  таралу  әсерінен  М-жауап  туады( дистальді  бағытта ). Бұл  жауапты  әдетте  жиынтықтық  моторлық  потенциал  деп  атайды, себебі  осы  потенциал  қимыл-қозғалыс  бірлігінің  қосындысын   қорытындылайды.

« Ручной  пуск »  кнопкасын  баса  отырып, максималды  амплитуда  стимулын  блок  стимуляциясына  тереді, яғни  максималды  импульс   интенсивтілігінің  30-50% көтереді. Амплитудадағы  басым  М-жауап  туады. М-жауаптың  жасырын  кезеңін  анықтау  үшін  тітіркендіргіш  импульсі  0,1мс  ретінде  қолданылады. Қалыпты  жағдайда  екі  кезеңдік  ауытқуға  жақын  шамада  болатын  М-жауаптың  амплитудасы  мен  формасы  бағаланады.Тітіркендіргіш  табалдырығын  анықтау  үшін  М-жауаптың толық  жоғалып  кетуіне  дейін   серпіліс  амплитудасын  азайтады. Содан  соң  қайта  көбейтеді. Тыныш  күйдегі  тітіркендіргіштің  минимальді  күшінде  бұлшықет  потенциалы  пайда  болады  және  ол  М-жауаптың  табалдырығы  болып  табылады. Бұлшықет  табалдырығының  жауабын  анықтауда  импульс  ұзақтығы  өте  үлкен  болуы  керек(1-2мс). М-жауап  қажетті  тітіркендіргіш  уақытымен  анықталады.Қозғыштығы  жоғары  қозғалыс   бірлігінің  потенциалын  табу  үшін  М-жауапты  тұрақтандыру  кезіндегі  сезімталдықты  тіркеуде  М-жауаптың  табалдырығы  20-30 мкВ болу  қажет.Тітіркену  импульсінің  қарқындылығын  жоғарылатып  максималды М-жауабын  аламыз  және  токтың әрі  қарай  көбеюі  потенциал  жиынтығы  амплитудасының  жоғарылатуына  әкеп  соқтырмайды.Сосын   вольтажды  супермаксималдыға  (30-50%) дейін  көтереміз.

М-жауабының  практикада  қолданылуы  мен  диагностикалық  маңызы. М-жауапты  жүйке  бұлшықет аппараты  жарақатын   (полиневрит, жарақаттық  және  токсикалық  невропатия, миастания)  анықтау  үшін  қолданылады. Бұл  жағдайда  М-жауаптың  амплитудасы  мен  формасы, сонымен  қатар  жасырын  кезеңі  өзгереді.Осы  кезде  ауруға  шалдығу  дәрежесі  мен  деңгейі  де  анықталуы  мүмкін.Бұл  мәліметтер  операция  жасар  алдында , сонымен  қатар  осы  мәліметтерге  сүйене  отырып, оперативтік  және консервативтік  емдеу  тактикасын  анықтау  үшін  керек.

5жұмыс.  Схема мен кестені бейнелеу:

Бұлшық еттік талшықтардың(1)және миофибрильдердің құрылымы:А-анизотроптық дискілер,I-изотроптық дискілер,H.Z-пластинкалар.

Қанқа, жүрек пен тегіс салалы бұлшықет құрылысының салыстырмалы сипаттамасы:

КөрсеткіштерҚаңқалық бұлшық етЖүрек бұлшық етіТегіс бұлшық ет
Хронаксия,мс

Рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы,с

Қозуды өткізудің жылдамдығы,мс

Жеке қозудың ұзақтығы,с

0,08-0,4

0,005-0,01

 

6-11

0,05-0,1

2-3

0,3-0,4

 

1-4

0,5-0,8

20-40

10-дық секундтарда

 

0,5-1

10-дық секунд

 

Жеке жиырылу(А),суммация (Б),тетанус (В): 1-тітіркенудің 1-ші әсері, 2-тітіркенудің 2-ші әсері.

Сабақ тақырыбы: Жүйкелік талшықтар бойымен қозудың өтілу заңдары. Парабиоз. Синапстың физиологиялық қасиеттері.

№ 1-жұмыс. Жүйке бойымен қозудың екі жақты таралуы. (Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 90-91 б.).

Құрал – жабдықтар: стимулятор, электродтар, шыны ілмек, шыны пластинкалар, лоток, дәкелер, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), Рингер ерітіндісі, бақа.

Жұмыстың барысы: Бақаның артқы аяқтарынан препарат дайындаймыз. Сосын бақаның санын артқы бетімен жоғарыға қарай айналдырамыз. Екі үлкен саусақпен санның бұлшықетін ашып, шонданай (седалищный нерв) жүйкесін табамыз. Содан соң шыны ілмектің көмегімен санның төменгі 3/1 бөлігінде шамамен 1 см аралығында шонданай жүйкесімен жұмыс жасалынады. Санның төртбасты бұлшықетінің тармақтарын сақтау үшін, жүйкемен жұмыс жасағанда мүмкіндігінше абайлап жасау керек. Жүйкемен жұмыс жасаған соң оның астына қайшы браншасын өткізіп, санның сүйегін және бұлшықеттерін кеседі. Сан мен сирақ бір – бірімен шонданай жүйкесі арқылы байланысады. Препаратты шыны пластинкаға орналастырамыз, ал жүйкені стимулятормен байланысқан электродқа саламыз. Жүйкені қоздырамыз да сан мен сирақ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.

Жүйке талшығының бойымен қозу тітіркендірген жерден бастап екі жаққа таралуға қабілетті.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Жобасын салыңыз(29б., 90б.), қорытындыда жүргізілген тәжірибе нені дәлеледейтіндігін көрсетіңіз.

№ 2-жұмыс. Жүйкенің физиологиялық бүтіндік заңы. (Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 91-92 б.)

Жүйке анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан бүтін болғанда, жүйкелік талшық бойымен қозу таралады. Фармакологиялық препараттармен әсер еткенде немесе жүйке салқындағанда оның физиологиялық бүтіндігі  және қозуды өткізгіуі бұзылады.

Құрал – жабдықтар: стимулятор, электродтар, лоток, мақта, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), Рингер ерітіндісі, 2% новокаин ерітіндісі, бақа.

Жұмыстың барысы: Жүйке – бұлшықеттік препарат дайындаймыз. Электродты жүйкеге орналастырып, стимуляторды қосады. Сөйтіп, балтыр бұлшықетінің жиырылуын бақылаймыз. Содан кейін 5 минутқа  2% новокаинмен сіңірілген мақталық тампонды жүйкенің бір бөлігіне орналастырамыз. Қайтадан стимуляторды қосқанда балтыр бұлшықетінің жиырылмауын байқаймыз. Содан соң мақталық тампонды алып тастап, Рингер ерітіндісімен жүйкенің бір бөлігін сулаймыз. 5 минут өткеннен кейін жүйкені тоқпен қоздырып, қайтадан бұлшықет жиырылуының пайда болғанын  көреміз.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Қорытындыда неліктен жүйкенің физиологиялық бүтіндігі бұзылғанда, оның қозуды өткізуі де бұзылатындығын түсіндіріңіз.

№ 3-жұмыс. Парабиоз. (Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 92-93 б.)

Құрал – жабдықтар: миограф, кимограф, стимулятор, әмбебап штативі, электродтар, лоток, мақта, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), лигатура 1% калий хлоридінің ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, бақа.

Жұмыстың барысы: Парабиоз жайлы ілімді алғаш рет  Введенский анықтаған. Жүйке – бұлшықеттік препараттың көмегімен жүйке қиындысынан импульстің өтуін зерттеу арқылы ол: электродтар арасындағы жүйке бөлігіне химиялық  немесе наркотикалық заттардың әсер етуі және бірнеше уақыттан кейін бұлшықеттің жиырылуы қозуға жауап беруін тоқтатқанын анықтады.  Парабиоз кезінде лабильдіктің күрт төмендеуі байқалады. Парабиоз біртіндеп дамитын 3 фазадан тұрады: теңестірулік; парадаксальді; тежегіштік.

Жүйке – бұлшықеттік перпаратты дайындап, оны стимулятормен байланысқан электродқа орналастырады. Біркелкі стимулмен қоздырып және бұлшықет жиырылуының әлсіз және күшті қоздырғыштарын кимографқа қисық сызықтар арқылы тіркейді, мұны бұлшықеттің әлсіз және күшті жиырылуы деп атайды. Электродтан төмен орналасқан жүйкенің бір бөлігіне  1% калий хлоридінің ерітіндісіне батырылған мақталық тампонды орналастырамыз. Біраз уақыттан кейін (әдетте, парабиоздың дамуы 8-10  мин кейін басталады) жүйкені қоздырып және қозу күшінің жоғарылауы мен төмендеуі – бұлшықеттің жиырылуының бірдей амплитудада тіркелетіндігіне көз жеткізеді. Бұл парабиоздың теңестірілген фазасының басталуын көрсетеді. Әлсіз стимулдар жоғарғыамплитудалық жиырылуды шақырса, ал күшті стимулдар, керісінше, бұлшықеттің жиырылуының төменгіамплитудалық периодын шақырады. Бұл парабиоздың  парадаксальді фазасы. Егер де бұлшықет жиырылуын тоқтатып, әлсіз және күшті қоздырғыштарға жауап беруін тоқтатса, онда оны парабиоздың тежегіштік фазасы деп түсінеміз.

Парабиоз туралы ілім Н.Е. Введенскийге тән. Жүйке-бұлшық еттік препаратың жүйке кесіндісі арқылы серпініс өтілуін зерттегенде, ол химиялық немесе есірткілік заттарды электрод пен бұлшық ет аралығындағы жүйке бөліміне әсер еткенде тітіркендіргіш әсеріне бұлшық ет жиырылуының тоқтағандығын бақылады. Парабиоз кезінде қызметтік қимыл бірден төмендейді. Парабиоз біртіндеп дамумен сипатталады, онда үш: тепе-теңдік, парадоксальді және тежелуші кезеңдерді ажыратады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда парабиоз кезеңдерінің даму үрдісінде бақыланатын құбылыс тегершігінің қандай екендігін түсіндіріңіз.

№ 4-жұмыс. Жүйке-бұлшық ет препаратында қажу орны. (Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 93 б.)

Құрал – жабдықтар: кимограф, стимулятор, қайта қосу (переключатель), вертикальді миограф, электродтар, лоток, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), Рингер ерітіндісі, бақа.

Жұмыстың барысы: Қажу ұлпаның төмендеуімен немесе мүмкіндіктің толық жоғалуымен сипатталады немесе бүтін ағзаның қозуға адекватты жауап беруі. Жүйке – синапс – бұлшықет жүйесінде синапста ең бірінші қажу байқалады.

Жүйке – бұлшықеттік препарат дайындап, бұлшықетті вертикальді миографқа бекітеміз, ал жүйкені электродқа орналастырамыз да, миографтың жазғышын кимографқа жақын орналастырамыз. Сөйтіп қозу күшінің табалдырығын анықтаймыз. Стимулятор жиілігін 1 Гцқа қоямыз, бұлшықеттің  тік емес қозуының қажуын қиғаш сызық түрінде кимографқа жазамыз.

Қажу ұлпа қабілеттілігінің толығымен жойылуы немесе төмендеуімен немесе біртұтас организмнің үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне жауап тудырмауымен сипатталады. Жүйке-бұлшық ет-синапс жүйесінде қажу ең алғаш рет синапста дамиды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: сурет дәптерде 30 б., 93 б. суреттерді салыңыз, қорытындыда тікелей тітіркендіргіш әсеріне өткенде, бұлшық ет амплитудасы неліктен өзгеретіндігін түсіндіріңіз және жүйке бұлшық ет препаратында қажу орны туралы қорытынды жасаңыз. 

Сабақ тақырыбы:  «Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралу ерекшеліктері». 

ЖҰМЫС №1

Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау

Жұмысқа қажетті құралдар: бақаға арналаған фиксаторлы штатив, секундомер, препарат дайындауға арналған құралдар, 0,1;0,3;0,5% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта, су. Зерттеуді бақаға жүргізеді.

Жұмыстың орындалуы: Арнайы бақаға дайындап және оны штативке бекітеді. Артқы аяқтарының біреуін тізе буынына дейін  0,1% күкірт қышқылының ерітіндісіне саламыз және бір мезгілде секундомерді іске қосады. Аяқтың қышқылға салынған уақыттан бүгілу рефлексіне дейінгі уақытты өлшейді. Өлшенгеннен кейін, салқын сумен бақаның аяғын жуады.  Бұл тәжірибені 2-3 рет 2-3 минут сайын қайталайды. Сосын осы тітіркендіру  күші мен рефлекстің орташа уақытын есептейді. Содан кейін тәжірибені  0,3% және  0,5% қышқылмен ерітінді жасайды.

Жұмыстың қорытындысы және олардың безендірілуі. Тәжірибені салып, рефлекстің уақытын әртүрлі күштермен өлшеу:

Қорытынды: 

№2 ЖҰМЫС

Орталық жүйке жүйесінде  қозудың кеңістік және мерзімдік жиынтығы

Жұмысқа қажетті құралдар: стимулятор, 2 желі, операция жасайтын үстел, лоток, салфетка, мақта, бақа.

Жұмыстың орындалуы. Тәжірибені таламикалық бақаға жасайды. Ол үшін көзінің артынан бақаның басын кеседі, кейін операциялық үстелге жатқызады. Артқы бір аяғына стимуляторлы қосылған электродты бекітеді оларды бір-бірімен 0,5 қашықтықта тізе буынынан жоғары табалдырық күшін табады. Кейін  1 Гц және  20-50 Гц жиілікпен тітіркендірудегі реакцияны бақылайды.

Жұмысты безендіруге беретін ұсыныстар. Қорытынды жазарда қозғалу  реакциясының тітіркену кезінде  өте жоғары жиілікпен өзгеретіндігіне көңіл бөл. Зерттеген құбылыстың себебін айтып бер.

Қозудың кеңістік жиынтығы.

            Жұмысқа қажетті құралдар: препарат жасайтын саймандар, лоток, мақта; метроном немесе секундомер,  тығыны бар штатив , 0,1%; 0,3%; 0,5% күкірт қышқылды ерітінді, құбыр суы, стакан, бақа.

Жұмыстың орындалуы: Толамикалық бақаны төменгі жақсүйегімен штативтің ілмегіне іліп, тығынды ілмекке кигізеді. (себебі, бақа жұмыс кезінде түсіп қалмас үшін)

Кеңістік жиынтығын бүгілу рефлексінде бақылауға болады. Қаны тоқтағанға дейін іліп қояды.

Кеңістіктік жинақталуды бүгілу рефлексінде бақылауға болады. Бұл үшін көлбақаның артқы аяқтарының ұшын табалдырықты концентрациялы қышқылға салады және метроном соққысының (немесе аяқтың ұшын қышқылға салып, аяқтарды тартып қалғанға дейінгі уақыт секундомер арқылы рефлекс уақыты анықталынады) санын санай отырып, рефлекс уақытын анықтайды. Содан соң, аяқтардың ұшын ыдыстағы ағынды сумен жуғаннан кейін, қышқылға аяқты табанмен қоса салып, рефлекс уақытын анықтайды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар. Екі жағдайдағы рефлекс уақытын белгілеңіз. Неліктен, қышқылға аяқты табанмен қоса салғанда, рефлекс уақыты өзгеретіндігін түсіндіріңіз.  Қозудың кеңістіктік және уақыттық жинақталуын түсіндіретін жобаны келтіріңіз.  Қорытынды: 

№3  ЖҰМЫС             ЭЛЕКТРОЭНЦЕФОЛОГРАММАНЫ ТАЛДАУ 

Жұмыстың мақсаты: электроэнцефолограмманың құрылысымен танысу. Мидың әртүрлі биотоктарын жазу үшін өте кең тараған арнайы специкалық құрал электроэнцефолограмма. Бұл тәсілмен өлшеуде адам миының биотоктары мидың бетіндегі тіркелген электродтарменен өлшейді. Биоэлектрлік құбылыс ЭКГ-да периодты және апериодты толқындармен әртүрлі валтабен және жиіліктермен байланысты.

Қазіргі кезде ЭКГ-дағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына және әрекеттік маңызына байланысты төрт типке бөлінеді: альфа, ветта, тета, дельта

Жұмыс орындалуы: Сыртқы электрлік және магниттік өріс әсерінен саналатын арнайы экрандық камерада тіркелуді жүргізеді. Шлемм түріндегі электрографты бекітетін және шығарушы электродтардан тұратын арнайы электродты құрылым көмегімен электродтық толқын шығады. Электр терімен ұласуын қамтамасыз етіп, үлкен кедергілер болмау керек. Зерттеушіге түрлі әсері әрекет етілгенде ЭКГ жауап бере бастайды.

1)Көзін жұмдырып бұлшықеттің босаңсып ұстап тұруын сұрайды. Бірнеше минуттан соң ЭКГ-да α-ырғақ пайда болғандығын байқайды.

Көзін ашқыздырып қойғаннан кейін   α-ырғақ бұзылуы көрінеді.

2) 20Гц жарық сигнал берілу жиілігін фотофоностимуляторда тұрғызып, жарық әсерінен  берілу кезеңін жазу үшін ЭКГ-ден байқайды.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. α-ырғақ қандай функциональды жағдайда сипатталады?
  2. ауырсыну кезіндегі қандай өлшеу ЭКГ-де өлшенеді? 

№4  ЖҰМЫС            РЕОЭНЦЕФОЛОГРАММАНЫ ТАЛДАУ

Реография тәсілі- гемодирамиканың зерттеу тәсілдерінен салыс- тырмалы қарапайымдылығымен; қолдануға қарсы көрсеткіштің болмауымен; жеткілікті түрде   сенімді әрі алынған нәтижелердің нақты екенділігімен ерекшелінеді.             Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің әртүрлі жағдайларында яғни атеросклероз кезінде, васкулиттің гипер және гипотониялық синдромдарында және т.б.гемодинамиканы зерттеуге; сонымен бірге қан айналымының жағдайы туралы сызықтық ақпарат алуға реография әдісі мүмкіндік етеді.

Жұмыстың барысы:  Реограф  РПГ -2-02 және жермен

ұштастыруды тоқ жүйесіне қосады. Құралдың алдыңғы бетіндегі басқару жүйелерін келесі деңгецде тұрғызады:

0,1 Ом-іске қосу              1К -қосу         100  Ом- қосу                    

0, 5 Ом-істен шығару      2К-сөндіру    200   Ом-сөндіру Құралды электр жүйесіне қосады. Алдымен алғашқы кали-бровкалық белгілер жазылады. Электродтарды жобада көрсетілгендей етіп орналастырады. Т және Т аралығында орналасқан дене бөлімінде жоғарғы жиіліктегі тоқ анықталады. Ал Р және Р аралығында кедергінің өзгеруі қанның ағуы мен қайта оралуында байқалады. Сол сәтте жеке кедергі электрлік сигналға айналып ЭКГ-4-02 құралында тіркеледі. Өкпенің жоғарғы дәрежеде желдетілде бастапқыда тіркелген реограмманы жазуға болады.

Реограмманы контурлық әдіспен талдау

Дұрыс тіркелген реограмма өз түрімен толқындар қисығының, тамырдың соғуы және жүрек қызметінің әрбір кезеңдеріне сәйкес келеді. Сондықтан реограммалық бірге ЭКГ-ны тіркеу қажет.

Көрсеткіштер:

1.Ас-систолалық толқын амплитудасы.

Ас (Ом )=Ac (мм) / K(мм)×0,1

Мұнда

1.Ac (мм) – изолиниядан реограмманың ең  жоғарғы дейінгі аралық;

K (мм) – колибровканың жоғарылығы 0,1-колибровканың тұрақты белгісі;

  1. Ад (Oм)-диастолалық тоқынның амплитудасын өлшеу Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер артериялық жәнетвеналық қан ағыстарының көрсеткіштері туралы ақпарат береді.
  2. T-қан айдау кезеңі (сек)  немесе реограмманың басынан ең жоғарғы нүктеге дейінгі аралық.

4.V- қан ағысының жылдамдығы  (Oм / сек)

V=Ac (Ом) / Т   (сек);   

№ 5-жұмыс. Схема мен кестені бейнелеу.

Реоэнцефалограмма.

А,В,С,-амплитудалық мінездемеде;а,в,с,d-уақытша интервалдар;S-қисық реоэнцефалограмманың орталығы;QRS-электрокардиограмманың тісшелері.

Соматикалық(солдан) және вегативтік(оңнан)рефлекстердің схемасы.

1-рецептор;2-афференттік звено;3-орталық звено;4-қозғалмалы звено;5-эффектор;К-қосылмалы нейрон.

Суммация көрінісі:

А-біркелкі тітіркендіру нәтижесінен пайда болған кеңістіктік суммация:а-1аксоннан қозу беруі(мембраналық потенциалдың кішіреуі),б-3 аксоннан қозу берілуі және қозғалы потенциалының генерациясы;

Б-кезекпен тітіркендіру нәтижесінен пайда болған уақытша суммация:а-1 тітіркену,б-2 тітіркену,в-3 тітіркену және қозғалыс потенциалының генерациясы.

Электроэнцефалография.А-ЭЭГ-нің тіркелу схемасы; Б-тұрақты ритмдер; Э1-активті электрод,Э2-индефференттік электрод,ПУ-оң құлақ,ЛУ-сол құлақ.

Кесте.

Элекроэнцефалограмма параметрлерінің көрінісі және әртүрлі ритмдердің тіркелу шарты.

Ритм аталуыЫрғақ,Гц

 

Амплитуда,мкВРитмнің тіркелу шарты
Альфа-ритм8-1350Адамның ойлық және физикалық жағдайы, жабық көздермен
Бета-ритм13-3020-25Тітіркену кезіндегі эмоциялық қозу.
Гамма-ритм>35  
Тета-ритм4-8100-150Түс,әлсіз гипоксия және наркоз;кейбір ауруларда
Дельта-ритм0,5-3,5250-300Терең түс,наркоз және гипоксия;

Сабақ тақырыбы:  «Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері». 

№1  ЖҰМЫС     Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі)

            ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды.  Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін.

Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар,  біреуі- 200 мл, NaCl тұздары,  0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа.

Жұмыс барысы:

Көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды.

Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl  (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды.

Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз.

Қорытынды:

№2  ЖҰМЫС.         Гольц  тәжірибесі

 Жұмыс барысы:  жүрек әрекетінің рефлекторлық баяулауын немесе оның тоқтауын іштік қуыста  (оның эпигастральді аймағында) орналасқан кезеген жүйкенің сезгіш талшығын және рецепторларды механикалық тітіркендіру арқылы тудыруға болады.Кәдімгі тәсілмен студентте жүректің жиырылу жиілігін   санап, содан соң іштік қабырға бойын басыңқырап, қайтадан ЖЖЖ санайды. Осы кезде жүрек жиі жиырылады. Тәжірибені 2 рет қайталайды.

Қорытынды: 

№ 3-жұмыс. Висцеральді рефлекстер.

А) Ашнердің көзді-жүрек рефлексі.

Жұмыс барысы: көзі жабық жатқан зерттелушіде ритмокардиоскоп көмегімен пульсті анықтайды. Көз алмаларын бас бармақпен әлсін басады және басуды тоқтатпай 10-15 сек. өткеннен кейін аспап көрсеткішін белгілейді.

Б) Превельдің ортостатикалық рефлексі.

Жұмыс барысы: жатқан (санар алдында пациент 3-6 минут жатып алады) пациентте ритмокардиоскоп көмегімен пульс санайды. Пациенттің тұруын өтініп,  15-20 сек. кейін пульсті қайта санайды.

В) Геринг рефлексі

Жұмыс барысы: отырған пациенттің пульсін санайды. Содан соң, оның терең дем алуын және тынысын кідіруін сұрайды. Осы кезде пульсті қайта санайды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда пульс (тәжірибеге дейін және одан кейін) қалай және неліктен өзгергендігін көрсетіңіз. 

№ 4-жұмыс. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.

Жұмыс барысы: шыны таяқшаның өткірсіз ұшыменневрологиялық балғаның ұстағымен немесе шпательмен тудырылады. Дені сау адам терісін әлсін тітіркендіргенде, ақ сызық- жергілікті ақ дермографизм білінеді. Дені сау адам терісін қатты және баяу тітіркендіргенде, тар ақ шеңбермен қоршалған қызыл сызық көрінеді. Бұл жергілікті қызыл дермографизм.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда не көргеніңізді белгілеңіз. 

№5-жұмыс. Қарашық рефлексін зерттеу. Қарашықтың жарыққа деген тікелей реакциясы.

Жұмыс барысы: зерттелуші біркелкі жарықтандырылған бөлмеде және көзі ашық күйінде дәрігерге қарама-қарсы отырады. Дәрігер алақандарымен зерттелушінің көзін жапқанда қарашық бірден ұлғаяды. Осындай әдіспен келесі көздің реакциясын зерттейді.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда қай бұлшық етттер көмегімен қарашық диаметрі өзгереді және осы бұлшық еттер қандай жүйкелік талшықтармен жүйкелендіріледі? 

№ 6-жұмыс. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.

Жұмыс барысы: трапеция бұлшық етінің аймағында ауыртпалық немесе суықтық тітіркендіргішпен тудырылады. Дені сау адам терісін эфирмен сүрту немесе иненің үшкір ұшымен тітіркендіру кезінде  «қаз терісінің» түзілуі туады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда жұлынның алдыңғы түбірлері, бүйірлі мүйіздері  және шектелі симпатикалық бағанның жарақатында рефлекстің тумайтындығын жазыңыз. Жұлын көлденеңдігінің жарақаттануы, жарақаттан төмен жерде рефлекс күшеюін тудырады.

№7  ЖҰМЫС.    Кестемен жобаны салу

Пресинапстық тежелу.А-1-тежелген нейрон,А-2-қоздыратын нейрон,А-3-эффекторлық нейрон.

Жүректің симпатикалық және парасимпатикалық иннервациясы. 

Жүректің интеррецепторларының рефлекстері және оның графикалық кескіндемесі.

А-нейрон 1-ден нейрон 2-ге қозу өтуі;Б-тежелу;В-пресинаптикалық тежелу;С-антидромдық тежелу;Д-Н.Е.Введенскийдің пессимум типі бойынша тежелу.

«Сеченовтік тежелу»:

А-тәжірибие схемасы: 1-жартышарсыз бақаның рефлекс уақытын анықтау, 2-NaCl-ң кристалигін көру аймағына енгізгеннен кейін,дәл сол бақаның рефлексінің уақыты көбеюі;

Б-тежелудің болжамды механизмі: 1-мотонейроннан қозу өтуі, 2- мотонейронға шыкпайтын тежелу көрсетімі (қозатын синапстар қызылмен,тежелу-қарамен көрсетілген

Вегативтік жүйке жүйесі: А-симпатикалық жүйе, Б-парасимпатикалық жүйе.

Сабақ тақырыбы: Энергетикалық алмасу. Тамақтану. Жылу реттелуі. Жылудың тепе-теңділігі.

№1  ЖҰМЫС

Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі

алмасуды анықтау

Жұмыс барысы: тәжірибеде зерттелушінің қалыпты жағдайдағы негізгі алмасуын спирометаболограф көмегімен анықтау керек. Бұл үшін зерттелушінің жынысына, жасына, бойына және дене салмағына сай арнайы кестемен немесе номограммамен негізгі алмасуды есептейді. Негізгі алмасудың бұзылыу мен сипатын тәжірибеден табылған ауытқу көрсетеді.

Зерттелуші 21 жастағы әйел адам деп есептейік. Ростомер көмегімен оның бойын, дене салмағын өлшейді. Бойы – 160см және салмағы – 60кг. Негізгі алмасуды өлшеу үшін сәйкес кестені ашады.

Өлшеуіш кесте екі А және Б кестесінен тұрады.

А кестесінен – зерттелушінің салмағы 60кг-ға қарсы тұрған 1229 санын табады.

Б кестесінен– көлденеңнен 21 жасты, тігінен – 160см-дің қиылысқан жеріндегі 198 санын табады.

А – кестесіндегі 1229 санына, Б – кестесіндегі 198-ді қосады. Сонда зерттелушінің қалыпты негізгі алмасуы 1427 ккал құрайды.

Тәжірибе барысында анықталған негізгі алмасу 1382,4 ккал теңеседі. Қалыптан ауытқу 3% шамасын құрайды.

Қорытынды:

№2 Жұмыс

Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу

Жұмыс барысы: зерттелушінің 3 рет  1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді, эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алады.

Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептейді:

Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72

Сонымен қатар намограмманы қолданады.

Қорытынды:

Б

Жұмыс №3

Брок формуласымен сәйкес салмақты анықтау.

Салмақ (кг) = бойы (см) – 100

20 жастан кейiн әр келесi 1О жылдықыта 60 жасқа дейiн алынған Брок көрсеткiштiң   3% – тiк өлшемiн қосамыз. Мысалы:  20 жаста, бойы – 180см, сәйкес салмақ Брок формуласы бойынша тең болуы тиiс: 180 – 100 = 80кт

30 жаста: 80кг + (80 * 3% / 100%) = 82,4кг

40 жаста: 80кг + (80 * 6% / 100%) = 84,8кг. 

Жұмыс №3

Сәйкес салмақты номограмма бойынша анықтау.

Ерлерде, әйелдерде

Номограмманы қалай қолдануды ескертемiз.  №1 көрсеткiш – бойды бiлдiредi.                                                                             №2 көрсеткiш – дене салмағы.  №3 көрсеткiш – сәйкес салмақтан ауытқу.  Бой санын 3 көрсеткiшiндегi “ноль” нүтeciн сызғышпен қосыңыз, сонда дене салмағы көрсеткiшiнде сiз сәйкес салмақты табасыз. Бойдың маңызы және шын салмақты қосып, сәйкестiк ауытқудың процентiн анықтаңыз. Сiзге сымбатты, денiңiз сау, бақытты болуыңызды тiлеймiз.Қорытынды:

жұмыс №5

Оттегiнiң жетiспеушiлiк жағдайында ағзаның төменділігіне дене температурасының әсері

    Мақсаты: Оттегiнiң жетiспеушiлiк кезiнде ағзаның төзiмсiздiгiне дене температурасының ecepiн оқып – бiлу.

   Құрамы: үш ақ тышқандар, 2 эксикатор, мұз, ыстық су.

  Жұмыстың өткiзiлу тертiбi: 3 тышқанды флаконға салып, оның iшiне кеңiстiктей ауа енбейтiндей етiп қақпағын тығыз жабады. Тышқаны бар флаконды (40С) ыстық суы бар эксикаторға орналастырады, ал екiншiсiн мұз бөлiктерiмен қоршап жабады, үшiншi флакондағы тышқан бақлау болып табылады. Тәжiрибе 20 мин созылады. Әр  түрлi жағдайдағы тышқандардың тәртiбi мен жағдайына бақылау жүргiзiледi. Қай температуралық жағдайда гипоксия ерте пайда болатындығын белгiлейдi. Тәжiрибеге дейiнгi және кейiнгi жануарлардың тыныс алу жиiлiгiн санайды. Оттегiнiң жетiспеушiлiгiнде төзiмдiлiкке дене температурасымен қоршаған ортаның әcepi туралы қорытынды жасайды.

Қорытынды:

жұмыс №6                                              Дене температурасын өлшеу

Жұмыс барысы:

Медициналық термометрді сілкиді және 30 секундқа қолтықасты ойығына орналастырады. Көрсеткішін жазады және қайта сілкиді.

Дәл осы әдіспен көрсеткіші тұрақты болғанға дейін әр -1; -1,5; -2; -2,5 минут сайын тіркеуін жалғастырады.

Термометрді дезинфекциялайды және ауыз қуысының температурасын анықтайды. Термометрдің шетін тілдің астына қойып, ауызды жабады.

Қорытынды:

жұмыс №7     Жобаларды салу

113 – сүретті салу («Основы физиологии» под редакцией Ткаченко Б.И.-Санкт – Петербург: МФИН, 1994, 1 том, стр. – 486). Ағзаның жылу алмасуының реттелу механизмінің сызба нұсқасы. 

Тақырыб:  Көру талдағышы. Көру талдағышының зерттеу әдістері.

№1  ЖҰМЫС                                             Көру өткірлігін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өткірлігін анықтау үшін 12 бағанға орналасқан әріпті белгілі Сивцев – Головин стандартты кестесін қолданады. Әр бағанға әріп мөлшері жоғарыдан төмен қарай. Әр бағанның бүйірінде арақашықтықты белгілейтін сан болады, бұдан берілген 1 көру бұрышынан әріпті қалыпты көз анықтайды. Кестені жарық қабырғаға іледі немесе қосымша электрлік лампамен жарықтандырады. Зерттелушіні кестеден 5м қашықтықта орындыққа отыруын және арнайы қалқамен көзін жабуын сұрайды. Тәжірибеші сілтеуішпен зерттелушіге әріптерді көрсетіп, оларды атауын сұрайды. Анықтауды бағанның жоғарғысынан төменге қарай түсіре отырып, ең төменгі бағанды көрсетеді. 2 – 3 секунд ішінде зерттелуші барлық әріптерді дұрыс айтады және анық көреді. Содан соң көру өткірлігін мына формула бойынша есептейді: V=d/D, мұнда V – көру өткірлігі, d – зерттелушінің кестеден арақашықтығы, D – қалыпты көздің көру арақашықтығы. Содан соң екінші көздің көру өткірлігін анықтайды.

 Қорытынды: 

№2  ЖҰМЫС       Форстер периметрінің көмегімен көру өрісін анықтау

Жұмыс барысы: Көру өрісін анықтауды Форстер периметрінің көмегімен өткізеді. Периметрді жарыққа қарсы қояды. Зерттелушіні жарыққа арқасын қаратып отырғызады және периметр штативінің ойшасына иегін қоюын сұрайды. Егер сол көздің көру өрісі анықталса, иекті қойғыштың оң жақ бөлігіне қояды. Штатив ұшы көзшарасының төменгі шетімен келетіндей етіп реттейді. Зерттелуші бір көзбен периметр доғасының орталығындағы ақ дөңгелекті белгілеп, екінші көзді қолмен жабады. Периметр доғасын көлденең қалыпқа келтіріп, өлшеуді бастайды. Бұл үшін ақ марканы периметр доғасының ішкі беткеімен 90 – тан 0 – қа ақырын жылжытады. Зерттелушіні белгілінген көзге айыратын марканың қозғалмай көрінген кезін айтуын сұрайды. Сәйкес келетін бұрышты белгіліп, екіншілей тексереді. Көру өрісінің шекарасы дәл анықталғанына қарай, зерттелуші меридианы көбірек болады.

БағытталуыКөру өрісінің мөлшері, градуспен
АқтыңЖасылдың, қызылдың, көктің
Жоғары

Төмен

Сыртқа

Ішке

  

Алынған нәтижемен екі түске де периметрлік сурет сызасыз. Ақ, жасыл және басқа түстердің көру өрісінің мөлшерін салыстырыңыз және олардың арасындағы айырмашылық себебін түсіндіріңіз.

Қорытынды: 

№3  ЖҰМЫС                                 Аномалоскоп көмегімен түсті көруді зерттеу

Жұмыс барысы: АН – 59 аномалоскобы түстің үш түрлілігін анықтауға негізделген, бұл көздің торлы қабығында үш түрлі клеткалық жарық сезгіш қабылдағышы болуымен түсіндірілетін қағидаға негізделген. Бұлар барлық спектрлі сезімталдық бойынша ажыратылады. Торлы қабықта қалыптасатын сигналдар әрі қарай миға беріледі де, біздің түсті ажыратуымызға негіз береді. Сонымен АН – 59 аномалоскобында қабылдағыштың үш жүйесінің әр қайсысымен сынақ жүргізіледі және оның құралуының ерекшелігі болып саналады. Бірінші сынақта түсті ажырату жеткілікті түрде бағаланады.       

 Қорытынды: 

№4 ЖҰМЫС  Мариотта тәжірибесі

Жұмыс барысы:  Зерттелушіге сол көзін жауып, карточканы оң қолында ұстап ақырын ашық оң көзіне әкелуін сұрайды. Бұл кезде зерттелуші көзқарасын сол бейнеленуде ұстауы керек. Оң жақ көзден 20 – 25см арақашықтығында бейнелену жоғалады. Содан соң екінші көзбен де дәл осыны істейді.

Қорытынды: 

№5  ЖҰМЫС                                         Қарашық рефлекстері

Жұмыс барысы: Зерттелуші шам жарығына қарама-қарсы отрырады. Зерттеуші, зерттелушінің екі көздің қарашығының өзгерісін бақылайды, содан соң, зерттелуші бір көзін алақанмен жабады, ал зерттеуші осы көздің қарашығының өзгерісін бақылайды. Содан кейін осы көздің ашылғандағы қарашықтың өзгерісін анықтайды. Зерттелуші екі көзін де 30 сек. жабады, ал зерттеуші екі көз ашылғандағы қарашықтың өзгеру реакциясын бақылайды.

Келесі кезекте зерттелушінің алысқа көздерін тігуін сұрайды. Осы кезде 15 см. алшақтатылған саусақ ұшына немесе қаламсапқа көздерін жылдам тігуін қадағалайды. Осы уақытта зерттеуші көз конвергенциясы және біруақытта қарашық реакциясын бақылайды және көз өсі мен қарашық шамасы қалай өзгеретіндігін белгілейді.

 № 6 Жұмыс.                             Бинокулярлық  көру қабілетін зерттеу.

№ 1 жұмыс «екі қарындаш»

Керекті құрал-жабдықтар: 2 карындаш. Зерттеу объектісі: адам.

Жұмыс барысы: бір қарындаш үстел үстінде жатыр. Зерттелушіге көзін жұмбай тұрып екінші қарындашты үстел үстінде жатқан қарындаштың ортасына тигізе отырып   перпендикуляр қоюын сұрайды. Бинокулярлық көру қабілеті қалыпты  адам бұл жұмысты бір істегеннен-ақ тигізе алады,ал қалыпты емес жағдайда ол бірнеше рет қайталаса да істей алмайды  . Содан соң зерттелушіге көзін кезекпен,яғни оң және сол көзін жұма отырып екінші  қарындаштың ұшымен  бірінші қарындашқа тигізу керек . Монокулярлық көру қабілеті бойынша бірінші қарындаштың ұшын екіншісіне тигізу қиын.

Қорытынды:  Зерттелуші көзі ашық кезінде екінші қарындашты біріншіге неше рет қайталағанда және қаншалықты дәл тигізгенін анықтаңыз. Бір көзі ашық кезінде бұл жұмысты жүзеге асыру не себепті қиын екенін түсіндіріңіз.

№ 2  Жұмыс«Алақандағы тесік»

Керекті құрал-жабдықтар: Тесігі бар темір түтік.

Зерттеу объектісі: адам.

Барысы: Зерттелуші екі көзімен жақсы жарықтанған кеңістікке түтіктің тесігі арқылы сол қолымен ұстап тұрып  қарайды .Зерттелуші  сол қарап тұрған қалпында түтікке  оң жағынан оң алақанын қояды . Егер зерттелушінің бинокулярлық көру қабілеті бұзылмаса, онда  кеңістіктегі түтікпен көрген бейне алақанның ортасына  өту арқылы «алақандағы тесік» сияқты көрінеді.Бинокулярлық көру қабілеті бұзылған жағдайда «алақандағы тесікті»көре алмаймыз.

Қорытынды: Зертелушінің  жауаптарына анализ жаса және бинокулярлық көру қабілетінің қалыпты немесе бұзылған жағдайына қорытынды жасаңыз. 

жұмыс №7     Жобаларды салу

Сабақ тақырыбы: Есту, тепе-теңдік талдағыштары.

Жұмыс №1                           Сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттелуі

Жұмыс барасы: Сүйекті өткізгішті байқау үшін дыбыс шығарғыш камертонның аяғын зерттелушінің самайдың ортасына орналастырады. Зерттелуші екі құлағымен де дыбысты бірдей күшпен еститіндігін белгілейді. Содан соң бір құлаққа мақта тығып, тәжірибені қайталайды. Мақта тығылған құлақта дыбыс қатты естілетін сияқты болады. Бұл кезде дыбыс есту рецепторларына бассүйектің ең қысқа жолымен жеткендігімен түсіндіріледі. Әріқарай екінші зерттелушінің құлағын бірінші зерттелушінің мақта тығылмаған құлағын резеңкелі түтікпен жалғастырады. Екінші зерттелуші дыбысты дәл солай естиді, себебі дыбыс толқындарының кеңістікті бағанада таралуы жүреді.

Сүйекті және ауалық өткізгіштікті салыстыру үшін сонымен қатар Ринне тәжірибесі жүргізіледі. Дыбыс шығарғыш камертонның аяғын самай сүйегінің емізікше тәрізді өсіндісіне тығыз жанастырады. Зерттелуші біртіндеп әлсізденген дыбыс естиді. Дыбыс өшкен кезде камертонды құлаққа апарады. Зерттелуші қайта дыбыс естиді.  Секундомер көмегімен дыбыстың естілу уақытын анықтайды. Тәжірибе  кезінде есту талдағышы бейімделмеуі үшін камертонды 0,5м алшақтатады, кішкене уақытқа қайта құлаққа әкеледі.

Қорытынды: 

Жұмыс №2                   Тепе-теңдік аппаратың қызметтік тұрақтылығын анықтау

Айналдыру сынамасы

Жұмыс барысы: зерттелушіні Барани орындығына денесін бекіту үшін планканы бекітіп отырғызады. Көлденең көзді нистагм болуы үшін оны басын 15 бұрышқа түсіруін сұрайды. Тәжірибе жүргізуші секундына жарты айналым жылдамдығымен зерттелушіні бір қалыпты айналдырады. 10 секундтан кейін орындықты кенеттен тоқтатады да, зерттелушіні көзін ашуын сұрайды. Бір уақытылы секундомерді қосады. Нистагм жоғалған кезде секундомерді тоқтатып, оның ұзақтылығын есептейді.

Келесі зерттеуді бастамас бұрын зерттелушіні Барани орындығында айналдырғанда қандайда бір сезіну пайда болса ол туралы айтуын сұрайды. Оның көзін байлап 1 секундте жарты айналым жылдамдығымен 10 рет айналдырады. Зерттелуші қозғалыс басында айналысты сезінеді және оның бағытын анықтайды. Содан соң қозғалыс бір қалыпты болғанда, ол бұл сезінуді жоғалтады да, орындықтың тоқтағанын хабарлайды. Орындықты тоқтатқан кезде зерттелушіде кері айналыс сезімі пайда болады.

Барани модификациясындағы кілтеуіш байқауы

Зерттелушіден 0,5см бас деңгейі арақашықтығында қарандашты орналастырады.  Қарандашқа қарап, көзін жұмып қарандаштың жоғарғы ұшына сұқ саусақпен жанасуын сұрайды. Ізінше жоғарыда айтылған орындықта айналдырады. Орындықты тоқтатқан соң ол қолын алдына созып, көзін ашпай қайта қарандаштың жоғарғы ұшына жанасуға тырысады.

Отолитты байқау

Зерттелушіні Барани орындығына отыруын, көзін жабуын және басын 90 алға июін сұрайды. Орындықты айналдырады. 5 рет айналдырған соң орындықты кенеттен тоқтатады, бұл кезде ортаңғы сызықтан корпустың ауытқуын бақылайды. Пульстің жоғарылауын және төмендеуін байқайды.

Қорытынды:

Жұмыс №3                                                   Бинауральді дыбыс                              

Камертон

сипаты

Өткізу

типі

Камертон дыбысын қабылдау ұзақтығы
ҚалыптаЗерттелушіде
Оң құлақСол құлақ
138Ауалы75  
Сүйекті35  
256Ауалы40  
Сүйекті20  
512Ауалы80  
Сүйекті40  
1024Ауалы100  
Сүйекті50  
2048Ауалы40  
Сүйекті20  

 Жұмыс барысы: зерттелушіні орындыққа тәжірибе жүргізушіге арқасымен отырғызады. Зерттелушінің құлағына фонендоскоптың резеңкелі түтігінің ұшын кигізеді, фонендоскопқа дыбыс шығарушы затты әкеледі. Қай жағынан дыбыс шығып тұрғанын көрсетуін сұрайды. Содан соң фонендоскоптың бір түтігін одан ұзынына ауыстырады да, тәжірибені қайталайды. Зерттелуші дыбыс көзі қысқа түтік жағынан екенін хабарлайды.

Қорытынды:

жұмыс №4     Жобаларды салу 

Сабақ тақырыбы: Дәм сезу және иіс сезу талдағыштары. Тері талдағышы.

№1 жұмыс                                     Сипап сезу өткiрлiгi

Құрал-жабдықтар: сызғыш, өлшегіш – циркуль, зерттелуші-физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтынадам.

Жұмыс жағдайы:

  1. Барлық тәжiрибе бойы өлшегіш – циркуль температурасы тұрақты.
  2. Өлшегiш – циркyль инелерінің ұзындықтары бірдей.
  3. Өлшемдерi анық және миллиметрлiк шкаласы бар сызғыш.

Жұмыс барысы: Өлшегiш – циркль дене бөлiгiне жанасқанда eкi “укол” айырмашылығы анық болуы тиiс.

Көз жеткiзбеушiлiк болмас үшiн бiр және сол дене бөлiгiнде тәжiрибенi eкi рет қайталайды.

Eкi өлшемнiң арифметикалық ортасы тәжiрибе ортасы болып есептелiнедi.

Тәжiрибеге арналған дененiң 3 бөлiмi, яғни:

Тiл

Иық

  • Қолдағы саусақ таңдап алынады.

Өлшегiш – циркуль арасын бiртiндеп жақындата отырып, eкi укол орнына бiр немесе бірнеше тітіркендіргіш саны дәл таба алмайтын сезіміне көз жеткіземіз.

ТілИықҚолдағы саусақ
0,9мм48мм4мм

Бірнеше уақыттан соң, тәжірибе қайта жүргізіледі.

ТілИықҚолдағы саусақ
0,8мм43мм4мм

Алынған нәтиженің орташа арифметикалық мәні есептелінеді.

ТілИықҚолдағы саусақ
0,85мм45,5мм4мм

 

Тұжырымдар: Тәжірибе нәтжесін дененің түрлі бөліктерінде сипап сезу  өткірлігі әр түрлі екендігіне көз жеткізетіндігін дәлелдейді. Саусақ немесе иыққа қарағанда, тіл жанасуға өте сезімтал.

Сипап сезу өткірлігі – айырым табалдырығына айтымды шама, яғни екі нүктедегі шама (қос сезімі) жанасу  сезімімен аяқталынатын тірі нүктесін бір уақытта екі тітіркендіргішпен тітіркендіру арасындағы машинальді арақашықтық. 

№2 жұмыс

Терморецепторлардың бейімделуі.

Құрал – жабдықтар: Суы бар тостаған: Біріншісінде – су температурасы 100С – ге тең.

Екіншісінде – су температурасы 250С – ге тең. Үшіншісінде – су температурасы 400С – ге тең.

Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.

Жұмыс жағдайы:

Бөлме температурасы тұрақты.

Тәжірибе барысында тостағандағы су температурасы термометрмен бақыланады.

Жұмыс барысы: Тәжірибе жүргізгенде зерттелушінің қолын алдын – ала суытпайды және ысытпайды. Тәжірибені бір рет жүргізу жеткілікті, өйткені жұмыс жағдайын дұрыс сақтағанда, жұмыс нәтижелері бірден алынады.

Сонымен, сол қол су температурасы 100С – ге тостағанда – суықты, ал оң қол су температурасы 400С – ге тең тостағанда жылуды сезеді. 5 минут күтеміз. Екі қолда да су температурасы 250С – ге тең тостағанға салынады.

Сол қол – жылуды, ал оң қол суықты сезеді. 2 – 10 минут күтеміз – бейімделу тиімділігі, екі қолда тостағандағы су температурасын қалыпты температура ретінде қабылдайды.

Бейімделу (лат. Adaptatio – теңесу) – қоршаған орта факторының әсерінен организмнің бейімделу қасиеті мағынасында.

Тұжырымдар: Тәжірибе нәтижесін адамға қажет жағдай, көбіне температуралық жағдайға бейімделіс адамға тән қасиет екендігін дәлелдейді. 

№ 3жұмыс

Температуралық, кезектескен бейнелер.

Құрал – жабдықтар: Колба (стакан).Бірінші жағдайда суық сумен толтырылған.

Екінші жағдайда ыстық сумен толтырылған. Секундомер.

Зерттелуші – физикалық дені сау, жүргізілген тәжірибе нәтижелерін қызықтырмайтын адам.

Жұмыс жағдайы:Бөлме температурасы тұрақты.

Жұмыс барысы: Адам терісіне суық және жылы заттың әсерін екі реттік талдау жүргіземіз. І талдау – ұзақ жанастыру. ІІ талдау – қысқы уақыттық, жиі жанастыру.

Суық сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, суықты сезу жалғаса береді, бірақ бұл сезім біртіндеп жойылады. Жүргізу тәртібін өзгертеміз, яғни 2 – 5 минут бойы, 1 – 3 секунд жиілікпен колбаны жиі – жиі маңдаймен түйістіреміз. Нәтиже барысында суықты сезу тәжірибе бойы тұрақты болып қалады, ал жанастыру сезімін біз жанастыру жиілігі бойынша сеземіз.

Осы тәжірибені жылы (ыстық) сумен жүргіземіз.

Жылы сумен толтырылған колбаны маңдаймен 2 – 5 минут бойы жанастырамыз. Жанастыру доғарылғанда, жылуды сезу жалғаса береді, бірақ жылуды сезу алдыңғы тәжірибедегі суықты сезуге  қарағанда жылдам жойылады.

Жанастыру жағдайын жоғарыда  жүргізілген тәжірибеге сай өзгертеміз. 2 – 5 минут бойында жанастыру жиілігі 1 – 3 секунд. Колбаны алғанда жылуды сезу жойылады. Кезекті жанастыру және жылуды сезу Үзілген сипатта болып табылады.

Тұжырымдар: тәжірибе нәтижесінде жылуға қарағанда суықтық тітіркендіргіш әсері айқын деген қорытынды жасаймыз.

№4 жұмыс

Дәм сезу табалдырығын анықтау.

Жұмыс барысы:        Зерттелетін адамның тіл ұшына пипеткамен бір тамшы берілген ерітіндіні тамшылатады. Олар оны жұтып, ерітіндінің дәмін анықтайды.

Нәтижесі:

             Зат                         Дәм сезу табалдырығы
           Тәтті 
          Ащы 
          Тұзды 
      Қышқылды 

 жұмыс №5     Жобаларды салу

Сабақ тақырыбы: Ағзаның шартты рефлекторлық іс-әрекеті және оның нейрофизиологиялық механизмдері

№1  ЖҰМЫС                        

Белсенді қашу шартты рефлексін құрастыруды өткізуге арналған нұсқау.

Стресс кезінде ОЖЖ-ң қызметтік жағдайын,оның біріктіруші әрекетін зерттеу мақсатымен белсенді қашу шартты рефлексін құрастыру жүзуге асырылады.Дұрыс бағытты таңдауға бағытталған электрден қорғаныш айырмашылық рефлексін арнайы ілмекті калеерада жүргізеді.

Тәжірибелер  Т-тәрізді, екі арнайы лабиринтте өткізіледі. Лабиринт бастапқы және үш параллельді (негізгі, оң және сол) коридорлардан тұрады. Лабиринттің әр бөлімі бір-бірінен пластинкадан жасалған есікшелермен бөлінген.Олар тәжірибелік жануарларды бір бағытта жіберіп отырады. Шарты белгі ретінде электр жарығы қолданылып, оны 5сек. Соң шартсыз тітіркендіргіш электр тогымен бекітеді. Жануарлар электр тогының жасайтын ауырлықтітіркенуінен қашып, бастапқы бөлімнен орталыққа, яғниақ егеуқұйрықтар қосымша коридорлардың біреуіне өтіп, қауіпсіз алаңға келеді.

    Шартты рефлекстерді құрастыру келесі түрде өткізіледі:            

  1. Тәжірибелік жануарды камераға орналастырып, оның жалпы жағдайының бастапқы көрсеткіштерін тіркейді.Жалпы жағдайдың көрсеткіштері:

А) тынысалу мінездемесі (қалыпты, жиілеген,сиреген)

Б)физиологиялық қалыптың тұрақтылығы  тұрақты,тігінен және көлденең белсенділік

В)тырысқақтық  болады, болмайды

  1. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулері жүргізіледі. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің қосыла әсер етулерінің саны анықталады да, содан соң шартты рефлекс түзіледі.

№2  ЖҰМЫС                        

Тәжiрибелiк жануаларда тәртiптiк реакцияны зерттеу.

Жануарлардың бағыттаушы – зерттеушiлiк тәртiптерi мен эмоционалдық реакцияларын зерттеу үшiн «Aшық алаң» тестін қолданады.

«Ашық алаң» бұл биiктiгi 40см қоршалған, диаметрi 80см  дөңгелек алаң. Алаң Tереңдігі 1.5см, диаметрi 3см-ге тең, бiркелкi 16 саңылаулардан тұрады. «АА» – да жануарлардың тәртiптiк зерттеу үшiн, алаңның орталығынан 25см қашықтықта 2 сызық жүргiзiлген. 3ертгелiнетiн кез -келген фактордың әсерiнен жануарлар тәртiбiнiң динамикасы бақыланады.

Бұл үшiн егеуқұйрықты алаңның орталығына орналастырып, минуттық қараңғылыққа бейімдейді. Содан соң 2 минут iшiнде жануардың қорғаныштық және зерттеушiлiк реакцияларын бақылайды.

Тәжiрибеге алынған жануарлар қимыл – қозғалыстары және кеңістіктегі тұрпатын ұстау мүмкiншiлiктерi бойынша 2 топқа бөлініді:

  1. Қорғаныштық реакция: 2. Зерттеушiлiк реакция:

а) груминг                                                                               а) сүйенбей тігінен тұру

б) бiр орнындағы қозғалыссыз                                             б) сүйеніп тігінен тұру

в) қозғалмау тұрпаты                                                            в) саңылауларға үңiлу

г) жасырын кезең                                                                  г) локо

жұмыс №3     Жобаларды салу 

Сабақ тақырыбы: ЖЖ іс-әрекетін зерттеу әдістері.

ЖЖіс-әрекетінің типтері. 

№1 Жұмыс                    АЙЗЕНКО СҰРАУЫ

Жеке адамның  құрылымдық      компонeнттepiн сипаттайды, экстроверсия, интроверсия, нейротизм жәнежaлғaндық көрсеткiштерiн бағаулаyға мүмкiндiк бередi.

Сiзге бiрнеше қатар сұрақтар берiледi, оларға сiз Иә немесе ЖОҚ деп жауап берyiңiз қажет. Көп уақытты жұмсамай, тез жұмыс icтеңiз, сұраққа деген бiрiншi жауабыңыз маңызды. Әр сұраққа жауап берiңiз,  бұл ақыл-ойыңыздың немесе қабiлеттiлiгiңiздi тексеру емес, жаман немесе жақсы жауаптар болмайды. Сонымен бiрге өзiңiзден басқа бұл жауаптарды ешкiм көрмейдi.

Сонымен icкe кiрicейiк

1.Сiзге айналаңыздaғы cepгeктiк немесе әбiгершiлiк ұнай ма?

  1. Сiзге бiр нәрсе қажет сияқты, өзiңiзге белгiсiз сезiмдер жиi болады, бiрақ оның не eкeнiн бiлмейсiз.
  2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» адамдардың қатарына жатасыз ба?
  3. Сiз өзiңiздi ешқандай себепсiз кейде бақытты, ал кейде қайғылы сезiнесiз бе?
  4. Кештерде және жолдастарыңыздың арасында өзiңiздi әдетте шетте ұстайсыз ба?

б. Балалық шағыңызда сiзге бұйыpғанның бәрiн тез және күнкiсiз әрқашан орындайтын едiңiз бе?

7.Сiзде жаман көңiл – күй жиi болады ма?

8.Сiздi ұрыc – керicке тapтқан кезде, барлығы орнына келедi деп үмiттенiп үндемей тұрғанды артық көресiз бе?

  1. Көңiл – күйiңiздiң ayысyанa оңай берiлесiз бе?
  2. Адамдардың ортасында болғaн сiзге ұнайды ма?
  3. Сiз өзiңiздiң үрейлерiңiзге байланысты жиi ұйқыны жоғaлтасыз ба?
  4. Кейде сiз қасарысасыз ба?
  5. Өзiңiздi сiз бейқам деп атай аласыз ба?
  6. Сiзге жақсы ойлар жиi немесе  кеш келедi ме?
  7. Жалғыз жұмыс iстегендi сiз жақсы көресiз бе?
  8. Сiз өзiңiздi жиi маңызды, себепсiз, анжар және шаршаңқы сезiнесiз бе?
  9. Сiз өзiңiздiң табиғатыңыз бойынша тipi адамсыз ба?
  10. Сiз кейде әдепсiз қалжындаpға күлесiз бе?
  11. Сiз «осыдан әбден тойдым» – дегендей сезiнiп, сiздi бiр нәрсе жиi жалықтыра ма?
  12. Сiз өзiңiздi күнделiктi киiмнен басқа киiмдi икемсiз сезiнесiз бе?

21.Сiз өз көңiлiңiздi бiр нәрсеге жұмылдырғаңыз келгенде, сiздiң ойларыңыз жиi алаңдайды ма?

  1. Сiз ойыңызды тез өз сөзiңiзбен шығара аласыз ба?
  2. Сiз өз ойларыңызға жиi батып отырасыз ба?
  3. Сiз барлық нанымнан толық боссыз ба?
  4. Сiзге бiрiншi сәуiрлiк әзiлдер ұнайды ма?
  5. Өз жұмысыңыз жайлы жиi ойласыз ба?
  6. Дәмдi тамақтануды жақсы көресiз бе?
  7. Сiз ашуланған yaқыттa iшiңiздегінің бәрiн ақтару үшiн, жаныңызға дос адам керек пе?
  8. Сiзге ақшаны керек еткен уақытта, бiр нәpceнi сату немесе қарыз алу әдеті жағымсыз ба?
  9. Кейде сiз мақтанасыз ба?
  10. Кейбiр заттаpға сiз сезiмталсыз ба?
  11. Сiз көңiлсiз кешке баpғаннан гөpi, үйде жaлғыз қaлғaнды артық көресiз бе?
  12. Сiз бiр орында oтыра алмай, кейде соншалықты тынышсыз боласыз ба?
  13. Сiз өз жұмыстарңызды yaқытынан бұрын және ұқыпты жоспарлаyға бейiмсiз бе?
  14. Сiзде бас айналулар болады ма?
  15. Сiз хатты окыған соң дереу әрқашан жауап бересiз бе?
  16. Сiз өз жұмыстарыңызды басқамен ақылдаспай, өз бетiңiзбен жақсы орындай аласыз ба?
  17. Сiз ешқандай ayыp жұмыс icтемесеңiз де, сiзде eнтiгy болады ма?
  18. Сiз барлығы дәл сондай болу керек деп, толғанбайтын адам болып саналасыз ба?
  19. Сiздi өзiңiздiң жүйкеңiз мазасыздандырады ма?
  20. Сiз ic – әрекет гөpi, жоспар құрғанды артық көресiз бе?
  21. Кейде сiз бүгiн icтей алатын жұмысыңызды ертеңге қалдырасыз ба?
  22. Сiз лифт, метро, тоннель сияқты жерлерде күйгелектенесiз бе?
  23. Танысу кезiнде сiз бiрiншi болып ынта көрсетесiз бе? 45. Сiзде қaтты бас аурулары болады ма?
  24. Сiз әдетте барлығы өз – өзiмен орнына келедi деп санайсыз ба? 47. Түнде ұйықтап кету сiзге қиын емес пе?
  25. Сiз өз өмiрiңiзде бiрде – бiр өтipiк айттыңыз ба?
  26. Кейбiр кезде басыңызға бiрiншi келген ойды айта бересiз бе? 50. Масқара болған соң сiз ұзақ уайымдайсыз ба?
  27. Сiз жақын достарыңыздан басқа адамдармен тұйық боласыз ба?

52.Сізде   жағымсыздықтар жиі болады ма?

  1. Сiз достарыңызға қьrзықты оқиғаларды айтуды жақсы көресiз бе?

54.Сiз жеңiлгеннен көpi ұтқанды артық көресiз бе?

  1. Сiз өзiңiздi жиi, сiздiң күйiңiзден жоғары адамдар ортасында икемсiз сезiнесiз бе?
  2. Сiзге жағдайлардың бәрi қарсы болғанда, соған қарамастан, сiз әлi де болса бiр нәpсeнi қабылдауға болады деп әдетте ойлайсыз ба?
  3. Сiздi бiр маңызды ic алдында, жүрегiңiздi бiр нәрсе қобалжытады ма?

Сiз қаншалықты шын жүректi емессiз.

Циркуль алып, оның аяғын С жалпы caнынa сай келетiн көлемге жазыңыз, масштабты графиктiң кез келген oci бойынша алыңыз. Циркульдiң инесiн координат

қиылысындағы сiздiң нүктеңiзге қойып және толық cызық жүргiзiңiз. Неғұрлым дөңгелектiң аймағы үлкен болса, соғұрлым шын жүректi емессiз және тест шешiмi де сенiмсiз болады.

Егер сіз: 1) тынымсыз, уайымшыл; 2) ұстамсыз, мазасыз; 3) шыдамсыз; 4) өткір сөйлейтін; 5) шешімді және әр істі өзіңіз бастасаңыз; 6) қырсық; 7) талас-тартыста ұшқыр ойлы; 8) жұмысты жұлқынып істесеңіз; 9) тәуекелге жақын; 10) тез кешіретін және ренжімейтін; 11) тез, қатты, адам ойын бөліп жіберетін интонация ; 12) сабырсыз; 13) агрессивті; 14) кемшіліктерге шыдамсыз; 15) айқын, анық мимикалы; 16) жылдам  қозғалып,  шешім қабылдағыш; 17) шаршамай жаңа нәрсеге тырысатын; 18) қатты, тез қимыл жасайтын; 19) мақсатына жету үшін өз дегенін істететін; 20) көңіл-күйі құбылмалы  болса, – сіз нағыз Холериксіз.

Егер сіз: 1) көңілді; 2) энергиялы, іскер; 3) бастаған істі соңына дейін жеткізбесе; 4) өзін мақтағанға жақын; 5) жаңаны тез еске қабылдайды; 6) таңдауына тұрақсыз; 7) сәтсіздіктер мен қиыншылықтарды оңай қабылдайды;  8) Әртүрлі жағдайларға оңай бейімделесіз; 9) жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз; 10) қызықтырмаса, тез жалығады; 11) жаңа жұмысқа тез кірісіп, одан басқа жұмысқа өтіп кетуіңіз мүмкін; 12) оңай қарым-қатынасқа түсесіз; 14) төзімді және жұмыскер; 15) қатты, тез, қолды былғап айқын мимикамен сөйлейсіз; 16) күтпеген жағдайда  өзіңізді жақсы ұстайсыз; 17) көңіл-күйі әрқашан сергек; 18) тез ұйықтап қалып, ерте сергек оянасыз; 19) жинақы емессіз; шешімді асығыспен қабылдайсыз; 20) кейде алданып қаласыз, – сіз Сангвиниксіз.

Егер сіз: 1) тыныш, сабырлы; 2) бәрін ретімен орындайтын; 3) ойланып, байқап істейді; 4) күте  біледі; 5) көп сөйлемейді; 6) эмоциясыз, бірқалыпты сөйлейді; 7) ұстамды; 8) бастаған істі соңына жеткізеді; 9) күшін босқа жұмсамайды; 10) үйреншікті күнтізбені сақтайды; 11) ренжігіш; 12)қолдауды аз қабылдайды;13) әрқашан өз қызығушылығы мен үйренгеніне беріліп кетеді;  14) баяу жұмысқа кіріседі; 15) бәріне бірдей қарайды; 16) жаңа жағдайға қиын  бейімделеді – онда сіз Флегматиксіз.

Егер сіз: 1) ұялшақ; 2) жаңа жағдайға шашырап қаласыз; 3) таныс емес адаммен қарым-қатынас орната алмасаңыз; 4) өз күшіңізге сенбесеңіз; 5) жалғыздықты оңай өткізесіз; 6) сәтсіздіктерге шашыраушылық пен қысылушылықты сезінесіз; 7) өзіңізге тұйықталып қаласыз; 8)тез шаршайсыз; 9) өте ақырын, тіпті сыбырлап сөйлесеңіз; 10) өте сезімтал, тіпті жылап жіберетін; 11) оңай қабылдап аласыз, әсіресе, жамандаса немесе қолдаса; 12) өзңізден және басқалардан үлкен талап күтесіз; 13) өте өкпелегіш; 14) бәріне де келісе бересіз;15) тұйық, өз айыбыңызбен бөліспейсіз; 16) аяушылық пен көмекті керек етеп тұрасыз, – сіз онда  Меланхоликсіз.

№2 Жұмыс                           Өзін-өзі бағалау тесті 

  1. Үстем етуші адам                    36. Кекшіл
  2. Озбырлық                                 37. Ерекшеліктік
  3. Желіктеушілік                         38. Ойсыздық
  4. Адалсыздық                                   39. Сұлулық
  5. Ойсыздық                                      40. Жағымпаз
  6. Ойламаушылық                            41.  Жалқау
  7. Аямаушылық                                 42.Өтірікші
  8. Ұялмаушылық                               43. Кек алушы
  9. Өкпесіздік                                      44. Әсемділік

10.Арсыздық                                        45. Ойлаушылық (пікіршіл)

11.Қатыгездік                                      46. Бояушылық (жайбасар)

  1. Ұятсыздық, жолсыздық 47. Үндеместік
  2. Ұятсыздық 48. Нәзхік
  3. Бай 49. Зарлаулық (мазасыз)
  4. Қажетті, маңызды 50. Тіл табыса алатындық

16.Сенімділік                                        51. Ержүректі

  1. Көңілді 52. Ашық
  2. Сыйлаушылық 53. Сенімсіздік
  3. Әрекеттілік 54. Бас игіш
  4. Еркінділік 55.Жасқаншақ
  5. Өзін-өзі жоғары ұстайтын адам 56. Мылжың
  6. Алға шабушылық 57.Ессіздік
  7. Көкірек 58. Батыр
  8. Ақымақ 59. Менменшіл
  9. Тәртіпті 60. Еркіндікті жақсы көретін адам
  10. Ақ көңілді 61. Күшті, мықты
  11. Іскер адам 62. Әлсіз мінезді
  12. Сараң 63. Өжетті
  13. Өмірде көңілді 64. Жылауық
  14. Көре алмаушылық 65. Көңілшек
  15. Жұмбақ 66. Өзін сүйетін адам , өзімшіл
  16. Сескенуші 67.Таршыл
  17. Ұялшақ 68. Еңбекқор
  18. Әлдеқаншайлық .69 Қорқақ
  19. Ашуланшақ 70.Кең адам

1.Жоғарыда көрсетілген  тізімдегі әртүрлі қасиеттердің сіздерге  қатыстысын ескере отырып, өздеріңіздің  ерекше болуларыңызға байланысты, соларды жеке есептеңіздер (х). Сол таңдалып алынған қасиеттердің  ішінде сізге тән сандарын есептеңіз (у). Алдыңғы табылған сандарды (у) біріне-бірін  (х) бөліңіздер, нәтижесін  А әрпімен белгілейсіздер:

А=у/х             Мұнда, х- осы қаситке ұқсағым келеді

У- сізге тән қасиеттер

  1. Жалпы тізімдегі қасиеттердің ішінде сіздерге тән емесін санаңыздар (М). Ал сонымен қатар жоғарыда көрсетілген қасиеттер сіздерге тікелей қатысы бар екендігін белгілеп, оның санын анықтаңыздар (N). Содан М санына 100-дікке дейін бөліп, нәтижесін Б әрпімен белгілеңіздер: В=N/M        N-өзіңіздегі бар қасиет          М- сізге тән емес қасиет  (антиидеал)
  2. Ұсынылып отырған кесте бойынша анықталған сандарды орналастырып, координаттар нүктесін анықтап, олардың қай квадрат нөмірінде қиылысатындығын есте сақтаңыздар.

№ 3  Жұмыс

Пиктограмма әдісімен сигналдық жүйенің басымдылық типін анықтау

Тәжірибе жасаушы  алаңдауға арналған  20 түсініктерді оқиды. Зерттелуші әр бір сөз тіркесіне әріп пен санды қолданбай дәптеріне жауап ретінде сурет салуы керек.

Суреттің салуы бойынша сигналдық жүйенің басымдылық типі анықталады. 15 минуттық үзілістен кейін зерттелуші өзінің салған суретін түсіндіреді.

Алаңдауға арналған  түсініктер:

  1. тәтті кешкі тамақ                       16. көптен күткен табыс
  2. көңілді мереке                            17. сопақ үстел
  3. сары көлік (такси)                      18. күзгі бал
  4. жақсы көретін оқытушы           19. ерте көктем
  5. қызықты ойын                            20. көк кеме
  6. қарлы қыс
  7. футболды матч
  8. классикалық музыка
  9. ақ өлең
  10. жаңбырлы таң
  11. туған күн
  12. тату балалар
  13. халықтық хор
  14. мұңды ән
  15. аралас тарих

№4  Жұмыс   Жеке тұлғаның ерекшеліктерін тест арқылы анықтау.

Жапалақ немесе боз торғай тесті.

  1. Сізге таңертең ерте тұру қыин емес пе?

А) ия, әрқашан

Б) кейде

В) сирек

Г) өте сирек

  1. Сiз қай уақытта ұйықтауға жатуды дұрыс көресiз?

А) түнгi бiрден кейiн

Б) он бір жарымнан, он екіге дейін

В) оннан, он бiр жаpымағa дейiн

Г) онға дейiн

  1. Таңертең тұрған соң, қандай асты дұрыс көресiз?

А) тоқ тамак

Б) көп, бiрақ каллориясы онша емес

В)бутерброд немесе пісірілген жұмыртқа жеткілікті

Г) бiр стакан шай немесе кофе жеткiлiктi

  1. Үйде және жұмыста болатын сiздiң жеңiл ашуыңыз майда ұрыс ­керiстердi еске түсiрiңiз. Олар кебiнесе қай уақытта болады?

А) күннiң бiрiншi жартысында

Б) күннiң екiншi жартысында

  1. Қай нәрседен сiз жеңiл бас тарта аласыз?

А) таңертеңгiлiк шай немесе кофеден

Б) кешкi шайдан

  1. 6. Демалыс уақытыңызда сiз тамақты қабылдауға байланысты әдеттеріңізді өзгертесіз бе?

А) өте оңай

Б) жеткiлiктi оңай

В) қиын

Г) әдеттерді өзгертпеймін

7.Таңертеңнен сiздi маңызды icтep күтiп тұр. Кешке сіз қаншалықты ерте жатасыз?

А) eкi сағаттан көп

Б) бiр сағаттан көп

В) 1 – 2 сағатқа

Г) әдеттегiдей

  1. Сіз бір минутқа тең уақыт арналған қалай дәл бағалай аласыз? Біреу сізді тексерсін.

А) уақыт аралығы 1 минуттан кем

Б) уақыт аралығы 1 минуттан көп

Нәтижесі

Сұрақ номері.абвг
1321О
2321О
3321О
41О
52О
6О123
7321О
8О2
Жалпы    

Жалпы сандар

О – 7 балл – таңергенгелiк тип,  боз торғай

8 – 13 балл – аритмиялық тип, көгершiн

14 – 20 балл – кешкелiк тип, жапалак

Тақырып: Адамның жоғарғы психикалық қызметтерін зерттеу әдістері.

№1 жұмыс.  Қысқа уақыттық есті зерттеу. Тікелей есте сақтау көлемін анықтау

   Ес деп ақпаратты есте қалдыру, сақтау және өңдеуді атайды. Қысқа- және ұзақ уақыттық ес деп бөледі. Қысқа уақыттық ес деп, ақпараттың бірден өңделуі кезіндегі ақпараттың есте қалдырылуын түсінеді.

   Жұмысқа қажеттілер: кезектескен 4, 5, 6, 7, 8, 9, және 10 элементі бар, алдыш-ала дайындалған 7 қатарлы сандар.

  Жұмыстың жүргізілуі. Зерттелушіге мынадай: мұқият тыңдаңыз,    сізге бірнеше сандар көрсетіледі, соларды есте қалдыруыңыз керек-деген нұсқаулар беріледі. Хаттамада есте қалдырған сандарыңызды көрсетілген тәртіп бойынша жазыңыз. Менің бұйрығым бойынша жазыңыз.

Қысқа қатардан бастап, зерттеуші әрбір қатардағы сандарды нақты дауыстап, бір рет оқып шығады. Әрбір қатарды оқығаннан 2-3 с. өткеннен соң, зерттеуші бұйрық бойынша «Жазыңыз» деп көрсетеді. Зерттелуші алдын-ала дайындалған хаттамада есте қалдырғандарын өз кезегімен жазып шығады. Нақты мәліметтер алынуы үшін, тәжірибені 4 рет қайталайды.

  Жұмыс нәтижелері және оларды бейнелеу. Көрсетілген материалдардаң әрбір сериясындағы нәтижелерді салыстырыңыз. Табылған нәтижелерді талқылаңыз және есте қалдыруды анықтаңыз.

                      №2  Жұмыс.          Мағыналық естің көлемін анықтау

Барлық психикалық үрдістер бір-бірімен өзара байланысқан. Ұзақ уақыттық ес қолайлы ақпаратты таңдау және ақпараттың келесі кезекте қайта өңделуімен қатар, ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл үрдісте тікелей қабылдаудаудан басқа елестету,  елес қалдыру, ойлау қатысады.

  Жұмысқа қажетті: алдын-ала дайындалған 18 және одан жоғары «дәмді кешкі ас», «көңілді мейрам», «қайғы», «достық» және т.б. осы типтес алаңдаушылық түсініктері қолданылады.

  Жұмыстың жүргізілуі. Зерттелушіге «Сізге бірқатар түсініктер көрсетіледі» деген нұсқау беріледі. Берілгендерді есте сақтау үшін, көрсетілгендердің өзіңіз қабылдаған ассоциациясы бойынша, оны қағазға сурет немесе белгілер (бірақ сөз түрінде емес) түрінде түсіріңіз. Түсініктерді қайта өңдеуде, Сіз өзіңіздің белгілеріңізді қолданасыз. Түсініктерді нақты қайта өңдеуге тырысыңыз.

Тәжірибеші дауыстап және анық түрде бір рет 18 түсінікті  үзіліспен (үзіліс зерттелушінің белгілерін жазуға қажет) оқып шығады. 30 – 60 мин кейін зерттелуші өзінің белгілерінің астына барлық 18 түсінікті жазып шығады.

  Жұмыс нәтижелері және оларды бейнелеу. Қате сандарын талқылаңыз және түрлі зерттелушінің нәтижелерін салыстырыңыз.

№3 жұмыс Қабылдау мен ойлаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау

Күрделi аналогиялар немесе сiзде абстрактiлiгi ойлар қандай?

   Суреттеу: Әдiстеме 20 жұп сөздi-логикалық есептерден тұpaды. Осыны зерттеушi шешу керек. Зерттеушiнiң жұмысы – логикалық байланыстың 6 түpiн қайсысы әр бiр жұп сөзде қарастырылған aнықтаy керек, бұл үшiн оған «Шифр» кестесі көмектеседi. Оны қолданатын түр байланысы және әріптік мазмұны үлгiге келтiредi: А, Б, В, Г, Д, Е. Зерттеушi жұп сөздердің арасындағы қатынасын анықтау керек, сосын «ұқсасын» табу керек. Бұл кестеде «шифрды» таңдау – дәл осындай логикалық байланысы бар жұп сөздер содан соң қатардағы әрiптердi көрсету қажет. Ол «Шифр» кестесiндегi табылған ұқсастығына сәйкес келуi керек. Жұмысты орындау уақыты 3 минуттан аспау керек.

   Құрал жабдықтар: Әдiстемелiк бланк, тipкey жауаптарының протокол бланкiсi.

Жұмыстьң жүргiзiлу барысы: Сiздiң алдыңдағы бланкта бiр-бiрiмен логикалық байланысқан 20 жұп сөз бар. Оған қарама-қарсы 6 түр логикалық байланысы бар сөздер 6 әріптен тұрады. 6 түр мысалы да «Шифр» кестесiнде келтiрiлген.

Сiз бiрiншiден жұп сөздер арасындағы байланысты анықтайсыз. Сосын «Шифр» кестесінен жұп сөзге сәйкес келетiн ұқсастықты табасыз. Содан кейiн әрiптiк қатардан сәйкес келетiн әрiптi қоршап қоясыз. Жұмысты орындау уакыты 3 минут.

Нәтижелердi талдау 

Егер зертелушi барлық cұpaқтapғa дұpыc жауап берсе және барлық қойылғандарды логикалық түсiндiрсе, онда бұл адам күрделi логикалық байланысты және абстракцияны дұpыc түсiндiредi деп айтуға болады.

Егер зертелуші қиыншылықпен нұсқayды түсініп қателесетiн болса, онда ойдың жан – жаққа таралуы логиканың жоқтығы, ойлардың диффузиялық байланыстығы бiр – бiрiмен логикалық ұқcacтығын түсiнбеушiлiк туралы қорытынды жасауға болады.

Ең жоғарғы ақпараттық қасиет ол зертелушi адамның ой  салыстырумен байланысты. Салыстыру   барысында       айырмашылық     байқау қиындығын мына мысалдармен түсiндiруге болады. Мысалы: суык – аяз. 

№4  ЖҰМЫС.                    Назарды зерттеу 

 «Шульте кестелерi» әдiсi немесе сiздiң жұмысқа қабiлетiңiз қандай?

Зертелушiге кезектестiре бес кесте бередi оларды 1 – ден 25 деiнгi сандар epікті түрде орналасқан. Зертелушi сандарды есу peтімен тауып, көрсетiп атайды. Тексеру бес кестемен қайталанады.

Жұмыстың жүргiзiлу барысы: Зертелушiге бiрiншi кecтeнi көpceтeді. Бұл кестеде 1 – ден 25 – ке дейiнгi сандар ретсiз орналасқан. Сосын кecтeнi жауып l – ден 25 дейiнгiсандарды ретімен көрсетiп ата. Тез және қатесiз iстeyгe ұмтыл дейдi. Kecтeнi ашып жұмыс басталумен секундомер қосады. Екiншi, үшіншіні және келесі кестелер ешқандай инструкциясыз көрсетіледі.

Жасы5 балл4 балл3 балл2 балл1 балл
1045 және аз46-5556-6566-757б және көп
1135 және аз36-4546-5556-6566 және көп
1230 және аз31-3536-4З46-5556 және көп

0         1        2       3      4      5

Құpaстыру деңгейi мына формуламен есептеледi:

КД=Т1/ЖЭ

1,0 – ден төмен көрсетілсе жақсы құpaстыpy көрсеткіші.

Көрсеткiш 1,0 – ден қанша жоғары болса, соншалықты зертелушiге негiзгi жұмыс үшiн дайындықты қажет етедi.

Психикалық тұрақтылық мына формуламен есептеледi:

ПТ=Т4/ЖЭ

Көрсеткiш 1,0 – ден төмен болса, онда жақсы психикалық тұрақтылықты бередi. Керсеткiш қанша жоғары болса, онда зертелушінің орындалатын жұмысының психикалық тұрақтылығы соншалықты төмен болады.

Негiзгi көрсеткiш орындалу уақыты және әр кестенің қателер саны. Әр кecтeнің нәтижесi бойынша (шалдығу қисығы) құрылу мүмкін. Ол көңіл тұрақтылығын  және динамикаға қабiлетiн көрсетедi.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!