Лейкоз

Жедел лейкоз — қанның бағаналық жасушаларының мутациясы нәтижесінде сүйек миында біріншілік пайда болған біріншілік клональды (онкологиялық)  ауру. Мутация салдары болып мутацияланған жасушалардың ұрпақтары қанның жетілген жасушаларының дифференцировкасына дейін қабілетінің жойылуы болып табылады. Жедел лейкоздардың морфологиялық субстраты  — бластты клеткалар.

Жедел лейкоздардың (ЖЛ) дамуының қауіп-қатер факторлары :

  • Созылмалы аномалиялар;
  • сәулелену;
  • дәрілік терапия және қоршаған ортаның ластануы нәтижесіндегі токсикалық әсерлер;
  • Қосымша қан түзілу аурулары (миелодисплазиялар, рефрактерлік анемиялар, пароксизмальді түнгі гемоглобинурия и т.д.).

Лейкоздар жіктелуі (БДҰ, 1999 ж.)

Жедел миелобластты лейкоздар (ЖМЛ)

  • Жедел аз дифференцирленетін лейкоз
  • ЖМЛ жетілусіз
  • ЖМЛ жетілумен
  • Жедел промиелобластты лейкоз
  • Жедел миеломонобластты лейкоз
  • Жедел монобластты лейкоз
  • Жедел эритромиелоз
  • Жедел мегакариобластты лейкоз

Жедел лимфобластты лейкозы (ОЛЛ)

  • Жедел Т-бластты лейкоз;
  • Жедел О-бластты лейкоз;
  • Жедел В-бластты лейкоз;
  • Жедел дифференцирленбейтін лейкоз (ОНЛ);

Лейкоз эпидемиологиясы

Жыл сайын 1 млн тұрғынға жедел лейкозбен 35 адам тіркеледі. Ауру құрылымы көбінесе жасқа байланысты. ЖЛЛ көбінесе бала кезінде және 40 жастан асқанда дамиды. ЖМЛ барлық жастарда кездеседі. ЖМЛ жиілігі әйел және ер адамдарда бірдей.

Лейкоз патогенезі:

Жедел лейкоздардың патогенез негізінде қанның бағаналық жасушаларының мутациясы жатыр, ол мутацияланған жасушалардың пісіп-жетілуінің қабілеті толық жойылуына әкеледі. Мутантты клон ағзаның кез-келген реттеуші әсерлеріне автономды және қалыпты гемопоэтикалық жасушаларды тез ығыстырады, ол барлық гемопоэзді араластырады.

Жедел лейкоз кезінде ісіктік жасушаларда алғашында өсіп-жетілудің дефектісі айқын болғандықтан жоғарғы қатерлік қан түзілудің экстрамедуллярлы ошақтарынан пайда болуымен, пролиферативті белсенділіктің жоғарылауымен, жүргізілген емге резистенттіліктің пайда болуымен көрінеді.

Неопластикалық клон қалыпты гемопоэтикалық жасушаларды ығыстырады, ол перифериялық қандағы жетілген жасушалар жеткіліксіздігі дамуына әкеліп соғады. Перифериялық қандағы жетілген жасушаларының азаюы немесе толық жойылуы перифериялық қанның сәйкес функцияларының бұзылуынан болады, ол аурудың клиникалық симптомдарының дамуына әкеледі.

Лейкоз кезіндегі клиникалық көрініс:

  1. Аурудың күрт немесе біртіндеп басталуы мүмкін.
  2. Сүйек миы жетіспеушілігі синдромдары және қабыну белгілері тән.
  3. Ауыз қуысындағы шырышты қабаттарында және миндалина тіндерінде лейкозды инфильтрацияларға байланысты некротикалық гингивит, тонзиллит (некротикалық баспа) пайда болады. Кейде екіншілік инфекция қосылып өлімге әкелетін сепсис дамиды.
  4. Науқас жағдайының ауырлығы айқын интоксикациямен, геморрагиялық синдроммен, тыныс алу жетіспеушілігімен (үлкейген кеудеішілік лимфа түйіндерімен тыныс жолдарын басып тастау салдарынан) көрінеді.
  5. Белсенді цитостатикалық ем жедел лейкоздардың ағымына әсер етті, яғни индуцирленген дәрілік патоморфозға әкеп соқты. Соған байланысты қазіргі кезде аурудың келесі клиникалық дәрежелерін ажыратады

Бірінші шабуыл,

  • ремиссия (толық және толық емес),
  • рецидив (біріншілік, қайталамалы).

Сүйек миының жеткіліксіздігі. 

Лейкоциттер функциясының бұзылуымен жүретін иммунодефициттің салдарынан инфекциялық асқынулар дамиды. Инфекциялық асқынулар көбінесе бактерильды болады, ал саңырауқұлақтық және вирустық инфекциялар сирек кездеседі. Баспа, гингивит, стоматит, остеомиелиттер, пневмония, бронхит, абсцесстер, флегмоналар, сепсис дамуы мүмкін.

Геморрагиялық синдром жедел лейкоз кезінде тромбоцитопениямен, бауыр және қантамырлар қабырғасының зақымдануымен жүреді. Ол петехиальды-дақты түрдегі геморрагиялық диатезбен көрінеді. Тері және шырышты қабаттарда «көгерулер» және кіші көлемді петехиялар пайда болады. Геморрагияың пайда болуы жеңіл соққының нәтижесінде болуы мүмкін. Мұрыннан қан кету, қызылиектен қан кету, метроррагиялар, зәр шығару жолдарынан қан ағуы мүмкін. Геморрагиялық синдром өте қауіпті асқынуларға – бас миына қан құйылуы және асқазан-ішектік қан кетулерге әкелуі мүмкін.

Анемиялық синдром: бозару, енігу, жүрек қағу, ұйқышылдық

ДВС-синдром промиелоцитарлы лейкоз кезінде жиі орын алады.

Спецификалық зақымдалу:

  • Интоксикация белгілері болады: дене салмағының азаюы, қызба, тершеңдік, тәбетінің төмендеуі.
  • Қызылиектің инфильтрациясы лейкозды жасушалармен байқалуы мүмкін, бұл кезде қызылиек гиперплазияланған, гиперемирленген болған.

Пролиферативті синдром көкбауыр, бауыр, лимфа түйіндер ұлғаюымен (лимфоаденопатия) жүруі  мүмкін. Кей жағдайларда тері жабындыларында (жұмсақ және тығыз консистенциялы) лейкемидтер пайда болады, ол тері беткейінен томпайып көтеріліп тұрады. Оның түсі тері жабындыларының түсімен сәйкес болуы мүмкін немесе ашық қоңыр, сары, қызғылт түсті болады.

Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы (нейролейкемия) при көбінесе ЖЛЛ кезінде кездеседі және болжамын қолайсыздандырады. Бас миына және жұлынға немесе ми затына лейкозды жасушалардың метастаздануы пайда болады. Клиникалық ағымы әртүрлі ауырлықта көрінуі мүмкін – бас аурудан ауыр ошақты зақымдануларға дейін болуы мүмкін.

Лейкоз диагностикасы:

  • Қанды динамикалық (апта сайын) зерттеу (бластты жасушаларға айналуы, лейкемиялық зияние болуы).
  • Стернальды пункция (сүйек миында 30 %-дан көп болуы, миелограммада қалыпты жасушалық қатынастардың бұзылуы, мегакариоциттердің азаюы немесе жойылуы) әр 2-4 апта сайын.
  • Трепанобиопсия көмегімен алынған сүйек миын зерттеу (қан түзілу өсінділерінің қалыпты қатынастарының бұзылуы кезінде диффузды немесе ірі ошақты бластты инфильтрация, қалыпты гемопоэздің бұзылуы, сүйектің сорылуы) – 2-3 айда 1 рет қайталау керек.

Лейкоздарды емдеу
Полихимиотерапия принциптері:

  • Екпінді емдеу әдісі;
  • Препараттарды циклді қабылдау;
  • Емдеу интенсивтілігі;
  • цитостатикалық препараттардың сәйкес келуі.

Барлық химиопрепараттар екі негізгі топқа бөлінеді:

1-ші топ – жасушалық циклға (циклоспецифиялық) әсер ететін, митоздың бір немесе бірнеше фазасына әсер ететін химиялық агенттер

2-ші топ – бұл химиялық зат, оның әсері циклға тәуелсіз.

Цитостатикалық терапияның бірінші сатысы – ремиссия индукциясы.

ВАМП комбинациясы: 5 сегізкүндік курс бойынша –жедел лимфобластты лейкоздардың (ЖЛЛ) терапиясы.

Оған мына препараттар кіреді:

  • Винкристин 1,5 мг/м2 в/і аптасына 1 рет 1-ші немесе 3-ші күннен бастап.
  • Аметоптерин (метотрексат) 20 мг/м2 1 рет 4 күнде в/і.
  • в-Меркаптопурин – 100 мг/м2 күн сайын.
  • Преднизолон – 40 мг/м2 күн сайын.

ВРП комбинация:

  • Винкристин -2 мг 1 м2 аптасына.
  • Рубомицин – 80 мг 1 м2 аптасына.
  • Преднизолон – 40 мг 1 м2 аптасына.
  • Ең күшті әсері – 80% жағдайда 3 күн ішінде цитозинаробиназид 100 мг/м2-ді даунорубицинмен – 45 мг/м2-мен қосып емдегенде жазылу (немесе толық ремиссия) байқалады.

Емдеудің келесі сатысы – бұл: ремиссия консолидациясы, яғни сүйек миының трепанобиопсиясы кезінде бластты жасушалардың азаюы кезінде лейкозды жасушалардың толық эрадикациясымен ремиссиясын нығайту керек.

Үшінші саты – бұл: нейролейкоздардың профилактикасы – ЖЛЛ, ЖМЛ-мен ауыратын науқастарға жүргізіледі.

Төртінші саты – бұл: Цитостатиктердің ұстанымды дозасы ремиссиясы кезінде емдеу (Цитозин арабиназид – 30 мг аптасына немесе 5-күндік курста 25 күнде интервалмен, тиогуанин – 40 мг/м2).

Болжамы:

Болжам науқастың жасына байланысты. Жедел лимфобластты лейкоз (ЖЛЛ)  кезінде болжам 5-10 жастағы балаларда (100% жағдайда тұрақты ремиссия) қолайлы, 80% жағдайда сауығу болып табылады. Жедел миелобластты лекоз (ЖМЛ) кезінде адекватты емделгенде 95% науқастарда 30 жасқа дейінгі науқастарда тұрақты ремиссия (5 жылдан артық ремиссия) болады. 20% науқастарда сауығу болады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!