Сабақ жоспарларымен, тәжірибелік жоспарлары

1.Тақырыбы: Қозғалтқыштарды реттеу қызметіндегі жүйке құрылымдарының маңызы.

  1. Мақсаты: сау адамның тері және оның қосымшаларының қызметі мен қызметінің бұзылысын қалпына келтіру жолдары мен маңызды ұстанымдарының тетіктері туралы, қозғалыс актінің реттелуіндегі негізгі ұстанымдары туралы студенттерде білім қалыптастыру.
  2. Оқыту мақсаты:  сау адамдағы тірек- қозғалтқыш және тері мен тері қосымшаларының қызметін реттеуші физиологиялық үрдістерді түсінуді үйрету. Тері қызметі мен бұлшықет күшін зерттеу дағдыларын қалыптастыру
  3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
  4. Тірек- қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы.
  5. Адамның қимыл белсенділігі.
  6. Қимыл қызметінің жүйелік реттелісі, ОЖЖ-ның әр-түрлі бөліктерінің локомоция реттелісіне қатысуы. Балалардағы ерекшеліктері.
  7. Ішкі және сыртқы адам ағзасының шектеулері (тері, шырышты қабаттар, гистогематикалық, гематоэнцефалды шектеулер).
  8. Оқыту және үйрету әдістері: Шағын топтарда жұмыс: Тәжірибелік жұмыстарды орындау: динамометрия, тері бөлінісін жұптасып зерттеу. Іргелес пәндермен интеграцияланған клиникалық жағдайларды талдау.

Тәжірибелік жұмыс нәтижесі бойынша дискуссия, зерттеу нәтижелерін шағын топтарда талдау, хаттамалау, аралық бақылау.

№ 1-жұмыс. Динамометрия. (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 175 б.).

   Динамометрия- максимальді бұлшық еттік жиырылу күшін және қол бұлшық етінің күштік төзімділігін зерттеу тәсілі.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда бұлшық ет күшін, жұмыс қабіліеттілігін және 10 реттік жиырылудан кейінгі бұлшық еттің жұмыс қабіліеттілігінің төмендеген көрсеткіш нәтижесін санаңыз және жазыңыз. График сызыңыз, оның абцисса өсінде- жиырылудың бағаналық нөмірін, ал ордината өсінде- әрбір жирылудан кейінгі динамометр көрсеткішін көрсетіңіз. Бірқатар зерттеушілердегі нәтижелерді салыстырыңыз.  

№ 2-жұмыс. Электромиография (МИОКОМ құралын қолдану арқылы )

    Электромиография– бұлшық еттің электрлік белсенділігін тіркеу тәсілі.

Жұмыс мақсаты: Электромиографияны тіркеу әдісі бойынша ұйрану.

Жұмыс барасы: Қондырғыны электр тоғына косамыз. Миографпен жұмыс істеу үшін оны 10 минут қыздырамыз. Содан соң сезім аустырып қосқышын «калибровка» жағдайына келтіреміз. Сүзгіш ұстағышын, қүшейткіштің 15 және 0,05 Гц жағдайына келтіреді.

Тіркеу электродының штекерін қаналдардың біреуінің кіре берісіне косамыз. Қоздыру электродының штекерін реттеушінің стимулятор шыға берісіне қосу керек. Реттеу блогының «Селектор» тұтқасын «Ручная» жағдайына келтіреміз. «Длительность серии» тұтқасын 200 жағдайына қою қажет.

Ауыстырғыш «Длительность импульса» 0,1 немесе 0,2 м.сек. жағдайына кою керек. Электрод салатын теріні спиртпен немесе эфирмен заласыздандырып, содан кейін физиологиялық  ерітіндімен ылғалдап алу керек. Содан соң тіркегіш және стимуляциялық электродтарды қоямыз, олардың арасына жермен тіркелген электрод қойылады.

   Б-жауапты тіркеу. Шеткі жүйкені электрлік тітіркендіргішпен әсер еткенде ортодромдык қозу таралу әсерінен Б-жауап туады (дистальді бағытта). Бұл жауапты әдетте жиынтықтық моторлық потенциал деп атайды, өйткені осы потенциал қимыл қозғалыс бірлігінің қосындысын қорытындылайды. «Ручной пуск» кнопкасын баса отырып, максимальді амплитуда стимулын блок стимуляциясына  тереді, яғни максимальді импульс интенсивтілігің 30-50 % көтереді. Амплитудағы басым Б-жауап туады. Б-жауаптың жасырын кезеңін анықтау үшін, тітіркендігіш импульсы 0,1 мс ретінде қолданылады. Қалыпты жағадайда екі кезеңдік ауытқуға жақын шамада болатын Б-жауаптың амплитудасы мен формасы бағаланады. Тітіркендіргіш табалдырығын анықтау үшін Б-жауабтың толық жоғалып кетуіне дейін серпініс амплитудасын азайтады, содан сон қайта көбейтеді. Тыныш күйдегі тітіркендіргіштің минимальді күшінде бұлшыкет потенциалы пайда болады және ол Б-жауабтың табылдырығы болып табылады. Бұлшыкет табалдырығының жауабының анықтауда импульс үзақтығы өте үлкен болу керек (1-2 мс). Б-жауап қажетті тітіркендіргіш уақытымен анықталады. БҚозғыштығы жоғары қозғалыс бірлігінің потенциалын табу үшін, Б-жауапты тұрақтандыру кезіндегі сезімталдылықты тіркеуде Б-жауаптың табалдырығы 20-30мкВ болуы қажет. Тітіркену импульсының қарқындылығын жоғарылатып максимальді Б-жауабын аламыз және тоқтын әрі қарай көбеюі потенциал жиынтығы амплитудасынын жоғарылатуына әкеліп соқтырмайды. Сонансон вольтажды супармаксимальдіге (30-50%) дейің көтереміз.

Б-жауабың практикада қолданылуы мен диагностикалық маңызы. Б-жауапты жүйке бұлшықет аппараты жарақатын (полиневрит, жарақаттық және токсиқалық неворпатия, миастания)  анықтау үшін қолданылады. Бұл жағдайда Б-жауаптың амплитудасы мен формасы, сонымен қатар жасырын кезеңі өзгереді. Осы кезде ауруға шалдығу дәрежесі мен денгейі де анықталуы мүмкін. Бұл мәліметтер операция жасар алдында, сонымен қатар осы мәліметтерге сүйене отырып, оперативтік және консервативтік емдеу тактикасын анықтау үшін керек.

№3 тәжірибелік жұмыс.

АДАМНЫҢ ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСІНДЕГІ КЕРІ АФФЕРЕНТАЦИЯНЫҢ  МАҢЫЗЫ

Мақсаты: адамның қимыл үйлесіндегі әр-түрлі кері афферентацияның  маңызын оқып білу.

Әдісі. Қағаз бетіне ұзындығы 10 см болатын кесінді сызу. Қаламмен қолды кесіндінің басталатын жерінен 1-2 см төмен орналастырып, көз жұмылған күйде бірінші кесіндінің бағытына және ұзындығына барынша ұқсас етіп екінші кесінді сызу. Бірінші кесінді екінші кесіндіден ұзындығы мен бағыты бойынша қаншалықты адыратылатынын және екінші кесінді бірінші кесіндеден қандай бұрышта орнасасқанын анықтау.

Нәтижелерді қорытындылау.

№4 тәжірибелік жұмыс.

МИ БАҒАНЫНЫҢ ТОНИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕРІ. БІРЖАҚТЫ ЛАБИРИНТТІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ БҰЛШЫҚЕТ ТОНУСЫНА ӘСЕРІ.

Жұмыс мақсаты: ми бағанының тоникалық рефлекстерінің бұлшықет жиырылуындағы рөлін анықтау.

Әдісі. Дәкеге оралған интакті бақаны арқасына жатқызып сол қолға алу. Төменгі жағын ашып, ауыз қуысының сірлі қабатын негізгі сүйекті бойлай кесу және бас сүйегінің кейбір шығыңқысынан төменгі жақ бұрышына қарсы теріні сыпырып алу. Бір төмпешіктің маңында скальпель қырымен сүйек тініне ойық жасау. Скальпельді айналдыра отырып, сүйек түбінде орналасқан лабиринтті бұзу. Операция барысында бағаның жатысының өзгеруін, операция нәтижесінде секіру және жүзу кезіндегі өзгерісін белгілеу.

Егер операция дұрыс өткізілген болса, бақа үстелде басы мен денесін операция жасалған жаққа қисайтып, қолын қарама- қарсы жаққа операция жасалған жердің тұсында созып отырады. Секіру және жүзу кезінде бұзылған лабиринт жағына қисаяды, яғни шеңбер бойы секіріп жүзеді. Координацияның байқалған бұзылыстарына түсінік беріңіз

Нәтижелерді қорытындылау.

№5 тәжірибелік жұмыс.

Өзіндік бағалау әдісімен вегетативтік  статусты бағалау.

Жұмыс мақсаты: Адамның вегетативті өзгеріске бейімділігін сұрақнама көмегімен анықтау

Әдісі. Вегетативті өзгерістердің мүмкіндігін  анықтау үшін 11 сұрақтан тұратын А.М.Вейер сұрақнамасы қолданылады.

Мәтінен «иә» немесе «жоқ» жауабын сызыңыз.

сұрақтариәБаллдарыжоқ
1.сізде байқалады ма (кез келген толқу кезінде) келесі құбылыстарға бейімділік:   
а) бетіңіздің қызаруы?иә3жоқ
б) бетіңіздің бозаруы?иә3жоқ
2.Сезбей қалатын кезіңіз болады ма:иә жоқ
А) білезік, табан саусақтары?иә3жоқ
б) білезік, табаныңыз толығымен?иә4жоқ
3.түс өзгерісі болады ма (бозару, қызару, көгеру):иә жоқ
а) білезік табан, саусақтарыңыз?иә5жоқ
б) білезік, табаныңыз толығымен?иә5жоқ
4. тершеңдігіңізді байқайсыз ба?иә4жоқ
5. Жұрегіңіздің соққысы тоқтаған сезім болады ма?иә7жоқ
6.Тыныс алу кезінде қиналған кезіңіз болды ма(ауа жетіспеушілік сезімі, дем алу жиіленуі)?иә7жоқ
7. асқазан- ішек жолдарының қызметінің бұзылуы сіздің ағзаңызға тән бе (ішіңіздің қатып қалуы, ішіңіздің өтуі, «ішіңіздің желденуі», аурулар)?иә7жоқ
8. Есіңізден танитын кездер болады ма (кенес есіңізден тану)?иә7жоқ
9. Сізде приступ тәрізбі бас аурулары болады ма(диффузды, локальді, қысқыш немесе пульстегіш)?иә7жоқ
10. Қазір сізде бұмыс белсенділігіңіз төмендеп, тез шаршауыңыз байқалады ма?иә5жоқ
11. Сіздің ұқыңыз бұзылған кездер болады ма? (ұйқыға кету қиыншылықтары, құс ұйқы, қайта- қайта ояну; ұйқыңыздың қанбауы, таңертең тұрғанда шаршап ояну)иә5жоқ

Нәтижені бағалау. Егер жауап саны 15-ке тең немесе асатын болса («иә» жауабы), онда вегетативті өзгерістің болуы болжамдалады.

Нәтижелерді қорытындылау.

№ 6-жұмыс. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.

Жұмыс барысы: шыны таяқшаның өткірсіз ұшыменневрологиялық балғаның ұстағымен немесе шпательмен тудырылады. Дені сау адам терісін әлсін тітіркендіргенде, ақ сызық- жергілікті ақ дермографизм білінеді. Дені сау адам терісін қатты және баяу тітіркендіргенде, тар ақ шеңбермен қоршалған қызыл сызық көрінеді. Бұл жергілікті қызыл дермографизм.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда не көргеніңізді белгілеңіз.

 № 7-жұмыс.  Адамның тері бөлінісін зерттеу

Жұмыс барысы: адамның терібөлінісін зерттеу бөлме температурасында 15-30 мин ішінде өткізіледі. Ол үшін адам салмағын анықтау керек және дененің түрі аймақтарын сүртетін иодтың спиртті ерітіндісі кепкеннен кейін олардың үстіне крахмал ерітіндісімен ылғалдаған мақталы- қағазды матаның бөліктерін орналастырады.15-30 минуттан кейін дене массасын қайта өлшеп, мата бөлшектерінің түсінің өзгеруі бойынша тері бөлінісінің интенсивтілігін анықтайды. Содан соң зерттелінушіні термокамераға кіргізіп, зерттейді.

  1. Бақылау:

Жағдайлық есептерді шешу:

Жағдайлық есеп

Мишықтың оң жақ жартышары зақымдалған. Бұл науқаста қандай өзгерістер байқалады?

Жағдайлық есеп

Дәрігердің айтуы бойынша адам сұқ саусағымен  мүрын үшын тауып тигізбеді. Мидың қай бөлімі зақымдалған?Қандай клиникалық әдістермен сол ми бөлімінің зақымдалғанын анықтауға болады?

Жағдайлық есеп

8 жастағы  қызда жүрген кезде қалт жүруі, мұрын-саусақ әдісінде қиғаш кетуі байқалады. ОЖЖ-нің қай бөлімінің қызметі бұзылған? 

Жағдайлық есеп

Адам көзін жұмып қолын алға созып тұрғанда  алға құлайды. Мидың қай бөлімі зақымдалған?

Жағдайлық есеп

ЭЭГөге наркоз кезінде науқаста амплитудасы 280 мВ және жиілігі 0,57 Гц потенциалдар пайда болды. Операция өткізуге наркоз тереңдігі жеткілікті ме?

Шешу алгоритмі:

  1. ЭЭГ әдісі туралы түсінік.
  2. ЭЭГ толқындарының негізгі түрлері және оларға мінездеме.
  3. ЭЭГ толқындарының табиғаты.
  4. Толқындардың жеке түрлерінің мидың функционалды жағдайымен байланысы. Берілгендерге баға.

Жағдайлық есеп

Адам оң аяғымен алға аттағанда қай қолы алға қозғалады және неліктен? 

Шешу алгоритмі:

  1. ОЖЖ қызметінің координациялауы туралы ұғым.
  2. Бұл қызметтің негіздері: жүйкелік үрдістер, олардың қарым-қатынасы, қозғалыс актілерін координациялау негізінде жатқан тегершіктер.
  3. Қозғалыстың бейімделуінің реттелу актілеріне және қалыптасуына қатысатын ОЖЖ деңгейлері.

Аралық бақылаудың сұрақтары: 

  1. Тірек-қимыл аппаратының жалпы сипаттамасы.
  2. Адамның кимылдық әрекеттері.
  3. Қимыл қызметінің жүйелік реттелісі, ОЖЖ-ның әр-түрлі бөліктерінің локомоция реттелісіне қатысуы. Балалардағы ерекшеліктері.
  4. Ішкі және сыртқы адам ағзасының шектеулері (тері, шырышты қабаттар, гистогематикалық, гематоэнцефалды шектеулер).

Аралық бақылаудық тестілері: 

  1. Жүйке және бұлшық ет әрекет потенциалының (ӘП) реполяризациялық кезеңі қандай иондық

қозғалыстарға байланысты:

А) СА2+ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

В) К+, СІ иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

С) натрий иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

Д) барлық иондарына мембрана өткізгіштігінің артуымен;

Е) аниондарға  мембрана өткізгіштігінің  төмендеуімен.

  1. Бұлшық ет талшықтарының жиырылуында негізгі роль атқаратын иондар:

А) НСО3;

В) Cl;

С) Na2+ ;

Д) Са++;

Е) К+.

  1. Күші 1 реобазаға тең тітіркедіргіштің әсерінен байқалатын қозудың минимальды уақыты қалай аталады?

А) пайдалы уақыт;

В) хронаксия;

С) рефрактерлік кезең;

Д) лабильдік қасиеті;

Е) қозғыштық.

  1. 4. Миеленді нерв талшықтарының бойымен қозудың өтуі:

А) рецептордан   жүйке  орталығына  қарай;

В) мембрана  бойымен  үздіксіз  электротондық  жолмен;

С) жүйке  орталығынан  жұмысшы  мүшеге  қарай;

Д) қозғалтқыш  нейроннан  сезгіш  нейрондарға ;

Е) секірмелі  түрде.

  1. Изотонустық жиырылу дегеніміз:

А) бұлшық еттердің тұрақты кернеу немесе жүктеме кезіндегі қысқаруы;

В) еттердің жиырылу күшіне қарай ұзындығының қысқаруы;

С) еттердің тұрақты ұзындықта жиырылуы;

Д) еттердің ұзақ мезгіл бірдей жиырылуы;

Е) еттердің құрысуы.

  1. Изометрлік жиырылу дегеніміз:

А) тұрақты кернеулікте немесе жүктемеде бұлшықеттің қысқаруы;

В) берілген күш-салмақтың ауырлағанда, бұлшықеттің;

С) бұлшықеттің тұрақты ұзындығындағы, оның жиырылуы;

Д) бұлшықеттің ұзақ уақыттық қосарланған жиырылысы;

Е) бұлшықеттің контрактурасы.

  1. Хронаксия деген бұл – ең минимальді уақыт аралығындағы әсер ететін:
  2. A) қозуды тудыратын екі еселенген реобазалы токтың күші;
  3. B) қозуды тудыратын бір реобазалы токтыњ күші;
  4. C) қозуды тудыратын табалдырықты күші;
  5. D) қозуды тудыратын табалдырыќтан төмен күші;
  6. E) әрекет потенциалды тудыратын үш еселенген реобазалы токтың күші.

 

  1. Организмдегі ең жоғарғы қозғыштыққа ие болатын:
  2. A) қаңқа бұлшық еттері;
  3. B) тегіс бұлшық еттері;
  4. C) жүйке ұлпалары;
  5. D) бездер;
  6. E) сүйек ұлпалары.

 

  1. Оның энергиясын қабылдауға бейімделген рецепторларға әсер ететін тітіркендіргішті дейді:
  2. A) үйреншікті емес;
  3. B) табалдырықты;
  4. C) максимальді;
  5. D) висцеральді;
  6. E) үйреншікті.

 

  1. Тегіс бұлшық еттер жиырылуы мүмкін:
  2. A) тетаникалық түрде;
  3. B) жеке дара жиырылу түрінде;
  4. C) фазалық түрінде;
  5. D) пластикалық түрде;
  6. E) тоникалық түрде

 

  1. Әрекет потенциалды қамтамасыз  ететін  мембрананың өткізгіштігі жоғарылайды:
  2. A) калийге;
  3. B) натрийге;
  4. C) хлорға;
  5. D) кальциге;
  6. E) магнийге.

 

  1. Қозбаушылық деген – бұл:
  2. A) тітіркену кезінде қозғыштықтыњ жоғарлауы;
  3. B) тітіркену кезінде қозғыштықтың төмендеуі;
  4. C) қозу кезінде тітіркенуге қозбаушылық;
  5. D) қозу кезіндегі тітіркенуге жоғары қозғыштықтың болуы;
  6. E) тыныштық күйде тітіркенуге төмен қозғыштықтың болуы.
  1. Табалдырықты тітіркендіру дегеніміз – бұл:
  2. A) қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің минимальді кұші;
  3. B) қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштіњ максимальді күші;
  4. C) қозуды тудыра алмайтын  тітіркендіргіштің  күші;
  5. D) әр торлі тітіркендіргіштің әсерінен қозудың пайда болатын минималді уақыты;
  6. E) қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің табалдырықты күшімен қайта-қайта тітіркендіруі.
  1. Лабильділік деген – бұл:
  2. A) ұлпаның тітіркендіруге минимальді ырғағымен жауап беруі;
  3. B) қозу кезіндегі ұлпаның қозбаушылығы;
  4. C) тітіркендіру санына сєйкес І сек.ішінде улпада пайда болатын максимальді ырғағымен жауап беруі;
  5. D) импульс әсерінен ұлпаның жауап беру уақыты;
  6. E) ырғақты тітіркендіруге қозудың пайда болу жылдамдығы.
  1. Тітіркенудің күші жоғарылағанда рефлекс уақыты:
  2. A) өзгермейді;
  3. B) жоғарылайды;
  4. C) төмендейді;
  5. D) тұрақталады;
  6. E) баяу жоғарылайды.
  1. Тітіркенудің күші жоғарылаған кезде әрекет потенциалының дәрежесі “бәрі немесе ештеңе емес” заңға бағынады,басқаша  оның  амплитудасы:

A)жоғарылайды;

B)төмендейді;

C)өзгермейді;

D)кезеңді түрде өзгереді;

E)әрекет  потенциалы  өзгереді.

  1. Жергілікті жауап келесі стимулдың әсерінен пайда болады:

A)табалдырықты;

B)табалдырықтан жоғары;

C)индукционды;

D)ырғақты;

E)табалдырыќтан төмен.

  1. Саркоплазмалық ретикулумнан миофибриллдер аймағына бос ионның өтуіне байланысты бұлшық еттердің жиырылуы пайда болады, бұл келесі ион:

A)натрий;

B)хлор;

C)фосфор;

D)кальций;

E)калий.

  1. Мембрандық потенциал қалыптасады:

A)мембрана өткізгіштігінің жоқ болу есебінен;

B)Сl- және Mg++   иондары  үшін өткіззіштігінің есебінен;

C)Са++ және Na- мембраналардың өткізгіштігінің есебінен;

D)Сl- және Ca++  иондары  үшін өткізгіштігінің есебінен;

E)Na+ и К+ иондарының мембранасының  өткізгіштігі  бірдей болмаған есебінен.

  1. Іс әрекет потенциалы пайда болады:

А) табалдырық асты тітіркендірудің әсері кезінде;

В) жалғыздық  тітіркендіргенде табалдырықты тітіркендіру кезінде;

С) табалдырықтан тыс жєне табалдырықты  импульсты  тоқпен әсер еткенде;

  1. D) химиялық және физикалық табиғаттың табалдырықтан тыс тітіркендіру  кезінде;

Е) қандай да болсын интенсивті электромагнитты  толқындар әсер еткенде.

  1. Бұлшықеттің жиырылуын тіркеу үшін келесі әдіс қолданылады:

А) Электрокардиография;

В) Электрокардиоэнцефалоскопия;

С) Динамометрия;

  1. D) Бұлшықетті тітіркендіру әдістемесі;

Е) Миография.

  1. Тетанус деп түсінеді:

А) жүйкелік серпіністердің бір-бірінің артынан шапшаң жүру қатары;

В) жүйкелік серпіністердің бір-бірінің артынан баяу жүру қатары;

С) жеке бұлшықеттік жиырылу;

  1. D) жұмыс нәтижесінде жасушаның, мүшенің немесе біртұтас ағзаның жұмысқа қабілеттілігінің үақытша төмендеуі мен демалыстан кейін оның жойылуы;

Е) бұлшықетті тітіркендіру әдістемесі.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!