Қантамыр жүйесіндегі орталық мүше – жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.
Жүрек – өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс бұлшықетті мүше болып табылады. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше менсол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал босаңсуы диастола деп аталады.
Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді.Онда ұшын–арех, негізін–basis, алғы жоғарғы және төменгі беттерін, осы беттерді бөліп тұратын екі – оң және сол жиектерін ажыратады. Жүректің дөңгелектенген ұшы – apex cordis – төмен, алға және сол жаққа қараған, ортаңғы сызықтансолға қарай 8 – 9 см қашықтықта бесінші қабырғааралыққа жетеді; жүрек ұшы тұтасынан сол жақ қарыншадан түзіледі. Негізі – basis cordis – жоғары,артқа және оң жаққа қарай орналасқан. Ол жүрекшелерден, алдынан – қолқадан және өкпе сабауынан түзіледі.
Жүректің балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі кеуде қуысындағы орналасуы
Жаңа туған балалардың жүрегі жоғары орналасқан, омыртқа деңгейінде IV және VIII аралығында. Өмірінің 1 – ші жылының соңына қарай жүрек орналасуы көлденеңнен қисық бағытқа ауысады. 2-3 жасқа келгенде жүрек тұрақталып, жүрек ұшы алға, төмен және солға бағытталған. Жүректің оң контуры жоғарғы қуыс венасынан, оң жақ жүрекше және төменгі қуысты венасынан құралған. Оң қарынша оны құрамайды. Жүректің сол контуры негізінен оң жақ қарыншадан құралады.
Эмбрионалды күйде бала жүрегі 3-ші жұмадан бастап дамиды. Жүрек соғысы 22-23 күннен бастап байқалады. 6-шы жұмадан кейін бастап эмбрион жүрегі ырғақты жұмыс істей бастайды. Жиілігі 110/мин. 8-ші жұмада ең жоғарғы жиілікті жүрек соғуы байқалады – 175/мин. 9 айдағы жүрек соғу жиілігі – 130 рет.
- Туғаннан кейін 20 – 30 күн ішінде жүрек массасы оң жақ қарынша есебінен кішірейе бастайды.
6 айдан соң сол жақ қарынша төмен және артқа бұрылады. - 2 жасқа дейін балаларда өткізгіш жүйе жиырылғыш талшықтар дифференцировкасы жалғасады. Миокард салмағы артады.
- 2 жастан бастап жүрек өсуі баяулайды.
- 2 жастан 6 жасқа дейін магистральдық артериялар қалыптасады, жүректің өткіз-гіш жүйесі мен жүйке аппараты дамиды.
Жасқа байланысты бала жүрегінің соғу жиілігі
- 1 – ші күні – 140/мин
- 2-3 күн – 110/мин
- 1-4 жұма – 140/мин
- 2-3 ай – 127/мин
- 10 ай – 125/мин
- 1 жас – 120/мин
- 2 жас – 115/мин
- 4 жас – 105/мин
- 5 жас – 100/мин
- 7 жас – 85/мин
- 10 жас – 78/мин
- Ересек – 72/мин
Балалардағы жүрек және қан тамырларының анатомиялық ерекшеліктері
Балалық шағында жүрек – қан тамыр жүйесінің дамуы, функциялық жетілуі үздіксіз жүреді. Әсіресе баланың алғашқы 2 жасында жыныстық жетілу кезеңінде және 17 –20 жастың арасында бұл процестер жоғары қарқынмен өтеді.
Жаңа туған балалардың жүрегі дене салмағының 0,8% құрайды, ересектерде 0,4 %.
Сол және оң қарыншалары өзара тең, қабырғалардың қалыңдығы 5 мм шамасында, ал 14 жасар балаларда 1 см – ге жетеді. Емшектегі сәбилерде жүрекшелері мен күре тамырлары (аорта, өкпелі артерия) қарыншалардан біршама үлкен болады, кейін қарыншалардың, әсіресе сол жақ қарыншаның дамуы озып кетеді.
Оң қарыншаның массасы өкпе тамырларының қарсылығы төмендегеннен кейін, керісінше алғашқы айларда 20% – ке кішірееді. Ұлдардың жүрегі қыз балаларға қарағанда, біршама үлкен, бірақ қыздардың жүрегі 10 – 11 жастан қарқынды өсіп, 13 – 14 жаста ер балалардың жүре салмағынан асып кетеді. Жыныстық жетілу кезеңінен кейін ұлдардың жүрегі қайта қарқынды өседі.
Балалық шағында жүректің өсуімен қатар жүрек тіндерінің қайта құрылуы, ажыратылуы жүреді. Жаңа туған балалардың миокарды жіңішке, өзара толық ажырамаған, көп ұсақ, сопақша ядролары бар бұлшық ет талшықтардан құрылады. Дәнекер тіні мен эластикалық талшықтар аз дамығандықтан көлденең сызықталу және ұзынша бөліну нашар білініп тұрады. Жас өскен сайын миофибрилдер, Пуркинье талшықтары қалыңдайды, ядролары таяқша тәрізді, ірі болып өзгереді, бірақ саны азаяды.
Дәнекер және эластикалық тіні одан әрі дамып, бұлшық еттердің көлденең сызықталуы күшейеді. Баланың жүрегі үздіксіз өсіп, жетіліп, 10 – 14 жастың арасында жүректің ақырғы тіндік дифференциясы аяқталады, сонымен морфологиясы жағынан өлшемінен басқа, ересектер жүрегінің даму дәрежесіне жетеді.
Ерте жастағы балалардың эндокарды борпылдақтығымен ерекшеленеді, өскен сайын клапандары, эпикарды қалыңдайды. Оң және сол тәж артерияларының арасында анастамоздары көп болғандықтан жүректің қан жабдықталуы өте жақсы, мол. Жас өскен сайын тәж тамырларының сыйымдылығы ұлғаяды, анастомоздар кері дамуға ұшырайды.
Жүректің өсуімен қатар магистральды тамырлардың дамуы байқалады, бірақ олардың өсу қарқыны неғұрлым баяу болып келеді. Тұар кезінде өкпе артериясының саңылауы аортадан кең, аорта 16 мм, өкпе артериясы 21 мм, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі, ал ересектерде аорта өкпелі артериядан біршама кең болады – аорта 80 мм, өкпе артериясы 74 мм.
Жаңа туған балаларда қан тамырлары жұқа, бұлшық ет және эластикалық талшықтары нашар дамыған. Артериялардың және веналардың саңылауы шамамен бірдей, бірақ веналардың өсуі озып кетеді, сондықтан 16 жасар балаларда олардың ені 2 еселенеді. Сонымен қатар тамырлардың бұлшық еті, дәнекер тіні дамиды, әсіресе ішкі қабаты қалыңдайды. Бала өскен сайын тұрғаннан, жүргеннен бері капиллярлардың саны, ұзындығы ұлғаяды, коллатеральді тамырлар көбейеді, дененің төменгі бөлігінің вена жүйесінің үдемелі дамуы байқалады. Ал кіші шеңбер тамырлары, керісінше инволюцияға ұшырап, жұқарады, саңылаулар кеңейеді.
Баланың тік қалпына көшу және белсенді қимылдауының басталғандығы жүрек жиырылуының сиреуіне, жүрек қызметінің тиімді және үнемді болуына себептеседі. Кезбе нервтің жүрекке алғашқы көрсететін әсерінің белгілері тыныш жағдайда пульстің сиреуі және тынстық аритмияның пайда болуы. Тыныстық аритмия кезінде пульс жиілігі демалуда және дем шығаруда өзгеріп тұрады. Бұл белгілерді 2 жастан бастап анықтауға болады, ал спортпен шұғылданатын жас өспірімдерде анық білініп тұрады. Аз қимылдайтын балаларда пульс жиілігі біршама артық, сондай – ақ қыздарда жүрек жиырылуы ер балалардан жиі болады. Ұйқы кезінде пульс баяулайды,бірақ бұл ерекшелік алғашқы 3 айындағы сәбилерге тән емес.
Бала өскен сайын систолалық максимальды артериальды қысымы жоғарылайды, ал диастолалық минимальды қысымы бір қалыпта дерлік болып, систолалық қысымның 1/2 – 2/3 бөлігін құрайды. Артериальды қысым жоғары қарқынмен баланың алғашқы 2-3 жасында, препубертат және пубертат кезеңдерінде өседі.
Қысымның жоғарылауы артериальды тамырлардың тонусының жоғарылауына, баланың жалпы дене дамуына тікелей байланысты. Сонымен қатар жасөспірімдерде қысымның өзгеруіне эндокринді жүйесінің, әсіресе бүйрек үсті бездерінің жетілуі себеп болып табылады.
Жас өскен сайын қанның соқпалы көлемі және минуттық көлемі ұлғаяды. Бір жастың ішінде қанның соқпалы көлемі 4 есе, 7 жаста – 10 есе, 15 жаста – 24 есе артады. Ал минуттық көлемнің өсу қарқыны жүрек жиырылуының сиреуі салдарынан біршама төмен болады. Ұлдарда оның өсімі 4 пен 11 жаста, қыз балаларда – 5 және 14 жаста байқалады. Балаларда қан ағынының жылдамдығы – ересектерден жоғары болады. Өскен сайын тамыр арнасының ұзаруынан және жүрек жиырылуының азаюынан жылдамдығы баяулайды. Сонымен баланың өсу мен даму процесі кезінде жүрек – қан тамыр жүйесінде елеуілі өзгерістер жүреді. Қан айналысының реттелуі, жүрек мүмкіншіліктерінің артуы, қызметінің жетілуі баланың дене тәрбиесінің арқасында жүзеге асырылады.
Жасөспірімдік жүрек түрлері
- Митральды пішінді – жүректің сол жақ шегінің тегістеу көрінуі.
- Кіші немесе тамшылы жүрек – кеуде қуысының ортасында орналасуы, тамырларда ілініп тұрған тәрізді. Систолалық көлем аз, жүрек соғысы жиі, қан қысымы төмен, функциялық систолалық шу тән.
- Гипертрофиялық жүрек–сол жақ қарынша кеңіген, минуттық көлем артады, жүрек соғу жиілігі төмен, қан қысымы артады. Функциялық систолалық шу тән.