Аскаридоз кезіндегі атқарылатын шаралар. Эпидемиялық шаралар
Аскаридоз дегеніміз – антропонозды ішек гельминтозы, бастапқы кезеңінде токсико – аллергиялық генездегі өкпедегі эозинофильдік инфильтраттармен, ақырғы кезеңінде – диспепсиялық бұзылыстармен, одан ары қарай ауыр асқынулармен сипатталады.
 Қоздырғыш – Ascaris Lumbricoides.
Аскариданың тіршілік циклы – сыртқы ортада ылғалды топырақ арқылы таралады. 21 күн немесе бірнеше айда ұрықтанған қуыршақтар пайда болады, олар инвазивті түрге айналады – топырақтан адам қолына өтіп (жеміс – жидек, көкеніс т.б.) ауыз арқылы асқазанға түседі – венозды жүйеге, осы арқылы оң жүрекшеге өтеді – өкпеге өтіп, капиллярларды бұзады – алвеола қуысына түседі – бронх арқылы қайтадан жұтқыншаққа өтеді, сілекеймен жұтылады – асқазанға түседі – 2,5 – 3 айдан кейін үлкен аскаридаларға айналады. Даму циклы қайталанып отырады.
Аскаридоз – жиі таралған гельминтоз, әлемде осы инвазиямен 1,3 млрд. адам ауырады. Жер тұрғындарының жылына ауруға орташа шалдығу көрсеткіші – 100 млн.
 Қазақстанның негізгі эндемиялық аймақтарында 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші – 17 – 32,6.
Аскаридоздың пайда болуының эпидемиологиялық алғышарттары:
Эпидемиялық алғышарттар:
- Жуылмаған тағамдарды қолдану;
 - Санитарлық мәдениеттің төмендігі және қолайсыз жағдайдағы тұрмыс;
 - Тұрғын үйлердің санитарлы – гигиеналық жағдайының төмендігі;
 - Фекальды тыңатқыш ретінде қолдану және тоқтау сулармен бақшаларды суару;
 - Инфекция көзі және резервуары – аскаридамен инвазирленген адам.
 
Берілу жолдары – алиментарлы.
Берілу факторлары:
- Аскаридамен зақымдалған топырақ, жеміс – жидектер, су т.б.;
 - Аскарида жұмыртқасымен контактыдағы заттар;
 - Гельминит жұмыртқасымен тағамдық өнімдерді зақымдайтын – механикалық тасымалдаушы – шыбындар;
 
Қауіп –қатер факторлары және топтары:
- Бағбандар;
 - Көкеністерді шығаратын мекемелер жұмысшылары;
 - Аскарида жұмыртқасының қоршаған ортаға төзімділігінің жоғары болуы – ол топырақта 10 жыл бойы, ағынды су қоймаларында 1 жылға дейін сақталады.
 
Аскаридоз диагностикасының клиникалық критерилері:
Жалпы симптомдары:
Миграция фазасында :
- инкубациялық кезең 4 -8 апта;
 - токсико – алергиялық көріністер: жөтел, крапивница, терінің қышуы, субфебрильді температура, кеуде қуысында ауырсыну, тихикардия, АҚ төмен, кей кезде бауырдың үлкеюі.
 
Асқазандық фазасы:
- бронхопневмония және бронхит белгілері: асматикалық ұстамалар, жоғары температура, өкпедегі құрғақ және дымқыл сырылдар, перкуторлық дыбыстың қысқаруы;
 - өкпедегі эозинофильдік инфильтраттар және қабыну ошақтары.
 
Аскаридоз диагностикасының лабораториялық критерилері:
- Зерттелетін материал–қақырық, бөлінділер
 - Зерттеу әдістері – Паразитологиялық: фекаль макроскопиясы,
 - Зерттеу әдістері – Рентгенологиялық, жалпы қан анализі.
 
Аскаридоз ошағында эпидемиологиялық тексеру алгоритмі және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу
Максат: Инвазия ошағындағы эпидемиялық детерминанттарды анықтау.
 Тұрғындардың аураларды жұқтырып алмауын қамтамассыз ету үшін эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
Іс – шаралар этаптары:
- Эпидемиялық процестің жастық, территориялық, уақыттық т.б. парамаетрлері бойынша алда болатын эпидемиялық процесті қадағалау үшін нақты территорияның эпидемиялық жағдайына анализ жасау;
 - ГСЭБ – ның териториялды бөлімшесіне әрбір аскаридозбен ауырған адам жөнінде төтенше хабарлама жіберу;
 - Инвазияның берілу жолдары мен факторларын анықтау және науқастың ауруды жұқтыру жағдайын (әлеуметтік, табиғи, демографиялық және т.б. ), қауіп – қатер топтарын анықтау.
 - Қауіп – қатер факторларын ескере отырып, аурудың пайда болуының алғышарттарын тиянақты зерттеу.
 
Аскаридозға эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу:
- Клиникалық белгілері бойынша госпитализациялау;
 - Қақырықтағы фекальдарды хлорлы әктаспен (200-300гр- 1кг)немесе ыстық сумен емдеуден кейін жояды;
 - Тұрмыстық қалдықтарды, канализациядағы жуынды суларды ашық су қоймаларына жібермеу, бақшаларды суғаруүшін тоқтап тұрған суларды қолданбау;
 - Клиника- диагностикалық лабораториялардың, поликлиникалардың, ауруханалардың, басқа да емдеу мекемелерінің госпитализацияланған науқастар ішінен инвазирленген науқастарды анықтаудағы шараларын бақылау;
 - Эпидемиялық көрсеткіш бойынша дегельминтизация жүргізу: бастапқы кезеңінде вермокспен, метазолмен, ақырғы кезеңінде декариспен, пиперазин тұзымен.
 
Эпидемиялық бақылау алгоритмі және профилактикалық шараларды жүргізу:
Мақсат: Эпидемиялық маңызы бар заттардан анализдер мен ақпараттар жинау, профилактикалық шараларды ұйымдастыру және эффективтілігін бақылау.
Эпидемиялық бақылау тұрады:
- Гельминиттер жұмырқасымен зақымдалу деңгейін анықтау және олардың алдын алу мақсатында эпидемиялық маңызды заттарды және қоршаған ортаны қадағалау;
 - Аскаридоз ошағының қалыптасуына жол бермейтін ескертетін санитарлы гельминталогиялық бақылауды жүзеге асыру;
 - Санитарлы гельминталогиялық зертеулер қортындысын экспертті бағалау мақсатымен күнделікті бақылауды жүргізу, онымен қоса тоқтау суларды, биогумусты зерттеу;
 - Микроошақ және ұйымдасқан балалар ұйымдарының (мектеп, балалар үйі, балабақшалар, бақшалар, сауықтыру лагерьлері) денсаулық жағдайын көтеруге бағытталған шараларды қадағалау.
 
Аскаридаға қарсы профилактикалық шаралар:
Тұрғын үйлердің жағдайының жақсы болуы, топырақты, су қоймаларын фекальды жұқпалардан сақтау;
 Жеке гигиенаны сақтау: қолды жуу, ыстық сумен жуылған тағам өнімдерін қолдану.
 
 
